Қанға қан, жанға жан! Қазақ кекшіл халық. НӘН жауап береді! Тоқаев сыннан өте ме? - Абзал Құспан
HTML-код
- Опубликовано: 1 янв 2024
- Adal Adam RUclips арнасына Мәжіліс депутаты Абзал Құспан сұхбат берді. Ол Қаңтар қасіретіне мемлекеттік төңкеріс деген баға берді және ұйымдастырушылар “семья” мүшесін билікке алып келмек болған деген болжам айтты. Қаңтар оқиғасының себеп-салдары, оған радикалды ағымдардың қатыстылығы жайлы пікір білдірді. Депутат экс-президенттің үстінен “мемлекетке опасыздық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға болатындығын жеткізді. Назарбаевтың соңғы кездегі белсенділігі, келесі президентті дайындап жатқаны, кандидаты кім екені және Ақорданы кезіп жүрген “елбасы” елесіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, Ақордаға жасырылған “минаның” жарылуына себеп болатын факторлар талқыға түсті. Сұхбат барысында депутат Назарбаев өзінің інісі Болаттың өліміне билікті кінәлауы мүмкін деген екенін айтты. Абзал Құспан елдегі саяси-құқықтық реформаларды саралай келе, 2024 жылы Тоқаевтың “администрациясын” қандай сынақтар күтіп тұрғанын жеткізді.
#АбзалҚұспан #Қаңтароқиғасы #НұрсұлтанНазарбаев #Ақорда
Видеоны тайм-кодтар арқылы көру
00:00 Тизер
01:05 Сәлемдесу
01:18 Қаңтар оқиғасына 2 жыл толды. Не өзгерді? Не өзгермеді? Кімдер жазасын әділ алды? Кімдер жазадан құтылып, тайраңдап жүр?
07:47 Сіз Бас прокуратураға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаев пен «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің сұхбаттарында айтылған мәліметтерді тексеруді ұсындыңыз. Қандай да бір реакция бар ма?
14:18 Қаңтар оқиғасына қандай баға бересіз? Мемлекеттік төңкеріс пе? Бұл президенттің реформаларына наразы болған ескі элитаның ісі дейді, осы уәжбен келісесіз бе?
19:11 Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жаңа естеліктерінде қаңтардағы оқиғалар мен бұрынғы әріптестерінің іс-әрекеттеріне өте құрғақ сөзбен баға берді. Ол өзіне белгілі көптеген ақпаратты жасырды деп ойлайсыз ба?
20:20 Ұйымдастырушылар билікке кімді алып келмек болды деп ойлайсыз?
22:32 Журналист Бигелді Ғабдулин “Мүмкін емес” ютуб каналына берген сұхбатында “қаңтар оқиғасында госпереворот ойдағыдай жүзеге асса, Нұрлан Нығматулин президент болатын еді” дейді. Ескі жүйе кезіндегі көзқараспен қарасақ, сол уақытта Нығматулин президент болатындай бедел жинады деп ойлайсыз ба?
28:00 Келесі президентті дайындау қазірден басталды. Президент Тоқаевтың да өз кандидаты бар. Сонымен қатар, қаржылық институттарды қолында ұстап отырған, командасы қалыптасқан Назарбаевтың да өз кандидаты бар…
30:40 Ақордада жасырылған “мина” туралы және оның жарылуына әсер ететін факторлар
33:10 “Ескі Қазақстан өкілдері радикалды дін өкілдерін пайдалануды мақсат тұтатын болса, ел ішіндегі үлкен бүлінушілікке алып келеді”
35:28 “Минаның” жарылуына әсер ететін бесінші фактор - қазақ мәселесі туралы
36:40 Осы аталған негізгі 5 триггердің қаншасы Тоқаевтың ықпалында? Қаншасы Назарбаевтың ықпалында?
39:32 Ваххабит-салафиттерді Назарбаевтың және оның командасын күшейтетін армия деуге бола ма?
42:11 Қаңтар оқиғасы мен “сақалдылар” арасында қандай байланыс бар?
