Қарағанды облысы С.Сейфуллин ауылының халқы күре жолды өз күшімен жөндеді

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 окт 2017
  • Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы Сәкен Сейфуллин ауылының азаматтары 25 шақырымдық күре жолды өз күштерімен жөндеп алды. Қазір олар елді мекен ішіндегі жолды қалпына келтіріп жатыр. Сырттан сарылып көмек күтпей, кез келген істі асарлатып атқаратын ауыл жұрты енді су шайып кеткен тоғанды да тұрғызып алсақ дейді.
    Сәкен ауылын аудан орталығымен жалғап жатқан 25 шақырым күре жолдың жөнделмегеніне 50 жылдан асыпты. Кейінгі жылдары мүлдем жүруге келмей қалған. Шұрық-тесік жолды жамау үшін жұрт екі жарым миллион теңге ақша жинап, аудандағы зауыттан 154 тонна асфальт сатып алған. Оны төсеуге ауылдың тайлы-таяғы қалмай жиналыпты.

Комментарии • 2

  • @era_0669
    @era_0669 Год назад

    Жаңаарқа жігіттері мықты 💪 ғой

  • @user-cl4xt2kt7z
    @user-cl4xt2kt7z 5 месяцев назад

    Осы тоғам әлі салынбады😅