Данияр Жігітбек: Дәстүр, кітап оқитын ел / Narikbi LIVE #82

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 1 окт 2024

Комментарии • 198

  • @NarikbiLIVE
    @NarikbiLIVE  8 месяцев назад +47

    Дәстүр бойынша, біздің ютуб арнамызға тіркелуді ұмытпаймыз.
    Рахмет!

    • @НурлыбекАманбаев-х2л
      @НурлыбекАманбаев-х2л 8 месяцев назад +3

      Заңмен реттелген бірі жолда көліккпен жүру, жол қағидаларын бұзбау. Оның бірден бір себебі сергек)

    • @tynyshtyktolendieva6879
      @tynyshtyktolendieva6879 7 месяцев назад

      Ййғз ңұэә🤩😛😮😅😊ұғ😊😊😍😶🥰😚🤗😢😮😅😊😊🥲😇😢😊😢😊😶😚😚🤗🤩🥲😶❤😂​ңқ😊😊❤😂😮😂😊😊@@НурлыбекАманбаев-х2л

  • @zhulduzmedeu6320
    @zhulduzmedeu6320 8 месяцев назад +153

    1 сағат 50 минутымды дорама көріп өткізгелі жатыр едім... Бұл подкасттың басында бір жылап алдым. Қыздардың ішінде жатқан жан айқайын дәл басып айттыңыздар. Елге қызмет етуге деген бір керемет мотивация болды. Алған инсайдтарым өте көп. Тіпті оларды жазып үлгермей жатырмын. Ең қатты өткені әдәлеттілік жайында айтқандарыңыз және: "Ағартушылықта аз,көп деген форма жұмыс істемейді. Бір адамды құтқарғаның, барша адамзатты құтқарғаның",- деген сөздер. Алға қойған мақсаттарыма дұрыс бағыт бағдар бердіңіздер маған. Сіздерге көптен көп алғыс айтамын❤ 1 сағат 50 минутымды арнауға тұрарлықтай дүние болды.

  • @newchemist
    @newchemist 8 месяцев назад +33

    Ер адамдардың білімге қызықпауы, дұрыс білім алмауы - өзекті проблемалардың бірі 😢

  • @Qazaq.Aqtobe
    @Qazaq.Aqtobe 8 месяцев назад +48

    Осындай Қазақ тіліндегі бағдарламалар дами беру үшін таратып, лаик басып отырайық ағайын!

  • @Ben_blog
    @Ben_blog 8 месяцев назад +18

    “Подкастты да ойлы адамдар көреді” деген фраза әдемі екен

  • @keremet-v2y
    @keremet-v2y 8 месяцев назад +40

    Осындай акылды казак жігіттерінің ата-аналарына алғыс! Үлкен сауапты іс жасап жатырсыңдар! Алла разы болсын!

  • @gulmarzhan_2291
    @gulmarzhan_2291 8 месяцев назад +25

    Керемет подкаст! Ой саларлық екен. Даниярдың “ Мынаны мен істемесем кім істейді?”-деген сұрақты әр адам өзіне қойып, ұлтқа, жан-жағыңа ізгілікті жаюда қолдану керек екен. Және мына сөзі ұнады: “ Әр адамның әсер ете алатын аумағы бар. Сол әсер ететін аумағында жақсылықты жая беру керек”-деген. Ұлтқа, елге қызметтеріңіз жүзеге аса берсін! Алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін!

  • @ГулсимТобан
    @ГулсимТобан 8 месяцев назад +34

    Қазіргі таңдағы ең маңызды тақырыптардың бірі қыз бен бала арасындағы айырмашылықты, тәрбие жайлы жақсы әңгіме қозғалды . Сіздерден ақыл кеңестеріңізді бөлісу болса, біздің тараптан тыңдап , өмірімізге қолдану . Рахмет сіздерге ❤️

  • @martanabatova1753
    @martanabatova1753 8 месяцев назад +30

    Қоғамда осындай ер азаматтар барына қуанамыз. Еңбектеріңіз елене берсін.