43:33 Қаңтар сияқты оқиғалар кезінде “сақалдылардың” белсенді болып кететіні билікті ойландырды, содан сабақ алды деп айта аласыз ба?
45:12 Қазба байлығымыз бен қаржы институттарға, ұлттық компанияларға иелік етіп отырған Құлыбаев, Шәріпбаев, Әлия Назарбаева сияқтыларға қарсы іс қозғауға прокуратураның неге батылы жетпей отыр?
47:26 Самат Әбішке бір ғана бап - "қызмет өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша күдікке ілініп отыр. Жаза жеңіл емес пе? Бұл нені білдіреді?
49:44 Назарбаевтың Ресейге барғаны, Путинмен кездескенінің астарында не бар? Саяси ахуалға қалай әсер етеді?
54:23 Назарбаев осы жүріс-тұрысымен келесі президенттің мәселесін шешіп жүрген жоқ па?
55:37 Келесі президент Ресейге жақын болу керек пе, әлде Қытайға жақын болуы керек пе?
57:57 Назарбаев өте кекшіл адам. Өзінің інісінің өліміне билікті кінәлайтын сияқты. Қалай ойлайсыз?
59:28 Мүмкін десеңіз, Тоқаевқа кегі бар деген сөз…
1:00:54 Болат Назарбаевтың асынан кейін Назарбаев пен оның әулеті, елбасын жақсы көретін азаматтар белсенді бола бастады...
1:02:29 Назарбаев інісі үшін тыныш отырды-ау деймін…
1:03:50 Тоқаевта екі жол бар, біріншісі - халықтың жоғалғанын түгендеу, екіншісі - Назарбаевтың айтқанымен жүріп-тұру…
1:08:03 Сіз биыл Мәжіліс депутаты болдыңыз, бір мандатты жүйемен сайландыңыз. Сіз президенттің бұл реформасын пайдалы деп санайсыз ба?
1:09:41 Биылғы жыл саяси оқиғаларға толы болды. Мәжіліс пен мәслихаттары депутаттарын сайлау, аудан әкімдерін сайлау, активтерді елге қайтару науқаны болды. Елдегі саяси жұмыстардың нәтижелерін қалай бағалайсыз?
1:12:12 Активтерді қайтару мәселесі туралы
1:22:06 Қорытынды сөз
Қазақ.халқы.халықтар.билікке.сенімін.толықтай.жоғалтуда.сотқа.медиктерге.мүғалімге.полицияқа.құқықтарының.бұзылып.жатқасын.биліжелілерге.сенімін.жтанытты.қазар.сесеге.бтолмайтынын.балып.отыр.халық.еешкімге.сеседен.қалды.еоның.шадамы.аазайды.халық.ккөтерілуге.жақын.ққаңтар.жжелтоқсан.ооқиғасы.әлі.аашылмай.жбатыр.ол.дұорыс.еемес.ол.мменің.пісырым....
Ешқандай.өзгеріс.жоқ.халық.шыдамы.таусылып.келе.жатыр.....
Бұл ұрысұлтанның үрін бұтағы мен тамыр таныстарын түгел құртпай түкте өзгермейді тоқай қорқақ қалмаққа ант берген ғой айтқаныңның бәрін орындаймын деп үиткені назарбайдың бір де бір адамына 22:31 аузын аша алмайды қорқақ өзінде билігі жоқ призедент қазақстанның алға қазағым алға
❤❤❤
.
Саған балам сурақ Абзал!!! Неге не себеп Думанды қамап отырсыңдар.Шырвлдап шындық ацтқанв ма?
Халык боп Назарбаевты кылмыстык жауапка тартуды талап ету керек.
Жатып ішер депутаттарды қысқарту керек.Сенаттың түкке керегі жоқ ғой.Сонымен қатар, əкімдерді қысқарту керек.Кəзір бəрі жекеменшікте.Төрт əкімнің түкке қажеті жоқ.Сонымен, Ішкі саясат бөлімін де тарату керек.Бюджеттің мойында отыр.Əрбір мемлекеттік қызметкер , өзі жүргізеді , емеспе?!Ассамблеяны алып тастау керек.
