Это видео недоступно.
Сожалеем об этом.

Қалай 5 баламен үйде отырып 1 айда 6 млн таптым?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 14 авг 2024
  • Инстаграм арқылы көп ақша тапқысы келетіндерге арнайы «сториспен оңай сатуды» үйрететін жаңа канал аштым, сабақтарды толықтай қарап шығып, сториспен ақша табуды бастаңыз 🔥👇🏻
    / @akbotaanuarbek.1
    Сәлем достар,сіздермен Ақбота Ануарбек. 2019 жылдан 250 подписчикпен инстаграмда табыс тауып бастаған экспертпін. 2021 жылы продюсер, командасыз - 38мың подписчик, 12мың охватпен, 100млнға запуск жасап, майбах алдым. Өзімнің онлайн школам бар. Енді алдағы уақытта:
    - прогрев
    - сторис жүргізу
    - команда жинау
    - автовебинар
    - вебинарная воронка
    - контент воронка құру бойынша онлайн школа жасаймын.
    Бұл подкаст жобаның миссиясы - эксперт, блогер, кәсіпкер, фриланс мамандарға инстаграм құндылығын көрсету. Прогревті қалай жасау керек, қалай инстаграм арқылы өте үлкен суммада ақша табуға болады, жалпы инстаграмның мүмкіндіктерін көрсетуге арналған подкаст.
    Подкаст арқылы инстаграмның мүмкіндіктерін түсінбей жүрген адамдарға түсіндіріп, инстаграм ішінде не жатқанын, инстаграм жай құрал емес екенін, жасап жүрген адамдар бар солардың айтқандарын тыңдап, қайталап жасасаң немесе үйренсең сенде көп ақша таба алатыныңды дәлелдеу. Бұл сенің қолыңда тұрған мүмкіндік.
    Осы подкасты ең болмағанда бір адам көріп, көрген адамдар еліктеп, соны жасаса, үйренсе, пайдаланса екен деймін.Сол арқылы қарыздарын жауап, көп ақша тауып, машина, үй алып, инстаграмды сондай бір жетістікке жетудің құралы ретінде пайдалансаңыздар деймін.
    Нурила Анарбек
    Instagram: / altyn_oyu
    Ақбота Ануарбек
    Instagram: / akbota__anuarbek
    таймкод:
    00:00 - анонс
    3:05 - танымайтын жігіт алып қашты
    6:22 - 10 жыл ДЦП қызымды күттім
    10:11 - 3 ай ұйқтамай, ақша жинадым
    13:05 - емшіге дейін барып, қызымнан айырылып қалуға сәл қалдым
    17:32 - тоқтатуым керегін түсіндім
    20:59 - жұмыс істеймін деп шешім қабылдадым
    22:49 - тігіншілік жолым
    26:48 - маған әсер еткен үлкен толчок
    28:12 - күйеуімнің қарсылығы мен шарты
    32:28 - алғашқы үлкен табысым
    34:16 - 200 мың теңгелік заказдан бас тарттым
    36:26 - сектаға кіріп кеттің бе?
    37:57 - кәсіпті қалай бастадым?
    39:40 - “қазір барып ательеңнің быт-шытын шығарамын” деді
    43:00 - уәдемді орындадым
    44:58 - курстан кейін чектарымды көтердім
    46:56 - прогрев жасасам выгорание болып жүрдім
    47:38 - сетевойда өтірік айтпасаң ақша жоқ
    51:58 - блогерлардан тек Айнұр Тұрсынбаева ғана қолдады
    56:16 - сынақтар сізді күшейтеді
    1:00:35 - Ақботаның сабағына қалай келдім?
    1:05:02 - өзім үшін мықты құралдар таптым
    1:06:02 - “бәрін шайнап беріп тұрсыз”
    1:08:34 - адамдармен қалай жұмыс жасаймын?
    Подкастқа жеке бренд дамыту мақсатында қонақ болып шыққыңыз келсе, ұсыныстар бойынша төмендегі почтаға жазыңыз👇
    akbota.anuarbek3@gmail.com

Комментарии • 127

  • @TorgynOndasynovna
    @TorgynOndasynovna Месяц назад +29

    Мен карантин уакытында осы Нурила ханымнын инстаграм желісінде құрак үйреткенин көрип қалып үйде жатқан қиқымдардан құрақ құрап «күйеу көрпеше» мастер класын үйренип тігіп жүрип үйренген едим.Қазиргі уақытта 5 миллиондық грант ұтып тігін цех ашып жұмыс жасап жатырмын. Өте керемет подкаст болды 🎉керемет Мотивация алып отырмын 🌹🌹🌹