  • @makpalabisheva5165
    @makpalabisheva5165 8 месяцев назад +5

    Данияр, Нәріпби қыз тәрбиелеуден қорықпаңыз! Қыз туылса қорықпаңыз! Ұлды тәрбиелегенде қорқыңыз! Ұлды дұрыс тәрбиелесеңіз, қыздардан проблема жоқ. Қыз: мені зорлашы, маған зорлық-зомбылық жасашы демейді ешқашан. Мәселе қызда емес. Мәселе ұлдың тәрбиесінде екенін түсінсеңіздер екен.

  • @a.nurlanqyzy
    @a.nurlanqyzy 8 месяцев назад +13

    Тамаша подскаст! Өте қатты ұнады! Құндылықтар мен тәрбиені насихаттайтын дәріс болған сияқты. Ұлтқа қызмет ететін Мағжан сенген осындай жалындаған ағартушы жастарымыз болса еліміз алға қарыштап дамитыны анық! Алға жігіттер! Алланың нұры жаусын! Әрбір бастамаларыңыз берекелі болсын!

  • @rumeisagoi
    @rumeisagoi 8 месяцев назад +36

    Көп подкасттарда тек қонақтар сөйлеуші еді. Ал бұл подкастта Данияр аға Нәрікби ағаның да ойын сұрап, бірге тілдескендері ерекше болды 😍 Подкаст үшін рахмет! Данияр ағаның сөз-таптауы және жеткізе білуі ғажап!💔

    • @asselkondybayeva6633
      @asselkondybayeva6633 8 месяцев назад +3

      Өйткені өзінің де подкасты бар, проф. деформация шығар😅

    • @rumeisagoi
      @rumeisagoi 8 месяцев назад

      @@asselkondybayeva6633 Ия түсіне біледі , сондай-ақ басқаның да ойын құрметтейді 💔

  • @dilnaz111
    @dilnaz111 8 месяцев назад +8

    Күнім бос өтіп жатыр деп едім осы 1сағат 50минут көңілімді орнына түсірді😌 Рахмет ағалар🤍🤍 бұл комментті мен жазбасам кім жазады деп жазып отырмын😁😁😁

  • @Aiko002
    @Aiko002 6 месяцев назад +3

    Ұл мен қыздың тәрбиесінің айырмышылқатарын керемет айттыңыздар. Бала тәрбиесі әсіресе ұлды дұрыс тәрбиелеу мазалап жүр еді

  • @eskeal_podcast
    @eskeal_podcast 8 месяцев назад +10

    Данияр ағаның сторисынан көріп, содан бері күтіп жүрген подкаст еді, көріп бір қуанып қалдым. Подкастта қыздың тағдыры, қоғамдағы орны туралы жақсы айттыңыздар. Шынымен де қалада болсын,ауылда болсын қыз/әйел адамдардың қауіпсіздігі қиын мәселе, барлық жігіттер жалпы ерлер қауымы осы подкасттан кейін кішігірім өздерінің әрекеттеріне назар аударып, жауапкершілік сезінсе екен деген арман бар... 🥹
    тәрбиеге қатысты да дәл солай. Мүмкін болашақ ата-аналар осы подкастты тыңдап балаларын тәрбиелегенде осы подкастта айтылған ойларды ескерер:)
    Бір кітапта жазылған екен "жақсылықты елу адаммен бастасаңыз, біраздан кейін елу мыңға айналады" деп. Кітапал клуб, ауылға кітап жобалары соған дәлел сияқты.
    Сіздердің дәстүрлі подкасттарыңызға қарап, өзімде бір артқа қайтып, жарты жылдығыма есеп беретін кезең басталып жатыр.🙂
    Нәрікби аға, Данияр аға рақмет үлкен, сәттілік екеуіңізгеде!🙌🏻✨

  • @tanaka4984
    @tanaka4984 8 месяцев назад +2

    Монголиядағы 11 клуб ?? Клубқа бізде кірейікші

  • @ainur8968
    @ainur8968 8 месяцев назад +3

    Осы Данияр Жігітбектің подкастын тыңдап, kitap al-дан кітап алып, балаларымның кітап оқуын әдет қылдым. Қолдарі сәл босаса таласып тұрып кітап оқиды. 3-ші,5-ші класс оқиды.