Дұрыс, толық қосыламын, қысқарту керек, бюджетті сорып отыр қажетсіз.
Шіркін -ай Назарбаевтың сотталғанын көрсем ,арманым болмас еді .
ол не виноват его обвели вокруг пальца сваты зятья не родные двоюродные родной зять в тюрьме ирана сидит
Сыпылдап сөйлейтін нигматуллин екі аға іні қайда қашып кетті ме шет елге
Оңтүстіктен Ресей мектептерін ашу жөнінде жұмыстар жүріп жатқан сияқты бұны қалай түсінеміз ?Ел болашағы Тәуелсіздігімізге ,идеологиямызға қайшы
сұмдық қой бұл.керісінше қазақ мектебін көптеп ашсын,
Жаңа Қазақстан қашан келеді ? Өте дұрыс айтасыз қара халықтың қолында түк жоқ. Өздері зорға кундерін көріп жур
Өте дұрыс айттыңыз!!! Көңіліміздегін тура айттыңыз!!! Сұхбатыңызға көп рахмет!!! Қосыламыз!!! Алла Жар болсын!!!
ҚАҢТАРДЫҢ ҚАН ТӨГІСІНЕ ТІКЕЛЕЙ НАЗАРБАЕВ ӘУЛЕТІ КІНӘЛІ!!ОЛ АҚИҚАТ!!!ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫ ӨЗІ БАС КӨЗ БОЛЫП ҚАҢТАРДЫ БАСҚАРДЫ!!?БҰЛ ӘУЛЕТТІҢ ЖАЗАСЫН АЛЛА БЕРСІН!!!🤲🙏
Қаңтар қырғыны кезінде, интернетті өшірмеу керек еді. Сол интернетті өшірген ,Бағдат Мусинде жауап беріуі тиіс. Видиоға түсіргенде бәрі де анық болар еді.
Нұрекеңнің қолына кісен салмай ештеңе өзгермеиді.
Әдейі.арандатып.халықты.бірімен.біріне.салып.миларын.улап.жатыр.көнеге.шығу.керек қарілерден бастап.жастарға.шейн.бір.күнді.белгілендер.алға.қазақстан
Жарайсың Абзал сізге бекер дауыс бермеген екенмін осы бақабистерге заң шығарударыңды сұраймын өте дұрыс айтасың бұл бақабистерге заң шығаршы айналайын өтінем
Тоқаев қауіпсіздік кеңесін қолына алған болса,неге жазықсыз жандар қамалып жандар, соларға неге араша түспейді. Әлі күнге дейін Қайрат Сатыпалдыға тиым салмайды?.
Абзал мырзаға 100% қосыламын! Шеруге шығатын, билікке талап қоятын қазақ тілді қазақтар, жағдайы ең ауырлар! Ал орыс тілділер отырып алып, әрі кетсе тек сөзбен сынаудан аспайды! Мүмкін, мен қателесермін, бірақ маған солай көрінеді! Бізде тіл жағынан кемсітушілік бар, қазақ тілділер маргинал, аутсайдер, артта қалғандар деп саналады да, тергеуің де, сотың да орыс тілінде өтіп, қазақ тілді азаматтардың құқығы бүкіл әлем алдында тапталып отыр! Біз, қазақтар, өз елімізде Америкадағы бұрынғы негрлердің жайын басымыздан кешіп отырғандаймыз! Тілімізді таптаудың кесірінен қазақ тілді азаматтарымызды ешкім естімейді, ығыстырылып, шетқақпай қала береді!
Бұл жерде Абзал Құспанның айтып отырғандары - заңды жағынан өте дұрыс.
Назарбаевқа мемлекетке опасыздық жасағаны үшін деген баппен іс қозғалуы керек - деген сөздері үшін Абзалға Рахмет айту керек. "Абзал сатқын, жоба" деген сөздер елге көрініп жүрген азаматтардың ара қатынасына салқындық түсіру үшін таратылып жүрген алып қашпа әңгімелер.
