Қалай 7 жыл декретте отырып, соңғы 1 жылда Алматыдан 3 квартира алуға болады?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 июл 2024
  • Инстаграм арқылы көп ақша тапқысы келетіндерге арнайы «сториспен оңай сатуды» үйрететін жаңа канал аштым, сабақтарды толықтай қарап шығып, сториспен ақша табуды бастаңыз 🔥👇🏻
    / @akbotaanuarbek.1
    Сәлем достар,сіздермен Ақбота Ануарбек. 2019 жылдан 250 подписчикпен инстаграмда табыс тауып бастаған экспертпін. 2021 жылы продюсер, командасыз - 38мың подписчик, 12мың охватпен, 100млнға запуск жасап, майбах алдым. Өзімнің онлайн школам бар. Енді алдағы уақытта:
    - прогрев
    - сторис жүргізу
    - команда жинау
    - автовебинар
    - вебинарная воронка
    - контент воронка құру бойынша онлайн школа жасаймын.
    Инстаграм запуск бойынша табыс 100млн. Автовебинарная воронка бойынша айына 50млн. Бұл результатың бәрін өзім продюсерсіз самозапуск жасадым.
    - Майбах алып 1 аптада 38мың подписчиктен 60мың подписчик
    - 1 айда тек рилстан 60мың подписчиктен 120мың подписчикке жеткіздім
    - 2024тен бастап инстаграм мүмкіндіктері туралы ютубта подкаст түсіріп бастадым. Барлық қонақтарым инстаграмда ақша тауып, нәтиже көрсетіп жүрген топ эксперттер.
    Бұл подкаст жобаның миссиясы - эксперт, блогер, кәсіпкер, фриланс мамандарға инстаграм құндылығын көрсету. Прогревті қалай жасау керек, қалай инстаграм арқылы өте үлкен суммада ақша табуға болады, жалпы инстаграмның мүмкіндіктерін көрсетуге арналған подкаст.
    Подкаст арқылы инстаграмның мүмкіндіктерін түсінбей жүрген адамдарға түсіндіріп, инстаграм ішінде не жатқанын, инстаграм жай құрал емес екенін, жасап жүрген адамдар бар солардың айтқандарын тыңдап, қайталап жасасаң немесе үйренсең сенде көп ақша таба алатыныңды дәлелдеу. Бұл сенің қолыңда тұрған мүмкіндік.
    Осы подкасты ең болмағанда бір адам көріп, көрген адамдар еліктеп, соны жасаса, үйренсе, пайдаланса екен деймін.Сол арқылы қарыздарын жауап, көп ақша тауып, машина, үй алып, инстаграмды сондай бір жетістікке жетудің құралы ретінде пайдалансаңыздар деймін.
    Айгүл Ерубаева - товар, қытаймен сауда бойынша 100млн астам оборот жасап жүрген эксперт, рисл контент түсіру бойынша инстаграмда өз оқырмандарын жинаған блогер. 7 жыл декретте отырып, соңғы 1 жылда Алматыдан 3 квартира алған Айгүл ханым.
    Айгул Ерубаева
    / erubaeva_aigyl
    Ақбота Ануарбек
    Instagram: / akbota__anuarbek
    Таймкод
    00:00 анонс
    00:55 таныстыру
    07:20 қайын ағамызбен кассамыз бір болды
    13:03 енем алғашқы пенсиясынан 30мың теңге берген тоқыма кәсібімді бастауға
    18:56 магазинге баруға күйеуімнен звондап сұранатынмын
    23:43 алғашқы табысыма күйеуіме фура алып бердім
    32:33 клиенттерім үстімнен арыз жазамыз деді
    37:00 каргога доступ сатып, 1 айда 25млн жасадық
    40:48 ақша көзін қалай табамыз?
    47:18 күйемін водителім сияқты болып қалды
    55:30 инстаграмдағы оқырмандарымның сенімінің арқасында 1 тиын салмай товар бизнесіне кірдім
    1:01:09 рилз түсіре беру керек
    1:06:57 ақша енем ұстаған
    1:13:15 хейттан қорқып инстаграм жүргізбейді
    1:15:02 мен барахолкадан үй алмақ тұрсын, мұнда келмеймін
    1:18:17 сіз әрекет жасасаңыз Алла береді
    1:21:44 үлкендердің батасын алу керек
    1:23:38 қорытынды
    1:30:20 сыйлық
    Подкастқа жеке бренд дамыту мақсатында қонақ болып шыққыңыз келсе, ұсыныстар бойынша төмендегі почтаға жазыңыз👇
    akbota.anuarbek3@gmail.com

Комментарии • 544

  • @akbotaanuarbek
    @akbotaanuarbek  2 месяца назад

    Инстаграм арқылы көп ақша тапқысы келетіндерге арнайы «сториспен оңай сатуды» үйрететін жаңа канал аштым, тегін сабақтарды толықтай қарап шығып, сториспен ақша табуды бастаңыз 🔥👇🏻
    youtube.com/@akbotaanuarbek.1
    Инстаграмда ақша табу жолдарын ең бірінші білу үшін инстаграм парақшама тіркел 😉👇🏻
    instagram.com/akbota__anuarbek
    Сториспен сатпай-сату техникасын үйреніп, көп ақша тапқысы келетіндерді өзімнің «Деньги на сторис» курсыма шақырамын 💸🔥
    Курс туралы толық ақпарат алу үшін менеджерге жазыңыз 👇🏻
    wa.me/77770339246

  • @user-lt8fz3xn9w
    @user-lt8fz3xn9w 5 месяцев назад +34

    мына кісіні бірінші рет естіп,көріп отырмын.қазақтан осындай қыз келіншектердің табысты болып жатқанына өте қуаныштымын,алатын инсайттар өте көп .

  • @nureke.sarseke
    @nureke.sarseke 5 месяцев назад +20

    Ер азамат болсам да, жүрегіме жетіп көзіме жас келтірген санаулы подкасттардың біреуі болды.
    Ақбота мен Айгүлдей қазақтың алтын еңбекқор қыздарына өте риза боламын. ❤

  • @user-kl5my2xx5i
    @user-kl5my2xx5i 20 дней назад +1

    Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін деп бекер айтылмаған. Басыңызға бақ берген қазақтың қызы екенсіз. Байыса қазағым байысын. Подкаст өте күшті болған. Үлкен әсер алдым👍

  • @botasha
    @botasha 5 месяцев назад +14

    Қазақтың қыздарына қайран қалам… қарапайымдылықтары сүйсіндірді. өзім 10 жылдан астам балалармен үйдемін, жақында балалар өз беттерімен кетеді, мен не істеп жүрмін деп ойға кетіп едім. Алла маған осы подкастты босқа кездестірмеген болуы керек. әрекет жасауға үлкен шабыт бердіңіздер! рахмет сіздерге!!!❤❤❤

  • @Lira_Muratqyzy
    @Lira_Muratqyzy 5 месяцев назад +7

    Мен қазақ қыздарына қайран қалам! Басқа ұлтта бар ма осындай қыздар, жоқ па, білмеймін. Бірақ қазақтың тектілігі бойына дарыған қайтпас қайсар мінезі Тұмар ханшайымнан қалған бір қасиет пе дерсің?! Айгүл Ерубаева деген есімді бірінші рет естіп тұрмын. Шынайы әңгімесі үшін бек рақмет. Еңбек бәрін жеңбек! Мың жаса! Риза болдым. Бірге жыладым, бірге күлдім, көп нәрсе түйдім өзіме. Ақботаға мың алғыс осындай тамаша подкаст жүргізгені үшін. Ақбота да бұрынғы емес, кемелденген Ақботаны көрдім. Жасай бер, өсе бер, Ақбота.