  • @BakbergenKudaibergenov
    @BakbergenKudaibergenov 8 месяцев назад +8

    Осындай құндылыққа толы подкасттар көбірек шыға берсін🤲🏽
    Нәрікби аға сізді бірінші рет көруім шыны керек, соңғы 3 айда кітапқа қатты қызығып, жеке даму, әдет қалыптастыру сынды тақырыптар аясында кітаптар оқыдым және оқуыма бір себеп болған КІТАПАЛ ПОДКАСТ. Содан кейін Данияр, Мирас, Шразаддин ағаларыма қарап, олардың қаншалықты менің өзгеруіме септігін тигізгені үшін алғыс білдіремін🙏🏽
    Бұйырса жаңа подкасттар күтемін, ісіңізге береке берсін❤

  • @aigerim_gazizzova
    @aigerim_gazizzova 8 месяцев назад +7

    Өте дұрыс айтасыз Данияр аға, бізде бәрі керісінше ер баланы өбектеп қыз баланы шеттетіп жауапкершілікті қатты артып қойған, соның кесірінен кім болғысы келе алмай жүрген 30дағы ер жігітті көрсек 16 жастағы потенциалы биік ақша табуға құмары биік қыздарды көп көрудеміз

  • @newchemist
    @newchemist 8 месяцев назад +3

    Жарадыңдар, жігіттер! Өзекті тақырыпты қозғап жатырсыңдар!

  • @newchemist
    @newchemist 8 месяцев назад +3

    Құнды подкасттар көбейе берсін!

  • @asiya_alihanqyzy
    @asiya_alihanqyzy 8 месяцев назад +5

    3:52 5 күн түсірілген Әсет Есжаннан естідім. Актерлік шеберлік жоғарғы деңгейде мықты рөльдерін алып шыққан.

  • @symbatsimbat
    @symbatsimbat 8 месяцев назад +8

    Әдемі подкаст үшін алғыс білдіремін 🌸 сіздердей ойланып, түсіне алатын ер азаматтардың бар болғанының өзі қамқорлықта екеніңді сездіреді екен🥰

  • @venerasherubaeva765
    @venerasherubaeva765 8 месяцев назад +8

    Осындай білімді, тәрбиелі/иманды жастарымыздың болғанына Аллаға шүкір деймін. Қазіргі кезде дәстүр, имандылық туралы мәселе неге көп көтеріледі. Біздің қазақ ұлтының қаны өте таза халық, ата-бабамыз өте данышпан әрі білімді болған, ата-бабадан қалған жырлар, мақал-мәтелдер, т.б. айтылған сөздері сүйектен өтеді. Егерде қазіргі заманда әр отбасы балаларын өзіміздің салт-дәстүрмен тәрбиелесе, кітап оқуды үйретсе, келешекте балаларымыздың келешегі өте жақсы болады. Данияр балам, ісіңе сәттілік тілеймін, биіктен көріне бер.

  • @Болашақ-х1т
    @Болашақ-х1т 8 месяцев назад +5

    Керемет, тақырыптар тереңнен қозғалды. Салт-дәстүр мен қазіргі пікірлер, заңдық нормалар бір-бірімен сабақтастырылып ашылып отыра санаға жеткізілдіі. 👍👍👍💥💥💥

  • @mom_from_ala
    @mom_from_ala 8 месяцев назад +1

    Риторикалық сұрақ: кызды тәрбиелеуден коркады, өскенде оған ұл баласы кастандык жасайды деп пе?!
    Өздігінен кыз баладан зорлық - зомбылық шығады ма?!
    Керсінше, ұлды тәрбиелеу киын екенін дәлелдемей ме казіргі қоғам?!

  • @Alima.y
    @Alima.y 8 месяцев назад +3

    Қызсың ғой деген күшті манипуляция. Қыздың жиған жүгіндей, қырық үйден тию т.б сөздер бар. (Түсінген адамға даналық бар. Бірақ манипуляция жағынан алсаң жаман)
    Ұлдарға да жігіт жыламайды деп манипуляция жасау оңай.
    Қыздар мен ұлдарға іріктеуден өту шарттары да басқаша

  • @ГулбануСагигалиева
    @ГулбануСагигалиева 5 месяцев назад +1

    “Елге қызмет ету” деген тіркесті Григорий Петровтың “Финляндия қалай оянды?” деген кітабынан біраз түсінген едім. Бұл подкаст осы түсінігіме үстеме берді. Көп рақмет!