Сонда алдыңғы үш жыл бойы Токаев өзін президент санамағаны ғой, Назарбаев көлеңкеден басқарып отырып қаңтардағы жағдай Назарбаевтың мойына жазылады ғой.
Дегенмен теке тіреспен екі президенттер халықты тоздырды өз мүдделерін жоғары қойып, әліде жалғасуда.70 ,80 нені асқан азаматтарға бұл істеріне ұялам.
Абзал жасың ұзақ болсын Халықтың батасына кенел іске сәттілік тілеймін
Абзал Мырза сізге ең біріншіден үлкен Рахмет!..осы айтылып отырған мәселелер әбден рас, қаңтар оқиғасының ұйымдастырушылары тығылып отыр олардан Отанымызға үлкен қауып бар. Менің айтар ойым Елімізде осындай Азаматтардан тәуелсіз Зиалы қауым құралу керек ол адамдар заңмен қорғалу керек!..Абзал Мырза айтқандай ертеңгі күнде тым кеш болмасын.
Абзал Құспан депутат өте қазақи карапайым тылмен жақсы сұбхат бердіңіз.
Ассалаумағалайкум баршаңызға Қазақ елі, Алла қолдасын депутат Абзал
Әйтеуір эфирге шығып сөйлегенде сөйлеткенге мәзбіз баяғы жартас бір жартас
Өте керемет сұхабат, өте керемет.... ☝️
Қазақстан кеш болмай тұрғанда Кремльдің тұзағы ЕАЭС пен ОДКБ дан шығып, бауырлас түркі елдерімен әскери, экономикалық одақ құруы керек!✊🇰🇿🇹🇷🇺🇿🇦🇿🇹🇲🇰🇬
Жақсы түсіндіріп берді Абзал мырза.
Өз басым елең етіп тыңдайтын депутаттарым 2-3-ден аспайды! Аз да болсаңыз дар, тасқа тамған тамшыдай, іс-әрекеттеріңізде нәтижеге жетіңіздер!
1. Пенсияға шығу жасы азайтылсын, Аталарға 58 жас, Апаларға 55 жасқа азайтылсын!
2. Ең төменгі пенсия, пособия, жалақы сомасы 150 000 тг ге көтерілсін!
3. Жаңа туылған балаға берілетін ақша Ресейдегідей 3 000 000 тг ге көтерілсін!
4. Утильсбор мен первичная регистрация 5 - жылға Маратория жарияланып тоқтатылсын!
Егер билік осыған келіссе, бірден реально миллиондаған кедей халықтың жағдайы жақсаратын еді!🙏🇰🇿
Бәрін уақыт көрсетер , тек жақсылық болсын Елімізде !
Абзал мырза сауатты білімді азамат! Өте жақсы сұқпат болды. Бүгін президенттің Егемен Қазақстанға берген сұқпатын оқып шықтым. Алдағы жылдар еліміз үшін жақсы жағынан өзгерістер көп болатынын аңғардым. Президент сол сұқпатында ескі билік туралы өте жақсы сөз айтты.«Кеттің бе - Қайырлыма!» Бұл сөз түсінген адамға ескі жүйеге айтқан ескерту сияқты болды. нұрсұлтан мен әулетіне әптен тойдық 30 жыл бойы. Енді оларды көргенді қойып атын естуге құштар емеспіз. Ескі жүйе сол 30 жылдағы істері үшін, заң алдында және халық алдында есеп берсе дұрыс болды.
Қойыңды қасқырға бақтырғанмен бірдей
Басқа ұлттар неге шықпайды қазақ елінде тұрып тайраңдап жүр қазақ ауыз бірігу керек басқа ұлтан пайда жоқ
КАЗАГЫМ АМАН БОЛСЫН 🙏
Мафия басқарып оттыр десеңдершы
Айналайын рахмет саған Абзал Куспан мен өзбекстандык бауырын казак тилинде соилеп казак намысын коргаганын ушин
Абзал Қуспан өте жаксы айтып отыр халык сізге риза аман болыңыз.
