Қасым ханның қабірін іздеп басқа мәйіттерді ескертусіз көшірген археологтарға тұрғындар қарсы шықты
HTML-код
- Опубликовано: 6 июн 2021
- Атырауда Қасым ханның қабірін іздеген археологтар жиырмаға жуық бейітті қазып, мәйіттерді ұрпақтарына ешқандай ескертусіз көшіре салған. Тарихшылар талай жылдан бері Махамбет ауданындағы Сарайшық қаласында хандардың сүйегін іздеп келеді. Былтыр Қасым ханның моласын жобалап тауып, биыл қазба жұмыстары басталыпты. Бірақ ханның сүйегін іздегендер кедергі келтірді деп іргеде жатқан молаларды көшіруге кіріскен. Ал бұған ауыл тұрғындары түбегейлі қарсы болып шықты. Әріптесім Жанат Молдашова хандар жатқан Сарайшықтың басына барып келген еді.
Тарихшылардың болжамынша, Сарайшық қаласында хандар жерленген. Алтын Орда мен Ноғай ордасынан кейін қазақ хандығының Астанасы болған жер. Бұл елдімекенде жеті ханға ескерткіш те орналтылған. Солардың бірі Қасым хан дәл осы іргеде жерленген деп археологтар, этнограф ғалымдар зерттеу жұмысын бастаған еді. Алайда зерттеу жұмыстарына маңындағы мына молалар кедерді келтіріпті. Сөйтіп, зираттарды көшіре бастаған. Бірақ бұл іске Сарайшық халқы қарсы. Өйткені өлі аруақтарды қорлау дейді. Және ең сорақысы, бейттерді қазып, сүйектерді басқа жаққа көшіріп жатқандар дәл осы зираттарда жерленген адамдардың ұрпақтарына, туыс-туғанына ескертіп жатқан жоқ деп ашулы.
ХАТИЯ ХАЙРУЛЛИНА, ауыл тұрғыны:
- Халықтың рұқсатын алған жоқ. Жаңағы жерді жинасын. Орыстың мәйітін көшірді. Оларда гробқа салған әйтеуір, сүйегі жинақы жатады ғой. Ал мыналар сүйекті жинап-жинап апарып, ол түгел ме, түгел емес пе? Кімге біз дұға етеміз. Сол көкірегімізде, сосын жалпы тыныштық керек. Мынау үш ғасырдың адамдары.
АЛТАЙ ҚҰСПАНҒАЛИЕВ, ауыл тұрғыны:
- Мына өліп жатқан кісіге біз тыныштық сұрап жатырмыз. Біз біледі деп жатыр ғой. Білмейді ешкім бұл жерде. Қазып жатқанда ғана білдік. Тек қана жеті мәйіт аламыз деді. Артық мәйіт алмаймыз деді. Олар алды, одан кейін 11 ме, 12 ме мәйітті тағы жерлеп тастады. Тұрғындар құлпытастардың зират ішінде шашылып жатқанына наразы. Расында, қорым ішінде көне моланы қоршаулары, бейіттің басындағы белгілерімен бірге құлпытастар да жатыр. Тіпті әр жерден не адамдікі, не малдікі екені белгісіз сүйектерді де көруге болады.
ҒАЛЫМҒАЛИ ҚОЙШЫҒАЛИЕВ, ауыл тұрғыны:
- Мына құлап жатқан құлпытастар тіп-тікесінен тұрды. Кеше өзім келіп шок болдым. Бәрін нөмірлеп, құлатып тастаған. Ертең көшіп кеткен Ақтау, Астана жан-жаққа көшіп кеткен балалары, немере-шөберелері іздеп келсе қайдан табады?
Қазылған моланың топырақтарын қорымның іргесіне төгіп жатыр екен. Оның арасында адам сүйектері бар дейді тұрғындар. Алайда қазба жұмысын жүргізіп жатқан археологиялық топ халықтан рұқсаты алынды, іздегеніміз де табылды. Енді осы жерді ғана зерттейміз дейді.
АЙБЕК ТҰРАРҰЛЫ, "Сарайшық" тарихи-мәдени қорымының археологы:
- Осы аймақтағы 20 сүйекті біз көшірдік. 7 адамның ағайын туыстары табылды. Ол 7 адамның рұқсатын алдық. Сондай-ақ, бұл жұмыстармен облыс әкімі, аудан әкімі бәрі хабардар. 7 адамның ағайыны табылды, қалған 13 адамның ағайыны табылған жоқ. Олардың барлығын біз көрші Құлмекен зиратына апарып жерлеп, құлпытастармен бірге апарып қойдық. Біз іздеп жатқан нәрсе табылды мына астында жатыр.