  • @КамилаАлтынбекова-н8ъ
    @КамилаАлтынбекова-н8ъ 8 месяцев назад +6

    Өте керемет әрі нағыз қоғам дертін қозғаған өзекті подкаст болды, осындай еңбек үшін рахмет.

  • @Aidyngaliyevab
    @Aidyngaliyevab 8 месяцев назад +4

    “Әр адамда мен бір кітап жазып қалдыруым керек деген мақсат болу керек. Демек, сенің өмірің де кітап жазуға тұрарлықтай болу керек. Егер өмірің кітап жазуға тұрарлықтай болмай жатса, солай жаса.” 👍👍

    • @Ereke_P.
      @Ereke_P. 7 месяцев назад

      Керемет айтылған екен.

  • @Alima.y
    @Alima.y 8 месяцев назад +3

    Әділдік дегенге қатысты Санжар ағаның ойын келтірейін. Мағынасы: әділетсіздік, коррупция үмітті үзіп жібереді. Бұрын аса мән бермеппін. Бірақ ойландыратындай нәрсе...

  • @Babalarsozi
    @Babalarsozi 8 месяцев назад +1

    Дәстүрдің құлдырауы, отбасы құндылықтарын, тәрбие жайлы Санжар Керімбай ағамыз жақсы өркендетіп, жаңғыртып жатыр деп ойлаймын

  • @FLOWERDANA
    @FLOWERDANA 8 месяцев назад +1

    Бір еуропалықпен, сол жақта ұзақ тұрған қазақ адаммен ағылшынша орысша подкаст жазып көрсеңізші, қызық тәжірибе болатын сияқты.

  • @saltanatarmanovna8746
    @saltanatarmanovna8746 8 месяцев назад +2

    Данияр ағамыз өзі жүргізуші боп кетеді кейбір моменттерде, “ауру қалса да әдет қалмайды”😂

  • @КайратНысанбеков-д8й
    @КайратНысанбеков-д8й 8 месяцев назад +3

    Екінші рет бастан аяқ тыңдап шықтым. Осындай подкасттарды тыңдаған сайын адам өз бойындағы кемшіліктердің қырғын екенін сезіне бастайды екен. Көп рахмет. Еңбектерің із жана берсін!

  • @ҚұрмангүлДудабаева
    @ҚұрмангүлДудабаева 8 месяцев назад +3

    Өте керемет подкаст болды. Данияр нағыз Ыбырай Алтынсарин , Ахмет Байтұрсынов бабаларымыздың ізін жалғастарушы ағартушы азамат екен. Елім жерім ұрпағым деген осындай азаматтар көп болсын.

  • @МайраШынгысбаева-и4ю
    @МайраШынгысбаева-и4ю 8 месяцев назад +3

    Raqmet, Narikbi! Данияр ісіңізге сәттілік тілейміз! 🤲🤲🤲💯💯💯🌟🌟✨

  • @НурланТолеген-и3ж
    @НурланТолеген-и3ж 5 месяцев назад

    Ассалаумағалайкум! Керемет! Данияр тоқтамаңыз!!!

  • @КайратНысанбеков-д8й
    @КайратНысанбеков-д8й 8 месяцев назад +4

    Аудиоподкастты қалай тыңдасақ болады?

  • @sazhida-h1l
    @sazhida-h1l 8 месяцев назад

    Екеуіңіз 2 бөлек жерде подкаст жүргізіп отырсыздарма

  • @bsbchannel4512
    @bsbchannel4512 2 месяца назад

    Ассалаумағалайкум бізде Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы бар соғанда кітап жеткізесіздерме?

  • @ЖансерикАльжанов-ь6э
    @ЖансерикАльжанов-ь6э 8 месяцев назад +2

    Кітап оқу көп болсын, бір-бірімізге кітап сыйлайтын елге айналайық!

