Дәстүр Асылхан - "Тұлғалар қайтып барады" (Сөзі: Қуат Ежембек Әні: Дарын Шаяхметов)
HTML-код
- Опубликовано: 25 окт 2024
- Тұлғалар қайтып барады...
Сөзі: Қуат Ежембек
Әні: Дарын Шаяхметов
Әнші: Дәстүр Асылхан
Жылайды жұлдыз жаралы Ай,
Кеудеге біткен жарадай.
Өлместің күнін кештім мен,
Өткенге бір сәт қарамай...
Жындандық, жылап, күлдікте,
Қайғысыз, қамсыз жүрдікте.
Қайтарған құсын Тұманбай,
Қайтарын өзі білдік пе?!
Қайырмасы:
Ән-жырға бөлеп көк белді,
Әуенге қосып көктемді.
Құс емес бүгін төбемнен,
Тұлғалар ұшып өткен-ді...
Құс-ғұмыр қимай қарады,
Апыр-ай жаны жаралы.
Қарауға көкке қорқамын,
Тұлғалар қайтып барады...
Әлі де нұрлы болар ең,
Болар ең тағы толар ең.
Қайтарған құсын Нұрғиса,
Қайтып кетіпті-ау солармен.
Өкініп бірде қуанып,
Жүретін ылғи бір алып.
«Қарлығаш» болып келді де,
Өмірден өтті Жұбанов.
Өтеуі болар сыйдың да,
Көңілім, кідір күй тыңда.
Ұйықтатып арман «Аққуын»,
Мұқаң да кеткен ұйқыға.
Ал, жүрек жырла төк мұңды,
Аңсадың білем текті ұлды.
Сыршыл да сыншы Сығайым,
Шын өмірге бет бұрды.
Көзге жас келді ғой. Жүректі шын шымырлататын туынды екен..Бір кем дүние.....
Өлеңі мен әні үйлескен керемет туынды әнді орындаған ініме де рахмет керемет орындау шығармашылық табыс тілеймін
Өте әсерлі ән. Дарында ризамыз
Керемет ән!
Асыл жандар кетті ғой!
Жатқан жерлері жайлы болсын, жандары жәннәтта болсын
Керемет ән орындалуы да керемет Рахмет әншіге
Керемет!
Керемет! Авторларына орден беру керек, орындаушы керемет жеткізді!
Керемет дауыс әнде мағыналы
Керемет орындаушысын тапқан ән!
Кереметтттт жазған өлеңды айтып тұрған жигытке де 👍😢👏
Көзге еріксіз жас келді
Алла жар болсын
Өмір деген осындай екен қамшының қысқа сабындай
Керемет айтылған. Мине нағыз әнші.