Оның жүрегі жоқ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 1 май 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Астанада азаматтық некедегі әйелін азаптап, асқан жауыздықпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот тергеуі аяқталып, тараптардың жарыссөзі басталды. Алдымен, мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сөз алып, сотталушы Бишімбаевтың марқұм Салтанат Нүкенованы 10 сағаттан аса азаптағанын мәлімдеді. Прокурордың пікірінше, ә дегеннен-ақ өзіне тағылған кінәні мойындамай, процесс барысында мейлінше ашық болып, жаңылыспауға тырысқан сотталушы бір қателік жіберген. Әрі, сол қателігі бүкіл қылмысының бетін ашқан. Яғни, Қуандық Бишімбаев әйелін азаптаған сәттерін видеоға түсіргенін ұмытып кеткен. Ал, жәбірленуші тараптың адвокаты, экс-министрдің марқұмға небәрі 20 минут ішінде Баталов туралы 175 рет сұрақ қойғанын айтып отыр. Алайда, өзін қанағаттандыратын жауап ала алмаған соң, Салтанатты соққыға жыға берген деп топшылайды.
    Судья өткен процесте айтылған мемлекеттік айыптаушының өтінішін қанағаттандырып, Бақытжан Байжановқа тағылған айыптың бірін алып тастады. Осылайша, «Гастро-орталықтың» директоры тек аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу бабы бойынша ғана айыпталушы боп қала бермек. Міне, осымен сот тергеуі аяқталып, тараптардың жарыссөзі басталды. Алғашқы сөзді мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова алды. Прокурор сотталушының Салтанат Нүкенованы асқан жауыздықпен ажал құштырғанына күмән келтірмейді. Айтуынша, Қуандық Бишімбаев әйелін 10 сағаттан аса азаптаған. Ал, келіншегі өлім мен өмірдің ортасында жатқанда жайбарақат өзге әйелдермен сөйлесіп, кездесіп, тамақтанғаны қатыгездігінің көрінісі болды деп отыр.
    - Құрметті алқабилер, құрметті сот, мен ақылды, келбетті, бірақ жүрегі жоқ адамды бірінші рет көріп тұрмын. Оның жүрегі жоқ. Біз оның көзінен өкініш, жанашырлық, аяушылық секілді сезімдерді көрмедік. Тіпті ол жасаған қылмысын жасырып, айғақтарды жоюға тырысқан. Сотталушылар Нүкенованың көз жұмғанын біле тұра, телефонын «Фитнес-паласқа», одан кейін үйге апарған. Ал, мүсәтір спиртін айғақтар жою үшін, VIP бөлмеде әр жерге жағылған қанды, саусақ іздерін сүрту үшін әкелген.
    Бастысы, Бишімбаев сот басталғалы жаңылыспауға тырысып, кейбір сұрақтарды айналып өтіп, өзін ашық адам ретінде көрсеткісі келгенімен, бір қателік жіберді деді прокурор. Һәм сол қателігі бүкіл қылмысының бетіп ашқан. Яғни, сотталушы келіншегін қорлап, бірнеше сағат азаптаған сәтін таспалағанын ұмытып кеткен. Ал, жәбірленуші тараптың адвокаттары экс-министр марқұм Салтанат Нүкеноваға небәрі 20 минут ішінде Баталов жайлы 175 рет сұрақ қойғанын айтты. Алайда, көңіліне жағатын жауапты ала алмай, марқұмды аяусыз соққыға жыққан. Жанна Оразбахова болса, Салтанаттың өлімінде Бақытжан Байжановтың да кінәсі көп деп санайды. Себебі, жеңгесінің хәл үстінде жатқанын көре тұра, көмектеспеген. Айтбек Амангелді бауырының балалық шағы жайлы әңгімелеп, армандарына тоқталды. Айтуынша, Салтанат, әсіресе ана болуды қалаған. Сондай-ақ, жәбірленуші сотталушы Бишімбаевтың мінезін түсінуге тырысудың қажеті жоқ деді. Өйткені, көпшілік үшін жантүршігерлік қылмыс жасалған күн, Бишімбаевқа кезекті бейсенбісі.
    - Мен Салтанат қиналмай көз жұмды деп сендім, солай ойлағым келді. Бірақ, телефондағы видеолар бәрі керісінше екенін аңғартып отыр. Ол қиналған. Видеолардың бірінде Салтанат қан-қан жейдені ұстап тұрып, бұл айғақ болады, осы үшін кемі 10 жылға қамаласың деп айтады. Сосын қайта-қайта қан-қан жейдені көрсетеді. Меніңше, осы қорқынышы, яғни соққыға жыққаны жария бола ма, ел біліп қоя ма деген үрейі, түрмеге қайта түсуден қорқуы Салтанатты өлтіріп, қылмысты жасыру туралы саналы түрде шешім қабылдауына түрткі болған секілді.
    Ал адвокат Вранчев қайғылы оқиға болған күні сотталушылар мейрамханадан марқұмның мәйітін алып шығуды ойластырғанын айтты. Бірақ гастроорталыққа қарсы ғимаратта Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуі өтіп жатқандықтан, жоспарлары іске аспады деп топшылайды. Себебі, күзет қызметі көліктерін тексерсе, қылмыс әп-сәтте ашылар еді. Сондай-ақ, бүгінгі сот отырысында Бишімбаевтың да қорғаушысы сөз сөйледі. Лейла Рамазанованың айтуынша, сотталушы марқұм Салтанат Нүкеноваға аяушылық танытқан. Яғни, танысқан сәтінен бастап, көңілін аулап, қымбат сыйлықтар сыйлаған. Алайда, көтерген шаңырақтары әу баста айтылмаған шындықтың кесірінен шайқалған.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 102

