Киіз үйдегі жартылай жалаңаш би қоғам ашуын тудырды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 1 окт 2024
  • Осы аптада әлеуметтік желі қолданушылары арасында қасиетті киіз үйде жартылай жалаңаш күйде билегендердің клипі көп талқыланды. Қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырғаны үш адамның үстіне ұлттық ою-өрнек элементтері бар киім киіп алғаны ғана емес, осы трионың бірі қыз кейпіндегі еркек болғаны да жұрттың шамына тиді.
    Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев осы видеоға қатысты «Бабадан қалған ең қастерлі мұрамыздың бірі - киіз үйге ақпараттық шабуыл басталды» деп мәлімдеді. Ол Бас Прокуратура мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен аталған бейнероликке құқықтық баға беріп, нақты шара қолдануды сұрады.
    «Бұдан былай ұлттық құндылықтарымыз - домбыра, қобыз, киіз үй, ұлттық киім, ұлттық тағам секілді асыл жәдігерлерімізді теріс мақсатта пайдалану, мазақ ету - ұлт намысына қол сұғу, ұлттың беделін түсіруге бағытталған қылмыстық әрекет деп бағаланып, қылмыстық жауаптылықпен жазалануы тиіс», - деді депутат. Самат Мұсабаев бұл роликте ЛГБТ насихаты бар деп есептейді. Айта кетейік, таяуда қоғам белсенділері ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялаған еді. 2 аптада осы талапты қолдап, 50 мың қол жиналды.
    Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да осы бейнежазбаға қатысты пікір білдіріп, мұндай контент қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін деді. «Әрине, өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді», - деп жазды Аида Балаева.
    Ал осы бейнебаянда бой көрсеткен блогер жігіт, хореограф Әлішер Сұлтанбекұлы бұл жай ғана би деп ақталуға тырысты, ол ешқандай ЛГБТ-ны насихаттау ойында болмағанын айтты.
    Бұл осы аптадағы ұлттық киім төңірегіндегі жалғыз оқиға емес. АҚШ-та әлемге танымал рэп орындаушысы Snoop Dog-пен ән жаздырып, Американың қалаларын аралап жүрген отандық KeshYou тобының да басы дауға қалды. Әлеуметтік желі қолданушыларына Миллуоки қаласында өткен концертте KeshYou тобының қыздары киіп шыққан сахналық киімдер ұнамай қалды. Желіде жұрт KeshYou қыздарының ашық-шашық образын сынады. Бұл киімдерді танымал дизайнер Аида Кауменова тіккен болатын. Бұл сынға Баян Мақсатқызы жауап берді. «Біз мұны әлемге мәдениетімізді таныстыру үшін жасадық және бұл іс қолымыздан келді, - деп мәлімдеді топ продюсері.
    Telegram Qaz - t.me/QazAqparat_kz
    Telegram Rus - t.me/kazinform_news
    Instagram - / @kazinform_kz
    Instagram - / @kazinform
    Facebook - / @Kazinform
    Facebook - / @Казинформ
    Jibek Joly online: jjtv.kz/kk/live
    Cайт - kaz.inform.kz/
    #kazinform #қазақпарат #Жаңалықтар

Комментарии • 14

  • @abdurahimmamedov1973
    @abdurahimmamedov1973 3 месяца назад +3

    АЛЛАНЫН ПАРЫЗЫ БОЛҒАН ХИДЖАПҚА ТИІСПЕИ ОСЫЛАРҒА ТЫЙМ САЛМАИСЫНДАРМА

  • @КанатКантаев-д2ы
    @КанатКантаев-д2ы 3 месяца назад +2

    Қатысы барлардың барлығы Өлім жазасына кесілсін

  • @Омар-э1з
    @Омар-э1з 3 месяца назад +2

    Жай ғана би деп құтылмаңдар

  • @qazaq2727
    @qazaq2727 3 месяца назад +2

    Бұл Қазақ Елінің төріне кіріп басына секіру деп білемін.
    Киіз үй қазақтың көне ежелден келе жатқан қасиетті орыны тұратын жері.
    Осы киіз үиде талай батырлар талай жазушылар хандар халыққа еңбегі сіңген ата бабамыз тұрған ал қазір қаидағы бір келімсектердң құтыртып жүрміз.
    қатаң жазаға тарту керек !!!
    Біреулері туды жұдырыққа қысып екіншісі сәукелені мазақ етіп үшіншісі тағысын тағы қазақтың салт дәстүрін мазақ етіп жатыр.
    Осы бізде билік бар ма ???

  • @БахытжанМолдиев
    @БахытжанМолдиев 3 месяца назад +2

    Өлім жазасын беру керек

  • @РусланСулименов-п2к
    @РусланСулименов-п2к 3 месяца назад

    намысы жоқ билік

  • @gulsimgafur1328
    @gulsimgafur1328 3 месяца назад +1

    Масқара 🤦‍♀️

  • @nazgultogyzbayeva8948
    @nazgultogyzbayeva8948 3 месяца назад

    СОТТАУ КЕРЕК 5жылға

  • @nagizaumarova2842
    @nagizaumarova2842 3 месяца назад

    МАСҚАРА ҒОЙ