Балқантаудың баурайында - Қайрат Байбосын !

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 дек 2019
  • Балқантаудың баурайында !
    Өлеңі : Шаймерген Әлдибекұлы
    Әні : Ілия Жақан
    Орындаушы : Қайрат Байбосын
    Сен - Балқанда, мен - мұнда, ара қашық,
    Сағынышым күн сайын барады асып.
    Мақпал кештер кетіпті-ау тым алыстап,
    Сағым қуған жылдармен араласып.
    Мен кеткенде Балқанда көктем еді,
    Бел-белестер құлпырып көктеп еді.
    Жадыратқан жанымды лебің болып,
    Жібек желі Арқаның өпкен еді.
    Балқан таудың баурайына ұзап барып,
    Қос көңілден жүруші-ек сыр ақтарып.
    Асыл еркем, өткеннің белгісіндей,
    Жүрегімде қалыпты шырақ жанып.

Комментарии • 1