Қауын-қарбыз сатып күнелткен қызылордалықтардың берекесі қашты

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 27 авг 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Қызылорда қаласына қауын-қарбыз сататын жандар шаш етектен шығынға батқан. Өйткені халық көп жүретін аумақта сауда жасауға әкімдік өкілдері рұқсат бермей отыр екен. Ал бұған дейін өз өнімдерін сатып келген базарда күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Саудагерлер полиция мен шенеуніктердің қудалауынан бау-бақша өнімдері шіріп, жеуге жарамсыз болып жатыр деп ашынады.
    Бұл көшеде күнде кешке абыр-сабыр басталады. Шуды шығаратын тұрғындар емес, әкімдік өкілдері мен полицейлер дейді қауын-қарбыз сататын жандар. Айтуларынша, тексерушілер күнде келіп, сауда жасайтындарды қудалайды. Ал оған қарсы келгендерге жаппай айыппұл салынады.
    МӨЛДІР САХИЕВА, сатушы:
    - Милициямен келеді де бізді қорқытады. Штраф саламыз қазір бүйтіңдер деп. Біз салығын да төлеп берейік, арендасын да төлеп берейік. Біз қашпаймыз. Бізге осы жерді берсін. Қаншама қауынымыз ысырап болды. Менің 6 балам бар. Жетіскеннен ешкім жүрген жоқ қой.
    Тәртіп сақшылары мен шенеуніктердің қысымынан сауданың берекесі қашты дейді шағымданушылар. Соның кесірінен өтпеген өнімдерінің іші босап, көбі шіріп кеткен. Ал, жарамсыз қауын-қарбыз амалдың жоқтығынан мал азығы ретінде тым арзанға сатылады екен.
    ГҮЛНАР ӘЛІМОВА, сатушы:
    - Камаз кірді екі күннен кейін қауын-қарбыз ақты. Ол деген шыдайтын тас емес қой. Бұның күні өзі үш-ақ күн. Екі күнде сатып болмасаң жұртты отравление қыласың. Ал енді қанша ақшаға әкеліп жатыр. Халық деген ашынған. Қуып жатыр қазір.
    АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, тілші:
    - Саудагерлер осыған дейін қауын-қарбызды дәл осы базарда сатып келген. Бірақ сауда орны орналасқан көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан базар уақытша жабылған.
    Ал, жауаптылар басқа аумақтарда мерзімдік өнімдерді сатуға орындар белгілегендерін жеткізді. Сол себепті, байбалам салуға еш негіз жоқ деп отыр.
    БАУЫРЖАН АРЫН, Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің сектор меңгеруішісі:
    - Қала аумағында 37 орын белгіленген. Осындай сауда-саттық жасауға. Алайда бұл кісілер ол жерге баруға бас тартып отыр. Бұл жерді біз басшылық тарапынан ақылдасып көреміз енді. Нақты белгілеу, белгілемеуді. Бірақ енді оны заңдылық көтере ме жоқ анықтап қарау керек.
    Сатушылар әкімдік рұқсат еткен орындарға тұтынушылар келмейді дейді. Сондықтан қауын-қарбыз сататын азаматтар осы жазды пайда көрмей, тек шығынға батамыз ба деп алаңдайды.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 158

  • @user-wl5kh5lx7j
    @user-wl5kh5lx7j Месяц назад +77

    Осы биликпен калай куресемиз шшс ? Карапайым халыкты жаман Кинап жатыргой

    • @zhauken
      @zhauken Месяц назад +2

      Причём тут халық 😂 Халық любой жерден алады қауын қарбызды! Шырылдап жүрген саудагер бизнесмендер ғо

  • @yerdos89
    @yerdos89 Месяц назад +32

    Акиматтың алдына шірігендерін төгу керек шығар
    Сол кезде рұқсат берер
    Қара халықты қанап біттіғой

    • @serikserik7190
      @serikserik7190 Месяц назад +1

      Өте дұрыс солай болса әкім басшылар тығырықтан шығарар

  • @user-er6oh3vs9o
    @user-er6oh3vs9o Месяц назад +37

    Халықтың жағдайын ойлайтын басшылар барма екен. Қолдарынан келсе штраф қара халықтың қалтасына қол салғанды бұлар қашан қояр екен балық басынан шіріген заманай

    • @zhauken
      @zhauken Месяц назад +2

      Причём тут халық! Саудагер бизнесмендер ғо шырылдап жүрген! Ал тұтынушы халық любой жерден алады қауын қарбызды

  • @user-gw6qy9lo2v
    @user-gw6qy9lo2v Месяц назад +37

    Шығынды кім өтейді. Халықтың жағдайын жасамайтын əкім халыққа тесік тиынға да еерек емес. Қолынан келмесе қызметтен кетсін.