  • @gumaxanym
    @gumaxanym 5 месяцев назад +19

    Айгүл ханымның енесіне жасаған келіндік міндетіне риза болдым! Өзіне де адал, қамқор келін бұйырсын! Күйеуіне берген қолдауы, ізденуі, аналық қамқорлығы - үлгі алуға тұрарлық кейс.
    Жасай берсін қазақтың Айгүл қызы,
    Берекеге айналсын жүрген жері.
    Миллиардтарды доллармен күреп тауып,
    Ұшып-қонып шарласын бар әлемді!

  • @Ayaulym_zakariya
    @Ayaulym_zakariya 5 месяцев назад +5

    Шынайы еқ боямасыз подкаст. Кофені іше ашмайм дегенге күлдім, енесін айтқанда жыладым. Айгүл ханымның қарапайымдылығы мені тартты. Ақша санай алмаймын деп мойындап айтып отырғаны…Мен де үйде отырған анамын. Мықты мотивация алып, 0 ден бастауға желания аштыңыздар. Бәрі мүмкін екеніне көз жетті. Ақбота ханым да 100 млн тауып отса да, шынайылығын жоғартпаған жан екенсіз. Өмірде көпті көрген адал да ақылды қыз деп білем сізді. Жасайм деген адамға ештеңе кедергі емес екенін түсіндім. Сылтау - детская позиция. Бәрін білеміз бірақ жасамаймыз. Ұлылық қарапайымдылықта, жасы үлкеннің ақжарма батасын алсаң жолың ашық болтынын ұғындырды. Ашық жарқын еш боямасыз еңбекқор Айгүл ханымға ғашық болдым. Осындай мықты подкаст түсірген Ақбота ханым сізге рахмеет❤ Мен де долларовый миллионер болам🤲🏻

  • @user-xy7yk7bt2k
    @user-xy7yk7bt2k 5 месяцев назад +67

    Айгүл менің алғашқы кейісім, басында тегін жұмыс жасағанмын, кейін тұрақты айлыққа 1 жылдай жұмыс жасадым. Айгүл ақшаны өте ұқыпты жұмсай алады. Екі кемпірдің тәрбиесін алған психологиясы өте жақсы дамыған, ойлауы, миы мықты қалыптасқан жан. Айгүлге айтатынмын, шет елде пәлен деген оқуға түсіп оқып келгендер бұлай жасай алмайды, сен дипломы жоқ осындай дәрежеге жеттің, өзіңді сол дәрижеге жеткізе алдың дейтінмін. Айгүлге енді білім керек, ол білімсіз дегенім емес, теория керек. Ол кезде уже бүкіл ел таныйтын болады. Алла қаласа депутат болады. Ол дәрежеге жете алады және Қазақстанның болашағына үлкен үлесін қоса алады. Айгүл саған тек жарқын болашақ тілеймін денің сау болсын 😘😘😘 бұл жазба чугун үшін емес 😅

    • @Di-dar
      @Di-dar 5 месяцев назад

      😅😅😅

    • @firuzakulataeva2426
      @firuzakulataeva2426 5 месяцев назад +1

      Депуттатықтың не қатысы бар

    • @user-jv4ud4vd8w
      @user-jv4ud4vd8w 5 месяцев назад

      Айгүл ханым маған мотивация болды керемет жан екен бірінші рет көріп отырмын .
      Ақбота ханымға ризамын .еңбектеріңіз жана берсін екі дүниенің бақытына тілеймін ❤

    • @user-ng1md7bx6k
      @user-ng1md7bx6k 5 месяцев назад +2

      Депутаттың айлығы Айгулдің табысының жанында түкке тұрмайды Депутаттықты не қылады

    • @user-tx9cu9mz7e
      @user-tx9cu9mz7e 5 месяцев назад

      Ия өте әсерлі, менде жыладым, алла қаласа менде осылай өз брендімді қалыптастырсам сіздерді шақырам осындай сұқпатқа. Өте бақытты болушы едім. Сол күндерде кездестірсін алла тағала, алла қаласа. 😊❤

  • @shattykmussina3826
    @shattykmussina3826 5 месяцев назад +19

    Мяяя топ подкаст болды 🔥🔥🔥😍 Рахмет коп коп. Акбота ар подкастта артурли болып отырады - биреуинде более женственная, биреуинде более целеустремленная, деловая, бугин более эмоциональная. С каждым разом больше раскрывается ❤

  • @aimy95maratovna45
    @aimy95maratovna45 5 месяцев назад +7

    Осы кыздын еразаматы акша тапканда токал алып кетер еди,акылды кыз екен пейлине ак❤журегине берген гой кудай❤❤❤

  • @user-ml9vu5wk1g
    @user-ml9vu5wk1g 5 месяцев назад +13

    Айгүл мен Ақботаның подкаст соңында бір-бірін сөзсіз түсініп, көзбен ұғынып, көз жасқа ерік беріп, шүкіршілік еткені бәрінен де өтті. Сәттілік, қыздар!

  • @gulnaz_erbolatkyzy_
    @gulnaz_erbolatkyzy_ 3 месяца назад +2

    Үлкендердің батасын ал, жолың ашылады
    Енеңнің батасын ал, өміріңде береке болады
    Күйеуіңнің разылығы үшін қызмет көрсет.
    Аллаға тәуекел етіп еңбектен, берекелі болады.
    Еңбек бәрін жеңбек
    Инстаграм мүмкіндіктер мекені
    Алла бәрімізге бірдей шанс береді, әркім өзіне керектісін пайдаланады♥♥♥♥
    Өмірімдегі ең сапалы, шынайы подкаст болды. Жақсыменен өткен жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей демекші, еңбекқор адамдар туралы көбірек көрсек, айналамыз сондай болады

  • @englishgulizat9230
    @englishgulizat9230 2 месяца назад +3

    Адамны тірі кезінде сыйлап , қызмет көрсеткен екенсіз , керемет . кезінде ондай қызмет көрсете алмадым, енді ол уақыт та ол адам да қайтіп келмейді, сол үшін жас келіндерге алтын сырға😢

  • @marshmallows_6459
    @marshmallows_6459 5 месяцев назад +4

    Айгүлдің табысты болуының себебін түсіндім. Өйткені 7 жыл күйеуі ақшасын анасына бергеніне шыдап сабырлы боп ұрыс шығармай отырған өте дана келін боп отыр ғой сосын күйеуінен сұранбай еш жерге бармайды екен. Бұл подкасттан жасым 40 та болса да өте үлкен өнеге алдым.

  • @user-sy2lg9lk5m
    @user-sy2lg9lk5m 5 месяцев назад +7

    Ақбота Алла разы болсын Айгүл сияқты шынайы адамдарды танып қонаққа шақырғаныңыз үшін.
    Осындай пайдалы түсірілім көбейе берсін.Айгүл сіздің рухыңыздың мықтылығына ризамын.Анаңызға рахмет сізді дұрыс бағытқа қайтарғаны үшін.Жетістігіңіз арта берсін.