- Табылды
- Иә табылды.
- Қасым ханның сүйегі?
- Жоқ Қасым ханның сүйегі деп айта алмаймын, оның ішінде бірнеше сүйек бар.
Сарайшық тұрғындары үш ғасырдан бері өмір сүрген ата-бабаларымыз жатқан бұл қорым әбден аяқ асты болды дейді. Сондықтан өлі аруақтарды қозғамай, қорымды қоршасын деп талап етіп отыр.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
RUclips - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Сарайшық #археология #ҚасымХан #зираттарды_көшіру
Әруақтарға тиіспеу керек.
Әруақтарды қозғамау керек
АКЫР ЗАМАН
ЖАКЫН ШЫГАР.. ИМАНсыздар
АРУАКтарды МАЗАЛАМАНДАР
Жерленген адамдарды қазып алуға ешкімнін құқығы жоқ.Аруақты қорлаған адам ешқашан онбайды.
Қасымханның сүйегі деп жазып қойыппа қалай анықтайды
Сол Касымканнын суеги болсада не керек козгап. Жаткан жеринде жата бермейме ким болсада. Ертен мейт казгандарга каргысы тиет. Неше турли жагдайлар болып жатыргой. мейт казгандар тубинде оздери оледи бир ажалдан. Калай кудайдан коркпайт 😱?алла сактасын 🙏
Ии соны айтсансшы , ослар куад негзнде🧐
Ала сақтасин
Ол ханнын суйегин тапканда да не истейсиндер,сол жерде жатырган болса уйін турғызыңдар да қойыңдар
Ренжімеңіз ! бірақ жатырған емес жатқан
Суйегин сорпа кылып ишклери келип журген шыгар еркен адамдарго.
Дау кылып уй соқ дейсіз ғой
@@Keeosin_Shorts 😀😀😀😀😀
Алтын мен байлық іздейді да, басқа не іздейді?
Алла сақтасын. Тал бесіктен жер бесікке жеткен марқұмдарды қозғаудың қажеті жоққой. Жандары жаннатта болсын.
Мола казуды токтату керек биз мусулманбыз жаткан дар тыныш жатсын
Касымханның моласын не істейсіңдер,ал таптыңдар одан не өзгереді,одан да кәзіргі заманды тузетпейсіңдерме, өткенді казбалай бермей
Өте дұрыс
Алтын табамын деп дəметіп журген шығар тітіміскіленіп крыса сияқты қалай тауыпты суйегіне хан деп жазбаған шығар кебінмен жерленеді пұт заманындағыдай алтын табыт алтын тиын гауһар тас дəметіп журген болар
Археологтарды жақсылап сабап тұмсықтарын бұзып қуып жіберу керек атабаба сүйегін қорлаған
Кұдай аткан оңар, әрұак аткан оңбас
Менің, марқұм әжем айтушы еді, 2000 жылдан кейін ақыр заман келеді, жердің астындағы бетіне шығады деп. Қазақтың берекесінің кетіп жатқаны осындайдан ғой.
Каздырмау керек ериккеннин ермегиго. Аруактардын киесине ушыраиды курап калган суиектиде тынышына жаткызбауга калды ау.
Өтірік қазына іздеп жүр
аллам сактайгор сумдыккой аруакка тыныштык кереккой
Сүйегін емес, бұлар қазба байлық іздеп жүргендері белгілі.
Алтын іздеп жатқан шығар. Қарапайым адамдардың басында алтын қайдан болсын
Елде басшы қандай, "күшіктеріде сондай, өздерінің аталарының зиратын ашсын, көргенсіздер, кұдай атсын.Тимендер.
Бұл шалдың саясаты хандықты жаңарту. Қалмақтың ісі ғой
Археологтар тарих керек емес оларға Алтын керек. Тарихты не қылсын
Өлгенді қозғап не болды,қандай аурумен ауырды белгісіз аруақтар,кезінде оба да,өкпе ауруы да болған,қозғамау керек еді.
