Алихан Дүйсенбай терме”Қара топырақ”

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 ноя 2024

Комментарии • 23

  • @МырзакасымЧаганбаев

    домбыра да терме де тамаша жараисын шаба бер канатын талмасын

  • @БауыржанПазылов-о3ю
    @БауыржанПазылов-о3ю Месяц назад +1

    ТОПЫРАҚ ҚИССАСЫ
    Сәнінен асқан Хақтың сән бар ма екен,
    Зікірден асқан сұлу ән бар ма екен?
    Әлқисса, «Алла-Һу» деп, сөз бастасам,
    Көнеден жеткен аңыз алдар ма екен?
    Халифа жаратам деп жер мен көкке
    Жаппар Хақ жаһанға жар салған екен.
    Сол сәтте-ақ жанды-жансыз жаратылыс
    Жиылып, құзырына барған екен,
    «Адамды жаратса деп менен ғана»,
    Жетелеп келген көпті арман екен.
    Үміткер көп болған соң, қызды-қызды
    Айтысып бір-бірімен қалған екен.
    Кеші-күн тартысам деп барлығының
    Мақтанып, тіл мен жағы талған екен.
    Жаратқан әр қайсысын тыңдайын, - деп,
    Арызға енді зейін салған екен:
    Сөз алды биікпін деп, алдымен Тау,
    - Халифа болар бізде хәл бар бекем!
    - Әзизбін, менен жарат деді алтын,
    Жарқылдап, дүниені арбап өтем.
    - Тасқынмын, - деді су кеп, - лайықпын мен
    Қаласам, тау мен тасты жалмап кетем!
    - Жүйрікпін, менен жарат, - деді Жел кеп,
    Көрерсің сонда қалай самғар екем?
    - Күштімін жалындаған, менен жарат, -
    Деді От, - жанарында сән бар етем!
    - Асқақпын, менен жарат, - деді аспан,
    Менмін ғой қойыны толы шам бар мекен.
    - Жұмсақпын, менен жарат,- деді ағаш,
    Мына жұрт сонда мені аңдар ма екен?
    Тас айтты: - Мені таңда, мықтымын мен, -
    Апыр-ай, таста-дағы жан бар екен!
    Айтысып жатқанында барша ғалам,
    Топырақ жатты ойланып: «Заңғар Егем
    Таңдамас мені, сірә, бұл тірлікке -
    Жерді тек қылған жоқ па аңдар мекен.
    Жатамын табанында бар ғаламның,
    Жаратқан бізді қалай таңдар екен?..»
    Таң ба екен майдан батырға,
    Қиын ба өлең ақынға?!
    Жаратқан Хақты зікір қып
    Сиынса көптің сапында?
    Тыңдаңыз тарих не дейді,
    Машайықтардың хатында:
    Естіп талас-тартысты
    Сөйледі Рақман-Рақым да:
    - Асқар Тау, сенде бір мін бар -
    Тәкаппарлық бар затыңда,
    Кішірейіп, асу бермейсің -
    Жеткізбес бұл іс ақырға!
    Сары Алтын, сенде бір мін бар -
    Залалың ерен ақылға,
    Жарқырап сыртың тұрғанмен,
    Татымас ішің бақырға!
    Тасқын Су, сенде бір мін бар -
    Түспейді кеулің ғапылға,
    Шайқалсаң, өткел бермейсің,
    Бұл іске, сірә, шатылма!
    Жүйрік Жел, сенде бір мін бар -
    Аласың бірден тақымға,
    Сәт сайын түрлі құбылған
    Тұрақсыз мінез мақұл ма?
    Жанған От, сенде бір мін бар -
    Шоқ болсаң, ұқсап лағылға,
    Оянып кетсең, абайсыз,
    Орайсың бәрін лапылға.
    Көк Аспан сенде бір мін бар -
    Жайып ем кең ғып шатырға,
    Көзге ілмей көпті барасың,
    Бұл тағдыр сенің хақың ба?
    Ей, Ағаш, сенің мінің бар -
    Ұқсайды тұлғаң батырға,
    Жіберсем сынақ, төзбейсің,
    Шарт сынып кетсең, ақыл ма?
    Қара Тас, сенде бір мін бар -
    Өзегің берік, батыл да,
    Алайда мейірім шашпайсың,
    Шапағатың жоқ жақынға!
    Сондықтан шулап жан-жақтан,
    Кәрімді менің шақырма!
    Бұйрықты екі айтқызып,
    Қалмаңдар ұшырап зақымға!
    Содан соң қарап төменге
    Қайтадан келіп рақымға,
    Деді: - Ей, ғазиз Топырақ,
    Раббыңа қарай жақында!
    Халифам сенен болар тек,
    Өзіңді мұңға батырма!
    Сынықтық қалпың ұнады,
    Бір мін жоқ топырақ атыңда.
    Үстіңе нәжіс төксе де,
    Қалмайды ешбір татың да.
    Құшағың толған береке
    Сөзімді мынау мақұлда,
    Адамзат сенен жаралып
    Оралар саған бақұлда...
    Топырақ сонда сөйлейді:
    - Жаратқан, менің датым бар!
    Құл болған Сізге затым бар,
    Топырақ деген атым бар,
    Басқа да пендең секілді,
    Әрине, алар ақым бар.
    Дегенмен мынау тірлікке
    Демеймін менің хақым бар.
    Адамзат менен жаралса,
    Жаһанға мынау таралса,
    Күнаға сансыз қамалса,
    Маған да келер зақым бар!
    Ағаш ат бір күн ерленсе,
    Көкірегі толып шерленсе,
    Қайтадан маған жерленсе,
    Шірітуге қалай дәтім бар?
    Ауел бар жерде ақыр бар,
    Тоғай бар жерде тақыр бар,
    Алтын бар жерде бақыр бар,
    Ашу бар жерде ақыл бар,
    Сұрақ бар жерде қойылған
    Беретін жауап сәтім бар,
    Алатын жауап Шаһым бар.
    Аясаң етті, ей, Раббым,
    Қаһарың барда Рақым бар!
    ***
    Отырса Топырақтың датын тыңдап,
    Топырақ ұнап бара жатыр шындап.
    Жаратқан құдіретті үнмен тағы айтады:
    - Қара Жер, Мен - Ұлықпын, затым - жұмбақ.
    Сондықтан, тәуба қылып, Маған ғана,
    Жұмысың - сенім артып, мақұл болмақ.
    Уайымсыз отыра бер, ойымда жоқ
    Салмақты саған түсер ағыр қылмақ.
    Әрине, сенікі жөн, осал пендем,
    Күнәсі шаштан асып, ғапыл болмақ.
    Дін менен ата салған жолдан безіп,
    Қайғысыз қайсыбірі жақыл болмақ.
    Кейбірі Сайтан салған жолмен жүріп,
    Ындынсыз Ыбылысқа жақын болмақ.
    Қаһарым емес менің, соңырағы күн,
    Күнәсі өздеріне - ақыр болмақ!
    Алайда бейсенбі күн ұрпақтары
    Қол жайып, дұға оқыса, ақыл болмақ.
    Түсірем Құран Кәрім деген кітап -
    Оларға менің хабар-хатым болмақ.
    Бағыштап сол Құранды оқыған соң,
    Тілегі Адамзаттың қабыл болмақ:
    Болса да зор күнәсі кешіремін,
    Содан ғой - бір есімім Ғафур болмақ!
    Қойныңа күнә арқалап келгендері,
    Жай тауып жаны рақат, бақұл болмақ.
    Аруақты тәркі қылмай, қолды жайып,
    Оқыса шексіз құран-хатым жолдап,
    Ұрпағы кенеледі мол сауапқа
    Көңілі шат, өмірі мәнді, сақыл болмақ.
    Тыңдарман, жалғаны жоқ, мұндағы сөз
    Атадан келіп жеткен нақыл болмақ...
    Береке дарытқан соң Аллам кепке,
    Тоқтаусыз көкірегім жатыр толғап!
    Сап көңілім, сабаңа түс осы жерден,
    Нәпсіңді топырақтай отыр қорғап...