  • @user-su6kt2tq9l
    @user-su6kt2tq9l 22 дня назад +5

    Мықты қыз, еңбегің жемісті болсын, биік белестерді бағындырып жүре беріңіз, Алла денсаулық күш қуат берсін

  • @user-ls3vo8vd2r
    @user-ls3vo8vd2r Месяц назад +7

    Керемет .Сіз көптеген қазақтың кыздарына үлгі боласыз. Әрбір кедергіден өту үшін кедергі керек .

  • @user-yr7ig3yw4c
    @user-yr7ig3yw4c Месяц назад +8

    Қайсар,жігерлі,талантты қыздарымыз көбее берсін!!!Алға қойып мақсатты,армандарға жетіңдер дегім келеді қыздарыма!!! Жігер болса мақсат орындалады,міне өздерің дәлелдеп отырсыңдар,керемет мативация !!!❤❤❤Бақытты болыңдар.

  • @gulginakusman6341
    @gulginakusman6341 21 день назад +2

    Жақсы сұхбат болды, табыс тілеймін! 👍🏻👍🏻👍🏻🔥🔥

  • @user-yq1jf3ff5r
    @user-yq1jf3ff5r Месяц назад +9

    Қазақтың мықты сыпайы, алғыр ханымдарына тек сәттілік серік болсын❤❤🎉🎉

  • @user-bt6wg3gl7f
    @user-bt6wg3gl7f 28 дней назад +5

    Менің анам тігінші.Мен түсінемін бұл еңбектің қиын екенін .Шыдамдылықты өте қажет етеді .Әсіресе тіккен бұйым дұрыс шықпаса сөту деген .Көз майың таусып ,белің қақайып .❤❤❤Еңбегіңіз жансын .Биіктерден көрініңіз .

  • @Aiym.Bauyrzhanovna
    @Aiym.Bauyrzhanovna Месяц назад +12

    Ақбота ханыммен өткен сұхбаттардың ішіндегі ееең әсерлісі болды. Сұхбат басында басқа адамды көрдім; өмірден түңіліп кеткен, тағдырдың соншалықты ауыр сынағына бой ұсынған, қиындыққа толы күндерді бастан кешіріп жүрген Нұрила ханым болса, соңында мүлдем басқа адамды көрдім; өзін, алдынан қандай сынақ келсе де мойындатқан, үлкен жетістігі бар, бизнесін аяққа тұрғызған, жолдасына да, қайын жұртына да өзін дәлелдеген ҮЛКЕН тұлғаны көрдім. Негізі қазақтың әйелдері неткен шыдамды еді, неткен мықты, неткен жігерлі еді. Тұла бойына қарасақ нәзік жанды, нәзік үнді әйел, бірақ, арғы жағында, ішінде өте қайсар адам тұр екен ғой, шіркін. Сұхбат барысында әбден жылап алдым. Өз жүрегіңнен, құрсағыңнан жарып шыққан балаң, оның үстіне тұңғышың сондай ерекшелікпен дүниеге келсе, өзі ол балапанды босанғанда небәрі 18ден асқан шағыңда болса сіз нағыз БАТЫР анасыз. Сізге тағзым еттім. Сіздің осы 1 сағаттық әңгімеңізден кейін мен шынымен ояндым, өзімді қаттты қамшылап отырмын дәл қазір. Алла бізге де дәл сіздің бойыңыздағы рухты нәсіп етсін. Жасым 26да, әлі өмірден үйренерім көп. Сіздей қарапайым, мықты тұлғалы әйел қауымы арта берсін. Отбасыңыз аман болсын, Алла қызыңызға шипа берсін, сынағын жеңілдетсінші. 1ақ сағат сізді тыңдасам да әпкемдей сезініп отырмын сізді, Алла разы болсын. Сіз осы әңгімеңізбен талай қызды ояттыңыз, жігер сыйладыңыз. Сол себепті ісіңіз алға баса берсін. Миллиондарды бағындыра беріңіз, Иншаллаһ. ❤

    • @altyn_oyu
      @altyn_oyu Месяц назад

      😍❤️жаным рахмет Аллағой барлық мықтылықты беріп тұрған❤️

  • @papa-ob3mk
    @papa-ob3mk Месяц назад +6

    Қандай сабырлы, батыр, пысық ана! Шын жүректен жыладым ғой 😢.
    Жаным әшейін, бақытты болшы

