«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ: ЖАҢА БАҒЫТ, ЖАҢА КӨЗҚАРАС» қалалық форумы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 дек 2024
  • Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні Ақтау қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ САПАЛЫ БІЛІМ» ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОБАСЫ аясында «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ: ЖАҢА БАҒЫТ, ЖАҢА КӨЗҚАРАС»
    тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қалалық форумы өтті.
    Форумның бағдарламасына сәйкес түске дейін «№4 «Аққу» бөбекжайы», «№42 «Түймедақ» бөбекжайы», №56 «Жұлдыз» бөбекжайы, «Айшуақ» санаториялық бөбекжайы және №12 жалпы білім беретін мектепте секциялық алаңдар өтіп, педагогтер іс-тәжірибелерімен бөлісті.
    Семинар мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері, ата-аналар және білім беру саласының мамандары арасында өтті.
    Семинар барысында педагогтер мен ата-аналар арасында мектепке дейінгі ұйымдарға келмейтін балаларды бейімдеу жолдары мен денсаулық сақтау технологиялары туралы маңызды ақпараттармен алмасылды. Бұл іс-шара балалардың толыққанды дамуы мен тәрбиесіне оң әсерін тигізеді.
    Семинар соңында қатысушылар арасында пікір алмасу өткізіліп, ұсыныстар мен тәжірибелермен бөлісу жүзеге асырылды.

Комментарии •