ХАЗІРЕТ МҰХАММЕДТІҢ (ﷺ) ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ және БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 сен 2024
  • ХАЗІРЕТ МҰХАММЕДТІҢ (ﷺ) ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ және БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
    Исламға дейін арабтар надандықтан көз ашпай өмір сүріп жатты. Оқу- жазу білетін сауаттылар жоқ дерлік дәрежеде аз еді. Адам құқықтарына құрмет көрсетілмейтін. Күштілер әлсіздерді езіп-жаншыған заман еді. Көптеген құқықтардан мақұрым болған әйелдер зат сияқты саудаланатын. Қыз балаларын тірідей көму әдетке айналған еді. Мұндай жиркенішті әдеттерге ешкім қой демейтін.
    Бір Аллаға деген сенім ұмытылып, адамдар өз қолдарынан жасап алған пұттарға табынатын. Қағбаның ішінде 360-тан астам пұт бар еді. Негізінде Қағба Хазірет Ибраһим мен ұлы Исмайыл тарапынан Аллаға ғибадат ету үшін салынған болатын. Ішімдік, құмар ойын және әр түрлі адамгершілікке жат қылықтар белең алып, ар-ұят мүлдем ұмыт болған еді. (Әлемнің басқа жерлерінде өмір сүріп жатқан халықтардың да жағдайлары мәз емес болатын.)
    Қараңғылықтың бұғауында қалған бұл жан түршігерлік жағдайдан құтқаратын, адамдарға бұл дүниеде және ақыретте бақытты болудың жолдарын көрсететін соңғы пайғамбардың келуіне мұқтаждық бар еді.
    Хазірет МҰХАММЕДТІҢ (с.а.у) ТЕГІ (ШЕЖІРЕСІ)
    Хазірет Мұхаммедтің (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) әкесі - Абдуллаһ, Абдуллаһтың әкесі Құрайыш тайпасының Хашым әулетінің және Меккенің соңғы қатардағы адамдарының бірі - Әбдімүттәліп. Анасы Құрайыш тайпасының Зуһра әулетінен Уәһабтың қызы - Әмина. Әкесі жағынын да, шешесі жағынан да текті, беделді отбасынан шыққан Хазірет Мұхаммедтің ата тегі Хазірет Ибраһимге барып тіреледі.
    Хазірет МҰХАММЕДТІҢ (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ #тахаджуд #намаз #ислам #дуа #тесто #рецепт #лагман

Комментарии • 5