«Ауруханаға өз аяғымен барған анамыздың, сүйегін алып қайттық»

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 19 окт 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Алматы облысы, Қарасай ауданында ем-дом қабылдауға кетіп, қайтыс болған әйелдің жақындары құқық қорғау органы қызметкерлерінен әділдік талап етіп отыр. Өйткені, жеті ай бұрын емхана төсегінде тіл тартпай кеткен Айгүл Оразалықызының қандай себеппен көз жұмғанын әлі күнге дейін біле алмай отырмыз дейді. Қара жамылған отбасы кінәлілер жазасын алмады, тіпті полиция істі қарамады деп күйінеді. 49 жастағы келіншектің өліміне не себеп? Құзырлы органдар не дейді? Әріптесім Диана Тұрлыбек анықтап көрді.
    ДИАНА ТҰРЛЫБЕК, тілші:
    - Бұл Айгүл Оразалықызы көз жұмған дәріхана. Мына басында жеке меншік компания ем-дом бөлмесін ашқан. 49 жастағы әйел ауруға шыдамай, антибиотик салдырмақ болған. Дегенмен, өз аяғымен барған анамыздың, сүйегін алып қайттық дейді балалары.
    Айгүл Оразалықызы желтоқсанның бірі күні тұмауратып, Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылындағы жеке меншік ем-дом кабинетінің біріне екпе алуға барады. Туыстарының айтуынша, марқұмға салынған дәріден әйелдің ағзасы анафилактикалық шок алған.
    АЙМАН ТӘЖІБАЕВА, марқұмның келіні:
    - Мына төсекте жатқан еді, сосын менің осы Көксайда укол салатын жерім бар деді. Сол жерге барып, укол системамды аламын деді. Жолдасым апарып тастады. 20 минуттан кейін уже хабар келді. Бардық, барған кезде уже кетіп қалған ғой. Сосын медсестрадан сұрадым, қандай укол салдың деп едім цефобелл салдым деді. Мен одан оған аллергия ғой дедім. Қалай сіз сұрамай салдыңыз десем, көзімді шел басып қалды, кешіріңіз мені дейді.
    Марқұмның жақындары өлімнің себебі медбикенің салғырттығынан дейді. Олар бүгінге дейін кінәлілер анықталмады, тіпті, жеті айдан бері әлі де сот-медициналық сараптамасының қорытындысын ала алмай жүргенін айтады.
    САЛТАНАТ ҚАРАБАЕВА, марқұмның қызы:
    - Ешқандай хабар жоқ. Звондасам тергеушілер телефонға жауап бермейді. Алдына барамын, мені кіргізбейді ол жерге.Содан бері солай. Генеральный нелерге барлық жерге заявление жазып тастадым, ешқандай ештеңе қаралып жатқан жоқ.
    Мәселенің мән-жайын білмек болып, аталмыш ем-дом кабинеті басшысына хабарластық. Ондағылар өз тарапымыздан барынша көмек көрсеттік, адам өлімі бұрын соңды болмады дегенді айтады. Ал, облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып, сараптама қорытындысына сәйкес, тергеу тоқтады дейді.
    ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, Алматы облысы пд бөлім басшысы:
    - Көксай ауылындағы дәріханалардың бірінде адамның қайтыс болу фактісі бойынша аудандық полицияда сараптама тағайындалуымен қылмыстық іс қозғалды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі жедел респираторлық вирустық инфекцияның салдарынан жедел өкпе-жүрек жеткіліксіздігі болды. Прокуратураның келісімі бойынша қылмыстық іс қысқартылды.
    Сержан Айгүл Оразалықызының туыстары істі қайта қарауды сұрайды. Кінәлі жазаланып, әділдік орнағанын қалайды. Бүгінде марқұмның артында төрт баласы қалды. Кіші ұлы кәмелеттік жасқа толмаған. Үшінші топтағы мүгедек жолдасы мен қос құлыны қазір үлкен қызының қолында.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 78

  • @НурланНуржанов-е5й
    @НурланНуржанов-е5й 2 месяца назад +56

    Иманды болсын. Бізде медицина өте нашар. Өзбекстан медецинасы мықты дамыған себебі Қазақстаннан денсаулығын түзеу үшін Ташкентке баратын адам саны жетерлік.