  • @user-jd3rg6ut6i
    @user-jd3rg6ut6i 29 дней назад +20

    Айналайын Айжан қызым Алла қашанда қорғауында алып жүрсін Алла ұзақ ғұмыр берсін

  • @user-tz9hc7fe5q
    @user-tz9hc7fe5q 29 дней назад +18

    Айжан Аимаганова Текты кыз Бакытты бол.Казак елындегы Жалгыз Адал пракурор

    • @user-re6wh5nt5n
      @user-re6wh5nt5n 29 дней назад

      Айжан қарағым, дұрыс айтасыз. Менде осы жасымда мұндай сұмдық пен қайғыны көрмеппін. Заман тозды, адам баласы осыншама азып кетті.

    • @user-jj9jl4gi1b
      @user-jj9jl4gi1b 29 дней назад

      Одан не пайда? Сотталсада сендер ойлайсың дар, зектердин қасында жатады деп, вип хатада жатады, интернет, керек десең қыздарда болады, азаппен емес кайф пен демалып 3,4 жылда шығады, бұл Қазақстан, Америка емес

  • @user-cf8yg5yl2u
    @user-cf8yg5yl2u Месяц назад +61

    Бір адал прокуратура бар екен тәба 100 жаса Айжан қыз

    • @DarSerzhanov
      @DarSerzhanov Месяц назад +3

      Кумаш

    • @user-jj9jl4gi1b
      @user-jj9jl4gi1b 29 дней назад

      Одан не пайда? Қатыны тирилип келмейди, бұл сотталсада вип хатада жатады, интернет, қыздар, еше жалғыз өзи жатады, сосын 3,4 жылда шығады, бұл Америка емес, бұл Казакстан

  • @aizhantataeva3669
    @aizhantataeva3669 24 дня назад +11

    Айжанның бәрі адал,әділ жандар

  • @user-ve9zr6pi4x
    @user-ve9zr6pi4x 29 дней назад +13

    Жаным қызым Айжан жүз жаса

  • @MobileLegends-sx9wj
    @MobileLegends-sx9wj 23 дня назад +7

    Айжанқыз
    Жарадың!
    Бақытты бол!Айналайын

  • @user-mo6pi6zc6x
    @user-mo6pi6zc6x 29 дней назад +29

    Өмірдегі жазадан қашса да, Алланың жазасынан құтыла алмайтыны анық

  • @user-tp5ze5mi5g
    @user-tp5ze5mi5g 23 дня назад +3

    Алла сақтасын 🤲🤲🤲

  • @user-qm9yj8br3h
    @user-qm9yj8br3h 29 дней назад +7

    Аижан Алла разы болсын Омир жасын узак болсын Бакытты бол

  • @user-wp7vg8no8o
    @user-wp7vg8no8o 29 дней назад +9

    Өкінішті ата анаға онай емес арақ ышпесе бундай болмас еды,😢😢😢 қазағым арақ ышпендер,

