БАЛАҒА ДЕМ САЛУ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 13 янв 2025
  • Балаға дем салу. Баланың басын не ауырған жерін ұстап отырып төмендегі сүрелер мен дұғаларды оқисыз және әр сүре аяқталған кезде балаға сүф деп үрлейсіз:
    1. «Фатиxа» сүресін 7 рет оқу;
    2. Аятул Курсиді («Бақара» сүресі, 255-аят) 3 рет оқу;
    3. «Кәфирун» сүресін 1 рет оқу;
    4. «Ықылас» сүресін 3 рет оқу;
    5. «Фәләқ» сүресін 3 рет оқу; 6. «Нас» сүресін 3 рет оқу.
    Кейін мына дұғаларды оқыса болады:
    1) Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ
    Мағынасы: Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ, әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын.
    2) Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс, уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақаман.
    Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен - Шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер!
    3) «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс, бийәдикәш-шифәә, лә кәшифә ләһу иллә Әнтә
    Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ.

Комментарии •