  • @user-dg4mi8to1c
    @user-dg4mi8to1c 5 месяцев назад +14

    Айгулге риза болып отырмын! Қандай еңбекқор қыз!!

  • @enbekke_baulu
    @enbekke_baulu 5 месяцев назад +6

    Сәлеметсіз бе! Айгүл ханымды бірінші рет көріп тұрмын. Осы сұхбатты көріп, тыңдағаным үшін өте қуанып отырмын. Шынында да керемет (душевный) сұхбат болды! Көп мотивация алдым! Көзіме жас алып тыңдадым🥺 Декреттегі уақытымдағы біраз қателіктерімді мойындадым. Менің алға қадам басуыма қорқыныштарым (ел не дейді, ұят болады, дұрыс емес болса ше, т.с.с. шегі жоқ сылтаулар) кедергі болып келеді😢...
    Өзіме құнды сабақ алдым!
    Ақбота ханым, осындай бізге үлгі болатын батыр қызды студияңызға шақырып, оқиғасын бөлісіп, біз сияқты баламен үйде отырған аналарға мотивация беретін сұхбат жасағаныңыз үшін, үлкен алғыс білдіремін!!! Сіздерге Алла разы болсын! Шынайы оқырмандарыңыз көп болсын!!!💐💐💐💐💐❤️😘😘😘😘😘

  • @gulbarshinzhappasbaeva5564
    @gulbarshinzhappasbaeva5564 Месяц назад +1

    Кір жуып отырып, керемет подкаст тыңдап шықтым. Қандай еңбекқор, ізденімпаз, ақылды қызсыңдар. Еңбектеріңіз одан әрі жана берсін! 🙏🏻🙏🏻🙏🏻 Енеңіздің батасын алу - ол күйеуіңнің разылығына ие болу ғой

  • @user-cl1zh1db1k
    @user-cl1zh1db1k 5 месяцев назад +14

    Айгуль ханым, ішінде оты бар адам ғой! Заманауи қазақтың батыр қызы! Жеке үлгі тұрарлық тұлға! Сондай нәзік жанның ішінде қаааншама энергия, идея, батылдық! Жауапкершілігі мол, әрбір сөзіне жауап береді! Айтты ма, жасайды! Уақытына дейін жауапты ғой шіркін! Четко, конкретно, красиво! БРАВО 🎊❤️

  • @user-we9fz5ek5q
    @user-we9fz5ek5q 5 месяцев назад +5

    Саламатсыздар ма? Айгүл ханымның ақ пейіліне таң қалып тұрмын, ешкімді кінәламай ақ пейлімен еңбек еткені маған күшті мотивация болды. Мен сол бәрін кінәлап, әшейін сылтауратып отырмын. Еңбек бәрін жеңбек. Шок болып отырмын қарапайымдылығына, шынайы әңгімесіне, тыңдап отырған әр адам бос кетпеді деп ойлаймын. Күшті инсайт, керемет ақылдар болды. Барлығы тәрбиеге келіп тіреледігой, Айгүл ханымның анасының ақылдылығы, менде кейде анамның ақылына ақыл айтып кетемін. Өзімнің ошибкаларымды түсініп жатыр. Тағы қайталап көру керек екен❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤
    Размет көп , қанша коуч, психологтардан ала алмайтын инсайттар алдым🥰😘😘😘

  • @papa-ob3mk
    @papa-ob3mk 5 месяцев назад +9

    Айгуль, сенің әр сөзіне әбден күлдім, әрі жыладым. Сенің бай болуына сенің дипломын болуын маңызды емес деп айтқаның өте қатты ұнады. Енеңді қалай баққаның, күйеуіннің батасын алғаның, табандылығын өте, өте ұнады. Аллаһ екі өміріне Береке Берсін, бақытты бол, қосағынмен қоса ағар. Бүкіл эфир 100% ұнады. Ботақан, саған да үлкен рахмет, инстаграм инстаграммен, сіз Айгүлдің образын ашып беруге себепші болдыңыз. Жақсы күйеуге тиіп, ана, әйел болып қалыптасуына тілектеспін

  • @user-qd2db1sl6u
    @user-qd2db1sl6u 5 месяцев назад +5

    Айгул ханымның токыма курсын сатып алган едим, 5000 тг карантин кезинде. Оте керемет, казир баламды емизип корип отырып, озиме мотивация алдым. Рахмет сухбатка. Ой туйдым , ойландырарлык!

  • @issatayeva
    @issatayeva 5 месяцев назад +3

    Сағат түнгі 3:23. 3 бөпемді ұйықтатып тастап, осы подкастты тыңдап, біраз сұрағыма жауап алып, кей жерінде сіздермен бірге жылап алып отырмын. Айгүл ханымның соншалықты қарапайымдылығы, бір әпкем ақыл айтып отырғандай тыңдадым. Және маған қатты өткен тұсы, үлкендердің батасымен өстім дегені. Соның ішінде, бірі курсқа қатысуға 3 мың теңгесін беріп, бірі сол курсқа қажетті заттарын алуға жәрдемдескен қос анасының қолдауының себеп болуымен, Алланың қалауымен жетістікке жетуі. Анасының баласы үшін жасаған дұғасы қайтарылмайтынының бір дәлелі😭😍. Күшті жылыыы подкаст болды, Ақбота ханым сізге рақмет❤️❤️❤️

  • @user-xf4mf8eb8c
    @user-xf4mf8eb8c 5 месяцев назад +7

    Еркек басыммен сіздер жылағанда қосылып жыладымғой 😂
    Күшті өтті 🔥👍🏼

  • @Mairaomar
    @Mairaomar 5 месяцев назад +4

    Амансыздар ма?
    Түсінген адамға өте пайдалы подкаст болды.Керемет.Өте көп инсайттар алдым.Жүрегімде бір қупныш бар.Мен де осылай подкаст түсіріп,подкастқа қонаққа барсам деген ниетім бар.
    Халыққа айтар әңгіме көп.
    Жасым 48 де.Соған қарамай инста жүргізіп бастадым .Барынша шынайы болғым келеді.
    Сіздерге сәттілік❤❤❤

  • @user-qs7mf8mc5d
    @user-qs7mf8mc5d 4 месяца назад +3

    Өз өзіңе адал болған кезде Алла жолыңды жеңіл етіп, ризығыңды арттырады. Бұл падкасттан алған инсайтым. Ақбота мен Айгүл, қыздар рахмееет сіздерге падкаст үшін, инсайтым үшін 😘💐💐

  • @gulbakyt_9801
    @gulbakyt_9801 5 месяцев назад +14

    Еңбекпенен көтерілген жан еді,
    Айгүл ханым міне оның жетістігін көреді,
    Халық куә,бәрі куә еңбекке,
    Еңбекпенен жеткен дүние тәтті еді!
    Айгүл ханым сәтті болсын әрбір іс
    Тек жақсылық сізге лайым тілейміз,
    Әр қазаққа жұғысты болсын береке,
    Әр қазақтың ырысы болсын кеңінен

  • @AraylimCeylan
    @AraylimCeylan 2 месяца назад +2

    Өте шынайы подкаст екен, Құдайдың еңбекке сыйы бар дегенді естігем, яғни еқбек етсең береке болады дегеннің результаты осы.

