63-дәріс - Тәмәттуғ қажылығы | Мухтасар әл Қудури | Ұстаз Ерғали Алпысбай
HTML-код
- Опубликовано: 9 май 2024
- Имам әл-Қудуридің (Алла рақымына алсын) «Мухтасар әл-Қудури» кітабы әлемнің барша елінде, атап айтқанда: Сирия, Ирақ, Мысыр, Түркия, Орта Азия және Үндістан медреселерінде оқытылып, үйретіледі. Бұл кітап Ханафи мектебінің қайнары саналады. Кітап өте жеңіл әрі түсінікті тілде жазылған. Фиқһ ілімі ғұламаларының айтуынша, ғибадат мәселелерін жүйелеген бұл кітапты жай ғана оқудың өзі сауапты амалға жатады. Бұл кітап араб тілі грамматикасын меңгерген соң фиқһ іліміне кіріскен шәкірттің ең алғаш оқитың еңбегі.
Имам әл-Қудуридің толық аты-жөні: Әбу әл-Хусейн Ахмад ибн Мұхаммед ибн Ахмад ибн Жағфар ибн Хамдан әл-Қудури әл-Ханафи
Туған жылы: Һижри 362 жыл
Туған жері: Ирақтың Бағдад қаласы
Имам әл-Қудуридің әкесі - Мұхаммед ибн Ахмад ибн Жағфар Ханафи мәзһабының үлкен имамдарының бірі.
Дәріскер: Алпысбаев Ерғали Орынқұлұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор
/ ergalialpysbay
MIHRAB.KZ Ислам ақпараттық ағарту порталы
Instagram: / mihrab.kz
Telegram: t.me/mihrab_kz
TikTok: www.tiktok.com/mihrab.kz
Субханаллаh
Алла разы болсын😍👍🏻
Әссаляму алейкум ұстаз!
Үлкен қажылыққа қашан бару керек?
Shalatyn kurbannyn akshasyn ala barsa kay sipatqa jatady?
Келесі дәріс қашан