    • @Ricxznm
      @Ricxznm 2 месяца назад

      Фу өзбектерді айтпаш адам тонау қаямда емдеген жоқ

  • @БагилаНуржанова-ю4ы
    @БагилаНуржанова-ю4ы 2 месяца назад +35

    Бізде больницада, әскерде адам өлтірген жауыз дәрігерлер мен командирлерге сот жоқ. Өлгендердің өздерін кінәлі қылып шығарады. Бұл биліктегілерге халықтың құны көк тиын дегенді білдіреді

  • @bagilanarimbetova3973
    @bagilanarimbetova3973 2 месяца назад +16

    Ия Кудайдан коркамыз, иманды болсын, алдынан жарылқасын ул кыздарыннын қызығын жолдасы, туған туыстары көрсін,

  • @Айша-п5э
    @Айша-п5э 2 месяца назад +22

    Иманды болсын.

  • @Миша-л7ж1ф
    @Миша-л7ж1ф 2 месяца назад +28

    Өз Аяғымен барған қазір Емханаға баруғада қорқасын

    • @АнтонидаБоровкова
      @АнтонидаБоровкова 2 месяца назад

      @@Миша-л7ж1ф мен корыкпас едим,олейин десем оле алмай журмин айтеуир женил олим жок,жан тапсыру онай деп турсынба,жазым айтып келмиди

    • @Гульнар-в5ю
      @Гульнар-в5ю 2 месяца назад +3

      ​@@АнтонидаБоровковаӨмір адамға бір ақ рет беріледі, Бұндай өмір казір ақ өтеді де,шығады. Қалай аузын барады, өлейін десем, өле алмай жүрмін деп.
      Саған Алла өмір берді,соған көну керек, ағына да,қарасына да.Қанша мойныңа қиындық туса да, шыдай білу керек.
      Басыңа өлім тілемей.

    • @АнтонидаБоровкова
      @АнтонидаБоровкова 2 месяца назад

      @@Гульнар-в5ю Иа-ДУРЫС айтасын, каз кайырымсыз, коре алмайтын адамдар ози отирик кулип касында журеди абайламаса,новостиде берегите себя деп ескертип айтып жатады гой кулакка ман берип тындаган адам баласына ескертуди тындамай балеге урынып жататынымыз рас кой

    • @Бану-п5ю
      @Бану-п5ю 2 месяца назад

      Ия емханаға барып салдырған укол кызымды жургизбей тастады

  • @abai60
    @abai60 2 месяца назад +10

    Алла, Алла 😢 алдынан жарылқасын 🙏 Артында қалғандарына Құдай сабыр берсін 🙏
    Сондықтан жекеменшік (ақшаға екпе егендіндерге) жоламау керек! Қазір тіркелген мемлекеттік емханаға барсаң, "проба"-сыз екпе етпейді, мүлдем
    Ташкенттегі медицинаны мадақтап жатқандарға айтарым; - Кім кепіл, олардың қолынан науқастар ажал құшпай жатқандарына???
    Сосын айтарым біздің емханадағы дәрігерлер (жоо бітіргендер) өте кӨп. Олар Өзбекстан жақсы болса бізге неге көшіп келеді?

  • @АйманНуркиясова
    @АйманНуркиясова 2 месяца назад +7

    Құдай сақтасын иманы жолдасы болсын

  • @НургайшаСадыбекова
    @НургайшаСадыбекова 2 месяца назад +7

    Иманды, болсың өте өкінішті аққ😢😢

  • @ХатираСатилдиева
    @ХатираСатилдиева 2 месяца назад +5

    Пенсионерлер!Отиниш аурухана, емхана,даригерлерге бармандар!Осындай саясатты жүргізгендерди Аллах жер бетинен жойсын,әмин.