Алла Сактасын Аруактарга да Тиыштык бермит Мыналар
Әлі сүйек шығып жатыр сондай шыққан сүйектерді әр жерге көміп айтпай жатқандарыда болар. Алла жазаларыңды берсін
Алла тағала жазаларын берсін
Дурыс жаткан адамды тиіспеу керек
Қайырлы күн. Қарғыс алсын мола қазғандар. Ешқандайда Ата Баба салт дәстүрінде, беріп тастап кеткен аманатында мәйіті қазу, аруақты қорлау жоқ. Мен Шыңғыс ұрпағы кімде кім, қазуға қатысқаннан бастап бұйрық беріп және ой салғандардың біріне Ата қарғысын тілеймін. Жазасын алсын бəрі. Шыңғыс ұрпақтарының моласын, мəйіттін қазып алғандар ауру сырқаудан, əр түрлі себептерден сол қара жерге өздері кірсін. Жаратқан ием тілегім қабыл.
Қуып шығындар ауылдан айуандарды
Құрыған мемлекет әр кім білгенін істеп жатыр.
Екі ғасыр болған жатқан әруақа тыныштық беріңдер адамзат алдында ұят болмасын күнәға батпаңдар
Молаға тиіспеу керек.
Нелерин бар Оларда. 20гасырдаи так тонап кеткен корымдарды
Назарбаевты кашан казып алады екен
Басқа жұмыстары жоқ па
Неге тиседі ханның сүйегінде несібар
Сол қаңғыбас сасық моңғолдың құрап қалған сүйектен де ақша істеп жүр
Бүл тарих үшін өте маңызды дүние, себебі қазақ хандарының ішінде тек әбілхайырдың ғана түрі белгілі ал қалғандарінкі белгісіз, сүйегін тапса генетикасын зеріттейді, көп нәрсені анықтайды, түрінің қандай болғанын біліп жасап шығарады
@@user-qn7dc5fb1u Тәкке де қажеті жоқ. Олар қазақ халқының ата жауы
@@user-eo3cz8us4u қазақ тарихының ата жауы? Қасым хан не бойынша қазақ жауы екен? Оңтүстікті өзбектерден қорғап қалғаны үшінбе әлде шығыстағы жетісу өңірін қазақтың құрамына қосқаны үшінбе? Әлде ноғайларды батыс өңірден қуып шегараны кеңейткені үшінбе, әлде Қасым ханның кезінде елде мамыра-жай қой үстіне құс жұмыртқалан заман болғаны үшінбе? Не үшін ол жау
@@user-qn7dc5fb1u Мына ертегілерді бала бақшасында айтарсың
Неге тыныш жатпайды екен әруақ тыныштық берсін ей тірілер тыныш жүріңдер
Онбаган архиологтар аруактарн еорыктпайсындар ма?
Ханнын емес...Хандармен бирге комилген. Алтын-кумисти издеп жаткан болар.....Кытайдын карызынан кутылайын деген ғой....
Алтын издеп жатыр. Моласында не шаруасы бар олардын. Керек еди биздин укиметке Касымханнын моласы.
Ол сасық моңғол қазақтың ата жауы, атын өшіру керек
Аруақты қорлаудың шегі бола ма?Не деген бассыздық!Сонда бұлар мазарлардан алтын іздеп жүр ме?Неге жол бересіздер мұндай сорақылыққа?Ақсақ Темірдің зиратын қазып қорлағанда не болғанын ұмытып кеттік пе?
Осы хандардын аруагы урсын сендерди ондырмай омирлерин киыншылыкпен отсин.бул дегени ақыр заман жакындап калды
Қасым ханды удостоверениесімен жерлегенба?
Бызде Еврейлердын моласы уже 200 300жылдан беры ешкым жерленбеген но ол жерде охрана тазалыкшылар бары бар жумыс жасаб тазалаб отырад , ал біздің молаларымызды 70-100 жылда сурыб тастап парк салыб жатыр(
Неге қазып жатыр?
Қасымхан сол жерде тірі жатыр деп ойлайды ма?.
Еріккен арамтамақтар алаяқтар қаражат бөлінген, бұл таза сылтау етіп жүрген археологиялықтар. Алтын адамның қадірін қазды сүегін қайда екенін білмейді, алтын көргесін үмытып кетті ғой.
Сол Шыңғыс тың азғын ұрпақтарының атын өшіру керек. Қазақтың ата жауы
Әрине аруақтарды қорлау. Әруақ атқыр оңбағандар.
Алладан емес? Аруактар корку керек.
Тыныш жаткан корым кор болдыгой ешектин акылынын аркасында
Бир Кудай биледы булардын не издеп жургенын,соншама казбалап!!!!
