Күйеуінің сұмдық жағдайын естігенде енесі тілге келмей қалады

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • 1-бөлім Енді бізден не сұрап отырсыздар? Еркекке сенгенше екі босағаға сену керек. Қыз баланы көрінген еркектің қойнына құламауға тәрбиелемеген өздеріңізден көріңіздер. Асқарымның келіншегі міне отыр. Ешқайда кеткен де жоқ. Ешкіммен жүрген де жоқ. Жаңа өздеріңіз кірген жасыл дарбазадан шықпағанына бес күн болды. Отыздан асқан еркектің етегін ұстайтын қандай қыз ол? - деп атасы қаһарлы сөздерімен келген апайды түйреп-түйреп алды.
    - Ағасы, маған несіне дүрсе қойып тұрсыз? Қызым осындай болсын деп құдайдан сұраппын ба мен? Баланы туамыз ғой. Бірақ мінезін тумаймыз. Қызымның мінезі үйде, қылығы түзде деуші ме еді? Мен де жетіскеннен келіп тұрғаным жоқ. Болған іс болды. Бояуы сіңді. Енді сіз бен біз болып мәселенің шешімін іздейік, - деп Балзия жалынған кейіп танытты.
    - Әй, айналайын, мені тыңда. Манадан бері үндемей отырғанға мені мылқау деме. Қызыңды ұлымыздың астына салып бергеніміз жоқ. Бізден не сұрайсың сен? Ақша керек десең оны айт. - деп енесі әңгімеге кірісті білекті сыбанып.
    - Мен сізден ақша сұрап отқаным жоқ
    - Ал, енді айтсайшы не үшін келдің? Асқарыма тоқалдыққа әперейін бе қызыңды? Міне, келінім, әне, балаларым ойнап жүр көшеде. Маған не дейсің енді?
    - Менің қызымның ішінде де сіздің немереңіз ғой, апа.
    - Мен сенің қызыңнан немере сұрамадым. Өздерің бірнәрсе қылып шешіңдер енді. Асқар қазір Атырауда. Бір айдан соң келеді.
    - Апа, ауызбіршілікпен шешейік. Егер арыз жазсам ұлыңыз түрменің түбінде шіриді. Әрине, ұлдарым түрмеге дейін жеткізсе. Сотталғанына қуанарсыз әйтпесе, апа. Ойланыңыз.
    - Асқар үйленеді. Әкем мен апамнан не сұрайсыздар? Өзіміз шешетін мәселе. Тек Асқар жұмыстан келсін. Бір аптадан соң келеді. Өзімнен хабар күтіңіздер. Бізде бұл мәселені бір жақты қарамай, өзінен сұрайық, - деп Салтанат үйге кіріп кетті.
    - Үйленгені несі, келін-ау? Екінші қылып әпермекшісің бе? Қызық-ей осы қазіргі жастар. Түрмеге кетсе, кетсін....- деп атасы бұрқылдап отыр.
    - Аға, екінші қылып әперсеңіз
    Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым Арнама Тіркеліп қолдап кетініздер лүпіл басып пікір жазып қазақша каналдың дамуына үлес қоса отырыңыздар
    #аудиокітап #болғаноқиғажаңа әңгіме / @san_turli_tagdir

Комментарии • 2

  • @НусипкалиДуйсембеков

    2 бөлімі. Қашан. Шығады

    • @San_turli_tagdir
      @San_turli_tagdir  Месяц назад

      @@НусипкалиДуйсембеков Сәлеметсізбе қадірменді тыңдарман арғы күні саламын жалғасын