  • @ГабитБахрадинов
    @ГабитБахрадинов 2 года назад +7

    Сырдын макамы тамаша жарайсын 👍👍👍👍👍👍👍💯💯💯💯💯

  • @ЖасикОтыншы
    @ЖасикОтыншы 5 месяцев назад

    Ассалаумағалейкум жамағат, мәні терең терме екен керемет орындады

  • @ЕржанНургожаев-ш6т

    Не деген терме пынау айналайн ау.Күлкімді тия алмай күлкімді жиялмай қалдм

  • @ГулнурКаликбердиева-и3л

    Керемет терме. Алихан осындай керемет дүние термелерді. Көп шығарып тұрсаныз. Тағыда қандай термелерініз бар. Тф,тф Даусыныз керемет. Нағыз терменің даусы. Тағыда термелерінізді қайдан тыңдауға болады.

    • @jekzjekz9078
      @jekzjekz9078  Год назад

      ruclips.net/video/Gjj1PDWFGzc/видео.html

  • @МырзакульАлиханова
    @МырзакульАлиханова 2 года назад +5

    АЛИХАН ЖАРАЙСЫЗ . . СИЗГА РАХМЕТ!!

  • @ЖанабайПирманов-ш4р

    Сау бол !!!

  • @ТаттигулРзалиева-ш9х

    Бееу қандай керемет терме.