  • @user-kx1eg5bo4i
    @user-kx1eg5bo4i Месяц назад +16

    Бұл Тоқаев Президент болып келгелі,Қазақстан еліміздің Халықтың Жағдайы төмендеп кетті. Штрафтан көз алмай😢Жемқорлардың дәуірі жүрген Заман болдығой.Аллахм елімізге халқына Жаны ашитын Нағыз Патриот Президент келсін Әминь

    • @BATYRIBRAEV-ln7tk
      @BATYRIBRAEV-ln7tk Месяц назад

      Не Назардын кезинде кушти омир суриппедин интернет болмагасын кушти заманда омир сурген шыгарсын бирак кай кездеде Баягы жартас сол жартас

    • @dansho97
      @dansho97 Месяц назад

      Сендер басшыларыңды өзгертіп әуре болмай ақ қойыңдар бірінші өздерің өзгеріңдер жақсы жолға қарай сол кезде басшыларыңда өзгереді.Біз қандай адамбыз басшыларда сондай адам болады деген екен.

  • @user-yy1ep1fl2t
    @user-yy1ep1fl2t Месяц назад +7

    Ағайындар азғантай уақыт беріңіздер сатсын қауын қарбызын.Қандай еңбекпен келеді.Қылмыс емесқой еңбектері.

  • @Erasyl-jj9lx
    @Erasyl-jj9lx Месяц назад +5

    Тоқаев келгелі бері осы. Өзінше жаңа Қазақстан деп еді. Осыма жаңа Қазақстаны. Керісінше штрафстан болып кетті.

  • @user-de5kl3wy3l
    @user-de5kl3wy3l Месяц назад +29

    Шаш ал десе бас алады билык

  • @Mers210
    @Mers210 Месяц назад +20

    Ол жерне бул жер не сатылса болды емеспе 37 жерге барып сатса бирдене озгереме.Сезонмен сатылатын жемиско манги баки турып сатпайдыго осы жерде негып тисе бересиндер. Халыкка .

  • @user-qk7lg1ty9n
    @user-qk7lg1ty9n Месяц назад +16

    Обал.Ұят.

  • @user-jq8pf8so1s
    @user-jq8pf8so1s Месяц назад +10

    Бұның бәрін істеп қасақана халықтың нанынан айырып отырған базар иелері.

  • @rn6669
    @rn6669 Месяц назад +13

    Өзбекстанда кез-келген өздеріне ыңғайлы жерде саудаларын жүргізе береді.Оларға ешкім кедергі жасап жатқан жоқ.

  • @user-kt5sk6nn3b
    @user-kt5sk6nn3b Месяц назад +8

    Казак солго бірің бірі Коре алмаушылык😮

  • @nursadimjenisnur6417
    @nursadimjenisnur6417 Месяц назад +4

    недеген үкімет недеген билік халықтың күн көруіне шектеу қойып халыққа мүмкіндік бермейтін күн көруіне

  • @aday40mtk
    @aday40mtk Месяц назад +5

    Үкімет шешіп берің, халықты қинамай! Зорға күн көріп жүрген халықты қинамаң

  • @user-pr5gm4qn5z
    @user-pr5gm4qn5z Месяц назад +5

    Касакана жасайды,биздин укимет,болсын демеиди халыкка

  • @user-ep6uj6fd1y
    @user-ep6uj6fd1y Месяц назад +19

    Токайып калай келди штраф налок процент деп. Калыкты тонадыго

  • @Qazaq0675
    @Qazaq0675 Месяц назад +13

    Адам бармайтын жерлерден берген сатуға рұқсатты

  • @user-wh4fn4ll6z
    @user-wh4fn4ll6z Месяц назад +6

    Қайран Қазахымай

  • @user-pv1yk3rn7t
    @user-pv1yk3rn7t Месяц назад +2

    Я дурыс айтасындар. Толеу де толеу мумкиншилик жок. Оздернин зар.плат.журип тур. Карапайым биз калай омир суремиз . Я пенсияга 55 жастан шыгарсн.