Өте дұрыс,Абзал бауырым, маңызды,көкейкесті мәселелерді атап өттің. Бұл қарапайым ҚАЗАҚ осы билікке не жазды,десеңші, осыншама дискриминацияға ұшырайтындай,өз жері, өз елінде, тоқалдан туған жетімектей күн кешулеріне. Жоқ, әлде, ата-бабаларымыз жерімізді осы келімсектер мен бұратана халықтар үшін қан төгіп, жан беріп қорғады ма???
Осы сөздерін парламентте неге қозғамайды.
Бұл өзі биліктің маймылы.
Абзал мырзаға өз басым ризамын. Өте белсенді елге жерге жаны ашитын мықты адам. Осы бетінең қайтпаныз. Алла разы болсың сізге
Көп рахмет Абзал інім ! Алла шапағатын берсін !
Мұқтар Жакишов президент болуы керек
Абзал дұрыс айтасыз, қазақтың жағдайы жақсармаса халық тағы да көтеріледі. Қазақты баса беруді билік доғарсын!
АЛТЫНДЫ МҰНАЙДЫ ТЕГІН АЛЫП ҚҰТЫРДЫ ҚАЙТАРЫП ҚҰСТЫРЫП СОСЫН ҚҰРТУ КЕРЕК БАЙДЕН ДҰРЫС ДЕМОКРАТИЯ ЖАСАСЫН 300 ЖЫЛ ҚАЗАҚТЫ ҰСТАП ЖОЙЫП ЖІБЕРУ ЖАУЫЗДАРДЫҢ МАҚСАТЫ❤❤❤❤❤❤❤
Біраз сұрақтар қойылды және спикер оған нақты жауап берді, көңілім толды, рақмет
Назарбаевтың ұйымдасқан қылмыстық, жемқор тобын жауапқа тарту керек.
Керемет сұхбаттарыңызға алғыс!!! ҚАЗАҚ байтақ мемлекетіміздің тұғыры биік болып,тәуелсіздігімізге еш ел қол сұқпасын!!! Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын,ағайын!!!❤🇰🇿❤️🇰🇿❤️🇰🇿❤️
Елін, ұлтын, отанын сатқан тексіздерді қарғыс атсын! Алланың өзі жазасын беріп, тұқымдарымен тұздай құрысын!🤲🤲🤲
Назарбаевтың.өлгені.қазақ.үшін.үлкен.мереке.болмақ.оны.қазақ.қайғыра.қоймайды....
2024 жылы ,Қазақ еліне, жаңа жақсы өзгеріс болсын.
Ел ішіндегі, биліктегі, Қазақтың жауларына өлім келсін. Енді әділетсіз байыған, жемқорларға қудалау басталсын. Қазақ Халқы сауатты болыңдар. Жасасын Қазағым !
Сөзбен емес, іспен дәлелдеу керек Абзал.
Керемет Абзал батыр.Халықым деп еңіреген ер.Сауатты,өте білімді депутат азамат
Жақсы өте керемет сұқпат болды тамаша
Өте жақсы жүргіздіңіз, журналист мырза!
Абзал сауатты азамат заңгер мықты қазақтілді
Алла Разы болсын Абзал мырза. Аман болыңыз Қазақ үшін көп қызмет атқаратын адам
АБЗАЛ ПРЕЗИДЕНТ БОЛУ КЕРЕК.
Келген жыл жемісті болуын тілейміз! Алла жар-жақ болсын!
Осыны неге телеарналардан көрсетпейді
Керемет сұхбат болды,рахмет саяси болжамдарыңыз ушін,қазақтың қамын ойлайтын осындай ағаларымыз көп болсын.
Жегендері желкесінен шықсын
Қазағым, халқым, елім, жерім дейтін ұлтшыл азаматтың ел басқарғанын тілеймін!!!