  • @АйтуганБейсенбаев-н3ъ
    @АйтуганБейсенбаев-н3ъ 2 месяца назад +8

    Алла алдынан жарылқасын.
    Тілші қыздың жеңі ұзарса.

  • @СандугашКуанбаева
    @СандугашКуанбаева 2 месяца назад +12

    Иманды болсын

  • @НуржанКутумбетов
    @НуржанКутумбетов 2 месяца назад +20

    Қазір дәрі көп, емдейтін врач жоқ, заочно оқиды, вечерный оқиды. Врач деген кәдімгідей очный оқып практика өту керек емеспа, содан кейін барып әр врачқа лицензия беру керек біліміне сай. Частныйдың бәрін құртып білімді врачтарға Нормально айлық төлеп госқа өткізу керек

    • @dinaova4521
      @dinaova4521 2 месяца назад

      Вечерний, заочный деген жок медицинада😅

    • @НуржанКутумбетов
      @НуржанКутумбетов 2 месяца назад +2

      @@dinaova4521 қырғыстанда оқып жүр алты айда сесиясына барып келіп

  • @ЕрмаханМухамбетжан
    @ЕрмаханМухамбетжан 2 месяца назад +1

    Иманды болсың.
    Кәзір емханаға барудың қажеті жоқ.
    Кәзір дәрігер жоқ.
    Марөұмның сүегің беріпті тағыда.
    Бөлшектеп сатып жібермей.

  • @ШарипаДуйсенбекова
    @ШарипаДуйсенбекова 2 месяца назад +11

    Қазір.өз.аяғыменбарып.өліп.қаитқадар.көбеиіп.кетті.негебұлаи.болып.жатыр

  • @Надежда-п5ф6ы
    @Надежда-п5ф6ы 2 месяца назад +7

    Надо на чувствительность сдавать

  • @Akboken
    @Akboken 2 месяца назад +5

    ауруханага оз аягымен барып,деуи дурыс емнс.жеке клиника деу керек,аурухана турмак,емханада оз билгенимен медбике екпе салмайды.Даригер жолдамасымен,ж.е онда пробаны ай сайын керек деп жазып береди

  • @НурдаулетКурманбаев-г4ш
    @НурдаулетКурманбаев-г4ш 2 месяца назад +7

    Казакатанда ментпен медик кудай болды занды ослар блед буларга сойлесен сотталасын!

  • @ЖасуланИсабеков-т9ь
    @ЖасуланИсабеков-т9ь 2 месяца назад +1

    Иманды болсын.
    Негізі жеке процедурныйларды жабу керек. Фармацепттер өте сауатсыз даже укол обычный сала алмайды оларды тексеріп жатқан ешкім жоқ

  • @РыскульКузембаева
    @РыскульКузембаева 2 месяца назад +2

    Қолым ауырып ем алдым маған 50мыңға дәрі жазып берді ,і штім тағыда қосымша ем берді оған 15мыңдай кетті еш көмегі болмады ,ұзын сөздің қысқасы хиджамаға бардым өте күшті көмектесті.

    • @marzhan4243
      @marzhan4243 2 месяца назад

      Не жарнама жасап отырсын адамдарды шатастырма

  • @ГульзадаРысметова
    @ГульзадаРысметова 2 месяца назад +2

    Иманды болсын,Алла сабыр берсін🙏Ия,адамдар өздеріне салғыт қарамандар көздерін ащық,көкіректерін ояу болу керек,интернетте болмағанды көргенше сауаттарынды ашындар,ешкімге сену жоқ,айтып тұрмасан қазіргі врачтар көп нəрсені білмейді,қорқынышты🤔🤔🤔

  • @ГулбакшаБекенгалиева
    @ГулбакшаБекенгалиева 2 месяца назад +10

    Мүшел жасы ғой,құпия өз ішіне кетті ғой марқұмның,
    Құдайдан күшті емеспіз.