  • @asetysqaq5264
    @asetysqaq5264 8 месяцев назад +1

    Пікірді өте сирек жазады екенмін...
    Алдымен алғыстан бастайын, адамдарға жақсы ой салып, жақсылыққа шақырып жатқан әрекеттеріңізге мың да бір алғыс.
    Бала тәрбиесіне қатысты:
    1. Сөз қозғап жатқан тақырыпта маман болмасақ, немесе оң нәтижелі ҮЛКЕН тәжірибеміз болмаса, мыңдаған қауымға ой айтудан аулақ болуды жөн санаймын. "Менің ойымша...",- деген әңгіме көпшілікке емес, жеке отырғанда айтыла берсе болар.
    2. "Қызды көп еркелету бұзбайды" деген қате пікір деп ойлаймын. Асықпаңыз! Еркелетпеу керек деген сөз емес. Шектен тыс еркелету (жөнсіз еркелету) қай балаға болсын кері әсер етеді.
    3. Жауапкершілік ұлға да, қызға да керек. Алайда оның да өз шегі бар.
    4. "Қызды қанша еркелетсең де зияны жоқ, ал ұлды қаталдау ұстау керек",- деу арқылы сіздер өздеріңіз сынап отырған жағдайға душар болуымыз мүмкін. Ойланып көрейік, ұл қатал, асқан жауапкершілік жүктелген, қыз бала еркелеп өскен, өсе келе ары қарай еркелейтін адам іздеп тұр. Нәтижесінде өз ойы, шешімі жоқ қыз бен барлығын өзі ғана шешіп үйренген ұл болғаны да, қыз баланың қыспақ көпуіне алғышарт болуы әбден мүмкін.
    Сынады деп сөкпеңіз, ниетім адамдардың ақпаратты ойлана, дұрыс қабылдауы.
    Дами беріңіздер. Адамдар игілікке дұрыс шақырудан жалықпаңыздар

  • @azharomash3880
    @azharomash3880 8 месяцев назад

    Ауылға кітап сайтының сілтемесін қайдан алуға болады

  • @assiyatogaeva
    @assiyatogaeva 5 месяцев назад

    Осы кісілермен замандас болғаныма шүкір☺️📝✅

  • @tolganayakzholtay2644
    @tolganayakzholtay2644 3 месяца назад

    Қандай керемет подкаст, көөөп пайдалы ақпарат, көп керемет инсайттар 🥰

  • @Елімүшінмәңгікүресем
    @Елімүшінмәңгікүресем 7 месяцев назад

    Данияр Аға білімі бар екенін білініп тұр ерекше отырып сөйлейді екен.

  • @krai7940
    @krai7940 8 месяцев назад +1

    Айтуға мүмкіндігің бола тура неге айтпадың деген өзімізге жауапкершілік осы сөз топ, шынымен қудайдың өзі сен қайда турғаныңды біледі, ал біз сол жерде турғанмен, оны істемей кетсек, шынымен бір пайдасыз адам болып табыламыз

  • @azhar_bb_
    @azhar_bb_ 7 месяцев назад

    Аудио подкастты қай жерден тыңдасақ болады?

  • @akerkekalikyzi490
    @akerkekalikyzi490 8 месяцев назад

    Еее Нәреке менің жұбайым он сегізге толмай босанды,Европалықтар мүлдем балапан екесің деп таңғалатын шығар ия 😊

  • @zhansulu_b
    @zhansulu_b 8 месяцев назад

    Универде оқығанда группада жалғыз ұл болған. Оқытушылар тарапынан ой пәленше ер бала болғаны үшін деп баға қойып беретін. Қыздарға әділетсіздік жасап. Маған сол нәрсе ұнамайтын

  • @Katarnaut
    @Katarnaut 4 месяца назад

    Аудиоподкасттарды қайдан алуға боладыыы😊

  • @ainur8968
    @ainur8968 8 месяцев назад

    Кыз баланы тарбиелеуге дайын болмасаныздар,ЕН БАСТЫСЫ УЛ БАЛАНЫ ТАРБИЕЛЕНИЗДЕР сонда, мундай проблема болмас.

  • @publichealthcare23
    @publichealthcare23 8 месяцев назад +2

    аудиоподкастты қайдан тыңдауға болады?