  • @user-hx8xf1kp1f
    @user-hx8xf1kp1f Месяц назад +4

    Машаалла
    Нұрила ханым сізге тек Аллам жар болсын! Керемет мықты қайсар қайратты ештеңе ден қорықпайтын нағыз Батыр қыз,Батыр Ана,Батыр Ұстаз. Еңбегіңіз жана берсін!
    Ақботаны да инстадан көріп тұрамын. Пысық күшті қыз. Ақботаның 66күн деген жазған болатынмын. Өте күшті мотивация береді
    Қазақтың қыздары мықты 🎉🎉🎉🎉

  • @user-iu2ib1cy4j
    @user-iu2ib1cy4j 27 дней назад +3

    Өте керемет подкаст болды. Нұрила ханым нан өзімді көрдім. Менде каншама курстарды оқып жатырмын. Менің күйеуім қарсылық білдіріп сенің колынан келмейді деп отыратын. Нұрила ханым өте дұрыс айтты әрбір адамның ішінде бір қабілет бар. Сол қабілетті әрі карай дамыту керек екенін түсіндім. Әр нәрсенің бір қайыры бар демекші менде жаксылыкка бағыттаймын. Нұрила ханымға және Акботаға рахмет айтамын. Казіргі кыз келіншектер ге керек пайдалы сұхбат болды деп есептеймің. Екі ханымға улкен рахмет❤ Енбектерініз жемісті,табысты, берекелі болсын. Алға карай өсіп дами беріңіздер. Тек кана сәттілік тілеймін.

  • @uldana.kosmuratova.
    @uldana.kosmuratova. Месяц назад +4

    Жаным бауырым 😢бірге осы сынақтардың арқасында өстік Қазақтың әйелдері өте мықты негізі ✊🏻мен білемін Қазақтың әйелдері өте рухы мықты,жақсы өмірге ұмтылатын жаны нәзік болсада темірден қатты,
    жеңіліп жүріп жеңетін әйелдер біз біргеміз
    Өмірде өзіңді өзің жасағансың😘😘😘

  • @Doni_muratqyzy
    @Doni_muratqyzy Месяц назад +3

    Күшті, күшті, күшті! Талмаңыз, дами беріңіз, өсе беріңіз, кәсібіңіздің берекесін берсін👏👏👏

  • @dana.madenova
    @dana.madenova Месяц назад +4

    Мықты әйел екен👏👏👏 Алла разы болсын!

  • @user-hw5kx4yi3d
    @user-hw5kx4yi3d Месяц назад +4

    Мен осындай кайсар Кыз жигиттерди жаксы Корем ,кур уйде карап отырмай ,озин камшылап ,барлык корганды киратып женип шыккан Ари халыкка пайдалы испен айналысып жаткан сизге кызым табыс тилеймин

  • @user-bz7yp7pu6q
    @user-bz7yp7pu6q Месяц назад +6

    Сәлеметсіздер ме! Нұрила ханым сізді мақтан етемін ❤ Сізден құрақты үйреніп екі қызымның дүниесін өзім тіктім. Алдыңыздан тек жеңіл түрде жетіңіз жетістіктерге. Балаларыңыздың, немерелеріңіздің қызығын отағасымен бірге қызықтаңыздар

  • @user-oz7fk9xb2p
    @user-oz7fk9xb2p Месяц назад +2

    МА ША АЛЛАХ! КЕРЕМЕТ. ӘР ПОДКАСТ ЕРЕКШЕ. ҚАНШАМА НӘРСЕ ТЫҢДАП ОТЫРЫП, ҮЙРЕНДІМ, ИДЕЯ АЛДЫМ✊✊АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН! ЕКІ ҚЫЗҒА. АҚБОТА ӨСЕ БЕРІҢІЗ

  • @akbotabakytkyzyy
    @akbotabakytkyzyy 16 дней назад +2

    Күшті подкаст болды. Киімдерімді тігіп отырып жыладым. Өксік пайда болды қатып қалған обидалар ащы болады екен. Қазақтың қыздары жасай берсін!

