Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл - 2 ч.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 26 июн 2024
  • 15 наурыз күні ғылыми кітапхана мен жаратылыстану -география факультетінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің классигі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына арналған «Ұлт мүддесін көздеген сыншы -қазақ жазушысы» атты әдеби кеш болып өтті.
    Кештің мақсаты келешек жастарға жазушы Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең түсінік беріп, жазушының әдеби мұрасының негізгі ерекшеліктерін ұғындыру.
    Аталмыш кешке филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы келіп студенттерге Ж.Аймауытовтың шығармашылығы мен оның қазақ әдебиетіндегі қалдырған ізі туралы баяндады.
    Әрі қарай жазушының шығармашылығынан алынған “Неғып жатыр” өлеңін Сағындыққызы Дильназ, Серік Тұрғынбекұлының «Жүсіпбек» атты өлеңін Уалиоллина Дамира және Ержігіт Алдияр Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінен үзінді оқып берді.
    Кеш барысында Манарбек Нұртілеу «Балбырауын» күйін орындап, Нурлыбаев Саят «Самға, қазақ» әнімен әдемі көңіл күй сыйлады.
    Жаратылыстану-география факультетінің декан орынбасары Удреева К.С., ғылыми кітапхана директоры Т.Е. Алимбекерова, кітапханашы Мухтарова В.С. кешті қорытындылап көрермендерге ризашылығы мен алғысын білдірді.
    Жүсіпбек Аймауытов өзінің қысқа ғұмырында артына аса бай әдеби ғылыми мұра қалдырды. Ол Л.Н. Толстой, Н.В. Гоголь, Дж. Лондон, Гюго, А.С. Пушкиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы. Педагогика, психология, методика, эстетикалық тәрбие бағытында мақалалар жазған жазушы.
    Кеш өте әсерлі өтті.

Комментарии •