  • @user-lv4kr9wy7w
    @user-lv4kr9wy7w Месяц назад

    Өз халқына штраф салудан басқа еш шаруа жоқ осы үкіметте

  • @user-qv3ni4ue4b
    @user-qv3ni4ue4b Месяц назад +2

    Бұндай жағдай бүкіл Қазақстандағой несіне жаңалық қылып отырсыңдар

  • @user-hd5ve9yq7r
    @user-hd5ve9yq7r Месяц назад

    Үкімет дурыс истейди.

  • @user-tj4fb1sx9k
    @user-tj4fb1sx9k Месяц назад +2

    Кызык омыр отуде

  • @ЖандосДоскалиев
    @ЖандосДоскалиев Месяц назад +7

    Уяат жок ангименин ашыгы

  • @user-ny6vm1qe2p
    @user-ny6vm1qe2p Месяц назад

    Біздің жоғардағы дөкейлердің жұмыс таппай ит болып қарапайым халықты тонау версиясы деп аталады

  • @user-cq2mi4zm6j
    @user-cq2mi4zm6j Месяц назад +1

    Айдаладан берген жерден сауда жасайма халық сол сұрақты қою керек

  • @РакеРәке
    @РакеРәке 3 дня назад

    Әлеуметтік магазиндердің хозяиндері байып кеткен.шетелдерге қыдырып келді.

  • @user-kj6df6ux6h
    @user-kj6df6ux6h Месяц назад

    Заңдылық көтереме, көтермейме оны көреміз дейді заң өкілдері. Қайдағы заң😂.

  • @user-qy9ve5us9p
    @user-qy9ve5us9p Месяц назад +8

    Халыкты езе берип олтиресиндерма кунин корсинда шамалы, сендерден акша сурап жаткан жоккой!

  • @user-to3nv6ex4q
    @user-to3nv6ex4q Месяц назад +1

    Еңбек етіп күндерін көріп жатырғой алақан жайып үкіметке ауыздарын ашып отырған жоққой

  • @user-hf3xk3ee8j
    @user-hf3xk3ee8j Месяц назад +3

    Халықты қыспандар , арты жақсы емес обал болады,

  • @Qsmn514
    @Qsmn514 Месяц назад +17

    Касипкерлерди Тапитетпей колдаимыз дегендерин кайда

    • @user-si6rh8ls7p
      @user-si6rh8ls7p Месяц назад +3

      Ол сказка го...омир бойы саудада журмин

  • @nurlanmakeshov
    @nurlanmakeshov Месяц назад

    Укимет халыктын жауына айналды сонгы кезде. Коздерин курту керек шириген биликтин

  • @eldosnurdilla9104
    @eldosnurdilla9104 Месяц назад

    Арендасын төлету үшін істеп отыр үкімет

  • @serikdyrgaraev7416
    @serikdyrgaraev7416 Месяц назад +1

    Ай айуандарай енді жәй бала шағасын асырап жүргендерді қуып жүрма

  • @user-mw1lk7tx6v
    @user-mw1lk7tx6v Месяц назад +1

    Шетелде кошеде тамак жасап сатат бизде кысад

  • @user-qc8qb9km7h
    @user-qc8qb9km7h Месяц назад +1

    Дурыс Ойына келген жерде сата берми
    Дурыстап базарга кир
    Налогынды толе
    Сэстен откиз
    Содан сата бер
    Абден уйренип алган ешким тиспеу керек
    Ойга келгенди истеу керек

  • @ibek091
    @ibek091 Месяц назад +2

    Ай кудайдын кен жерын де бермегесын не айтасын
    Акша дуние алансыз коздеры тоймай караш акша сурап тур штраф деп

  • @user-iq6cn7qf7r
    @user-iq6cn7qf7r Месяц назад +1

    Ол жерді сатып жіберген ғой ,бұлардың заңы халыққа ғана журеді,байларға журмейді.белгілі ғой.