  • @user-yq7bu3zu4l
    @user-yq7bu3zu4l Месяц назад +4

    Сәлеметсіздерме,керемет күшті сұхбат болды.Өміріңіздегі қиыншылық пен жақсылықты қатар алып,күресіп жүрген батыр қыз,батыр ана,қайсар жар екеніңізге ризамын. Ұстазым Нұрила ханым сізге алғысым шексіз. Сізден мотивация аламын. Кітабыңызды,оюларыңызды алдым және қосымша ойынға қатысып,мата алғанмын. Алдағы уақытта тігін тігумен айналысамын деп шешкеніме қуанамын.Сіздей ұстазы бар мен бақыттымын.Сізге әйел бақытын тілеймін. Қазақтың салт-дәстүріндегі қолөнерді жастарға көрсетіп,үлгілі ұстаздық етіп отырсыз.Өсіріп отырған ұлдарыңыз бен қыздарыңыздың рақатын көруді АЛЛА нәсіп етсін жолдасыңыз екеуіңізге.РАҚМЕТ Алланың нұры жаусын. ❤❤

  • @user-fh8db4of8v
    @user-fh8db4of8v Месяц назад +3

    Керемет сұхбат болды. Нурила ханымның киындыкта сынып кетпегени керемет. Өте салмакты сөйлеу мәнери әдеми тартымды тусиникти. Акбота Ануарбектиң карапайымдылығы унайды.

  • @erabbb6894
    @erabbb6894 Месяц назад +4

    Мықты подкаст болды, қыз кеншектерге өте керемет мотивация болды деп оилаим. ❤❤❤👍👍👍

  • @AinagulBaibolat
    @AinagulBaibolat 7 дней назад

    Жарайсындар !Домалак ананын аруагы колдасын кыздар.Казактын кыздары биктен коринсин.

  • @user-dd7em5jg4g
    @user-dd7em5jg4g 21 день назад +1

    Қазақтың қос қызы, өнерлерің өрге жүзсін. Сіздер инаматты, талапшыл, жігерлі қыздар көбейе берсін. Нұрила ханым, мен сіздің кітабыңызды, сатып алғым келіп отыр. Мен Атырауданмын.

  • @kyz_zhasau_karashash
    @kyz_zhasau_karashash 23 дня назад +1

    Керемет, подкаст! Нүрила ханым менің алғашқы ұстазым тігін саласында, әрі құрдасым,тағдырлас ...... Сонша қиындықтарға төтеп беріп, жеңіп шыққан, жарайсыз Нүрила ханым! Әр қазақ келіндеріне үлгі болатын адамсыз. Әр келіншек өзін көретініне сенімдімін.

  • @saulebozumova6958
    @saulebozumova6958 Месяц назад +2

    Карапайым адеми айел!!! Ашык жан!!! Билгеннин кызганбай бизбен болиседи . Оте ризамыз Сызге!!! Онериниз дамысын!!! Жумысыныз алга бассын!!!

  • @user-jt6hx3qk5t
    @user-jt6hx3qk5t 23 дня назад +1

    Кушти салмакты Нурила ханым. Адалдыкты жаксы коретин адам екени коринип тур. Мативацияны алдым кушты

  • @user-yf5tr5ib1s
    @user-yf5tr5ib1s 29 дней назад +1

    Нурила ханым өте керемет сухбат болды.Ашық әсерлі әңгіме болды.Алдағы өміріңізде сәттілік тілеймін 🤲.Уйде баламен отырған қыз келіншектерге улкен мотивация болды деп ойлаймын!Нурила ханымдай қазақтың қайсар ,жігерлі,парасатты қыз келіншектері көбейе берсін! Барлық жақсылықты тілеймін 🤲

  • @user-cs7bi6to9g
    @user-cs7bi6to9g 9 дней назад

    Ма щаа Алла,Жарайсыз Нурила ханым ❤🎉🎉🎉күшті керемет мотивациялық подкаст болды,Алла кәсібіңізге береке берсін

  • @user-gw7ux6mv5c
    @user-gw7ux6mv5c Месяц назад +5

    Нурила ханым кушті сухбат болды рухыңыз мықты жансыз ғой

  • @azizaAziza-hv2ni
    @azizaAziza-hv2ni 23 дня назад +1

    Ма щаа Аллаһ.Өте керемет подкаст болды.Сіздерден Аллаһ разы болсын.Дамып өсе беріңіздер🎉❤

