Қазақстан картасынан жойылған ауылдар

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 окт 2024
  • Солтүстік Қазақстан облысында 14 ауыл Қазақстан картасынан жойылды. Яғни, тұрғындары жаппай жан-жаққа көшіп кеткен соң, бұл ауылдар қаңырап бос қалған. Ал, өңір тұрғындары соңғы жылдары елдімекендерден елдің үдере көшуіне етіміз үйренді дейді. Айтуларынша, жұмыссыздық пен мектеп, дәріхана сияқты әлеуметтік ныандардың жоқтығынан халықтың көштен қалған ауылдарда тұрғысы жоқ. Бірақ жергілікті билік өкілдері шағын ауылдарды дамыту бюджетке тиімсіз деп отыр.
    Осының бәрі Ирина Кочеткованың жалғыз табыс көзі. Ол өз отбасын асырау үшін ауылда мал асырап, құс өсіріп күн көретінін айтады. Өйткені халық үдере көшіп жатқан ауылда бұдан басқа жұмыс жоқ дейді.
    ИРИНА КОЧЕТКОВА, Коваль ауылының тұрғыны:
    - Жұмыс болмаған соң халық немен күн көреді? Оның үстіне таза ауыз су жоқ, мектеп те жабылып қалды. Осының бәрі тұрғындардың ауылдан кетуіне әсер етті. Мал ұстау қиын. Сол себепті біз де бәрін сатып кетуді ойлап жүрміз.
    Бір кездері ілгері дамыған елді мекеннің бүгінгі көрінісі осы. Жол бойында терезесі бұзылып қаңыраған үйлер, тек қабырғасы қалған әлеуметтік нысандар көп. Қазір он үйге де жетпейтін ауылда дүкен, дәріхана атымен жоқ. Сол себепті тұрғындар азық-түлік пен керек-жарақ алу үшін осыдан 35 шақырым жердегі аудан орталығына қатынауға мәжбүрміз дейді. Ал Ресей шекарасынан небәрі екі шақырым жердегі ауылда тұрған бірнеше ұлттың өкілдері тарихи отандарына оралып кеткенін айтады.
    ВЛАДИМИР ДЕНИСОВ, Коваль ауылының тұрғыны:
    - Кезінде бұл ауылда немістер де, поляктар да, орыстар да, қазақтар да тұрған. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін бәрі жан-жаққа кетті. Ауылда өмір сүру қиындап кетті. Мал ұстаймыз, бірақ оны бағатын жер жетпейді. Шабындық жоқ.
    Мамлют ауданында осы сияқты тағы он ауыл бар екен. Жергілікті билік өкілдері оларды болашағы жоқ елді мекендерінің қатарына қосқан. Яғни, тараудың аз-ақ алдында тұрған ауылдарды дамытуға бұдан былай бюджеттен бір тиын да бөлінбейді дейді. Бірақ бұл елдімекендерді Қазақстанның картасынан алып тастау туралы шешім қабылданса да, халық сол жақта қалағанынша тұра бермек.
    СЕРІК БАКЕЕВ, Мамлют ауданы әкімінің кеңесшісі:
    - Заң бойынша халық саны елуден аз болса, ауылды округ орталығына қосамыз. Мына ауылдың нақты аты болмайды. Бірақ халық сол ауылда тұрады. 1-ақ отбасы қалды или 2 отбасы қалды сендердің светтеріңді сөндіреміз сендер кетіңдер деген жоқ. Соңғы адам кеткенше дейін жол да тазаланады. Нан да, су да жеткіземіз.
    Солтүстіктегі 600-ден артық елдімекеннің тең жартысы ғана болашағы бар деп танылған. Тіпті, 100-ден артық ауылда халық саны 50 адамға да жетпейді екен. Ал тұрғын саны он адамға толмайтын отыз ауыл картадан жойылып қалудың алдында тұр. Үш жылда еліміздің солтүстігінде 14 ауыл таратылып кеткен.
    Руслан Жасұланұлы, Жұлдызбек Ермұқанов
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Комментарии • 26

  • @НурланКосжанов-в3ц
    @НурланКосжанов-в3ц 2 года назад +4

    Ай, Үкіметім-ай ауылды құртқаның Қазақстанды құртқаның.

