АқНұр тобы - Жаным деші [мәтін, текст, lyrics] Бір әннің тарихы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 4 янв 2025

Комментарии •

  • @khamitkaiyrbek
    @khamitkaiyrbek  2 года назад +18

    Әннің тарихы.
    Өктем Алтаев:
    Студент кезім. "А-студио" джаз-рок тобының Батырхан Шукенов орындауындағы Джулия әні жаңадан шығып сәнге айналған кезі.(хит)
    Шымкент Педогогикалық Мәдениет Институтында 1-2 курсында оқып жүрген кезіміз. 1989-90 жылдары. Бір күні пионинодан үйге берген тапсырманы орындайын деп класқа кірсем Талғат Айтбаев деген ауылдас, парталас, группалас, досым пионинода Джулия әнін орындап отыр екен. Жанында қыздар тола бәрі қайырмасын бірге қосылып айтып жатыр. Содан сол Джулия деген әнді Талғаттан күнде еститін болдым. (Талғат Айтбаев А-студионың барлық әнін жатқа айтатын.
    Бір күні Талғат осы әнді тағыда айтып отыр екен оңаша қалғанда оған Талғат, осы Джулияны қайта-қайта айта бергенше неге осы стилде осындай әнді өзіміз жазып алмаймыз қолымыздан келеді ғой дедім. Талғат келісе кетті. Сөйтіп мен пиониноның оң жағына отырып ол ойнаған гармонияға әннің алғашқы вступлениесін ойнадым. Ол ары қарай куплетін айта бастады. Мен қайырмасын шығардым. Енді бұл әнге не тақырып қоямыз дегенімде, қайырмасында "жаным" деген сөз болсыншы деді. Мен ертесіне "Жаным деші"деген тақырыппен әннің сөзін жазып әкелдім. Содан кейін Джулияны айтқан емеспіз. Тек осы әнді айтатынбыз. Осылай бұл әніміз студенттер арасына тез тарап жатқа айтылып кетті. Хит болды.
    1992 алғаш магнит альбом жазып шығарғанымда мен бұл әнді репертуарыма қоспадым. Өйткені ән дуэтке арнап жазылған еді. Оның үстіне бұл әнді Талғат менен гөрі жақсы орындайтын, соның нәзік дауысына жақсы келетін. Мен екінші дауысына қосылатын едім. Ән халық арасына кеңінен тарап кетті..!
    Достар, бұл әннің шығу тарихы осылай.
    ------------
    Жаным деші.
    Әні: Т.Айтбаев және Ө.Алтаев
    Сөзі: Өктем Алтаев. 1990ж

    • @Бекзат-ы4ы
      @Бекзат-ы4ы 2 года назад +2

      рахмет сіздерге

    • @miko8527
      @miko8527 Год назад +2

      👍👍👍👍👍

    • @chingiz__kassen
      @chingiz__kassen 6 месяцев назад

      Осы ақпаратыңыз үшін мың алғыс! Авторларын таппай жүр едім!

  • @АкниетЖаманов
    @АкниетЖаманов 2 года назад +11

    Менин әкем Ақнұр тобында өлең айтты

  • @МайраУринбаева-з7ц
    @МайраУринбаева-з7ц 2 года назад +5

    Күшті ән ❤️

  • @raskraska.dlya.detei1
    @raskraska.dlya.detei1 Год назад

    Мөлдіреген қара көзің
    Балдай тәтті айтқан сөзің
    Сүйдім сені ойлайсың ба сен?!
    Жаным, жаным, жаным деші
    Аялап айтқан әнім деші
    Маған қарап күлімдеші сен...
    Жаным, жаным, жаным деші
    Аялап айтқан әнім деші
    Маған қарап күлімдеші сен...
    Асем аппақ аққудайсың,
    Жұлдыздай боп жарқырасын,
    Суйдiм сенi ойлайсың ба сен?
    Жаным, жаным, жаным деші,
    Аялап айтқан әнім деші
    Маған қарап күлімдеші сен!
    Жаным, жаным, жаным деші
    Аялап айтқан әнім деші
    Маған қарап күлімдеші сен...
    Қиналамын жақындамай
    Қиналамын жақындай алмай
    Неге сонша алыстасың сен
    Еске алумен сені жүрмін
    Ойлауменен өтті күнім
    Сағындым ғой сезесің бе сен?!
    Жаным, жаным, жаным деші,
    Аялап айтқан әнім деші
    Маған қарап күлімдеші сен!.
    Жаным, жаным, жаным деші,
    Аялап айтқан әнім деші
    Маған қарап күлімдеші сен!.
    Жаным, жаным, жаным деші,
    Аялап айтқан әнім деші
    Өмірімнің гүлі деші
    Маған қарап күлімдеші
    Жаным мен сені сүйдім
    Сүйгеніме сенбедің
    Сені ойлап күндіз-түні
    Жүргенімді сезбедің
    Жаным сағынамын
    Сүйкімді нұр көзіңді
    Сені ойлап аңсап сені
    Өмірім осылай өтеді
    Жаным ұмытпаймын
    Ешқашанда бір өзіңді
    Жаным, жаным, жаным деші,
    Аялап айтқан әнім деші
    Маған қарап күлімдеші сен...
    Жаным, жаным, жаным деші,
    Аялап айтқан әнім деші
    Маған қарап
    lyricstranslate.com