Жол, су, білім, медицина, экология, тұрғын үйлер бәрі проблема. Енді қорымдарды проблема қылды ғой. Мәйіттерге жетіпті ғой проблема...
Казып алып не истемекши екен.олардын издегени сылтау етип алтын издеп жур гой
Осылардың кесіріго жаңбыр жаумай жатқаны қуаңшылық болып, мәйіт қазылып сүйек ашылған жерге жаңбыр жаумайды деп айтатын еді үлкендер
Контроль кайда
Казып тастайды любой не іздегенін кім біледі
ой онбагандар тимендер молага кереги жок сендердин ханды моласын тапкандарын Барлыгынды Алла жаоаьтыгой не кыласын бирекдин майтин излеп ой Кужайымай
Алтын издеп журген шыгар
Халқымай неге сонша шулап жатырсыңдар..? Қасым ханды не үшін іздеп жатқанын білмейсіңдерме? Басы табылды ғой. Бірақ басқа аруақтардың мазасын алмау керек еді. Мына замаанда халық өзімен өзі әрең күн кешіп отырғанда. Аруақтардың қарғысына қалмайық. Ол жеде қандай киелі адамдардың жатқанын білмейміз ғой.Аллам өзің кеш.халқымды бұдан арықинамашы. Қазақтың көргені.аз емес қой.
Басқа жұмыс жоқпа, ақымақтар
Не степ жүр мналар жиндыма местный лар неге оларга руксат берсин дер
Акша жеу солго
Олар негізінен алтын іздеп жүр. Қорларды қазып. Біздің жақтада сол.
Оны не істеиді тыныш жатаберсін кім жатқанын білсе болды қазып алып сөилесема
Жаткан аруактарды неге мазалайды Касымхан кимге керек олип ширип кеткен осындайдан халыкты аруак урады
Ой жындылар ханын суйегынде атасыны басы барма аруатар атсын
Масқара өлі аруакты қорлаған несі.Бұл жақсылыққа апармайды.Өлі аруақты қорлағаны неси.
Аруактарды козгаса,жаны тыным таппайды
Кто даёт разрешение на раскопки, того и привлечь к ответственности. От востока до запада, от юга до севера разрыли, выгребли, ищут чем поживиться. Нет покоя погребенным. И вам копатели, тоже не будет ничего хорошего.
Ол акша жеугой каздыгу оте улкен акша гой Ол канша акша жеди сонша жаманшылык болып шыксын соны каздыргандарды
Сүйектерге тимей жүргізе берсе қайтеді жұмыстарын?! Бәріміз де қасиетті Сарайшықтың қайта жаңарып, баяғы Алтын Орданың астанасындай болып қайта түлегенін қалаймыз ИншаАллаһ! Бірақ әруақтардың тынышын алмай, берекесіздікке жол бермей жасағандары жөн деп ойлаймын жұмыстарын?!
Каргыс атсын айбектен бастап бари катыскандарды
Казып жургендер оздери олмеитинсиякты.бирин бири жерге тыгып суырып алабермима
Архелоктын оздерин комсегои сол казган жерине
Кудай сактасын. Кайдан шыгарган мейтти казып аруактарды козгап . Алла сактасын . 🙏🙏🙏🤦♀️ . Токтату керек . Аруактар дын каргысы тиеди .
Касым болсын , Кене болсын кур сүйек не береди??? Каңдай пайда ,не нәтиже ,не мағына ,кандай үғым ??? Казирги заман ағымына сай кандай үғым ,????? Казак тың арта калганын ,алға койган жаңаша омир ,заманға сай көз карам жок ,утопия.Еликтеу, баксылык, мағынасыз үғым , тупость , мәңгүрт казак , коркактык ,саткындык,жағымпаз, сатыкын ,болғанды көре алмау ,бере алмау ,еликтеу биринен бири асып түсу ,мактаншак казак .Кенен басынан айрылған хан ,соған мактанасындарма ??? Кыргыздардан уйялмайсындарма??.Ешкандай ел не ағылшын не немис, не өзбек не баспасы батырларын ескерткіш койып мактанбайды .тарих китапта ғана болу керек.Айтпесе казак ру руға болинип анау баба мынау бабам,мен ана батырдың урпагымын мен ана батырмын улы жузбин киши жузбин деп ьыт шыт болады.Рахмет Наймандарга Найман хан болса да мактанбайды , Тарихты бурмалап отирик босип ,жағымпаз тарихшылар биликке жағымпазданып отирик бабаларын жазып жатыр.Не коладрында бир кару жок.Согыс болса бирин бири сатады.,коби шет елдерге кашып жатыр.