  • @фибаначифокус
    @фибаначифокус 2 года назад +3

    Жемқор арамтамақтар жаулаған елде осындай болады бәрі тек пайдалары үшүн бійлікте адам халық жағдайы деген затты ойынада алмайды

  • @Алмас-э3ц
    @Алмас-э3ц 2 года назад +2

    Адам жоқ болсада картада тұра берсін Қазақтың жеріғой

  • @aikynkozhabekov5039
    @aikynkozhabekov5039 Год назад +1

    Қаланы емес ауылдарды көтеру керек қазір ауылдын арқасында тұр ғой қалалардын бәрі

  • @diazbisenov6950
    @diazbisenov6950 2 года назад +1

    Картадан калай жойылады ол жер Казахстан жери емеспе я бул укиметте бир гап болып турма

  • @ТұЛПаР-ф9ь
    @ТұЛПаР-ф9ь 5 месяцев назад

    Павлодар облысы, Ақсу ауданы, совхоз Целинный ( бывшее отделение совхоза Кургуль, ныне Кұркөл )

  • @АлдекеКаке
    @АлдекеКаке Год назад

    Ауылды құрту, Қазақты құрту. Миы жоқ жалмауыз басшылар кінәлі.

  • @НасихатБерекетов
    @НасихатБерекетов 4 дня назад

    Ішіңді күйдіреді ешектер

  • @ДинашКулакова
    @ДинашКулакова 2 года назад +1

    Бұл қайжерде солтүстіктің

  • @ТурсынбайТурсынбай-у6й
    @ТурсынбайТурсынбай-у6й 9 месяцев назад

    Отличны жер екен озим барар едим каракалпак болып турманда егин егип жылкы багып казы карта жеп жасай беритин едим итд...зын жер

  • @КарлыгашОмарова-к8ю
    @КарлыгашОмарова-к8ю 6 месяцев назад

    Жер жоқ дейді анау бос жатқан жерлер кімдікі

  • @Г.Р-э9т
    @Г.Р-э9т 2 года назад

    Тиінін жеп қойса чиновниктер ,конечно тиімсіз болады!

  • @ЗинегульБаймаханова
    @ЗинегульБаймаханова 7 месяцев назад

    Кайран елiм казагымнын кезiнде гул болган ауылдарай

  • @АманжолБулат
    @АманжолБулат 2 года назад

    Дұрыс, келісемін. Бірақ неге тек, Петропавлды ғана айтып, көрсетесіңдер? Қостанай облысы, Павлодар облысы. Ақмола облысы, Көкшетау облысын тегіс көрсетіңіз. Содан соң сол, бос жатқан жерге Ресей көз алартып отыр. Сөз қылып. Сол жерге қызғанышпен қарап. Ал біздің сенім артқан, Үкімет қайда. Депутат қауымы қайда?

  • @Sunshine-ne8qg
    @Sunshine-ne8qg 2 года назад

    Ауыл атауы жойылса да жер қалады ғой, бастысы жер бар болсын

  • @Нурболат-л9й
    @Нурболат-л9й 2 года назад

    Жетістіңдер

  • @Kazahstan-asik
    @Kazahstan-asik 2 года назад

    Ертен Сол жергеде зар боп каламызау.

  • @ЖупарбекАбуов-ъ4м
    @ЖупарбекАбуов-ъ4м 2 года назад

    Біздің ауылда жоқ

  • @maksatzaksyban9940
    @maksatzaksyban9940 2 года назад +1

    Укумет кайда карап отыр екен, маскара

  • @amantaioshakbaev1767
    @amantaioshakbaev1767 2 года назад +1

    Уигырларды озбектерди Сол аулга жиберсин приздент мурза

    • @МавжудаКазакбаева
      @МавжудаКазакбаева 2 года назад +1

      Сен не бормейсанба быринше озынг борсей сонг бызде барамыз

    • @ккккком
      @ккккком 2 года назад +1

      Не саган малма не айдап салатын

    • @maikljordon6275
      @maikljordon6275 2 года назад

      @@МавжудаКазакбаева вай сен иогуртсанси или сартсынба