  • @aliyaadasbekova9468
    @aliyaadasbekova9468 8 месяцев назад +2

    Ассалаумағалейкум, жақсылар! Пайдалы әңгіме үшін рахмет! Алла жолына түскелі бері, әйел жаратылысы ретінде, өз ‘предназначениемді’ енді түсініп келемін. Сол тұрғыда өз тарапымнан жаңа ұрпаққа қарасты (жалпы алғанда) үлкееен жауапкершілік сезінемін. Ер адам сырттың адамы ғой, ол осы сіздер сияқты ел ішінде амал етіп, пайдасын тигізеді Алла қаласа. Ал мен әйел ретінде не істейін деген сұраққа келдім. Сапалы, хайырлы ұрпақтың дүниеге келуі әрине Алланың қалауымен, алайда, айтады ғой, ‘сақтансаң - сақтаймын’, деп. Осы идеяны алға қойғанда, егер мен барынша сапалы ұрпақты дүниеге әкелуге тырыссам және қалғанын Аллаға тапсырсам, сол ең оңтайлы шешім, менімше. Бұл жерде енді көп тармақтар бөлінеді: сапалы ұрпақ- ол менің рухани, менталды, физикалық саулығым, адамдармен дұрыс қатынасым, жан-жақты өзімді дамытуым, әлемге деген қызығушылық, тағы тағы.. Бұл жерде тағы бір пайда болатын үлкен мәселе, осындай позиция ұстанған әйел кісі, осы идеология тұрғысынан өзіне априори тең немесе деңгейі өзінікінен сәл жоғары партнер таңдауға тырысады. Оған да өзіне қойған пункттар бойынша баға береді, бір-бірімізге келеміз бе/жоқ па, болашаққа деген ойымыз сәйкес пе/ жоқ па дегендей. Бәлкім, қазірде болып жатқан көптеген ажырасу, жұбайлар арасындағы кикілжің келешекке деген жауапкершілікті сезінбеуден болар. Әйел адам тұрғысынан да, ер адам тұрғысынан да. Алла Тағала баршамызға әуелде салып қойған мағынаны түсініп, сезініп, өзімізді Алла қалағандай ашып, танып, пайдаға жарауымызды нәсіп етсін🤲🏼

    • @МадинаАйтжанова-ф1е
      @МадинаАйтжанова-ф1е 7 месяцев назад

      Әлия Адасбекова
      Сақ - Қасақ- Қазақ жауынгер халық болғандықтан қыз - ұл деп бөлмеген және 6-7 жасынан жауынгерлікке тәрбиелегені тарихтан белгілі , патшайым , қолбасшы , елін- жерін қорғаған батыр және ешуақытта ешкімге бағынышты болмаған , өз тағдырын өздері таңдаған , еркін өскен Қазақтың қыздары !!!
      Жауынгер қыздардың отряды болғаны белгілі
      Хандық құрған замандардан білеміз.
      Ер адам , ...түздің адамы деген жабайы түсінік Қазақтың дәстүрінде болмаған , бала тәрбиесін түгелдей дерлік ,, әйел адамның "- мойнына артып қоймағаны бесенеден белгілі..!!
      Жабайы отырықшы елдерден келген,, Культ мужчины "- ұл баланы жоғары санау және қыз баланы төмен санау яғни зат есебінде пайдалану ,
      Ислам мемлекеттерінде
      әлікүнге солай , қыз баланың құқысы жоқ ,
      яғни мүлдем жоқ !!! Ислам мемлекеттеріндегі қыздардың құқысы ,
      жан- жануарлардың құқығынан төмен дәрежеде екендігі , дүние жүзіне белгілігіғой !!

  • @АмангульМайлибаева
    @АмангульМайлибаева 6 месяцев назад

    Подкаст конагы ведущий болып кетти ма, не болды? 😊Бирак, оте кызык подкаст болды👍

  • @maral.muslimova03
    @maral.muslimova03 8 месяцев назад +1

    1:11 минутына келгенде көзіме еріксіз жас келді Ағалар аман болыңыздар

  • @vze7.
    @vze7. 8 месяцев назад

    Жездухаға тіл тигізбе басқа басқа

  • @almasalmas7840
    @almasalmas7840 8 месяцев назад

    Дастур надоел уже ! Кускым келеди. Койындар

  • @ГузиКажах
    @ГузиКажах 8 месяцев назад

    Дастур киносын кормеппин бирак корсем конилим калатын сякты ойткени казирги жастар уагызшылардын уына уланып дастурге карсы шыгып жур , жады уланган ондай адамдардан жаксы кино шыгады деп ойламайм

