Махамбет ауданының тұрғыны ауласында 200 аса алма ағашын жайқалтып отыр

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 сен 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны ауласында 200-ден аса алма ағашын жайқалтып отыр. «Бабын тапсаң, ұлтарақтай жерден де мол өнім алуға» болады деген шаруаның бау-бақшасында жемістің бірнеше түрі бар. Қайрат Сәрсенов өнімнің тең жартысын әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жетімдер үйіне тегін таратады екен. Еңбек адамымен өңірдегі әріптесім тілдесіп келді.
    Қайрат Сәрсеновтың алма бағы жазда жайқалады. Бағбан қолы қалт еткенде жеміс ағашын отырғызып, баладай баптайды. Биыл талдарды егіп, қажетті тыңайтқыштарды салып қойған. Ол әр талдан 30-40 келі өнім алатынын айтады. Бірақ жазы ыстық әрі сазды өңірде жеміс өсірудің өз қиындықтары бар екенін де жасырмайды.
    ҚАЙРАТ СӘРСЕНОВ, бағбан:
    - Бұл жер қатты жер. Кезінде қара ағаш та шықпаған. Осы жерді отбасымызбен баптап, күтіп, тыңайтқыштарын салып, жеміс ағаштарын отырғыздық. Бүгінде осындай нәтижеге жетіп отырмыз. Жалпы Атырау облысының экологиясы жыл сайын күрделеніп барады. Соған орай аудан тұрғындарын тал егіп, ауданымызды көгалдандыруға шақырамын.
    Алма ағаштарын еккенде ең әуелі сорттарды дұрыстап таңдап алу қажет дейді кәсіпкер. Махамбеттік бағбан бау-бақша өнімін отбасы игілігіне айналдырып, табиғат берген сыйдың қадірін ұрпағына ұлықтауды мақсат еткен.
    ӘБДІРАХМАН ҚАЙРАТҰЛЫ, бағбанның баласы:
    - Әкеміздің қасында 8 түрлі алма ағашын, талдарды егіп, суарып жүрміз. Өзіміздей балаларды еңбек етуге шақырамын. Бастапқыда бізге ешкім сенбеген еді, бірақ қазір біздер алма ағашының жемісін жеп отырмыз. Алдағы уақытта қайырымдылық қорларына жемістерімізді жібереміз.
    Бұл жерде алма мен жүзімнен өзге қарақат, өрік, алмұрт пен шабдалы да жақсы өнім беріп тұр. Осылайша, топырағы құнарлы шөл далада жайқалтып бақ өсірген жігерлі азамат жемістердің жартысын әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жетімдер үйіне тегін таратуды да әдетке айналдырған. Сауапты іске ұмтылатын бағбан өз әрекетімен өзге жандарға үлгі көрсетіп жүр.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 6

  • @Elina-kk1ve
    @Elina-kk1ve День назад +5

    Өте жақсы бау-бақша.Еңбекқор жандардың қаншама еңбек еткені керемет.Осындай әдемі де жайқалған алма ағаштар көп болсын!👍🤲🌿🌲🌹

  • @MehmediSesigüzel
    @MehmediSesigüzel День назад +5

    Türkiye den çok selamlar maşallah maşallah çok güzel bir çalışma olmuş emeginize saygı Allah'a emanet olunuz yaşasın Türkiye Kazakistan kardeşligi ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-lu7py7bf7h
    @user-lu7py7bf7h 7 часов назад +2

    👍👍👍

  • @ХаншаимСадуакасова
    @ХаншаимСадуакасова 7 часов назад +2

    Кандай..керемет..нагыз.Азамат..баларынын.кызыгын.енбегинин.жемисир.корсин..бари.Семьядан.басталады.Тарбие.Енбек.Мадениет.. ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤.

  • @РинаКабиева
    @РинаКабиева 11 часов назад +2

    Мына кісі орал ман.Китай жақтан келді.Мен поезда Алматы-Атырау да бирге келдем.Сонда айытты,алма ағаш отырғызып жатырмын Махамбетте.Іске сәт!