  • @dhsheeiworre-ks3pu
    @dhsheeiworre-ks3pu 16 дней назад

    Айжан қызыма қарап елімізде біреу болсада ақшаға сатылмайтын адал прокурор бар екенау деп қалдым неге басқалар құлқынын ойлайды екен қарғыс алғанша Айжандай болса шіркін Бақытты бол Айжан.Талапты бол Талабың таудай болсын.Өмірің ұзақ болсын.Ұл қыздарың өзіңдей болсын.Осы еңбегіңнің өзіне саған -Айжан қызға Халық Прокуроры құрметті атағын беру керек с

  • @user-nm7vk8ti3o
    @user-nm7vk8ti3o 29 дней назад +7

    Оңай емес,ата -анасына ,бауырына,ешкимнин басына бермесин!🙏

  • @user-ep7qi1qn5m
    @user-ep7qi1qn5m 29 дней назад +7

    Барлығы арақтың кесірі екені көрініп тұр. Алла өзің пенделеріңе иман берегөр

    • @balzhanl8619
      @balzhanl8619 29 дней назад

      арақтың кесірі емес мақсатты түрде істеген. қыйнап өлтіріп отыр қой.

  • @user-kq3bc5uz5m
    @user-kq3bc5uz5m Месяц назад +12

    Бұндай адамдар бар жүрегі жоқ Айжан прокурор қыз тура айтып отыр.

  • @SHER_87
    @SHER_87 Месяц назад +8

    Бул жыр болып кеттигой Салтанаттын тугандарына берсин они сами разберутся пусть делают с ним что хотят басын шабу керек

  • @user-kc6nu7cb6y
    @user-kc6nu7cb6y 29 дней назад +5

    Адамның жүрегін ауырта бермей 🤔🇰🇿🇰🇿🇰🇿⚖️

  • @user-ou8je8tv2d
    @user-ou8je8tv2d 29 дней назад +6

    Не деген сот бұл жарыс сөзі бар

  • @user-km1um4ih8p
    @user-km1um4ih8p 25 дней назад +2

    Бул омирдеги жазадан сытылып шыгып кетседе Алланын жазасынан кутылмайды

  • @user-nm7vk8ti3o
    @user-nm7vk8ti3o 29 дней назад +4

    Обаган екен,жазасын алсын,недеген катыгез, биреудин баласын азаптап олтирген ушин омир бакига кетсин,недеген канпесер,оданда жиберее салсайшы онбаган кан ишер!

  • @user-gw6qy9lo2v
    @user-gw6qy9lo2v Месяц назад +7

    Қазақ елінде сотта қызмет атқаратын əділдікті ардың туы ететін , ата-ананың ақ сүтін қадірлейтін, Алланың алдында ақиқаттан аттамайтын, үміт пен сенім артып отырған халықтың аманатына қиянат жасамайтын адал да, абыройлы жандарға, Тəңірдің тура жолы жалау болсын. Алланың аманаты, адам баласына қиянат жасағандарды кешіруге қақымыз жоқ. Аллаһым қазақ еліне бірлік туын нəсіп етсін.

  • @user-md5nz7gc7c
    @user-md5nz7gc7c 29 дней назад +4

    Қазақ әйелдері неге ақшаға байлыққа қызыға сыздар адамның түр түсіне мінезіне қарасаңдаршы

  • @Marlen.97
    @Marlen.97 29 дней назад +3

    Айжан😘😘😘😘😘😘😘😘Жаннеееееееем.Ғашық болып қалдым блиииин

    • @user-fw1jj7ze1p
      @user-fw1jj7ze1p 29 дней назад +2

      Баталов Райымбек деген жалмауыз болмағанда сейчас жила бы счастливо, Куандық дальше ее носил бы на руках 😥😥😥очень жаль😥😥😥жаль....