  • @user-dm6qf9mu6s
    @user-dm6qf9mu6s Месяц назад +1

    Қымбаттатып, удай қылып сатасыңдар шамалы тәубасына келсіндегенғой

  • @user-vd2dz2gg4w
    @user-vd2dz2gg4w Месяц назад

    Жеке Кәсіпкерге Жол ашық деген Сөздері қадйа Өкіметін.. или Полициялар Бағынбайдыма Өкіметке

  • @user-qw5lb1xt1k
    @user-qw5lb1xt1k Месяц назад +6

    Тек айтысатын кез келді. Тыныштық болғай

  • @user-sk7hy4gs4q
    @user-sk7hy4gs4q Месяц назад

    Үкіметте бір қарақаска екен өшін шафер мен саудагерден алады солар кінәлі деп жемкорлардан бастау керек

  • @aigulaitmukashkyzy601
    @aigulaitmukashkyzy601 Месяц назад

    Ол сатушылар уақытша ғана ғой, жемістің піскен кезінде тез-тез сатадыда кетеді, әкімшілік соған шыдамай отырма, жер халықтікі, қай жерде тұрып сатсада өзі біледі

  • @user-gj1ov3mh2h
    @user-gj1ov3mh2h Месяц назад

    Шикізаттың бағасын өсіру, айып пұл салуға келгенде алдына жан салмайды шенеуліктер

  • @user-eg5wo1cu5d
    @user-eg5wo1cu5d Месяц назад

    Ауылдарды аралап сатса өтеді.

  • @user-rk5cw1mz1p
    @user-rk5cw1mz1p Месяц назад

    Сата берсын аркымнын жанбагысы,онбаганда

  • @sanzharkenzhebaev6880
    @sanzharkenzhebaev6880 Месяц назад +6

    Жеп тойғандар степ отыр осының бәрін , насыбайды қоймадың дар , штраф ты қоймадың дар ... Тоймады олар ешқашан !!!!!!!!!!

    • @user-qc8qb9km7h
      @user-qc8qb9km7h Месяц назад +1

      Дурыс
      Котине тыгасынба насыбайды

  • @user-yb1ie6xi9o
    @user-yb1ie6xi9o Месяц назад

    Ешкілер қауынқарбыз жегісі келгенғой

  • @user-ij8tg6zp5i
    @user-ij8tg6zp5i Месяц назад +1

    ОСЫ ЖЕР ОТЕ ЫНГАЙЛЫ КАУЫН КАРБЫЗ САТУГА, ШЕТ ЖАКТА ЖОЛДЫН ЖИЕГИ, 2ШИ БЕТТЕ ТЕМИР ЖОЛ ОТЕДИ,ЖАБЫК.

  • @user-iu1tn4md7d
    @user-iu1tn4md7d Месяц назад

    Сатсасатбаима сатып откызукерекқои

  • @user-xl9li2tf6c
    @user-xl9li2tf6c Месяц назад

    Шрафстан зб уже халыкты абден кинап біттіңдерау

  • @user-cd8lx9yw7v
    @user-cd8lx9yw7v Месяц назад

    Ұрлаған нәрсе емес,піскен нәрсе бүлінеді ғой,күн көріп жатқан нәрсе,адал еңбек бәрі жау

  • @akbayansuleimanova6941
    @akbayansuleimanova6941 Месяц назад

    Өз кунын көрген халыкка неге тисе беред дурыс емес кой таза адал енбек бул,

  • @user-ql7df7oj2p
    @user-ql7df7oj2p Месяц назад

    Талапқа бағынған дұрыс.Біздер мектепте оқып жүрген кезде, қауын-қарбыз тамыз айында пісіп жетіліп сатылатын, әрі дәмді болатын. Қазіргі таңда маусым айы аяқталмай жатып сатылады. Тұқымы бөлек пе , әлде қоспасы көп пе, түсініксіз.