қаңтар оқиғасы ашылсын!!!😢😢😢 Алла жазасын берсін.Қанша адам қан жылады.обалы жібермесе екен😢😢😢 Ату жазасы😢😢😢
Шындык айтуга құқық алып дайындалып келипсиз👏👏
Бұл адамға СЕНБИМ МЕН ҚҰСПАНҒА МЕН СЕРІКЖАН БІЛӘШ ҰЛЫНА СЕНЕМ ҚАЗАҒЫМ БҰЛ ЕКІ ЖҮЗДІ АДАМ
Абзал мырзаға сұрақ?
Президент сатқын не коррупционер болса,оны кім тергейді?
Халық
Керемет дұрыс айтып отыр мына кісі. Қазақ ослай қонажай бола берсек қазақстаннан мүлде айырылып қытай немесе россияның провинцися боламыз.
Өте жақсы суқпат болды тусінікті уғымы болды👍👍
Ел басы емес, бұрынғы президент, жүргізуші сен қателесіпе
Қазақ ұлтына, қазақ хылқына адал, қазақтың руһын көтеретін президент керек.
Рахмет көп адамдарға көмектесті із Алла сизге күш куат 4:07 берсін 🎉🎉🎉🎉❤
Рақмет ,ашық түсінікті сұхбат болды 😢
Қазаққа шын жаны ашитын қазағым үшін жанымды беремін деген азаматтар неге бірікпейсіңдер.
Нағыз азамат қазағым деген ату жазасы керек жемқорларға
Абзал балам өте сауатты,оратор екен аман бол
НЕГЕ БІЗДІМ МЕМЛЕКЕТТЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ПРИОРИТЕТ ЕМЕС?
Диктатордын ен сонгысыТокайев осыдан баска оздеринин адамдары ел басы болмайды Бизге Мухтар Кабыл улы керек баскасы керек емес
Тамаша сұхбат болды. Кеше тыңдадым , бүгін тағы тыңдадым түсініктіболды
Биссимилла деп,Бір рет сатқан адам,екінші рет ойланбай сатады,Алла тағала жар болсын Қазақия мемлекетіне,мына жемқорлар арам шөп,шалам осылардан тазару кк бізгеде,
Барі айтуға шебер қолдарынан ештеңе келмеиді осындай аңгімеден шаршадық
Мылжи бермей накты иске кошетин уакыт алде кашан отип кеттигой занга озгерис керек отырып алып мыжи бермей накты кадамдарга бару керек Алга халкым биригу керек бирлик бар жерде тирлик бар
😂Халықты алдамандар сенбеиді. НАЗАРБАЕВТЫ ТҮРМЕГЕ ҚАМАҒАНДА ҒАНА СЕНЕДІ ??????
Абзал аман жүр
,,,Кара бет, сУаЙт сУмЕлЕк ЖаУ КуЛ Ку түлкі, ,,,Халык акымак емес, Кеш болмасын, Ойланайык Оянайык Ойяттайык, Санамызды Арланайык Ар-намыстанайк Ор Апаннан шығуға тырысайық, Алдағы Болашақ ұрпақ Саналы Сауатты Саясаты Мыкты болсын, Әруактар колдасын, 🔥☝️🇰🇿
Қаңтарда қайтыс болған, мүгедек болып қалған адамдарға үй берілуі керек
Абзал негизи дурыс адам жараисын Абеке
Алға казахтын зор заңгерлері істеріңіз алла жақтап алға әдлеттіке әкелсін!
Өте жақсы сұхбат болды, журналист сұрақты әдемі, дұрыс қойып отыр. Абзал да жақсы жауап берді.
Осы кісіге сенуге болама? Қаңтардағы қыршындарды, жаралы балаларға азапталған көмек бермек түгілі тағы ьір әйел адвокат екеуі жала жапқан жоқпа медбикелерді зорлады деген желеумен!
Назарбай.қазақты.жер.бетінен.жоямын.дегені.рас.болса.онда.оны.түрмеге.жаппай.билік.соның.қолында.дегенді.білдіреді.орыспен.қытайдыңда.ойлары.осы.емеспе.ағайын.қазақтарым.бауырларым....