  • @user-qw3gm9ek3t
    @user-qw3gm9ek3t 5 месяцев назад +12

    Айгул Ерубаева ханым керемет сұхбат болды. Тек қана алға.
    Әрекетте берекет. Бүкіл әлемге танымал болыңыздар Сидо мырза екеуіңіз СІЗДЕРДІ КӨРІП ҚУАНЫШТАРЫҢЫЗҒА ҚУАНЫП ЖҮРСІН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ. БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАННАН ШЫҚҚАН ДЕП🎉🎉🎉

  • @Rauza88
    @Rauza88 5 месяцев назад +6

    Жаным ауылдас сыңлым кішкентайынан танимын,жасап жатқан жумысыңа берекесін берсін 😘

  • @ZamanbekXan
    @ZamanbekXan 5 месяцев назад +11

    Ерубаева Айгуль ханым оте енбеккор адам, адамдарга мыкты мотивация береды 👍мыкты одан ары дамый берыныз

  • @user-oe5qz8sn3c
    @user-oe5qz8sn3c 4 месяца назад +2

    Подкасттан көп нәрсе түйдім, ең негізгісі сіздердің ІШКІ РУХТАРЫҢЫЗ мықты екен деген ой келді. Себебі адам өзі қалаған шыңға шығып, биікке қол жеткізуі үшін ІШКІ РУХЫ мықты болуы керек. Ішкі рухы мықты болмаса, ол қанша жерден білімді, өзіне сенімді, мақсаты айқын болса да, бастаған ісін аяғына жеткізіп, қандай да жетістікке жете алмайды. Ал сіздер ішкі тіректеріңіздің, діңгектеріңіздің мықтылығының арқасында кедергілерді жеңіп, қазіргі өздеріңізді жасай алдыңыздар. Ключевой момент мен үшін осы болды😘, рахмет!

  • @madina.kazbekkyzy
    @madina.kazbekkyzy 5 месяцев назад +2

    Қаншама үйде отырған декреттегі аналардың іс бастауға табыс табуға шабыт сыйлаған жан 😍❤️ лично өзім роддомда жатып случайно көріп қалып мяяя адам тоқымадан да осылай байып кетуге болады екен ғой деп мен қатты таң қалғанмын ең қызығы сол менде еліктеп тура Айгул ханымның бастапқы кезде жүріп өткен жолында жасаған әрбір әрекетін в точь в точь қайталағанмын мендк көршімнің айфонын сұрап тоқыған заттарымды түсіріп оны сату үшін клиент табу үшін таргет үйреніп кейін таргетолог маман болып бізде миллионер болып лыға келдік шүкір осындай игі істерге себепшісіз Алла жолыңызды ақ қылсын әрдайым😘😘😘😘

  • @gulbakyt_9801
    @gulbakyt_9801 5 месяцев назад +11

    Айгүл ханымның қалай өз еңбегімен көтерілгенін оны бұрыннан бақылайтын оқырмандары біледі😘Жарайсыз Айгүл ханым,тоқтамаңыз,дамыңыз,өсіңіз,өніңіз!Біз әрқашан қолдаймыз!Сумка тоқып жүргеніңізден бастам еңбекқорлығыңыз қатты байқалатын!Қазір міне жемісін көріп отсыз!Жолдасыңыз екеуіңзге Алла ұзақ ғұмыр берсін,отбасыңыз аман болсын,қалғаны бұйырса болады

  • @akanova_aknur
    @akanova_aknur 5 месяцев назад +2

    Мені жылатқан подкаст болды.😢 Осознанность келді Алладан қарым қатынас жайлы и шынайылық, тоқтамай еңбек ету арқылы үлкен жетістікке жетуге болатынын көрсеткен мықты подкаст болды. Үлкеннің батасын алу күйеуіңді сыйлап айтқанын тыңдау вроде бы күнде естіп жүрміз, нооо осы подкаст маған соның жемісі Алла ризығыңды молайтып, бақыт береке гормония болатынын түсіндірген подкаст болды

  • @danamen_0806
    @danamen_0806 5 месяцев назад +10

    Единственный подкаст мен до конца қараған😍 Шынымды айтсам Айгүл ханымды мүлдем танымаймын, көрмегенмін. Бірақ мен үшін өте өте пайдалы, мотивация берген подкаст болды. Главный не нәрсе жасасаңда қорықпай, " болса болды, болмаса болмады " деп бастап кету😍❤️ Рахмет көп көп

  • @user-yb5je8ud8d
    @user-yb5je8ud8d 5 месяцев назад +2

    Айгүл Ерубаеванын жумыстарын көріп тоқыма тоқыған, сіңлісінің телефонымен сумкаларының суретін түсіргенін, үйін өзі ақтап сырлап берілмей😢, бір есігі жабылса , екінші есігі ашылып жатқанын көріп, көп сұрақ келетін маған, бірақ ашық айтпасада осылай қиындықтар болғанын сезіп , көргендеймін, сосын ойлайтынмын әйтеуір бір күні өзі айтады ау деп. 🎉🎉🎉🎉 ия тәуелсіз болған өте керемет.

  • @kabanbai575
    @kabanbai575 5 месяцев назад +3

    Мен kazakh кыздарына кайран калам! Саламатсыздарма! Акбота мен Айгул! Алтын карындастарым! Жарайсыздар! Бакытты да бай-куатты болыныздар! Керемет подкаст болды! 🎉

  • @NurgulEska
    @NurgulEska 5 месяцев назад +5

    Әсерлі подкаст болды. Бұлай аяғына дейін тыңдай алмайтын едім жалығып кететінмін әңгімелерінен. Бұл сырласуды аяғына дейін тыңдай алдым және жалғасы болса екен деп. Ақботаның нәзіктігі, Айгүлдің қарапайымдылығы мен тартымдылығы үйлескен подкаст болды❤

  • @fishingkot2392
    @fishingkot2392 5 месяцев назад +8

    Бұрын айтушы едим, Алла адамның еңбегінің ақысын жемейді деуші едім! Сіздің өмір осы сөздің дәлелі! Сөз жоқ! Большое уважение вам❤

  • @user-tc9zt5sd3x
    @user-tc9zt5sd3x 5 месяцев назад +8

    Эфир бойы жылап отырдым,Мықты Эфир болды.Мықты мотивация қарапайып әйелдерге,Өзім бастаймын,өмірімді өз қолыма алам деген Осознание келді.Рахмет Алла разы болсын!!

