Павлодарда көру қабілеті нашар балаларға арналған тактильді кітап қоры ұлғаяды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 сен 2024
  • Ертіс өңірінің оқушылары тактильді кітаптарды әзірлеу технологиясын меңгерген. Көзі нашар көретін балаларға арналған оқу құралдарын жасауда мектеп жасына дейінгі ұл-қыздардың қажеттіліктері ескерілген. Оқушылар мен мұғалімдердің мақсаты - инклюзивті білім берудің дамуына атсалысып, мүмкіндігі шектеулі жеткіншектердің қоғамға тез бейімделуіне атсалысу. Енді бұл игі істің нәтижесі қандай екен?
    Тактильді кітаптар жасау бастамасын Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп ұжымы көтерген. Алдымен әдіс-тәсілін меңгеріп, оқушыларға үйрете бастады. Бұл іске олар асқан қызығушылықпен кірісті. Әдіс балалардың қол моторикасын дамытумен шектелмейді. Ең бастысы, көру қабілеті нашар қатарластарына көмектесу.
    «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: bit.ly/31WnObW
    Біздің сайт - 24.kz

Комментарии •