    • @user-cb5hm6fn6w
      @user-cb5hm6fn6w 13 дней назад

      Қайдағы алақанына ұстап жүргені бір жыл бойы қызғанып ұрумен болған шегіне жеткен құдай адамның басына бермесін тепкілеп жатқанды көргеннен кейін ары қарай жүргім аурып көрмей қойдым жақсы көрген адамын сонша қорлағаны қорқынышты

  • @user-zt4nl1ky5l
    @user-zt4nl1ky5l 29 дней назад

    Айжан кызым сендей оз кесибин жакшы билген билимдуу, кучтуу, боорукер,акылдуу юрист кыздар казакта, кыргызда коп болсун. Айыпкер жазасын алсын. Омурун узун иштерине ийгилик, менин небере кызым юрист, Бишкек горсудда иштейт ,сен сыяктуу эмгекчил,чынчыл, адилеттуу болсун деп тилеймин. Мен адагер юрист чоп апанмын. Сени жакшы кором.

  • @user-qv9gm6ly8l
    @user-qv9gm6ly8l 29 дней назад +2

    Бұндаи адамды не үшін созып жатсыңдар ату жазасына кесу керек

  • @user-ve9zr6pi4x
    @user-ve9zr6pi4x 29 дней назад +1

    Сыңғырлаған даусыңнан жаным қызым

  • @user-hi1wf8ws4z
    @user-hi1wf8ws4z 29 дней назад +6

    Айжан қыз ардан аттамаған ,нағыз өз ісінің шебері.Алла өзіңе қуат берсін ,қолдасын.Адалдық жеңсін. Адамдық қасиеттен жұрдай адамдардың алла жазасын берсін

  • @user-zt4nl1ky5l
    @user-zt4nl1ky5l 29 дней назад +1

    Салтанат жаш кетти, бейишке чыксын, жаткан жери жайлуу болсун. Куандык эки дуйно жазасын алат.. Алланын алдында да жооп берет.

  • @user-jb3uz9pi3f
    @user-jb3uz9pi3f 29 дней назад +2

    Сонда видеоға түсірмегенде бостандыққа жіберермеді?🤦🏾‍♂️

  • @user-mq9bt5px3c
    @user-mq9bt5px3c 29 дней назад +7

    Бешембаевка омир баки беру керек подделнигина 20 жыл беру шешим шыгару керек казактар мени колдандар

  • @user-zh4kj3mj3w
    @user-zh4kj3mj3w 29 дней назад +1

    Ақиқат бүгіледі, бірақ сынбайды

  • @user-rs1fb3pq7y
    @user-rs1fb3pq7y 23 дня назад

    Айжан деген қыздар аман журындер ❤❤

  • @user-sb5hv4wu2y
    @user-sb5hv4wu2y 26 дней назад +1

    Журеги жок Адам болмайды. Арактын кырсыгы ашу осындай жагыдай га апарды. Сынак. Алладан ешким кушти емес. Тагдырга ешким жауап бере алмайды.

  • @user-rz8zz2ec9m
    @user-rz8zz2ec9m 29 дней назад +1

    Алемде Су таскыны болып жатыр Бир апта бишимбаевты корсети не кереги бар биз омирге бишимбаевтын омири комек керек Су таскыны болып жаткан жака

  • @user-lz7jc2dq3f
    @user-lz7jc2dq3f 29 дней назад +1

    Ату керек жауыз

  • @raushansagynbek3430
    @raushansagynbek3430 15 дней назад

    😮😮

  • @user-do1wg9yi7d
    @user-do1wg9yi7d 29 дней назад

    Алла көмектескен! Видиё қалдырып

  • @user-uk2qi4uk3g
    @user-uk2qi4uk3g 29 дней назад

    Айжан кызмыз нак адал мыкты Озы жумысна
    Шын журектын атгарып тур
    Енд Кантар окйгасынын кылмысты колына берсе гой Барин орыно коеор