  • @Tanirbergenovaj
    @Tanirbergenovaj Месяц назад +2

    Қазақтың қайсар қызы бір үйдің мықты қайсар келіні мықты жігерлі жүрегіңіз махабатқа толы ана болыпсыз жарайсыз жүректі тербетті қанша қарсылық тұрсада тоқтамай жетістікке жетіпсіз Нұрила ханым аман болыңыз сол балапандарыңызды қызығын көріңіз менде сіздің шәкіртіңізбін

  • @user-iq3rx7oh3j
    @user-iq3rx7oh3j 29 дней назад +1

    Керемет кушти бомба эфир 🤗🤗🤗😍😍😍🔥🔥🔥🔥🔥👍👍👍КЕРЕМЕТ ИНСАЙТТАР АЛДЫМ 👍👍👍Сиздерге алгысым шексиз 🙏🙏🙏🌹🌹🌹

  • @user-tj2zu2rp6w
    @user-tj2zu2rp6w Месяц назад +2

    Сондай әсерлі сұхбат болды ,басқа түскен қиыншылыққа қарамай алға жылжу үлкен ерлік ,енді тек осы өнеріңмен дамуыңа тілектеспін

  • @user-we5ig1hb2p
    @user-we5ig1hb2p Месяц назад +4

    Домалақ Ана-Нұрила апаның осы замандағы прототипі болып тұр ғой, жарайсың, сіңлім, талантыңа тәнті болдым❤

  • @user-gq8dq2lh7g
    @user-gq8dq2lh7g 28 дней назад +2

    жарайсын нагыз батыр кызым тек кана алга❤

  • @user-bs3jc2tt2m
    @user-bs3jc2tt2m Месяц назад +1

    Нұрила,жаным еңбегің жансын!
    Қызыңа Алла шипасын берсін!
    Иә,бәрі өзіңнің тапқырлығың
    ның,еңбегіңнің арқасы еңбегің алға жүре берсін, Алла қолдасын!

  • @SalimaErmekbaevna-pq4fp
    @SalimaErmekbaevna-pq4fp 24 дня назад +1

    керемет Подкас Мен Китап алдым Нурила ханымнан оте асерли енди Акбота Қызымның жумысын терең тусинип уиренсем деп ниет кылып журмиғ рахмет сиздерге табыстарыңыз берекелди болсын

  • @СаламатКулова
    @СаламатКулова 24 дня назад +1

    Алла күш -қуат берсін!Жарайсың қайсар қыз❤

  • @СаламатКулова
    @СаламатКулова 24 дня назад +2

    Ақбота ханым,керемет жансыз❤

  • @kamataiborankulova115
    @kamataiborankulova115 27 дней назад +2

    Соңына дейін көрдім.Маған көп ой салды.Керемет!

  • @user-sx5yz5ek3s
    @user-sx5yz5ek3s Месяц назад +1

    Өте керемет подкаст болды. Бітіп қалмаса екен деп қызығып көрдім. Нұрила ханым еңбегіңіз жемісті болсын. Үйретеріңіз көп болсын. Сізді мақтан тұтамыз.

  • @bota0723
    @bota0723 9 дней назад

    Құралай ханымның шәкірті екен. Алла бағын ашсын қазақ қыздарының❤

  • @user-ib6sk5oq5i
    @user-ib6sk5oq5i Месяц назад +1

    Сәлеметсіздер ме! Керемет сұқбат болыпты.Биіктерден көріне беріңіз .Сіз мықтысыз .Кәсібіңіз өрге жүзе берсін.👏👏👏👏👍👍👍

  • @user-nx5qj1st6l
    @user-nx5qj1st6l Месяц назад +1

    Керемет сәттілік ісің алға басын Алланың сынағына түсінгенін жараисың

  • @user-kv6oy7iv2l
    @user-kv6oy7iv2l Месяц назад +1

    Өтте еңбек қор қай кезде көмек сурассан кун тун демі білгенін айтып тусінікті жеткізіп журетін жан Нурила ханым өзім бір рет көрмеген мін тек телефонмен сөйлесетінмін керемет сұхбат болды көріп бір жылап алдым еңбектеніп осындай дәрежеге жеткен мықты айелсіз Еңбегініздін жемісін көрініз❤

  • @user-yq1jf3ff5r
    @user-yq1jf3ff5r Месяц назад +1

    Өте жақсы мотивация болды, әсіресе балаға деген мейрімі, бизнес бастауы. Өз өмірің өз қолыңда деген сөзі

  • @user-zo3um7ez8u
    @user-zo3um7ez8u Месяц назад +1

    Керемет сұхбат жылап отырып тындадым мықты мотивация алдым❤ Кәсібініз дамып Қазақстаның танымал дизайнеры аталыныз🔥🌹 Сіздей қайсар мінезді жандар көп болсың🥰

  • @bibiaishatileumuratova
    @bibiaishatileumuratova Месяц назад +1

    Нурила ханым сізге сабыр берсін Қызыңыз сауығып кетсін Аллам шипасын берсін!

