АЛТЫНБЕК ҚОРАЗБАЕВ: МИЛЛИОНЕР БОЛСАМ ДА, КӘСІПКЕР БОЛА АЛМАДЫМ...
HTML-код
- Опубликовано: 28 дек 2024
- Ассалаумағалейкүм!!! Құрметті достар, Қазақстанның халық әртісі, белгілі сазгер, әнші Алтынбек Қоразбаев Дулат Тастекеймен болған сұқбатта ағынан жарылды!
Арнамызға жазылып, лүпіл басып, бөлісуді ұмытпаңыздар!!!
Сұқпаттарыңыз өте тамаша ұлағатты, Тыңдар құлақ болса, Берері теңіз толқын дарядай🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥
Рахмет көп жаса ! Біздің ауылда да солай болған екен- көпшілігі ұлдар, соғыстан кейін туғандардың
керемет сұқпат, қазақша сөйлейтін қазағым көбейіп, тіл мәртебесі асқақтай берсін
Дулат бауырым!
Аман-есен бол! Тәңір тілеуіңді берсін!
Тәңір тілеуіңізді берсін!
Аман есен болыңыз!
Заманы да, ой өрісі де бөлек адамдар ғой... Тек бойындағы қасиет, қабілетін шын жүректен, адал еңбекпен көрсете алған жандар ғой...❤🎉
Керемет сұхбат! Алтынбек ағамыздың әндерімен өскен ұрпақпыз, мектеп қабырғасында оқып жүргенде, марқұм ата-анамызбен теледидардың алдында отырып, тыңдап өстік Алтынбек ағаның әндерін! “Қара кемпір”, “Қара шал”, “Бозторғай” әндеріне қосыла жылаған сәттерімізде болды. “Сағындым Алматымды” әні ше, асқақ Алатаудың етегіндегі ертегі қала, жұмақ қала, әр қазақтың жүрегінде мәңгі орын алған арман қала Алматымыз туралы әнді білмейтін қазақ жоқ шығар! Өте әдемі әңгіме болды! Алтынбек ағамыздың толыққанды портретін дейміз бе, өмірлік ұстанымдарын дейміз бе, жалпы қадір, қасиетін, адамгершілігін аша алған сұхбат болды! Журналист болмаса да, өте сауатты әңгімелесе білген, өзі де халқына қарлығаштың қанатымен су тасығандай еңбегімен көмек қолын созып, ел экономикасына үлес қосып жүрген бірегей бизнесмен Дулат Тастекеевке қарапайым көрерменнің атынан зор алғыс айтамыз! Мерейі үстем болсын!
Кандай жаксы ангме.Бул кысы классик эстраданыны.
Тамаша сұқпат осылай болғанына шын жүректен ризамын.
Дулат сәлем.Керемет сұқпат.Менің қазақша сөйлейтін үш досым.Жанат Сыздқова.Алтынай Атай.Жамал Орынбасарова.
Ага рахмет мен каракалпакпыз сизге катты риза болдым иманлы азамат екенсиз шакиртлериниз де озинизге уксаган екен.
Ассалаумагаликум калайсыздурыс сиз сиякты азаматтар коп болсын калаларда казактандыру жумысы коп болса тилимиз дамиды оседи
Жақсы жан жасасын ағаларымыз
Ер қазынасы - жүрген із, Ел қазынасы - көне сөз, Тіл қазынасы - ескі сөз. Тілге байланысты жақсы мақал. "Жақсылар өтіп кетті бұрын бізден, Біз адастық жақсылар салған ізден" өте мағыналы айтылған.
👍
❤
Алла тағала кешірімсіз адамдарды мен де кешірмеймін деген. Күнәларыңызды кешірмесе НЕ боласыз.
Қазақ елінде өз тіліміздің қорланып, өзге тілдің қорғалып жүргеніне қарны қатты ашып жүрген қазақтардың бірімін. Бірлік бар жерде - тірлік бар. Тілімізді тірілтейік, ағайын!
...Ұлтпыз дейміз ұялмай да қызармай,
Түсінбедік, не боп кеттік біз, Алла-ай?!
Тәуелсіздік алғаныңа 30 жыл,
Тілім тұр-ау Орданы әлі бұза алмай...
Тілін,дінін,дәстүрін біліп,Онсаусағынан өнер тамсын.Мәдениетіміз мәнді болсын,Тұрмысымыз сәнді болсын.Бәрін айта бірін айт,Дербестігіміз мәңгі болсын.
Өте керемет сұқбат-әңгіме болды.
Бірінші-Ұзақ жасты өмірлі бол,Екінші-адал кәсіпке бейімді бол,Үшінші-тіл мен көзден аман бол,Ғылымға өнер менен зейінді бол, Төртінші-қатарыңда кемелді бол,Бесінші-берекелді,беделді бол. Аман бол Дулат айналайын.💞
Əркім өз отбасынан бастауы қажет. Көбіне орыс тілінде сөйлейтін Қостанайда бұл өте өзекті мəселе.Бұның ең үлкен кесірі-аралас некеде.Дүбара ұрпақ өспес үшін қазақтың жігіттері тірілу керек.