Бар байлық қолында кетті, қазірдің өзінде банктардан кредит аламыз, өте жоғары процентпен, бәрі бір жерге құйылады, халықта не қалды өзі??
Құспан дұрыс аитады.Назарбаевті тез арада тұтқындап жауапқа тартып тұтқындамаса Елімізге тәуелсіздігімізге өте қауіп төніп тұр Өте қауіпті жағдай
Өте әсерлі сұхбат,журналист балам рахмет Абзал баламыз аман болсын,нағыз халық батыры деймін ісіңе сәттілік
Заңгер Абзал Құспан деген азаматты, мен барымша сырттай зерттей отыра, оның кім екенін білдім. Кей кезде қарсы да жазған жерлерім болды. Тексере, зерттей келе жақсы жұмыс жасайтынына көз жеткіздім. Егерде жемқорлыққа өзіне жол бермесе, ортада арамдатушылар болмаса, өз жұмысын жақсы көрсе алатын мықты азаматтардың бірі!
Жұмысы мен ісіне тиянақты азамат сияқты . Тек жемқорлыққа беріліп, алданып кетпесе болғаны. Онда өз жұмысына деген сүйіспеншілігі бос болып қалады.
Халықтың той мен концерттерден қолдары тимей, енді бір.30 жыл диваннан тұрмай, жата берсін. Бәріне халық өзі кіналы.
Біз ,қазақтар, орындалған іске де, орындалмаған іске де себеп тауып, ығыстырып былай қоя саламыз. Тоқаевтың билікте отырғанына 4 жыл болғанына қарамай, енді одан осы 2024-ші жылы нәтиже күтеміз. Бұл жыл да созылған сағызша өтсе, оған да себебін тауып, келесі жылдан үміттенеміз. Өмір шіркін өтіп жатыр, әне-міне деп 30 жылдың өткеніндей. Кәмпит сұраған жас балаға кәмпит бермей алдаған қулық сияқты.
Елге қайтарылған қаражатқа ,тек завод ,фабрика ,өндіріс орындарын салу керек.Сонда қазақ халқының жағдайын жақсарту мүмкіндігі туады.Жастар жұмыссыз,күн көріс қиындап барады.Білімге жұмсау керек.
Құқық Қорғаушылар Түгел Ауысыу Керек
Бұрынгы депутаттардан қараганда казіргі депутаттардан азда болса еңбек бар халықтың мұңын жоқтап шырылап жүрген азды копті азаматтарды атасам солардың бірі осы кісі Абзал Құсман ,Нартай Аралбайұлы,Ринат Зайытов,Ермурат Бапи,Бақытжан Базарбек,Мақсат Толықпай сиякты азаматтарымыз ел игілігі үшін еңбек жасап жатыр деп толық айтуға болады
Абзал мырза дұрыс айтып отыр. Еліміз аман болсын!
Өте дұрыс сұхбат болды❤
Абзал мырза Нығматуллинді халық жауы етіп қылмыстық іс қозғауға болады ғой е
Барлық айтқандарыңызға қосыламын
Нән жауап керек болса шақыршы мені.
Шеруге неге Қазақтар шығадыда басқа ұлт шықпауының сыры неде әлде
олардың жағдайын үкімет жасап қойғанба Журналистік сараптама неғылдейді
Басқа ұлттар Қазақстанды толық Отаным деп сезінбейді. Совет одағы кезінде қазақ тілінде сөйлеу міндетті деп ойламады, енді Қазақстан жеке мемлекет болғанда өздерін бөтен сезінеді. Сосын ұлт аралық қақтығыстан қорқады. Өздерін бұл елде уақытша өмір сүретін адамдар сияқты сезінеді деп ойлаймын. Ал іштерінде кейбірі бұл елді мойындағысы да келмейтін сияқты.
Оларға Казакстан керек емес. Олар уакытша жүр.
Ассамблея көмек береді оларға, сол үшін шықпайды олар. Бес асығы түгел олардың.