ТӘУБЕ СҮРЕСІ. БАРЛЫҚ ЖОҚШЫЛЫҚТАН ҚҰТҚАРАДЫ.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 окт 2024
  • ТӘУБЕ СҮРЕСІ. БАРЛЫҚ ЖОҚШЫЛЫҚТАН ҚҰТҚАРАДЫ.
    Бұл Алладан және Елшісінен, келісім жасасқан мүшріктерге бір құлақтандыру. (1)
    (Әй мүшріктер!) Жер жүзінде төрт ай кезіңдер. Расында Алла осалдата алмайтындықтарыңды және Алла (Т.), кәпірлерді қорлайтынын біліңдер. (2)
    Ал бұл ірі Хаж күні, Алладан, Елшісінен халыққа бір жарнама: Расында Алла және Елшісі мүшріктерден безеді. Егер тәубе қылсаңдар, сендер үшін жақсы болады. Ал егер жалтайсаңдар, Алланы еш осалдата алмайтындықтарыңды біліңдер. (Әй Мұхаммед!) Қарсы болғандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. (3)
    Бірақ келісім жасасқан мүшріктерден кейін сендерге түк кемшілік істемесе, біреуге көмек етпесе; олардың келісімдерін мерзіміне дейін тамамдаңдар. Расында Алла тақуаларды жақсы көреді. (4)
    Ал қашан құрметті айлар шықса, сонда мүшріктерді қайдан тапсаңдар да өлтіріңдер. Оларды ұстаңдар, қамаңдар және олардың бүкіл жолдарын аңдып отырыңдар. Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар. Расында Алла жарылқаушы, ерекше мейірімді. (5)
    (Мұхаммед Ғ.С.) егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Алланың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орнына жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін ел екендігінен. (6)
    Ол мүшріктердің Алла қасында, Елшісінің қасында қалай келісімі бола алады? Бірақ Месжід Харамда, бітім жасасқандарыңдікі болады. Олар сендерге түзу сыңай байқатса, сендер де оларға түзу ыңғыл көрсетіңдер. Алла сақтанушыларды жақсы көреді. (7)
    Қалайша (олармен келісім болады?) Егер олар сендерге өктем келсе, сендер туралы жақындыққа да келісімге де қарамас еді. Олар, сендерді ауыздарымен разы қылмақшы да, жүректері ұнатпайды. өйткені олардың көбі бұзақы. (8)
    Олар Алланың аяттарын аз бағаға сатып, Оның жолынан тосты. Олардың істеген істері нендей жаман. (9)
    Олар мүмін жайында жақындықты да келісімді де сақтамайды. Міне солар, шектен шыққандар. (10)
    Сонда егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олар сендердің дін бауырластарың. Білген елге аяттарымызды ашық-ашық баян етеміз. (11)
    Егер олар, уәделескеннен кейін анттарын бұзып, діңдеріне тіл тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандармен соғысыңдар. өйткені олардікі ант емес. Олар бәлкім тыйылар. (12)
    (Әй мүміндер!) Анттарын бұзған, Пайғамбарды жұртынан шығаруға бел байлаған және сендерге килігуді алғаш рет бастаған бір елмен неге соғыспайсыңдар? Олардан қорқасыңдар ма? Егер иман келтірген болсаңдар, қорқуларыңа Алла тағы лайығырақ. (13)
    Олармен соғысыңдар. Алла оларға сендердің қолдарыңмен азап етсін де оларды қорласын. Әрі оларға қарсы сендерге нұсырат берсін. Сондай-ақ иман келтірген елдің көңілдерін ашсын. (14)
    Және (олардан жапа шеккендер,) жүректерінің ашуын тарқатсын. Алла кімді қаласа, тәубесін қабыл етеді. Алла толық білуші, аса дана. (15)
    Сендер іштеріңнен соғысқандарды сондай-ақ Алладан, Пайғамбардан және мүміндерден басқаны дос етпегендерді Алла, анықтамай бос қоя береді деп ойлайсыңдар ма? Алла істегендеріңді толық білуші. (16)
    Мүшріктердің, өздерінің қарсылықтарына куә бола тұра (кәпір халінде тұрып) Алланың мешіттерін жасауларына болмайды. Олардың амалдары жойылған. Олар тозақта мүлде қалады. (17)
    Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі жасайды. Міне солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі. (18)
    (Әй мүшріктер!) Сендер, қажыларға су беру, Харам Мешітін жөндеуді; Аллаға, ақырет күніне иман келтіріп, және Алла жолында соғысқан кісі сияқты көресіңдер ме? Бұлар, Алланың қасында тең болмайды. Алла залым қауымды тура жолға салмайды. (19)
    Сондай иман келтіріп, жұрттарынан ауғандар және Алла жолында малдарымен, жандарымен соғысқандар, Алланың қасында ірі дәрежеге ие. Міне солар, мұратына жетушілер. (20)
    #тәубесүресі #суратауба #рекомендации #дұғалар #намаз #рек #сүрелер #сура #зикр #ислам #дұға #құран #тәубәсүресі #таубасуреси #қоран #куран

Комментарии • 13

  • @aktolkynmyrzabek
    @aktolkynmyrzabek  11 месяцев назад +1

    🙏🙏

  • @Inkar276
    @Inkar276 9 дней назад

    Әмин

  • @ЖанылАуелберди
    @ЖанылАуелберди 4 месяца назад

    Ежаратушы ие жар бола гөр тыңдаған керемет дұғаның шапағатымен меиірімінде назарында болаиық қабыл болсыншы аллам сансыз шүкір етемін тәубе қари балам рахмет ұстаздарыңа рахмет тәрбие берген отбасыңа елге силы бол жаным қарилар көп болсын менің ұрпақтарымнан қари шықсыншы аллам деніме саулық тілеймін несібеміз молынан болсын жаным шаршамаңдар елдің ризалығын рахметіне бөленіп жүрсіңдер ғой ниетім қабыл болсын әумин

    • @GulimxanJumamauratova
      @GulimxanJumamauratova 4 месяца назад

      Аллахом озине шукир хам таубе киламан билип билмий ислеген гуналим коп алла озин кнширгеусен мени туури жолга тусинши аллахом озим жардем бер

  • @tosha_94
    @tosha_94 Год назад +1

    🤲🤲🤲

  • @AmbebapMaster-qm6cf4qn6n
    @AmbebapMaster-qm6cf4qn6n Год назад +3

    👍👍👍👍🇰🇿

  • @ГунайРаш
    @ГунайРаш 2 месяца назад

    әмин

  • @Turkistan-13
    @Turkistan-13 11 месяцев назад

    🙏🙏

  • @Arch.Turkistan
    @Arch.Turkistan Год назад

    🙏🙏