Қазіргі уақыттағы өте өзекті мәселені қолға алғаныңыз бізді қуантады Дулат аға. “Тілім ертең өлсе мен бүгін кетуге дайынмын” дейтін азамат ретінде, ұлттың рухын көтеруге ат салысатын айтыстың жанашыры ретінде, зиялы қауымның абыройын көтеретін меценант ретінде, Семейдің қақ ортасынан бой көтерген үлкен мешітті жамағатқа табыстаған иманды азамат ретінде құрметтейміз. Қазақ тілінің деңгейін көтеру үшін үлкен мем. бағдарламалар емес, өзіңіз бастамашыл болып, қарапайым ғана халыққа жететін тәсілмен таралу деңгейін арттыруға болатынын дәлелдеп келесіз. Біз сізді қолдаймыз. Ұлтымыздың керемет тілі -қазақ тілінің дәрежесі көтеріле берсін. Әр қазақстандық- қазақша сөйлессін✊🏻✊🏻✊🏻.
Мемлекеттік тіл егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де - мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп жазылған. Әрбір Қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындауға тиіс. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен байланыса алады. Елбасымыздың жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» -деген болатын.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл - халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі - ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, тәрбие тілден басталады дейді. Тіл меңгеруде ата-ана мен білім ұяларының рөлі ерекше екенін, әр отбасы бесіктен бастап балаға қазақ тілін үйретуді қолға алу басты мақсат. «Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас» демекші өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. Қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт. Бірақ қазақ тілі - тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл - ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді ұлтымызды, отбасымызды қадірлегендей қадірлейік! Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт деп ойлаймын. Тіл - адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық берілетіні анық. Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл ақылдың - өлшемі. Тіл - адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру - ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген даналық сөз бар. Әрине, құптарға боларлық ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде өз тілімізден алыстап кетпеуіміз керек. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі - ұлттың тілі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да - тіл. Ол - қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл - ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры - баршамыздың қолымызда. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.Тілдерді дамыту - елдердің мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз дұрыс. Тілді насихаттауда,үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметі мол болуы тиіс. Әрбір отбасында, осындай тілге деген жанашырлық болса, тама-тама тамшыдан дария болар дегендей, тіліміздің жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілер деп ойлаймын. Елбасымыз айтқандай «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі жас отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқысы болған - оның ғажайып тілі».
Түйін. Тілге деген құрмет - халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі - ел мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтерейік. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Бұл біздің басты парызымыз.
Тіл - мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл - ұлттың тірегі. Тіл - өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы.
"Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардың да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі "Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек”.
Дулат Тастекейдің жүргізіп жүрген сұхбаттарының барлығы да кәсіби журналисттен кем түспейді.Сұхбатқа келген әрбір тұлға ақтарыла әңгіме шертеді.Қойылған сұрақтар да орынды,сөзге қонақ бере отырып әдемі әңгімеге тартуының өзі де шеберлік👍🏻
Қайнаған қанның, шырылдаған жанның, төгілеген тердің күшімен келген ана тілімізде қуанышыңды, мұңыңды, махаббатыңды ерекше жеткізесің, өйткені бұндай сөздік қор орыс тілінде, күллі ғалам сөйлейтін ағылшын тілінде де жоқ. "Өзге тілді бәрің біл" деп жүріп "анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмытып", "халқымыздың өткенінен де, болашағынан да қол үзіп қалмайық".
Қазақ тілі- ата- бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безіп, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды да жиі көремін. Қуғын- сүргінге ұшырап отырып қара сумен оразасын ашқан Әлихан Бөкейханов аталарымыз қазақ тілі үшін талай терін төккен.
Ана тілімізге деген сұранысты тудыру қажет. Қазақ тілі -қазақ бизнесінің, қазақ кəсібінің тілі болуы тиіс. Сол үшін дұрыс аударма керек.Ана тіліміздің деңгейін көтеру үшін өсек-аяң, өтірік пиар бағдарламалар керек емес. Салмақты жобалар жасалуы қажет.
Ағаларым дара үнді еренсің,
Әрбір қазақ сіздерменен теңелсін
Тәлім алсын білім алсын шабытпен,
Отты сөздер кемелсіздер кемелсің,
Алтын көпер ұрпағына дарасың,
Дараланып ғасырларға қаласың
Нағыз қазақ қане десе міне дер
Әрқашанда жүлдыз болып жанарсың👍👍👍👍👍👍🔥🔥🔥🔥🔥🔥🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲
Ақсуаттан осындай жігіттер шыға берсін еңбектерің жана берсін
О
Алтеке, амансыз ба?