  • @ulzharkynmaulenova6786
    @ulzharkynmaulenova6786 Месяц назад +2

    Жаным сол Нуралам қанатың талмасын Өмірге бірақ рет келетін жансың сен Өзіңді қатты жақсы көреміз .Нағыз мотивация бүл деген.
    Ұстазымыз жүз жасасын. Еңбегі жансын.❤❤

  • @sabiratassimova1514
    @sabiratassimova1514 Месяц назад +1

    Еңбегіңіздің жемісін көріңіз, Нұрила ханым. Керемет, шебер ұстазсыз❤❤❤

  • @user-eg1he1qo9v
    @user-eg1he1qo9v Месяц назад +1

    Жүрегі кең екен мына кісінің. Қаншама қиындық келседе, маған келген мүмкіндік деп сынып кетпей алға қарай жүрген. Жарайсыз. Мативация екен. Еңбек еткен адамға құдай береді деген.

  • @user-fp8zu8sr1w
    @user-fp8zu8sr1w Месяц назад +4

    Қазақстан маңдайына біткен қайтпас қайсар қызы деп білемін Нурила ханымды ❤

  • @gaugarkagazbaeva9467
    @gaugarkagazbaeva9467 Месяц назад +4

    Біздің қазақ әйелдері қайсар ғо, шіркін ❤

    • @altyn_oyu
      @altyn_oyu Месяц назад

      😘рахмет

  • @user-hy5zb5zz2m
    @user-hy5zb5zz2m Месяц назад +3

    Саламатсыздар ма?!Меенің де тігін саласында жарып шығар өз қолтаңбам болса деп армандаймын.Дал қазыр баламен отырғандықтан өзіме сенімді емеспын.Нурила ханым сыз сияқты табысты болу мағанда буйырсыншы😊❤❤❤

  • @Dinara.04.03
    @Dinara.04.03 Месяц назад +1

    Мен біраз жыл бұрын осы Нұрила ханымның мастер класын алғам. Ең бірінші мастер класым болған. Содан құрақ көрпеше тіктім❤ одан күйеуге шықтым, 2 балапанымды өмірге әкеліп, енді енді кері тігіншілікке көңіл бөліп жатырмын😍 Алланың қалауымен 🤲 бірақ мен көбіне киім тіккенді жақсы көремін. Кәсібімді енді жандандырғалы жатырмын. Кітабыңыздың біреуі маған бұйырса қуанышты болар едім🤗

  • @user-vc7cp5ok9t
    @user-vc7cp5ok9t Месяц назад +1

    Жарайсыздар Женгем Нурила мыктысыз Каншама адамга кателеспеу калай кадам жасау туралы айтылды биздин аналарымыз айелдер оте мыкты❤/БаянСулу

  • @user-nq9qc7dj9n
    @user-nq9qc7dj9n 29 дней назад +1

    Сәлеметсіздер,кушті подказ болды,молодцы,мықты ана,Мәншүк,Әлия геройларымызбен тең,только Алға! ,өзінікі не жеткен,.Акбота Ануарбектің сабағын қайдан алуға болады,менде оқығып келіп отыр,жауап берсеңіздер,риза болатын едім.

  • @user-ho7bn1kg2p
    @user-ho7bn1kg2p 27 дней назад +2

    ЖАРАЙСЫҢ, ҒАЖАП КӨРІНІС БОЛДЫ. ТІГІНШІЛІК ӨНЕРІН ҮЙРЕНГІСІ КЕЛГЕН ҚЫЗДАРҒА КЕРЕМЕТ ҮЛГІ.ІСІҢІЗ АЛҒА БАССЫН СІҢІЛІМ. СІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС.😢😮😮 АЛЛА ЖАРЫЛҚАСЫН.😅🎉🎉