  • @MiizZhanabrtgen
    @MiizZhanabrtgen 23 дня назад

    Кино сериал болып кетти гои несине созып жатыр екен

  • @user-qx9ug5qv8y
    @user-qx9ug5qv8y 29 дней назад +1

    Қуандық та ұят та жүрек те жоқ

  • @zyaguljarkenbaeva4358
    @zyaguljarkenbaeva4358 29 дней назад

    Айжанга омыр бойы жолы болсын адвакатарга абден жем болындар Омыр бойына соталсын

  • @user-ux5os6kz4f
    @user-ux5os6kz4f 26 дней назад +1

    🇰🇿🇰🇿🇰🇿АЙЖАН СИЯКТЫ БАТЫР КЫЗДАР ТУРГАНДА БИШТЕРГЕ АДАМ ОЛТИРУГЕ ЖОЛ ЖОК...❌️

  • @user-mz4np9qc3x
    @user-mz4np9qc3x 27 дней назад

    Жыр кылды гои осы министрди кара халыкка паидасы тиген адамба Ол алде жемкорлардын катарындама дуниесин таркилеп аиып пулды салып камау керек биттигои не деген битпеитин сот ол

  • @user-dh7jo7dp7g
    @user-dh7jo7dp7g 29 дней назад

    Демократиялық ел болганда Казакстан бундаиларды омир бакига жиберер еди

  • @guldaryuldashova1968
    @guldaryuldashova1968 29 дней назад +5

    Түрлері өте суық семья

  • @user-rk4gq8yy7o
    @user-rk4gq8yy7o 26 дней назад

    Отириктерине ешким сенбеиди

  • @user-sp1sw9sj8i
    @user-sp1sw9sj8i 29 дней назад +2

    обалы жок не бар еркек пен жарысып арак ишип катынснго жай иш

  • @user-cs4yg2qk7v
    @user-cs4yg2qk7v 26 дней назад

    Елде басқа шаруа қалмадыма жауыздықпен ел ішінде өліп жатқандарды неге айтпайсыңдар.

  • @user-nb5rt6iu4o
    @user-nb5rt6iu4o 29 дней назад

    ТАЗША БАЛАНЫН ЕРТЕГЫНДЕЙ БОЛДЫ ГОЙ? ЭХ ЖАНА КАЗАКСТАН

  • @user-bf1dj3fw8s
    @user-bf1dj3fw8s 26 дней назад

    Отыз жыл елди жеген, елге опасыздык жасагандардын соталгандарын осылай ашык коретин кун туарма екен бул Казакыстанда алде ертегилерди корип журе беремизбе.

  • @user-dz6qh5ze7s
    @user-dz6qh5ze7s 29 дней назад

    Соттан кин жарыс соз деген не нарсе ондайда болама.

  • @user-hv7gu5zu6t
    @user-hv7gu5zu6t 29 дней назад

    Турыктын сериялдарынын рекламасы уксатып кайта кайта корсете береды 😂

  • @user-gs6pl9wp5p
    @user-gs6pl9wp5p 21 день назад

    Баталов ким

  • @user-tp2sf3pi7d
    @user-tp2sf3pi7d 29 дней назад

    Сомен не болды сотталды ма

  • @user-bh6nh6mm6s
    @user-bh6nh6mm6s 22 дня назад

    Нестеп кетти. Камау керек По жизни

  • @user-fy6ef5jd4w
    @user-fy6ef5jd4w 21 день назад

    Акеси де нашар адам

  • @gulmiramadiyarova1464
    @gulmiramadiyarova1464 29 дней назад

    Кудайга шукир Бишембаев соты таусылды ма.

  • @user-zm4ke5kl1p
    @user-zm4ke5kl1p 29 дней назад

    Ол есекти акша ушин коргап жаткан адвакаттартида олтиру керек

  • @nurjik.1985
    @nurjik.1985 29 дней назад +1

    Сот төрағасы қазақ,сотталушы қазақ, прокурор қазақ,адвокаттар қазақ, неге сот орысша өтіп жатыр😀

  • @user-ru5dq8vp8d
    @user-ru5dq8vp8d 29 дней назад

    Со учасник директор көмектесен

  • @user-xm3hb9kb8m
    @user-xm3hb9kb8m 29 дней назад

    Мына прокурор айел образға кіріп кетті плотно, мақтаған сайын

  • @user-pz8ld9cg3s
    @user-pz8ld9cg3s 29 дней назад

    Онын акесинде журек болмаган.