    • @user-yd1wx5ix8w
      @user-yd1wx5ix8w 3 месяца назад

      Алла разы болсын ! Каншама мотивация 🔥

  • @user-fq8do1tm3s
    @user-fq8do1tm3s 5 месяцев назад +3

    Үлгі алатындай адам Айгул ханым. Әр бір қазақ осылай еңбектенсе нұр үстіне нұр болар еді. Еңбектеніп, талпынып, қайсарлы мінезінің арқасында осындай дәрежеге жеткені қызығарлық, мақтанарлық сезім. Айгул ханымға тек ғана жұмысының өркендей беруіне тілектеспін, Қазақстанның барлық қалаларына қол жетімді, сапалы өнімдер әкеліп, әйел қауымын қуантып жүре берсін🙌

  • @user-te6gb2ps8i
    @user-te6gb2ps8i 5 месяцев назад +3

    Маған диломсыз да ,мемлекетке жұмыс жасамасаңыз да ,шектеусіз табыс табуға болатынын көрсетті Айгуль ханым!Акбота ханым рахмет сізге !❤

  • @user-jf3ub6og9i
    @user-jf3ub6og9i 5 месяцев назад +4

    Акбота ханым, байқайсызба осы подкасттарвңызға келіп жатқан қыз-келіншектер сізге 45% ұқсас екен, даусы, по чуть чуть ой толғауы👍 Ұнады арнаңыз, тек тіркеліп қана емес Уведомление қосып койдым. *Сосын можно* не только әңгімелер и ақшаны жұмсау(ақша табамыз но жұмсау,ақшаны санау керек дейдіғой вот соны білмейміз инфобищнесте), ақшаның фокусын, сосын көп ақша тауып одан кейн болатын выгораниеден шығу жолдарын әр келгендерден сұраңызшы😘

  • @laubaevas
    @laubaevas 5 месяцев назад +5

    Сізге қарап отырып "Еңбек бәрін жеңбек" деген мақал еске түседі. Сіз живой примерсіз. Сторизтеріңізді қарап отырып қой жатпай қимылдайын деп ойлайсың ғой. Мотивация керемет бересіз ❤Жаным мықтысыз ғой. Жылап, жылааап алдым ғой қарап отырып😍😘😘

  • @user-dh2mm1zu7g
    @user-dh2mm1zu7g 2 месяца назад

    Сәламатсыздарма рахмет сіздерге күшті сезімдер болды, шынайылық болды, ащы болса да сезімдерге ерік берілді ең бастысы Айгүл ханым қалаған шынайы қалаулар, болды. Сол себепті де шығар бірінші Аллахым екінші қайтпас қайсарлық, үшінші халықтың шынайы сенімі, және инстаның арқасында келді. Рахмет сіздерге маған мына жері ұнады "мен даже ақша санай алмаймын күйеуіме беремін бәрін"- деп жаным сол осы жерден мен қыз баланың нәзіктігін көремін, ол сұлу болуы үшін жаралады, ол нәзік, пейілі кең, қолы да ашық, қыздар сендер барлық жақсылыққа лайықты болуларың керек. Сосын әлгі кофені қалай ішетінін білмеймін дегені өтті себебі мен де оны білмеймін 😅. Удачи қыздар істеріңе береке берсін. Сезімдерге толы шынайылық болды бір сөзбен айтқанда.
    Мені де күйеуім қолыңнан келмейді деп бетімді қайтарып тастайды шы сол жеріміз ұқсастық болды.

  • @tanaqueen6481
    @tanaqueen6481 5 месяцев назад +13

    мәссаған! Ақбота ханым , негізі сіз туралы дұрыс ойламаған едім, Майбахты арендаға алды , өтірік өмірін көрсетеді деп , осы подкасттарыңызды тыңдағалы көз қарасым 200% ке өзгерді , өз ойымнан өзім ұялып қалдым, рақмет сізге, Алла жолыңызды ашық қылсын🤲 Ал Айгүл ханымға келсем, менде декретте отырған жас анамын, қаншама мотивация алып жатырмын, кеше алғаш рет өзімнің рилсымды салып бастадым😁 Алла қаласа осы жолы тоқтамай , результатқа жетемін деп шештім❤️❤️❤️ рақмет сізге осындай пайдалы подкасттар жасап жатқаныңызға , Алла разы болсын🙏

    • @Zhuldyzdynomirinen
      @Zhuldyzdynomirinen 3 месяца назад

      Не жайында рилстар тусыресыз менде тусыргым келеды но неден бастарымды билмей әлекпін

    • @tanaqueen6481
      @tanaqueen6481 3 месяца назад

      @@Zhuldyzdynomirinen өміріңізді түсіріңізде за кадровый текст оқып салыңыз. Өзіңіздің ойыңызбен бөлісе беріңіз … адамдарға қызық

  • @yrzashserikbay3057
    @yrzashserikbay3057 5 месяцев назад +3

    Сонгы айда көрген ең керемет, өзіме түйіп алар подкаст болды🥲👍😍

  • @muratkyzy_gulzhaz
    @muratkyzy_gulzhaz 5 месяцев назад +2

    Подкаст ұнады. Осы 2020жылы маған анам қытаймен бизнес деп курс алып берген еді, мен басын бастап оқыдым да, заказ бермедім, тұрған үйімде интернет дұрыс ұстамайды деп сылтауратып, сол күйімен ол курс жайына қалды. Енді қазір ойлап отырмын осы подкастты көріп, сонда менде әрекет пен жауапкершілік болмапты ғой деп. Мүмкін сол кезде бастағанда қазір басқалай жетістікке жетер ме едім. Мәә содан бәрі 4 жыл уақыт өтіп кетіпті. Мен енді ғана саналы түрде инстаграммды жүргізіп бастадым. Сіздердің оқиғаларыңыз сабақ болып отыр, рақмет. Қорықпай осы қазіргі әрекеттерімді тоқтатпай
    жасай беремін, жасай беремін. Көп рақмет за толчок в 🍑. 😁 болды

  • @makpalabdikhalikova143
    @makpalabdikhalikova143 5 месяцев назад +3

    Айгүл ханымның пысықтығына риза болдым үйде отырып, ата-енеге, бала-шағасына қарай отырып бәріне үлгеріп, кәзір осындай жетістікке жетіп отырғаны мақтанға тұрарлық!!! Үлкендерді құрметтеу, батасын алу адамның жолын ашады екен ..... мейірімді келіншек екен жүзімен көрініп тұр. Алла істеріңізге береке берсін!!!!

  • @Sagdat89
    @Sagdat89 5 месяцев назад +6

    Керемет подкаст. Ақбота ханым барған сайын подкасттың потологын қойып жатырсыз керемет, қонақтарыңыз бірінен бірі өтеді. Когда ученик готов, появляеться учитель дегендей подкасттағы темаларыңыз тура бір маған арналып түсірілгендей... рахмет көп көп. Айгүл ханымға тоже сөз жоқ, қарапайымдылықтың потологын қояды екен... Алла берекесін берсін кәсіптеріңіздің!!! Соңында еркек басыммен сен менің анамды алақанда ұстадың, менде сені құрметтейм деп айтты күйеуім дегенде, сіздермен бірге жас шығып кетті көзімнен... Алла бақытты Баянды ғұмыр берсін, алтын гауһар тойға жетуді нәсіп етсін!!! баталы құл арымас деген осы шығар...
    Ақбота ханым бір өтініш, үйде отырған аналар, қыз келіншектер деп айтпаңызшы, менде көремғ)))

  • @Gulzhant777
    @Gulzhant777 3 месяца назад +1

    Айгүлді бірінші рет көріп отырмын. Өте көп инсайттар естідім қуаныштымын. Еңбегін жемісті болсын!