  • @user-oh6nw2we8w
    @user-oh6nw2we8w Месяц назад +1

    Алланың нұры жаусын сіздерге

  • @SatgulSayfullayevna
    @SatgulSayfullayevna Месяц назад +1

    Өте керемет подкаст, үлгі тұтарлық тұлға. Өте тартымды, әдемі келіншек❤

  • @KuralaiTetepova
    @KuralaiTetepova 9 дней назад

    Оте кызыкты болды, негизи тигин туралы тындамайтын едим , басын корип бастап едим , аягына дейин тындадым , оте асерли болды ❤

  • @user-dk9jy4zl7i
    @user-dk9jy4zl7i 28 дней назад +4

    ҚАЗІР, НАМАЗ ОҚИТЫНДАРДАН ҚОРҚУ КЕРЕК. КӨБІСІ , ПИҒЫЛДАРЫ БІРТҮРЛІ, БАСТАРЫНАН КЕТКЕН, КІТАП ОҚЫМАҒАНДАР ҚАРАҢҒЫ, ТЕК НАМАЗ ОҚЫСАҚ БОЛДЫ, ДЕЙДІ. ӨМІРГЕ КӨЗ ҚАРАСТАРЫ БІРТҮРЛІ

  • @user-iy4ci4hp9p
    @user-iy4ci4hp9p 18 дней назад

    Кушты аел умрынг узак болсын Ташкентден салем❤❤❤

  • @user-uh7ht2he2i
    @user-uh7ht2he2i 22 дня назад

    Керемет Нурила сіңлім Жұмысың алға баса берсін❤

  • @user-gc5wl8pz1k
    @user-gc5wl8pz1k 24 дня назад +1

    Керемет ❤❤❤

  • @user-lp3rj5ik9b
    @user-lp3rj5ik9b 18 дней назад

    Жақсы сұхбат болды! Қатты қиындық пен келгеннен кейін бе? Энергия ауыр болды. Бірақ мұндай жағдайлар өмір де көп.

  • @user-yw8ms3gy4g
    @user-yw8ms3gy4g Месяц назад +1

    Керемет подкаст !❤🎉

  • @user-vh2pj9tj7s
    @user-vh2pj9tj7s Месяц назад

    Нурила ханым Алланын берген куш қуатымен алға баса беріңіз. Сіздей ана, жар әлі талай биікті алады.

  • @lyazzat3900
    @lyazzat3900 Месяц назад

    Қандай жақсы айтты. Нуриля ханым.Өмірінің қиындығын айтқанын естідім.Алла еңбегін жандырсын!❤❤❤

  • @77_.77.
    @77_.77. 22 дня назад

    Декларация қабылдау Ахметбек Нұрсила ағайдың, бизнес бастау орталығынан ең алғаш бастаған екенсіз 🎉, молодец,

  • @Audiokytaptar
    @Audiokytaptar Месяц назад +1

    *керемет подкаст біздің елдің дамып жатқанын көрсетеді*

  • @user-jn5mu8yf7x
    @user-jn5mu8yf7x Месяц назад +1

    Күйеуден қолдау болмаганда жаман негизи,менин жолдасымда сол писирмеш таста деп,тортты 😊ал мен қоймаймын шукир клиентим коп,ари карайда токтамаймын,барлык шет елди аралап демалып журетинди жагдайга жетуим керек Аллага аманат

  • @rizamen
    @rizamen Месяц назад +1

    😂😂😂 переписка туралы айтқандары.
    Подкаст күшті болды🔥🔥🔥

  • @user-do6pp9sx3s
    @user-do6pp9sx3s 10 дней назад

    Меніңде 20жыл жатқан ұлым болды дцп,2011де қайтты 90жылғы еді.Сол арқылы мен пысыдым шамасы.Алла сол өсіру үшін жіберетінін түсіндім.Біздің үйде бір түрткі бар жатқызбайтын Алла өссін деген,бірақ соны көзіміздің нашар көретініне сылтау етіп жатып қалғандаймыз.Бірақ өсетін адам қандай жағдайда болсада өседі Алла қолдап,сәл алып кете алмай жатырмыз,менің өзімде.Психологияға бас бұрып барам,тек 58демін,өмірде бірдеңе бооғым,қазір психолог болғым келеді,тек ешкім болып қалғым келмейді.Ұшықтасам ұшығым жақсы,бата беріп кететін болып кетем кейде.өзімді былтырдан бастап іздеп жатырмын,Алланың сүйген құлы бола берейік!Ісіңіз өрлей беріңіз