    • @АнтонидаБоровкова
      @АнтонидаБоровкова 2 месяца назад

      @@ГулбакшаБекенгалиева Иа Иманды БОЛСЫН, Топырагы торка болсын

    • @АнтонидаБоровкова
      @АнтонидаБоровкова 2 месяца назад

      @@ГулбакшаБекенгалиева арине

    • @rozakassymbaeva8031
      @rozakassymbaeva8031 2 месяца назад

      Проба жасамаған деп отыр ғой.Құдайдың ісі емес,медбикенің немқұрайлылығы

  • @YT-ie7sp
    @YT-ie7sp 2 месяца назад +1

    Кім айты ауруханада кайтпайды деп, дәмі таусылған шыгар.Аллах жеңілдігін берсін, тағдырында солай жазылған болар.

  • @ДуйсенбайНогаев
    @ДуйсенбайНогаев 2 месяца назад +1

    Дәрігердің бәрі білімсіз
    Асқынды неден жарамыз
    Адамы иттен қадірсіз
    Мемлекет болып барамыз...

  • @СаулеТоксанбаева
    @СаулеТоксанбаева 2 месяца назад

    Проба жасалу керек міндетти турде себебі дәри бурыннан алынып жургенімен ,жасалу уақыты кейінгі болуы мумкін.Бір 20 минут тосуга ерініп адамды мәңгілікке жоғалтып күнәға батып ,талай адамның көзжасына қалмаған дұрыс .Адам өмірі ғой бұл жерде.

  • @gulzhamalsatqanova363
    @gulzhamalsatqanova363 2 месяца назад +8

    Аллергия ы болған го, тис суыруга барсан да сұрайды го обезболивающие салп жатканда

  • @БакытгулБакирова
    @БакытгулБакирова 2 месяца назад +2

    Дәрігердің укол салуға рұқсаты бар ма, қазіргі уақытта адамдар дәрігерге кезек көп болғандықтан, өздері тікелей барып емделе береді.

  • @АбзалБухарбаев-с3ц
    @АбзалБухарбаев-с3ц 2 месяца назад +7

    Менттер жейтінін жеп қылмыстық істі жылы жапқанғой

  • @МирашСпанова-ш4с
    @МирашСпанова-ш4с 2 месяца назад

    Иманды болсын жаны жаннатта болгай

  • @ДианаЖунусова-щ9х
    @ДианаЖунусова-щ9х 2 месяца назад +1

    Антибиотик жакпаса салгызбау керек Бырыншы тексереды

  • @АйдосНурдинов-ш2э
    @АйдосНурдинов-ш2э 2 месяца назад +1

    Анафилакциялық шок.

  • @АнтонидаБоровкова
    @АнтонидаБоровкова 2 месяца назад +3

    Дам тузы таусылып,ажалы келген гой,олем деседе адам оле алмайды жан тапсырып,адигеде адам жан тапсыра алмайды

    • @ulbalahanym4247
      @ulbalahanym4247 2 месяца назад +1

      Ажалынан емес салгырт медицина кызметкерлеринын кателигинен каза болып отыр гой

  • @АлфияТойшыбекова
    @АлфияТойшыбекова 2 месяца назад

    😢

  • @Кэт-у3я
    @Кэт-у3я 2 месяца назад +1

    Карасайский район, неудивительно. Там везде бардак.

  • @Назира-ч1в
    @Назира-ч1в 2 месяца назад

    Көбісі оқымай сатып алады білім жоқ қалай емдейді

  • @Najm-hw6lp
    @Najm-hw6lp 2 месяца назад

    Программу надо внедрить, где будет указаны какие у человека есть аллергии , группа крови . Чтобы человек ходил с таким документом, как с удостоверением личности.

  • @БауыржанТулегенов-г4п
    @БауыржанТулегенов-г4п 2 месяца назад +1

    100 даригерден 1 - гана миы бар , калгандары сауатсыз !!!😢

  • @ТлеубаеваМария
    @ТлеубаеваМария 2 месяца назад +1

    Жекеменшик емдитин жерлерди жабыу керек.адамнын умири оншык емес.салдыр салак караудын кесиринен адамдар улип кетеди.медсестра,врачтарды жауапка неге тартпаган.