  • @user-oj8qq3qe5e
    @user-oj8qq3qe5e 5 месяцев назад +4

    Әрекетке берекет дегенді дәлелдеген, еңбекқор екі арудың әңгімесінен өзіме көөөп нәрсе алдым❤ Істеріңіз алға бассын, көп рахмет

  • @user-ip5go1by9i
    @user-ip5go1by9i 5 месяцев назад +2

    Мына подкастты барлығы көруі керек деп ойлаймын.Не деген шынайылық!Мен бұл кісіні танымайды екенмін.Осындай адал адамдардың барына қуанамын.Респект!!! Ақбота ханым ,осындай шынайы оқиғалары бар еңбекқор адамдарды халыққа танытып жатқаныңызға алғысым шексіз!Айгуль ханымның ерік жігеріне риза болдым !Әсіресе жолдасымен қарым қатынасы,адамгершілік қасиеті ұнады .Жылап ,қозғалмай отырып бір деммен көрдім.😭😭😭Сіздің подкастты күніге көремін.Жұмысыңызға табыс тілеймін!Осындай кейіпкерлерді көбірек шақыра беріңіз.❤❤❤

  • @user-wg9fe7uo8s
    @user-wg9fe7uo8s 5 месяцев назад +3

    Жаным екеуы жылап отыр гой 😢 менде жыладым мықты қыздар ❤❤

  • @laubaevas
    @laubaevas 5 месяцев назад +2

    Қарааап отырып прям бір фильм көргендей болдым. Айгүл ханымның барлық өткенін айтып отырғаны сториз көріп отырғандай бәрін еске түсірдік қой😅 Жаныым бір қарапайымсыз ғой. Барахолкадағы үйіңіз туралы айтқанды күліп өлдім😅 Бір жақынымызды өмірі сияқты, бәрі еске түсті. Молодец, қарап тамсанасын. Кіп-кішкентай сары қыз, өзінің пысықтығы мен еңбекқорлығымен бастысы қарапайымдылығымен осы жетістікке жетіп отыр. Енді бір 5жылда Қазақстанның бай магнат олигархтарының қатарында болыңыз ❤😘 Жаным сол жақсы көреміз! ♥️♥️♥️♥️♥️

  • @user-rq6qf1xc7p
    @user-rq6qf1xc7p 5 месяцев назад +4

    Екі жарқын көңілді, қарапайым қазақ қыздары😘 Осындай тәрбиелік бәні бар подкаст көп болса екен

  • @user-qp9jz5vp7u
    @user-qp9jz5vp7u 5 месяцев назад +4

    Тағы да айтамын, күшті подкаст болды. Бүкіл историясы өтті маған. Әрекет етсең Аллаһтың беретін ризығына шек жоқ екенінің бірден бір дәлелі.

  • @eldanadauletkhan3099
    @eldanadauletkhan3099 5 месяцев назад +3

    Пуууууу,мына екі қызбен бірге жылап бірге күліп ❤.шынайлқтарың үшын рахмет ❤аман болыңдар ❤бай болыңдар ❤

  • @danagul.y
    @danagul.y 5 месяцев назад +4

    "Жасаймын" деген адамға ешқандай кедергі жоқ екендігінің нағыз дәлелі. Керемет подкаст. Алла разы болсын. Біраз адамды, соның ішінде мені де әрекетке шақыратын мықты подкаст болды.

  • @assel777
    @assel777 5 месяцев назад +4

    Бір подкаста қаншама инсайт мотивация 😻
    Осы интервьюдін өзі бір обучение ғой 👍👍👍👍

  • @user-pr1hz8gd2o
    @user-pr1hz8gd2o 5 месяцев назад +4

    Айналайын бакытты бол өс,өн,өркенің жайылсын.Ата-анаң жақсы тәрбие берген адал сүт емген бала екенсің .Ата-енеңнің ақ батасын алған екенсің ,берген баталары қабыл болсын.Қосағыңмен қоса ағарып үбірлі шүбірлі бол😘😘

  • @rozassn8250
    @rozassn8250 5 месяцев назад +3

    Сумка тоқып бастаған кезінен бастап көрдім. Осв жылдар бойы постоянно көріп, мотивация алатын Әйел, Блогер. Жарайсыз

  • @LyazzatMuratbekova
    @LyazzatMuratbekova 5 месяцев назад +3

    Самая энергичная, успешная, стремительная, неповторимая женщина. Алла дареженди биик кылсын ардайым 🥳🥳🥳

  • @user-jo3gn7px1h
    @user-jo3gn7px1h 5 месяцев назад +4

    Әсерлі подкаст болды жылап кордим,Қарапайымдылық, перзент ретінде армандарына жеткен, тәрбиелі қыз үлкеннен бата алу, пейили кен екен көз тимесин,Кудайда көтере алатын адамга берер, арбир казактын кызы осындай енбеккор болсыншы 😊

  • @user-nb5ij4xv3m
    @user-nb5ij4xv3m 5 месяцев назад +2

    Өте ақылды әйел екен, мен 1 ші рет көріп отырмын , риза болдым👏🏼👏🏼👏🏼

  • @user-xw8qu3oi1u
    @user-xw8qu3oi1u 4 месяца назад +2

    Керемет!!! 🎉🎉🎉 Мен Айгул Ханымды бұрыннан қараймын! Керемет. Сыйлаймын))))

  • @user-gm4wh8lq7z
    @user-gm4wh8lq7z 5 месяцев назад +4

    Керемет енбеккор, адал, ак конил, шыншыл еки кызды ангимеси болды, тындай бергин келеди, енбектериниз берекелди болсын, бакытты болыныздар.

  • @AidanaKuanish
    @AidanaKuanish 3 месяца назад

    Ең шынайы подкаст, жылап көрдім. Сондай қарапайым, пысық қазақтың қызы қайсар, өжет бізге күш-жігер берді❤️❤️❤️ Алла күш-қуат берсін сізге Айгүл ханым😘

  • @user-dr8rj8op4x
    @user-dr8rj8op4x Месяц назад

    Сондай күшті инсайт алатындай подкас болды аларымыз көп болды Алла разы болсын екеуіңізгеде Алланың берері көп болсын❤❤❤❤❤❤

  • @user-mp9iy5ux9s
    @user-mp9iy5ux9s 5 месяцев назад +2

    Қандай керемет қыз, осы қызды жақсы көрем күнде сториздерін қарағанды ұнатамын, Шымкенттегі үйден распаковка жасайтын уақыттан бастап жазылғанмын, жолдасына фура алып шащу шашып жатқан уақытынан бастап көрем, мықты жарайсың дегім келеді, шыныменде ата-ененің, үлкен кісілердің батасын алған адам осылай көтеріледі екен❤ Біраз мотивация алдым көп рахмет, өмірге деген талпыну, әрекет ету, соның жемісін көрген кездегі сезімді жеткізу мүмкін емес❤ ❤❤❤❤❤❤ Бұйырса тек жақсы күндерді көрсетсін Аллам, анасына үй сыйлағаны, папасына машина сыйлағаны, тоқыма тоқып пост салғандары бәрін білем сол сезімдерді бірге сезініп бірге қосыла жылағанмын шыны керек, бізді де Айгул сияқты сыйлық берушілерден етсін, үлкендерге үй, машина сыйлауды нәсіп етсін Алла❤🤲