  • @МырзакульАлиханова
    @МырзакульАлиханова 2 месяца назад

    АЙ АЗАМАТ 1000 МЫН ЖАСАНЫЗ. ! КАЛЫККА КЕРЕК. АЗАМАТСЫЗ?🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉

  • @ЖанабайЖантаев
    @ЖанабайЖантаев 3 года назад +6

    Керемет терме жараисың

  • @khanbibielmuratova2944
    @khanbibielmuratova2944 2 года назад +3

    Керемет тамаша коп Рахмет балалыгымызды еске тусирдиниз,термелерди тындап сабырлы боламыз,акемиздин тарбиесигой

  • @airah2500
    @airah2500 Год назад

    👍👍👍👍👍

  • @abai3910
    @abai3910 3 года назад +7

    Керемет жырларымды қаидан скачат етуге болат ит жылы туралы жырың барма інім яндексте топырақ сияқты ұзақ жырың барма Маңғыстаудан ағаң

  • @abai3910
    @abai3910 3 года назад +14

    Жасаған Аллам Жапар хах дәралі Пани ден өткен ата бабаң қолдап жүрсін жеңіл ән аитпа жырдан аиырлма жыр деген факт сөздер лауқы мен махфузда жер мен көк дегенде маңдайыңа жазылған несібеңнен қолыңдағы киелі ағаштан аиыра көрме я Аллам