  • @sabinaomirtay1650
    @sabinaomirtay1650 8 месяцев назад +1

    Керемет подкаст. Тек алға! Менің ең сүйікті подкасттарымның бірі👏🏻👏🏻👏🏻

  • @АкбаянБайгазы-б2у
    @АкбаянБайгазы-б2у 8 месяцев назад +1

    Данияр кушти айтты қыз бен жигиттин тарбиеси туралы.Кызды еркелетип, улды жауапкершиликти етип тарбиелеу оте улкен роль ойнайды когамда. Улт бузылмайды

  • @АқтанМубарак
    @АқтанМубарак 8 месяцев назад

    Семейден барма оқырман клуб

  • @АйшаШам-ч9ч
    @АйшаШам-ч9ч 8 месяцев назад +1

    Өте пайдалы подкаст болды 🎉 қуаныштымын ең керек кезде шықты меніңде бір мақсаттарым пайда болуға пайдасы тиді❤

  • @publichealthcare23
    @publichealthcare23 8 месяцев назад +1

    керемет! әсіресе, жақсылықты жасай беріңіз деген ой әсер етті!👍

  • @idakhar
    @idakhar 7 месяцев назад

    1:01:48 неге соны жасамасқа?!...

  • @ayazhan_orynbassar
    @ayazhan_orynbassar 8 месяцев назад +2

    🥹 elzhiretip jiberdiniz Daniyar aga qyz balasy jaily aitqanynyzda

  • @noorspro
    @noorspro 7 месяцев назад

    Дәке 🔥

  • @gulzirabeisen6328
    @gulzirabeisen6328 7 месяцев назад

    «Біреудің қызғанышын тудыратын мақсаттарынды бөліспе, қызғаныш тудырмайтын мақсаттарын бөліс»…(ортақ құндылық)

  • @karalgashm6873
    @karalgashm6873 7 месяцев назад

    Қазақ тіліндегі подкасттардың ішіндегі ең сапалысы, жұмыстарыңызды тоқтатпаңыздар, интервьюды өте қызық өткізесіз, тақырыпты зерттеп, актуальды сұрақтар қоясыз. 👍

  • @reelsfootballkz8612
    @reelsfootballkz8612 8 месяцев назад

    csgo ойнап отыр едім. Қызық болып кетті соңына дейін қарап тастап, уақыттыда қанша болғанын білмей қалдым

  • @krai7940
    @krai7940 8 месяцев назад +1

    👍

  • @msaltanat83
    @msaltanat83 8 месяцев назад

    Масару Ибуканың сөщі есіме түсті: Балаңызды жақсы көрсеңіз, оған екіншісін сыйлаңыз. Если любите своего ребенка подарите ему второго.

  • @МадинаБаделова
    @МадинаБаделова 8 месяцев назад

    Қызды болуға дайын емес әкелер, Асхат. Абжановтың папа может всё кітабын оқыңыздар!

  • @zhurttin_balasy
    @zhurttin_balasy 8 месяцев назад

    44:35 бізде ол келісімнің аты КОНСТИТУЦИЯ деп аталады

  • @bolmasin7864
    @bolmasin7864 8 месяцев назад

    Дәстүр филімінде қазақтың "дәстүрін" көрмедім. Зорланған қызды зорлаған адамға беру деген дәстүр қазақта жоқ! Бар болса бөлек атауы болушы еді.
    Оған қоса түсініксіз дінді қоса салды

  • @Bayangramm
    @Bayangramm 8 месяцев назад

    Толық келісемін ✅сұхбат боямасыз
    Данияр мырзаның кітабвн оқығам лично маған пайдасын берді✊🏼