  • @shynarkopbayeva4299
    @shynarkopbayeva4299 5 месяцев назад +5

    Считаю, что самый лучший подкаст получился👍👍👍 Такие нежные и красивые девушки с таким сильным духом и внутренним стержнем, спасибо вам, такое уважение и восторг вызываете, показали своим примером, что труд и Вера могут привести к любым мечтам👏👏👏 Все эмоции прожила пока слушала подкаст - и слёзы, и радость, и восхищение, и уважение, желаю Айгуль и Акботе успехов и процветания во всех проектах🌹🌹🌹

  • @zukhragabitqyzy1357
    @zukhragabitqyzy1357 5 месяцев назад +1

    Ешқандай сыйлық берілмесе де, айтылған, берілген информацияның өзі қандай бағалы. Сіздердің саксесс стористарыңыз шынымен сүйектен өтіп, жүрекке тиентіндей болды. От души бөлісеміз, иншаАллах

  • @user-ks7it4cc3p
    @user-ks7it4cc3p 2 месяца назад

    Ақбота молодец! Қонақтары да сауатты сөйлеп, саналы түрде кері байланысын береді. Мотивация. Кеше ғана бір негатив болып еді, осындай подкасттан энергия алып жатырмын. Классно❤❤❤

  • @shynarkurakova235
    @shynarkurakova235 5 месяцев назад +2

    Бизнес болған соң өз қиындықтары болады, құлау тағы сол сияқты олсыз бизнес болмайды, олсыз көтерілу деген болмайды, бизнес бастарда соның бәріне дайын болу керек, простейщий туысың, ең жақының қолдамай, керісінше кері тартуы мүмкін, ал сенде барлығы болып кетіп өсіп кетіп жатырсаң сол қолдамаған саған сенбеген туысың уже көре алмай бастайды, сәл тайұып кетсең айттым ғой саған бекер мені тыңдамадың дейді. Иә осыған жетудің өзі үлкен жол, еңбек, төзімділік. Бір күнде келе салмағаны анық! Жәрайсыз восхищаюсь вами и уважаю Айгуль вас👏🏻👏🏻👏🏻 мыңнан бір болады осындай адамдар.

  • @AdelaidaZhanatovna-wf8nm
    @AdelaidaZhanatovna-wf8nm 5 месяцев назад +3

    Керемет подкаст болды❤❤❤ жалпы Айнұр ханымның алғашқы оқушыларынын қатарында менде болғам 2020ж. Менде декретте отырып Сумка тоқуға қызығу шылығым артып Айгүл ханымның сабақтарын оқып біраз сауда Жасан едім 💐💐💐Алла разы болсын сізге🤲 сіз шынайы, кең жүректі адам болғандықтан адамдар сізге дұға жасайды Алла разы болсын деп, сол себепті Сіз Алланың сүйген құлысыз❤ Аллахым әр дайым сізді қолдап жүрсін. Еңбеңіздің жемісін көре беріңіз, қарапайым қазақ елге үйрететінніңіз таусылмасын, саудлараныңыздың берекесін берсін🤲🤲🤲
    Чугун қазан алу үшін бүл комментарияны жазып отырған жоқпын😊
    Шынайы жүректен шыққан лебіздер бұл❤❤❤
    Аман болыңыздар🤲🤲🤲❤❤❤

  • @gulekehanym5835
    @gulekehanym5835 5 месяцев назад +5

    Айгүл ханым, керемет! Ақкөңілдігіңіз, қарапайымдылығыңыз сізді биіктерге жетелей берсін! Алла берерін тауыспасын! Аға екеуіңіз балапандарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер👍🙌🏼🌹🌹🌹

  • @user-qw2bf8sj6y
    @user-qw2bf8sj6y 5 месяцев назад +3

    Енесине кызмет етип шын омирге бар маххаббатымен шыгарып салганынын аркасында, батасын алып жатканынын аркасы. молодец, жолын ардайым ашык болсын, сенин жолынды бастай алмай журген кыз келиншектер кусын, мотивация алсын, подкаст шынайы отти озим де корип отырып сендерге косылып жас келди козиме, молодцы кыздар✊

  • @user-xt9qr4mf4k
    @user-xt9qr4mf4k 5 месяцев назад +3

    Оте жаксы, шынайы ангиме болды. Акбота, Айгул, рахмет!

  • @user-oh3nl4lr8l
    @user-oh3nl4lr8l 5 месяцев назад +3

    Айгул оте енбек кор кыз окып жургениме 2021жылдан бери караймын менде видео ларын корип уйге ремонт жасадым касымдаргыларга айтамын оте пысык келіншек караныздар деп бакытты бол аке шешесін айтсам ажырасканын козиме жас келеди ажырасу балаларга катты асер етеди арине Сидомен бакытты бол жолдасын карапайым енбеккор бала екени коринип тур менин балам болсын дейтин бала еңбегін жассын ары карай трендиолды осы Айгулден окыганмын бираз дуниелер алдым уйге Рахмет уйде отырып козимиз ашылды кытайга заказ бен киим кешек баска дүниелер алдык базарга бармаймыз казир жаксы интервью болды керемет

  • @user-qh9qh2zf4n
    @user-qh9qh2zf4n 5 месяцев назад +4

    Үзбей қарап шықтым, мотивация ға толы подкаст болды ❤, рахмет 🫶

  • @user-bz8ou7qb4i
    @user-bz8ou7qb4i 5 месяцев назад +2

    Анда- санда көріп қалатынмын инстаграмнан. Өте еңбекқор қыз екен. Айгүл ханыммен бірге бизнес жасағым келеді. Риза болып отырмын тыңдап❤🙏🏽👍 тоқтамаңыз, тек алға!💝🥰👍👏🏽👏🏽👏🏽👏🏽

  • @user-ro3tc6nv5w
    @user-ro3tc6nv5w 5 месяцев назад +2

    Ақбота ханым Айгүл ханымды күшті аштыңыз. Подкатс керемет болды. Өзіміз үшін көп нәрсе алдық. Енесі туралы айтқан ангімесі өтті. Менің екі бауырым бар, бірақ қартайған ата-анама өзім қарап отырмын. Аллаһым ол кісілерді менің қолыма жайдан жай жібермеген екен ғой, батасын алсын, өссін, өнсін деп жіберген екен ғой. Алладан ата-анам үшін деңсаулық сұраймын. Сізлерге көп рахмет ❤.

  • @user-qd1mr6vm6x
    @user-qd1mr6vm6x 5 месяцев назад +3

    Осындай керемет бағдарлама жасағаныңыз үшін Ақбота ханым сізге ерекше алғысым шексіз😘❤️
    Айгул ханымды фотозона жасаймын деп үйіне ремонт жасаған кезінен бастап қарайтынмын, мына кісі қандай пысық кісі деп мотивация алып қарайтынмын😃, жолдасына деген сыйластығына вообще риза болатынмын🥰.
    Қазір подкасты сондай күшті эмоциямен көрдім❤. Өзім үшін күшті мықты үлгі алдым❤ мышлениемді өте күшті ояттыңыз❤ благодарю🥰

  • @shynartleumberdina
    @shynartleumberdina 5 месяцев назад +4

    Керемет 🔥🔥🔥 Айгүл ханымнан өзімді көргендей болдым. Менде күйеуімнен ақша сұрауға ұяламын🫢

  • @user-ku7zi8jh2l
    @user-ku7zi8jh2l 5 месяцев назад +2

    Подкаст өте қатты ұнады. Орысша на одном дыхании деп айтады ғой, солай көріп тыңдап шықтым. Ақбота ханымның каналына бірінші кіруім. Осындай сұхбатқа үлкен рахмет. Айгүл ханым өте ұстамды, өз өзіне сенімді екен, сол қырынан таныдым сұхбаттан. Маған ұнағаны Айгүл ханым жолдасының разылығын алып жүрген әр ісінде. Күйеуінің разылығы Алланың разылығы демекші, Алла Тағала жұмыстарыңызға береке берсін. Жаңа жобаларыңыз, жаңа бизнес идеяларыңыз көбейе берсін.