  • @ЕржанНургожаев-ш6т

    Текс барма

    • @БауыржанПазылов-о3ю
      @БауыржанПазылов-о3ю Месяц назад +1

      ТОПЫРАҚ ҚИССАСЫ
      Сәнінен асқан Хақтың сән бар ма екен,
      Зікірден асқан сұлу ән бар ма екен?
      Әлқисса, «Алла-Һу» деп, сөз бастасам,
      Көнеден жеткен аңыз алдар ма екен?
      Халифа жаратам деп жер мен көкке
      Жаппар Хақ жаһанға жар салған екен.
      Сол сәтте-ақ жанды-жансыз жаратылыс
      Жиылып, құзырына барған екен,
      «Адамды жаратса деп менен ғана»,
      Жетелеп келген көпті арман екен.
      Үміткер көп болған соң, қызды-қызды
      Айтысып бір-бірімен қалған екен.
      Кеші-күн тартысам деп барлығының
      Мақтанып, тіл мен жағы талған екен.
      Жаратқан әр қайсысын тыңдайын, - деп,
      Арызға енді зейін салған екен:
      Сөз алды биікпін деп, алдымен Тау,
      - Халифа болар бізде хәл бар бекем!
      - Әзизбін, менен жарат деді алтын,
      Жарқылдап, дүниені арбап өтем.
      - Тасқынмын, - деді су кеп, - лайықпын мен
      Қаласам, тау мен тасты жалмап кетем!
      - Жүйрікпін, менен жарат, - деді Жел кеп,
      Көрерсің сонда қалай самғар екем?
      - Күштімін жалындаған, менен жарат, -
      Деді От, - жанарында сән бар етем!
      - Асқақпын, менен жарат, - деді аспан,
      Менмін ғой қойыны толы шам бар мекен.
      - Жұмсақпын, менен жарат,- деді ағаш,
      Мына жұрт сонда мені аңдар ма екен?
      Тас айтты: - Мені таңда, мықтымын мен, -
      Апыр-ай, таста-дағы жан бар екен!
      Айтысып жатқанында барша ғалам,
      Топырақ жатты ойланып: «Заңғар Егем
      Таңдамас мені, сірә, бұл тірлікке -
      Жерді тек қылған жоқ па аңдар мекен.
      Жатамын табанында бар ғаламның,
      Жаратқан бізді қалай таңдар екен?..»
      Таң ба екен майдан батырға,
      Қиын ба өлең ақынға?!
      Жаратқан Хақты зікір қып
      Сиынса көптің сапында?
      Тыңдаңыз тарих не дейді,
      Машайықтардың хатында:
      Естіп талас-тартысты
      Сөйледі Рақман-Рақым да:
      - Асқар Тау, сенде бір мін бар -
      Тәкаппарлық бар затыңда,
      Кішірейіп, асу бермейсің -
      Жеткізбес бұл іс ақырға!
      Сары Алтын, сенде бір мін бар -
      Залалың ерен ақылға,
      Жарқырап сыртың тұрғанмен,
      Татымас ішің бақырға!
      Тасқын Су, сенде бір мін бар -
      Түспейді кеулің ғапылға,
      Шайқалсаң, өткел бермейсің,
      Бұл іске, сірә, шатылма!
      Жүйрік Жел, сенде бір мін бар -
      Аласың бірден тақымға,
      Сәт сайын түрлі құбылған
      Тұрақсыз мінез мақұл ма?
      Жанған От, сенде бір мін бар -
      Шоқ болсаң, ұқсап лағылға,
      Оянып кетсең, абайсыз,
      Орайсың бәрін лапылға.
      Көк Аспан сенде бір мін бар -
      Жайып ем кең ғып шатырға,
      Көзге ілмей көпті барасың,
      Бұл тағдыр сенің хақың ба?
      Ей, Ағаш, сенің мінің бар -
      Ұқсайды тұлғаң батырға,
      Жіберсем сынақ, төзбейсің,
      Шарт сынып кетсең, ақыл ма?
      Қара Тас, сенде бір мін бар -
      Өзегің берік, батыл да,
      Алайда мейірім шашпайсың,
      Шапағатың жоқ жақынға!
      Сондықтан шулап жан-жақтан,
      Кәрімді менің шақырма!
      Бұйрықты екі айтқызып,
      Қалмаңдар ұшырап зақымға!
      Содан соң қарап төменге
      Қайтадан келіп рақымға,
      Деді: - Ей, ғазиз Топырақ,
      Раббыңа қарай жақында!
      Халифам сенен болар тек,
      Өзіңді мұңға батырма!
      Сынықтық қалпың ұнады,
      Бір мін жоқ топырақ атыңда.
      Үстіңе нәжіс төксе де,
      Қалмайды ешбір татың да.
      Құшағың толған береке
      Сөзімді мынау мақұлда,
      Адамзат сенен жаралып
      Оралар саған бақұлда...
      Топырақ сонда сөйлейді:
      - Жаратқан, менің датым бар!
      Құл болған Сізге затым бар,
      Топырақ деген атым бар,
      Басқа да пендең секілді,
      Әрине, алар ақым бар.
      Дегенмен мынау тірлікке
      Демеймін менің хақым бар.
      Адамзат менен жаралса,
      Жаһанға мынау таралса,
      Күнаға сансыз қамалса,
      Маған да келер зақым бар!
      Ағаш ат бір күн ерленсе,
      Көкірегі толып шерленсе,
      Қайтадан маған жерленсе,
      Шірітуге қалай дәтім бар?
      Ауел бар жерде ақыр бар,
      Тоғай бар жерде тақыр бар,
      Алтын бар жерде бақыр бар,
      Ашу бар жерде ақыл бар,
      Сұрақ бар жерде қойылған
      Беретін жауап сәтім бар,
      Алатын жауап Шаһым бар.
      Аясаң етті, ей, Раббым,
      Қаһарың барда Рақым бар!
      ***
      Отырса Топырақтың датын тыңдап,
      Топырақ ұнап бара жатыр шындап.
      Жаратқан құдіретті үнмен тағы айтады:
      - Қара Жер, Мен - Ұлықпын, затым - жұмбақ.
      Сондықтан, тәуба қылып, Маған ғана,
      Жұмысың - сенім артып, мақұл болмақ.
      Уайымсыз отыра бер, ойымда жоқ
      Салмақты саған түсер ағыр қылмақ.
      Әрине, сенікі жөн, осал пендем,
      Күнәсі шаштан асып, ғапыл болмақ.
      Дін менен ата салған жолдан безіп,
      Қайғысыз қайсыбірі жақыл болмақ.
      Кейбірі Сайтан салған жолмен жүріп,
      Ындынсыз Ыбылысқа жақын болмақ.
      Қаһарым емес менің, соңырағы күн,
      Күнәсі өздеріне - ақыр болмақ!
      Алайда бейсенбі күн ұрпақтары
      Қол жайып, дұға оқыса, ақыл болмақ.
      Түсірем Құран Кәрім деген кітап -
      Оларға менің хабар-хатым болмақ.
      Бағыштап сол Құранды оқыған соң,
      Тілегі Адамзаттың қабыл болмақ:
      Болса да зор күнәсі кешіремін,
      Содан ғой - бір есімім Ғафур болмақ!
      Қойныңа күнә арқалап келгендері,
      Жай тауып жаны рақат, бақұл болмақ.
      Аруақты тәркі қылмай, қолды жайып,
      Оқыса шексіз құран-хатым жолдап,
      Ұрпағы кенеледі мол сауапқа
      Көңілі шат, өмірі мәнді, сақыл болмақ.
      Тыңдарман, жалғаны жоқ, мұндағы сөз
      Атадан келіп жеткен нақыл болмақ...
      Береке дарытқан соң Аллам кепке,
      Тоқтаусыз көкірегім жатыр толғап!
      Сап көңілім, сабаңа түс осы жерден,
      Нәпсіңді топырақтай отыр қорғап...

  • @astana.astana2446
    @astana.astana2446 2 года назад +2

    Домбыра нашар екен быжылдап тұр сəнін құртып тұр