  • @user-oe2hh5tz9o
    @user-oe2hh5tz9o Месяц назад +1

    БАСКА ЕЛДЕ КОМЕК БЕРСЕ . КАЗАКСТАНДА ХАЛЫК ЖАКСЫ ТУРЫП КЕТЕДИ ДЕП КОРКАДЫ . КАРБЫЗ КАУЫН ОТПЕЙТИН ЖЕР ДЕН ОРЫН БЕРГЕНИ НЕ КЕРЕК .

  • @user-je8df4by8s
    @user-je8df4by8s Месяц назад

    Тексиздер оз халкына карсы шыгады

  • @user-iv7hp4ho1q
    @user-iv7hp4ho1q Месяц назад

    Осы билік өкімет халықтың басына тышып болды. Таңы үлкен көтеріліс болып тоқаевты ақыры құртады ау. НЕ масқара мына тоқаевтың ісі

  • @user-gj2fv4py4n
    @user-gj2fv4py4n Месяц назад

    Халық бармайтын жерде сауда жүреме......😂Осылар қарапайым халыққа күн көрсетпеу сол сауда жасап тұрғандардың жоғарыда қолдаушысы болса қауын қарбызын әкімшіліктегілер өздері сатып берер еді...😂😂😂

  • @user-rg3fo1fs6p
    @user-rg3fo1fs6p Месяц назад

    жазда қай жер іңғайлы болса солжерде сатү керек,бийлик белгилеген жерлериге итте бармайды

  • @user-ed1zv9sw3c
    @user-ed1zv9sw3c Месяц назад

    Қалықа тыныштық берсендерші

  • @user-cm2sk4pp7g
    @user-cm2sk4pp7g Месяц назад

    Жана Казакстан.

  • @user-fk9ue8ue5d
    @user-fk9ue8ue5d Месяц назад +1

    Ар ыкшам ауданда жарменке уйымдастырып бермей ме акимшилик сол киын шаруа ма

  • @user-lj5gt6di3b
    @user-lj5gt6di3b Месяц назад

    Сол жерден жақсы жүретін шығар саудалары

  • @user-hy8wq5yc2l
    @user-hy8wq5yc2l Месяц назад

    Шириген Казакстан,омир суруге мумкин емес

  • @user-sy3ib3ir7n
    @user-sy3ib3ir7n Месяц назад

    Халықты оиламаитын әкімдерді арттарынан тебу керек

  • @user-no5vp3fi3q
    @user-no5vp3fi3q Месяц назад

    Дұрыс салсын заңға бағынған дұрыс

  • @user-lj5gt6di3b
    @user-lj5gt6di3b Месяц назад

    Әрине жетіскеннен ешкім жүрген жоқ

  • @togjantulegenova8203
    @togjantulegenova8203 Месяц назад

    Недеген Елмиз А Токаев Мырза Халыкты Неге оиламайсыз

  • @serzh1149
    @serzh1149 Месяц назад

    Именно бул жерге керек емес баска жерге кою керек машинамен оте алмайсын базар сиякты адамдар кошеден былайда былай светофорга карамай журет пробга болад баскада ашык жерлер копкой неге жолдын еки жагана отырып алган

  • @user-wm8fu6ei8t
    @user-wm8fu6ei8t Месяц назад

    оздери жеп жатыр бюджетти,ток бала аш баланы ойлайма,болды оларга ойыншык саудагерлер

  • @user-vy4ej7km8g
    @user-vy4ej7km8g Месяц назад

    Ешкілерге қабық берси, болдығой

  • @user-zw2fx2rt1d
    @user-zw2fx2rt1d Месяц назад

    😢😢😢😢😢

  • @user-uy1zt7lv5e
    @user-uy1zt7lv5e Месяц назад

    Бул жерде сауда жасаса неболыпты жер ойылып томен тусип кетема? Болмайтын нарсени жыр кылмай осындай ешактын мыйын жеген Дер коп е бизде

  • @user-qe7ro4tc5m
    @user-qe7ro4tc5m Месяц назад

    Уйде балдары тамак кутип отыр
    Олар куннин ыссысында 5 10 тенге болсада тауып тамак алып апарайын десе мынауго
    Арты жаксылыкка апармайдау
    Халыкты кысып
    Алла жар болсын халкым

  • @Ali-ef5yz
    @Ali-ef5yz Месяц назад

    Құлагер жақты жауып жол истеп жатыр 3ай болды істеп жатқандарына неге жәй истейді

  • @Konyrat-karakose
    @Konyrat-karakose Месяц назад

    Өзің жұмыс тауып істеугеде болмайт 🙄

  • @user-pz5en5qw2d
    @user-pz5en5qw2d Месяц назад

    Осылаи неге фонаграммамен халықты көзін бақыраитып қоиып алдап жүрген шегірткелерге тиіспеиді.