  • @РозаКаюбалиева
    @РозаКаюбалиева 2 месяца назад +1

    Мои соболезнования родным. Но без назначения врача пойти ставить уколы нельзя во первых, во вторых нужно всем запомнить раз и навсегда, ставьте сначала пробу и только минут через 20-30 если нет реакции можно получить укол. Ставить пробу обязательно, даже если вы этот антибиотик получаете не в первый раз. Анафилактический шок может проявиться в любой момент.

  • @АтырауАтырау-з4у
    @АтырауАтырау-з4у 2 месяца назад +2

    Озбекстанда 80/ казактар ем алады казир олар емге баганы котерген. Атырауда стоматолог врач. озбектер

  • @КлиентСулпак-ь1н
    @КлиентСулпак-ь1н 2 месяца назад

    Частная клиникаға неге барады?

  • @кайраткайрат-г8з
    @кайраткайрат-г8з 2 месяца назад

    Вместо того чтоб повышать качество медицины государство озабочено медстраховкой..токо деньги на все..слышите меня??!!министр..займись квалификацией медиков..

  • @КаншайымШылмурзина-р1ю

    Экспертиз дурыс берген шыгар

  • @gulbaharreymova
    @gulbaharreymova 2 месяца назад

    Пробы,салмаган анти ботик салмау керек

  • @МансияАманжолова
    @МансияАманжолова 2 месяца назад

    Медбике пробасыз укол салған ғой

  • @САУКЕЛЕ-с2э
    @САУКЕЛЕ-с2э 2 месяца назад +1

    КАЙЫР БОЛСЫН.МАСКАРА НЕ МЫНАУ

  • @ЖаннатАбдраимова-б7д
    @ЖаннатАбдраимова-б7д 2 месяца назад +1

    ОЗИНИН САЛГЫЗЫП ЖУРГЕН УКОЛЫ БОЛСА,КАЛАЙ АНАФИЛАКТИЧ.ШОК БОЛДЫ.АУА КЕТИП КАЛГАН ШЫГАР 1ДЕН СМЕРТЬ

  • @marzhan4243
    @marzhan4243 2 месяца назад

    Проба жасамай ма не деген надандық

  • @ДианаЖунусова-щ9х
    @ДианаЖунусова-щ9х 2 месяца назад

    Мед сестра антибиотикты тексерып барып салады

  • @user-es9ji5pe5n77
    @user-es9ji5pe5n77 2 месяца назад

    Короноваруста вакцина салып осложнения болдым

  • @АрсенМолдагожин
    @АрсенМолдагожин 2 месяца назад

    Менттарға ақша төйлесен қозғалады,а так безполезно.

  • @aqbibi3402
    @aqbibi3402 2 месяца назад

    Медицинаны сырттаи оқытпаиды

  • @ТалгатАнарбаев-р6ш
    @ТалгатАнарбаев-р6ш 2 месяца назад +3

    Айуандар

  • @БибизадаДастенова
    @БибизадаДастенова 2 месяца назад +3

    Жаза бермейінше адамды дұрыс қарамайды бүгін менің де көрші келіншек өз аяғымен барып бір сағатта қайтыс болды деп

    • @aizhan27_
      @aizhan27_ 2 месяца назад

      Өләәә не болған сонда айтпады ма?

    • @АнтонидаБоровкова
      @АнтонидаБоровкова 2 месяца назад

      @@БибизадаДастенова ажалы келсе оледи,ешким кай уакытта бакилык болатынын билмиди аяк асты болады

  • @__.__5624
    @__.__5624 2 месяца назад

    Казакстанда кай салада болмасын биликти маман жок,казактын миы ондайга дамымаган.Миллионнан бир маман шыкса,оган да рахмет.

  • @Шамшия-й7м
    @Шамшия-й7м 2 месяца назад +3

    Иманды болсын

  • @MiraNurmoldaevaaa-zn2tl
    @MiraNurmoldaevaaa-zn2tl 2 месяца назад

    Иманды болсын

  • @РауанМолдабаева-л7д
    @РауанМолдабаева-л7д 2 месяца назад

    Иманды болсын