Мен сіздің мына сұқбатыңызға
ырзашылық білдіремін.
* Жетім көрсең жебей
жүр. *
* Бұлақ көрсең, аша жүр * деген қазақтың
аталы сөзін қолынан келіп тұрса да іске
асыруға ынтасыз жетесіз байлар жетерлік.
Жетім -- жесірлерді жебеудің орнына жерге тығып,
орға итеріп жатқандаға
күә болып журміз.
Бұл, бұрын болмаған жанға жайсыз жаман қасиетті бізге сіңдірген
Құдайсыздық, атеизм,
имансыздық дейміз бе????
Менің ойлайтынмын, дүние жүзінде қазақтай мейірімді халық жоқ деп.
Кейінгі жылдары
тасжүректер көбеюде.
ДУЛАТ, БАЛАМ РАҚЫМЕТ.
ӨТЕ ЖАҚСЫ СҰҚБАТ.
АМАН ЖҮРІҢІЗДЕР.
ШЫМКЕНТ.
Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді
құрметте! Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы
"Тіл-жұрттың жаны. Тілден айырылған
жұрт- жойылған жұрт" Қазақ тілі біздің ата-
бабаларымыздың артынан қалған баға
жетпес мұра болып табылады. Жалпы біздің
мемлекеттік тіліміз тәуелсіздігіміздің жырын
жырлап, бұғанасын қатайтты. Бірақ бұл
байлығымызды қазіргі жастар бағалай
біледі ме? Менің ойымша, қазіргі көп жастар
бұл құндылығымызды бағалай білмейді.
Америка, Корея сынды елдерге қызығып,
еліктеп жатыр. Орыс тілінде сөйлеу оларға
тіпті сән, қазіргі тілмен айтқанда "мода"
болып кеткен. Қазақша
сөйлемейтін,қазақша білмейтін
азаматтардың Қазақ жерінде жүргені өте
ұят нәрсе деп санаймын. Бұл мәселе
ушықпай тұрған кезде, мына біздер,
өзіміздің достарымызды,
жолдастарымызды қазақша сөйлеуге
итермелеуіміз қажет деп санаймын. Қазақ
тілін көркейту, дамыту біздің қолымызда
екенін ұмытпауымыз қажет. Өзге тілдің
бәрін білгенімен, өз тілімізді бағалай
білейік!
ҚР мажылыс залындағы депутаттың жолдауы, бұл бірінші рет болып тұрған жоқ, Қазақша сөйлеген сөзін жазып жолдадым, инстаграмда толықтай жолданды,
құрметті Нұ, Нұрлан Зайролла ұлы, құрметті депутаттар, қаралап, қаралып жатқан заң зобасы өте өзекті, қолды, қолдаймыз, заң зобасында уакілдің өңірлік өкілдерін қорғау, имунитеті туралы норма қарастырылмаған, ыы қарыстрылмаған, набород, меня рас, не вклучни нормы, перевод не правильно, нету норма, нор, норма қарстрылмаған, не пруду смайт, конституцяға сайкес уакілді приздент ұстанады, сенат депутаттары сайлайды, яғни уа, яғни уакыл конституцялық ал окл, ал окі, ал окілдерді мәслихат келс, маслихат келісмі бойынша уакіл өзі тағайындайды, өкілдердің құзырет шеңбері, шеңбері аздау, меншы, меншы конференся,
-Нұрлан Нығматулиын
оны кімге аударып жатсыз, бізгема, өзіңізге ма, күлді, 😃😃
Еліміз тәуелсіздік алғанына 30 жыл толса да, мемлекеттік тіл мәселесі толығымен шешімін тапқан жоқ. Мемлекеттік тілді сол мемлекетте өмір сүретін әрбір адам білуге міндетті екені айтпаса да түсінікті. Бірақ біздің елімізде мекендейтін өзге ұлттарды былай қойғанда, біздің өз қандастарымыз қазақтардың үлкен бөлігінің қазақ тілін білмеуі, білсе де өз ана тілінде сөйлегісі келмейтіндігі жасырын емес. Осы орайда, "Қазақ тілі қазақстандықтардың емес, әуелі қазақтың тіліне айналды ма?" деген заңды сұрақ туындайды. Қазақ тілі қазақтың және барша қазақстандықтардың тіліне айналуы үшін қоғамда осы тілді білуге деген қажеттілік пен мұқтаждық қалыптасуы керек деп ойлаймын. Қазақ тілі биліктің тілі, БАҚ-тың тілі, экономика мен ғылымның тіліне айналуы керек. Сонда ғана қазақ тілі әуелі, қазақтың және барша қазақстандықтардың тіліне айналады. Қазақ тілі шынайы мемлекеттік тіл мәртебесін иеленеді.
Дулаттай ақшалы ағам қанша ақша берді екен Алтекеңе😊
Өзің қиянат жасағандарды ше?