  • @user-gc1xo7kk8w
    @user-gc1xo7kk8w Месяц назад

    Құдай дан қорқсаңдаршы мына билік.халық өз күнін зорға көріп жүргенде

  • @eldosnurdilla9104
    @eldosnurdilla9104 Месяц назад

    Адам болмайд бұл үкімет

  • @userqwerty2300
    @userqwerty2300 Месяц назад

    Дұрыс 😢не болды сонша

  • @user-zj1vd1ts3q
    @user-zj1vd1ts3q Месяц назад +2

    Олгенше силитраны саласын дар сосын кауын карбыз баскаларыда 2, 3 кун ышынде сасып шыриды. Дурыс акимат куаласын. Мен жылда саламын кауын карбыздарым силитра сыз. Август айында пыседы. Жана жылга шейин сактауга болады.

    • @user-qr3bq8tz6d
      @user-qr3bq8tz6d Месяц назад +1

      Жана жылда осы жерге акеп сатсай

  • @user-kf6th8td5e
    @user-kf6th8td5e Месяц назад

    Құрғақ жерге тұрып сатса не болады халықтың жағдайын ойламайма обал ғой

  • @NURIN_ISLAM
    @NURIN_ISLAM Месяц назад

    Тек кана карапайым халыкты сиге берсендерш!!!

  • @user-bm2ki8du9g
    @user-bm2ki8du9g Месяц назад

    Шшшшс әкымдыктың халыкка паидасы барма осы

  • @user-ji4qb5hy4j
    @user-ji4qb5hy4j Месяц назад

    Жемкорстан Алга артымызда штрафстан

  • @user-sf2yv1hm9k
    @user-sf2yv1hm9k Месяц назад

    Заң деп қалтаның қамын ойлайтын билік. Барлық жерде осындай, ақша берсең көздері көрмей қалады.

  • @DaryandUncle
    @DaryandUncle Месяц назад +4

    Дұрыс қой ол жерде курдели жол жөндеуи болып жатрыр

  • @dondiego9657
    @dondiego9657 Месяц назад

    Карбыздың килограмы 180 тг. Ширимей кайтед

  • @yeralee-z1j
    @yeralee-z1j Месяц назад

    Дым сөзім жоқ кара халық қиналып отыр билік ваще дұрыс емес ❌

  • @nurikff1099
    @nurikff1099 Месяц назад

    Халықты неге қинай береді, жейікта адамға ұқсап иранның қарбызын 5000теңге дейін жедік ғой. Заң халыққа қызмет істесін.

  • @user-ou7om1nv5t
    @user-ou7om1nv5t Месяц назад

    Халыктты тонау гои

  • @user-ze3dr7wx2p
    @user-ze3dr7wx2p Месяц назад

    Нәлібаев тоймай жатқан ғой

  • @user-ng1jg9hf3c
    @user-ng1jg9hf3c Месяц назад

    Осы күнге дейн ай карап отырма жүндемей кара калыкты жерге тыгу айтеуір орге шыгару емес

  • @user-js5my9br8d
    @user-js5my9br8d Месяц назад

    Везде бардак мафия коррупция 😂😂😂😂

  • @bereke777
    @bereke777 Месяц назад

    Пара беріп отырасың тек ол жерге

  • @user-he4qe9ux5s
    @user-he4qe9ux5s Месяц назад

    Басшлар халкдинг талабн орндангдар Алла коруши балашагаринга зияни тийб кетбесн кейин окнетн боласндар

  • @user-jq8pf8so1s
    @user-jq8pf8so1s Месяц назад +1

    Бердібеков қайда қарап отыр.

  • @user-in2zu3lr7b
    @user-in2zu3lr7b Месяц назад

    Доля алмай менттер тыныштық бермейди