Отбасы мәселесі | Пайдалы уағыз қазақша | Ұстаз Арман Қуанышбаев
HTML-код
- Опубликовано: 7 фев 2025
- Арман Қуанышбаевтың "Отбасы мәселесі " атты керемет уағызы
Пайдалы уағыз
Құрметті, бауырлар
Көпшіліктің көруіне себепші болыңыз!
Қазақ тілінде уағыздар ұсынатын боламыз, каналымызға тіркеліп, ЛАЙК басып отырайық, әрі жақсы пікір қалдырып кетейік
#арманкуанышбаев #арманқуанышбаев #уағыз #уағыз2021 #уағыз2022
Машалла, не деген, көркем,, мәнерлі тіл, шебер жеткізе білу Алла разы болсын, ұстазым
Өте жаксы керек мәғлүмәттәр екен 👍
Ма ша Аллаh! өте пайдалы уағыз екен! Аллаh разы болсын!
Ұстаз күшті аиттыныз Алла разы болсын
Халқыма, сіздерге мыңда бар алғыс, Алла тағала өздеріңіздей ерьлерді көбейткей, тикток емпс, жер-көк тің арасында жұргендерді көбейткей, Амандық, саулық, білім мен ынта бергей баршамызға аумин
Алла баи уиге тас акелседе скачать акылды мекке баи паигамбарлар салган тас болса меккеге баруын болса оилан блмин артырган оны устанатын дунясын пенде кымбат паигамбар. Iлмдi бермит. Акылды китап жасатпа.
Алла супер тиория кмде скачать
Алла тиория практика жазган #
АДАМГЕРШІЛІКТІҢ ШЫҢЫ.
АМАНАТ
Қазақтың жалпақ тілінде «аманат» деген ұғым бар. Бұрынғы аталарымыз өзінің мал-мүлкін һәм өмір-ғұмырын аманат деп біліп: «Алланың аманатқа берген жанын, кезегі келгенінде тапсырамын» деп жырлаған. Сол сияқты мұсылман әлемінің сардар сахабасы Әбубәкір Сыдық «Аманат ол - адамгершіліктің шыңы» деген екен.
аманаттың жүгі аса ауыр екенін, оның жауапкершілігі өте қиын екенін аңғарамыз. VII ғасырда өмір сүрген ислам ғұламаларының бірі Абдулла Омар: «Егер сендер аманатты сақтай алсаңдар, екі дүниеде ештеме де жоғалтпайсыңдар» деп аманат ұғымында екі дүниенің сыйы мен сыры жатқанын ескертеді.
Бұрынғы ата-бабаларымыз аманат ұғымының астарында сарқылмас сауап пен тарқамас жақсылық жатқанын жақсы білген. Тіптен шариғатта ер азаматқа мал-мүлкі, Бала-шағасы Ата - Анасы оған аманат делінген.☝️ Сондықтан да аталарымыз «аманатқа қиянат жүрмейді» дейтін бұлжымас қағиданы өз өмірлеріне темірқазық етіп ұстанған.
Сахаба Анастан (р.а) жеткен хадисте «Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге: «Аманатшылдығы жоқ адамның иманы жоқ. Уәдесін орындамайтын адамның діні де жоқ» - деді (Имам Ахмад риуаят етті) ☝️
Алла елшісі аманатқа қиянат етушілерді мұнафиққа, екі жүздіге теңеген Сондай хадистердің бірінде «Мұнафықтардың белгісі үшеу; сөйлесе өтірік айтады, уәде берсе бұзады, аманат тапсырылса, оған қиянат етеді»,- деген. (Имам Бухари Имам Муслим.)☝️
Отбасың саған аманат.
Ер азамат болып, шаңырақ көтерген соң, жанұяңның барлық жауапкершілігі саған жүктелетіні белгілі. Бұл ретте тек материалдық жағынан ғана емес, рухани жағынан да қорған болуың міндеттелген. Тиісінше әйелі де ер азаматы мен балаларына жауапты. Бір сөзбен айтқанда жанұя мүшелері бір - біріне аманатталған. Алла елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен хадистерде «Сендердің бәрің де бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауаптысыңдар. Әмірші - адамдарға бақташы, ол сол отарына жауапты, ер кісі - өз отбасына бақташы, сол отарына жауапты, ал, әйел - күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі соларға жауапты, - деген. (Имам Муслим риуаят етті)☝️
Аманат жоғала бастағанда қиямет жақындайды. Істерді лайық болмаған адамға тапсыру - аманатты жоғалту болып табылады» сахих хадис Имам Бухари.☝️
Жанұяға болған аманат. Жанұяның жағдайларын реттеп, оларға көңіл бөлу - отағасына аманат. Сахих хадисте: «Сенің мойыныңда жанұяңның ақысы бар. Ендеше, әрбір хақылы адамның хақысын бер» деген. Имам Бухари.☝️
бұрынғылар аманаттың алдында арын да, намысын да, ұятын да, салтын да сатпаған. Аманатқа қылдай қиянат жасамаған.
аманатымызға» берік болайық! «Төртеу түгел болса төбедегі келері» хақ. 🤲...