  • @user-rk4gq8yy7o
    @user-rk4gq8yy7o 26 дней назад

    Отирик аипандаршы

  • @user-ct3jr6iv4x
    @user-ct3jr6iv4x 26 дней назад +2

    Айжан эң туура айтың, алтын кыз, 100% туура,❤ Бишимбаевтен эч кандай жан ачырлык түрүнөн көзүнөн көрүнбөйт, ата -анасы да жан ачыр эмес экен, өкүнүчтүсү кайта Салтанатты кинаалайт.

  • @user-kc6nu7cb6y
    @user-kc6nu7cb6y 29 дней назад +1

    🤔🤔🤔🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿⚖️

  • @Nurshka-do4nm
    @Nurshka-do4nm 25 дней назад

    Ayjan ajapamizga raxmet hadal

  • @fotimaxonarzibayeva5845
    @fotimaxonarzibayeva5845 21 день назад

    Кабандык останится зверем

  • @user-kq3bc5uz5m
    @user-kq3bc5uz5m 29 дней назад +7

    Бишембаев екі жүзді адам турі айтып тұр.Пушкиннің Ревизоры осы адам ,тақырыпқа келіп тұр

  • @user-fw1jj7ze1p
    @user-fw1jj7ze1p 29 дней назад +4

    Баталов Райымбек деген жалмауыз болмағанда сейчас жила бы счастливо, Куандық дальше ее носил бы на руках 😥😥😥очень жаль😥😥😥жаль....

  • @user-pu4ew8yv7y
    @user-pu4ew8yv7y 29 дней назад

    Батталов ким

  • @user-wq2tc1qf7d
    @user-wq2tc1qf7d 29 дней назад +3

    Өмір бойыға қамалдан шықпай кәртайып алжып өлсін

  • @user-uf8xs2tl8l
    @user-uf8xs2tl8l 29 дней назад

    Бишимбаевтын проблемами неге керек бызге?кунде,кунде айта бересындер

  • @user-mb1lj9rf1l
    @user-mb1lj9rf1l 26 дней назад +3

    Айжан керемет ❤

  • @aizhantataeva3669
    @aizhantataeva3669 24 дня назад

    Бишембаев жауыз

  • @DidarDidara-du3rl
    @DidarDidara-du3rl 22 дня назад

    Бишимбаев тин акылы дурыспа жалпы

  • @user-sb3lf5um3b
    @user-sb3lf5um3b 27 дней назад

    Сонымен не болды Бешенбайев неше жалға бартын болды ой адам басына бермесін😮

  • @user-ve9zr6pi4x
    @user-ve9zr6pi4x 29 дней назад

    Қан ішер биш қолы аяғы сынып топыр болып қалсын

    • @user-in7lv4bl1w
      @user-in7lv4bl1w 22 дня назад

      Қарғаманыз, қарғыс айтылған адамға кайтып келеді деген сөз бар гой

  • @user-tg2cu7cw9v
    @user-tg2cu7cw9v 29 дней назад

    Айжан прокурор сиздин адалдыгынызга, сауаттылыгынызга тантимин! Алла жар болсын сизге жане жакындарынызга! Бакытты болыныз!.

  • @user-nz2dz7ii6h
    @user-nz2dz7ii6h 23 дня назад +1

    Ол өлтіріп не істейды жасырып деп жасырмайды ғой Әдейі істемеген шығар бұндай Көбейген ғой жынданып ызамен ұрып бағындырам деп бағындыра алмай Өлтіріп алады ғой Сондай болған шығар Қызғаныш жаман ғой Адамнын

  • @balzhanl8619
    @balzhanl8619 29 дней назад

    ол жаүызды неге еркелетіп жатыр мына сот, кімнің баласы? сол қүрлы ьишмбай кім еді? өлім жазасын берү керек.