  • @aqtolqynamanjol3357
    @aqtolqynamanjol3357 8 месяцев назад +2

    Біздің заманымыздың краштары🥰❤️❤️

  • @АйаулымҚұлназар
    @АйаулымҚұлназар 3 месяца назад

    Рақмет ❤

  • @kurortayan
    @kurortayan 8 месяцев назад +1

    Жақсы подкаст❤

  • @JZEG
    @JZEG 8 месяцев назад

    Нарікби даусын дұрыстағаныңызға рахмет отдуши тындайтын болдық 😊

  • @МеруертАсылханкызы
    @МеруертАсылханкызы 8 месяцев назад

    Подкаст үшін рахмет,көп ақпараттар алдым❤10/10

  • @РауанЖасболатов
    @РауанЖасболатов 7 месяцев назад

    Керемет

  • @boomemes
    @boomemes 8 месяцев назад

    Керемет подкаст, тамаша ойлар. Дұрыс жолдасыздар! Словакиядан сәлем жолдаймыз.

  • @zhanys
    @zhanys 8 месяцев назад

    Ол қарыз алушының несиелік қабілетін талдау негізінде бар ма әлде таяқша тәрізді кристалдар бір жауабын беріңізші кетті

  • @zhainabakyt7824
    @zhainabakyt7824 8 месяцев назад

    Қанша подкаст тыңдаймын, Нәрікби one love. Алар ілім әрқашан табылады☀️

  • @armanwsx
    @armanwsx 8 месяцев назад

    Осындай подкастарды тыңдау жасөспірім кезімде қалыптасқаны қандай жақсы

  • @akniyetzhanay1508
    @akniyetzhanay1508 8 месяцев назад

    Данияр аға қыз бен ұлдың тәрбиесі жайлы керемет айтты!

  • @aaidarqzy
    @aaidarqzy 8 месяцев назад

    Нәрікби аға, Данияр аға, сіздерге мың алғыс! Әрдайым ойландыратын сөздер айтасыздар, аларымыз көп🙌

  • @hundyzturdy8253
    @hundyzturdy8253 8 месяцев назад

    Шүкір Аллаға деп айтайын, оқыған, шетел көрген жастар өсіп (рухани өсуді айтам) келе жатыр, ел болып та өсіп кетерміз деген үміттемін.

  • @НазигулТурарбековна
    @НазигулТурарбековна 8 месяцев назад

    Жарайсыңдар ізгіліктің жолында жүр екенсіңдер.Парақшаларыңа тіркелгенмін бұрыннан оқып жүремін. Алға қойған мақсаттарыңа жете беріңдер..

  • @ИнкарОспан-е3й
    @ИнкарОспан-е3й 8 месяцев назад

    Данияр ағайға және подкасттың салынуына септігін тигізген барлық жанға Аллаһ разы болсын.Өте жақсы ой сала алды,ауылға кітап жобасымен де,кітап ал подкастыменде жақсы таныс болғандықтан,өте қызықты болды.Көп рахмеет

  • @ДинараАбдуалиева-я2щ
    @ДинараАбдуалиева-я2щ 8 месяцев назад

    Өте пайдалы подкаст, сіздер сияқты ойлай алатын ер кісілердің бар екені қуантады.

  • @merutation
    @merutation 8 месяцев назад

    35-ші минутты көріп отырып есіме түсіп кетті. "Тақуалыққа ең жақын мінез - әділеттілік"🙌

  • @toktabekkyzy
    @toktabekkyzy 8 месяцев назад

    сәлеметсізбе. Семей қаласындағы сіз атап өткен проектінің атын айта аласыз ба?

  • @bayashkinoo
    @bayashkinoo 8 месяцев назад

    Бұл подкаст мен үшін әр шығарылымының айтар ойы бар, алатын тәлімі бар топ подкасттардың бірі. Сондықтан да тоқтамаңыздар, тек алға!🙌🏻

  • @zhanys
    @zhanys 8 месяцев назад

    Зар заман ақындарының бірі ғой бірақ сосын қосыламын деп ниет еткен

  • @symbatshynybekova4269
    @symbatshynybekova4269 8 месяцев назад +1

    Керемет подкаст 😍 Рахмет көп-көп!

  • @Биологияәлемінде
    @Биологияәлемінде 8 месяцев назад

    Керемет, ой тастайтындай, ойландыратындай подкаст болды👍👍👍

  • @aiganymkairatkyzy
    @aiganymkairatkyzy 8 месяцев назад

    Керемет пайдалы подкаст болды 👍🏻Рақмет