Аруактарга маза берсендерши енд не сурамак?
Издегендери тек алтын
Халык дурыс аитады.
Өлгенде де тыныш жатқызбайтын болдығой
Қасым ханның сүйегін тапты оны не стейді шіріп кеткен түкке керекгі жоқ
Недеген азгындап баражатырсындар !!!
Олип баратыр гои алтындарын аламыздеп
Ал тапкан кезде не истейди екен,Москвага зерттеуге жиберема?ким зерттейди?
Кенен сары ханнын акесы касым хан аулие атада кокандык бес надырхан олтырген дейдыгой сонда оны атраудан емес тараз дан издеу керекгой.
Оны іздеп не қажеті бар. Баяғыда қурап қалған сүйектері. Қазақтың ата жауы
Ненадо духов тревожить.
Баска шаруаларын жокпа не, олген адамнын суйыгын казып, сакболындар
Аруак аткырлар Аруак атсын сендерды, Кара жерде тыныш жатырган аруактарда не жумыс тарын бар, ар жагы алтын байлык ыздеп жургендер, кабыр копаргандарды урым бутагына дейын каргыс атсын,
Хан болсын ,қарапайым адам болсын бәрі Алланың құлы Аллаһтың сотына тартылады қиямет күні.Адамның бұл дүниедегі қызметі,дәрежесі,байлығы пайда бермейді,жүректегі иманы Аллаға деген,құлшылығы,Алламен қарым қатынасы пайда береді.
Ол малдар майты тапыб оны трылтырема не истемекшы жаткан адам жатыргой тусвнбеймын кымге не далелдемекшы
Мундаи археологынын шшс
Адамның басы алланың добы деген қай жер бұйырады сол жерде жерленеді.Өтініш тиіспеңіздер аруағын тебірентіп қазып ,қарғысқа ұшырайсыздар .Ұрпақтарыңызға зияны тиеді мұсылманбыз ғой .
Осындайда имамдар келіп айтпайма.
Олар бұтына салып жіберген. Өйткені біледі бұл қайдан шыққан пәле екенін. Шалдың саясаты
Оларға Қасым ханның зияраты емес сондағы әшекей бұйым керек бірге жерлеген, аруақтан қорқыңдар
Касымхан кимге керек онын суйеги Сол жаткан адамдардын аруагы урсын казып жаткандарды
Касым жомарт токаевпен косып барин куалау керек не сумдык мынау ойна келгенин истеп жатыр
Осыларды тусінбеймін, баяғыда суйегі қурап қалған Қасым хан, Шыңғысхан, тағы қандай хандар бар осылар не керек екен
Аллаh сақтасын! О дүниенің тыныштығын бұзбайтың амал болмадыма?
Неге быздын быр де быр Ханымыздын моласы беималым, Ата бабамыз сонша салгырт болганьа деп оилаимын
Атып тастамаисындарма
Оттапсыңдар жеті атаң көрмеген қайдағы хан
Arwahti khorlamaw kerek, nige koshiredi, bolmaidi .
Шынгысканнын алтынын издеп жур гой акымактар .басканы сылтау етип .
Не стисын ханның суиегын жисынба
Amin shgarip urindar sol arxyoliktardi
Қозғамаңдар қорымды.Қасым ханға кесене салыңдар,жарайды.Бәленбай ғасырдан бері,қаншама Адам жерленді.Елеусіз жерленген жоққо кезінде,бар сый-құрмет пен, әдет-ғұрыппен жерленген Тұлға.Еш нәрсе дәлелдеп керек емес.Мазаламаңдар.Жерленген Адамдардың Ұрпақтарынан рұқсат алу керек еді, нағыз болмаса.Осы қашан заңды түрде,Адами түрде жұмыс жасайсыңдар.Бізде бүлдіріп алып сосын түсіндіреді,неге керсінше болмайды.
Ханның сүйегін бастарыңа ұрасыңдарма--ай--"НАДАН ҚАЗАҚ"-- қолдарыңнан --БАСҚА ІС КЕЛМЕГЕН СОҢ--ҚАБІР ҚАЗҒАН-- МҰСЫЛМАН ЕМЕССІҢДЕР--ҚАЙ АТА--БАБАҢ--ҚАБІРЛЕРДІ ҚАЗЫП--РУХТАРДЫ--* МАЗАЛАП ЕДІ*