  • @ZhaniyaZhumabek
    @ZhaniyaZhumabek 5 месяцев назад +1

    Айгүл ханымнан ешқандай курс алмасам да трендиолдан бері үнемі қарап жүремін, шынайылығы мен таза көңілмен, ниетімен баурап алды. Көз алдымда өсіп, қаншама белестерді бағындырғанына қуана қарап отырамын! Мотивация алам, тура өзімді көргендей болам. Подкастты көріп отырып , жұмыс істеуге не деген желаниииее ұрып тұрғанын сезіндім. Аллам ниетіңіз таза мөлдір болғаны үшін де бере береді деп ойлаймын, осы бетіңізден таймаңыз, өсе беріңіз. Сізді көріп қазақтың қаншама қыздары, келіндері бой түзеп, ой түйіп отыр. Сіз бізге үлгісіз ❤

  • @user-hk3xs1ei9c
    @user-hk3xs1ei9c 5 месяцев назад +3

    Керемет ашық сұхбат болды! Айгүл ханымды бірінші рет көріп, танысып отырмын. Өзінің көп минустарымды ашып айтып берді деп айта аламын. Өзіміз негізі минустарымызды мойындамай , менікі дұрыстыққа салып жатамыз ғой. Күйеуіне деген сыйластығына тәнті болдым🥹 Көп қыздардан, ортада болғанда естіп жатам өзі де күйеуі де жұмыс жасайды бірақ күйеуінің ақшасына разы емес ештенеге жетіп жатқан жоқ, мен бәріне төлеп, балаларымды киіндіріп отырмын деп міндетсініп жатқандарды көргенде қарным ашып қалатын. Мен де декретте отырған келіншекпін. 1 қызым бар тәп-тәтті . Күйеуім Аллаға шүкір айына миллион тауып отырса да, мен де тура осы Айгүл ханым секілді ақша сұрауға ұяламын, неге мен ғана осындаймын ба осы деп ойлап жүрген едім қазір осы сұхбатты көріп отырып әйел адам бәрінде осылай болады екен ғой деген түсінік пайда болды . Оны мен минус деп санамаймын, оған ренжімеймін де. Просто мен күйеуімнің барлығын ойлап, үй алайық, машина алайық , бүйтейік сүйтеміз деп күнде ақылдасып жүргендіктен менде артымды ойлап қоя ғойш деп үндемей салам. Шүкір бірақ сұрасам жоқ демейді. Айгүл ханымға тілегім табысыңыз өсе берсін, өмір жолында мойымаңыз. Сіздің осы қарапайым қалпыңызда қалғаныңызды қаламаймын.❤

  • @user-xg6jf7mz9h
    @user-xg6jf7mz9h 5 месяцев назад +2

    Оте керемет сухбат болды. Энергия мыкты Айгуль ханым. Сиздин сухбатыныздан кеин енбектенип жумыс истеуге ниет катты ашылды. Абай атамыз айтпакшы "Енбек етсен еринбей тояды карнын тиленбей"

  • @user-bb5mb3rh6z
    @user-bb5mb3rh6z 2 дня назад

    Айгөлек жарайсың!Күлгендерді мойындаттың!

  • @ZemaBarber
    @ZemaBarber 4 месяца назад +2

    Акбота я покупал ваш курс из за вас я проехал город когда я мечтал переехать. Капец я многим говорю то что вы поменяли мне жизнь . Когда нибудь тоже буду на подкасте у вас 😮

  • @user-ix2wr3me3g
    @user-ix2wr3me3g 5 месяцев назад +1

    Еңбектерің жансын. Көп қыздар мотивация алады деген үміттемін.

  • @Amini__mini
    @Amini__mini 5 месяцев назад +1

    Подкастер сұхбат берушіні адам, тұлға, маман ретінде де мықты ашты. Соңына дейін бір деммен қарап шықтым. Оқиғалардың ішіне кіріп кеттім. Ішінде нақты мына оқиға өтті деуге, бөлшектеуге келмейді, осы подкаст тұтас ағза сияқты әсер қалдырды. Душевный подкаст получился✨ Сұхбат берушіні осы подкаст арқылы білдім. Осындай подкасттар легі тоқтамасын✨🌸

  • @dilyarata
    @dilyarata 5 месяцев назад +3

    Осы подкаст қалай көзіме түсті білмеймін. Өйткені көбінесе орысша тыңдаймын. Бірақ өте қызық, душевный подкаст болып шықты.
    Екеүініз де өте мықты, ашық, уникальный әйелдерсіз❤️
    Мотивация керек болған кезде өте пайдалы сұхбат🔥🔥🔥

  • @user-bh7jn2nk1z
    @user-bh7jn2nk1z 5 месяцев назад +1

    Керемет әсерлі поскаст болды, 5 баламмен 10 жыл болды үйде отырғаныма жақсы мативация алдым,енді өмірімнің жақсы жаққа өзгеретініне сенімдімін, рахмет сіздерге, Айгүль ханым ең бастысы енесінің ақ батасын алған келін, екіншіден сабырлығы күшті болған жан, үшіншіден күйеуінің айтқанынан шықпаған жан және де еңбек қор адамсыз 👍🫶👏 енді соның бәрін шыдай алғандықтан, кәзір жемісін көріп отырсыз👍👏

  • @94-ne8fk
    @94-ne8fk 2 месяца назад +1

    Айгүл ханымның историясын естип, корип дәл қазіргі озимди кордим, өте көп инсайт болд🎉❤❤❤

  • @Qaragoz2024
    @Qaragoz2024 5 месяцев назад +3

    Қандай еңбекқор, ашық, әдемі қыздар қазақтың, Алла ниеттеріңізге берген ғой, үлкендерді сыйлау, жолдасын сыйлау өте жақсы құнды іс әрекет, жолдарыңыз ашық болып, шауып жүре беріңіздер Қазақтың қайсар қыздары❤❤❤

  • @user-ce8jd7qi8p
    @user-ce8jd7qi8p 5 месяцев назад +2

    Бир демде тындап шыктым, мыкты дим да, мен де сол моменттерде кол онермен айналыстым бирак инста, рилс дегенге кызыкпаппын🥺 сол бети выгорание болып тастап кеттим, енди иштей бир окиниш боп калды😔. Ханымдар сиздерге рахмет❤

  • @user-dc3ex9kf3h
    @user-dc3ex9kf3h 2 месяца назад +1

    ЕНЕСІ КЕРЕМЕТ ЖАН БОЛЫПТЫ❤❤❤❤