  • @user-yp5km6qs9c
    @user-yp5km6qs9c 3 дня назад

    Керемет

  • @user-gy5xx3hn4n
    @user-gy5xx3hn4n 21 день назад +1

    Сіздің өз туған апаңыздың гені мен куйеуіңіздің гені және өзіңнің геннің сәйкес екен.Өйткені туысқандық ген деген осындай жақын нағашы ,өз ағайындарыңнан беріледі.Тұңғыш ,қызыңның ауру болып өмірге келгені содан емес пе екен...?Өзбектер туысқанына ,нағашы туғандарымен от басын құра береді ғой.Бұл келер ұрпаққа өте зиян..Неге қазақтар 7 атаға дейін қыз алыспаған?Қазақтар өте ақылды ,ұятты ,намысты халық болған.Қазақи,салт-дәстүрді керемет білген...Қайран қазақ құрып барады...
    Амал нешік....Апаң төсек жаңғырту салтынан ,қатты қателесіпті...6-7-ші ұрпақтарынан бастау керек еді...

  • @user-qn1wr9rl4s
    @user-qn1wr9rl4s Месяц назад +2

    Саламатсыз ба керемет сухбат болды керек кезде Нурила ханымның омірі басынан өткен қиыншылығы өзін тастап қоймай қамшылап әрекеті маған психологиялық турғыда керек падкаст болды .Мен өзімді таппай жүргенмін менің қолымнан не келеді деп ауыр күйзелісте жүргенмін балам ның денсаулығы бойынша жылап көрдім қиындықты жеңдіңіз Нурила ханым .Падкаст унады дами берсін каналыңыз рахмет🎉🎉🎉

  • @user-dh2ml6we3e
    @user-dh2ml6we3e Месяц назад +1

    Жарайсыз

  • @nagima_saparbai1693
    @nagima_saparbai1693 Месяц назад

    Керемет сұхбат болды, жылағымда келді, куліпте алдым

  • @user-oi1mi5qz8v
    @user-oi1mi5qz8v Месяц назад

    Сәлеметсіздер е еңбегіңіз жана берсін

  • @user-mo1dc3ie4o
    @user-mo1dc3ie4o Месяц назад

    Өте керемет сұхбат болды❤❤❤❤

  • @chanela3462
    @chanela3462 Месяц назад

    Рахмет!

  • @Yummymix_a
    @Yummymix_a Месяц назад

    Кушти подкаст

  • @user-tp9jw8kf7q
    @user-tp9jw8kf7q 14 дней назад

    Менің жерлесім екен
    😊

  • @user-hb3ml3zi6t
    @user-hb3ml3zi6t Месяц назад

    Керемет жанго

  • @user-zg5bo9cg7p
    @user-zg5bo9cg7p Месяц назад +1

    👍👍👍

  • @gaugarkagazbaeva9467
    @gaugarkagazbaeva9467 Месяц назад

    🎉супер🎉

  • @user-lv7cl3mq4j
    @user-lv7cl3mq4j 15 дней назад

    Сәлеметсізбе. Нурила ханыммен қалай хабарласу болады? Курсында оқығым келеді

  • @Audiokytaptar
    @Audiokytaptar Месяц назад

    Тамаша🎉

  • @Balli_bal
    @Balli_bal Месяц назад +2

    Күйеуіне жынып ұстап отқан мен ғанама😮

  • @ДарханРахымбердиев
    @ДарханРахымбердиев 14 дней назад

    Маааалллл

  • @madina.adilbek
    @madina.adilbek 29 дней назад

    Мен Нурилла ханымнан құрак корпе курс алдым 2022жылы жастык тигип үлгердим

  • @user-uk8il7jp1z
    @user-uk8il7jp1z 25 дней назад

    ❤❤❤

  • @PNG366
    @PNG366 21 день назад

  • @user-dj3ge3uw4u
    @user-dj3ge3uw4u Месяц назад

    🎉🎉👍👍

  • @user-jd6qz5bm3w
    @user-jd6qz5bm3w Месяц назад

    ❤❤❤❤❤

  • @Gulbanu988
    @Gulbanu988 Месяц назад

    Нурйлла ханым аллга❤

  • @user-hk6ts9oh2k
    @user-hk6ts9oh2k 28 дней назад

    Канша екен курсыныз Акбота ханым😊

  • @user-bu2ig9ry8e
    @user-bu2ig9ry8e 12 дней назад

    Нурила ханымнын инстасы барма

  • @user-jt6hx3qk5t
    @user-jt6hx3qk5t 23 дня назад

    Нурила ханым нын китабын бересизба