Қазір Исламның формасы бар, мазмұны жоқ | Кеңшілік Тышқанұлы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 окт 2024
  • ✅ ФАТАЛИЗМ ДЕГЕН НЕ?
    Философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, ЕҰУ-нің дінтану кафедрасының доценті Кеңшілік Тышқанұлының тұщымды ойларын ұнатамын. Кеңшілік аға сұхбаттарында фатализм терминін жиі қайталайды. Оның мәнін біреу білсе, біреу білмес.
    Фатализм (латынша fatalіs - қашып құтылмайтын) - әрбір оқиғаны және адамның әрбір әрекетін о баста бекітілген деп білетін, қалау еркі мен кездейсоқтықты жоққа шығаратын дүниетанымдық тұжырымдама.
    Мысалы көптеген мұсылмандар үмметтің ғылымнан артта қалуы, экономикалық кедей болуы, саяси тұрақсыздығы, халықтың сауатсыздығы, әл-ауқаттың төмендігі секілді проблемалар - сыртқы күштердің қастандығы һәм Құдаймен арадағы дұрыс емес қарым-қатынас себебінен туындайды дейді. Бұл себеп емес, салдар һәм сылтау.
    Мұның аражігін айырып, мұндай көзқарас шындыққа жанаспайтынын көрсетсең, "Басыңды қатырма, бұл өмір сынақ, Алла осылай болуын маңдайға жазған" деген фаталисттік көзқараспен фаталити жасап шалқаңнан құлатады. Бұл Аллаға жабылған жала деп айтар едім.
    Ниса сүресі, 79 - аят: «Саған нендей бір жақсылық келсе, ол - Алладан. Ал бір жамандық келсе, ол - өзіңнен». Шура сүресі, 30 - аят: «Бастарыңа келген бір ауыртпашылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады».
    Бірінші сылтауға қарсы аргумент - жалпы мұсылман әлемі 633 жылы Араб халифатынан бастап 1800 жылы Осман халифаты аралығында 1000 жылдан астам әлемге үстемдік жүргізген. 19 ғасырдан бастап біртіндеп әлсіреп, бүгінгі ахуалға жетті. Осы аралықта ғылымды дамытуға қандай кедергілер болды? Керісінше кері тарту болған (бұған әлі ораламын).
    Екінші сылтауға қарсы аргумент - Еуропа құдаймен арадағы дұрыс қарым-қатынас орнатқаннан кейін дүниежүзіне үстемдік етті ме? Кезінде бір беделді ел ағасы "БАӘ таухидты ұстанғаны үшін, Алла мұнайды шығарды, байлықты берді. Солар секілді бай болу үшін таухидты ұстану қажет" дегені бар. Ал Швейцария, Люксембург, Норвегия секілді бай ел болу үшін не істеу керек сонда?
    Үмметтің бүгінгі ахуалға жетуі - көбелек әсерінен туындаған себеп-салдарлы проблемалардың нәтижесі. Ешкімге жасырын емес, Еуропа ғылыми-технологиялық өндірістің арқасында әскери-экономикалық үстемдікке жетті. Ал мұсылман әлемі содан артта қалғаны үшін отарланды.
    Құдаймен арадағы байланыс демекші - Кеңшілік ағаның бір мысалына ұқсас мысал келтірейін. 30 жыл бойы мешітке байланып намазын үзбей, оразасын ұстап тақуалықтың шыңына шыққан адамды, 30 жыл бойы жауынгерлік қабілетін шыңдап, өз ісінің шеберіне айналған адаммен шайқасқа шығарсақ кім жеңеді?
    Осы жағдайда жеңілген тарап айыпты өзінен іздеуі керек пе әлде оның жеңілгеніне сыртқы күштерді жазғыруы қажет пе? Я болмаса Алла оның маңдайына жеңілуді жазып қойған ба? Нәзік мәселе осы жерден басталады. Бұл сөзімнен "мешітке барма, намаз оқыма" деген тұжырым жасап алмаңыз. Екеуінің арасында тепе-теңдік орнатып, орта жолды ұстану ләзім.
    Әзірге айтарым осы. Сөзімді Мұхитдин Исаұлының "Жақсыға сөз айтсаң, түсінбесе сөз сырының мәнін іздейді, жаманға сөз айтсаң, түсінсе де сөз түбінен шірігін іздейді" деген сөзімен аяқтағым келеді. Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады.
    #КеңшілікТышқанұлы #НМЖҒАҚ #Ғылым

Комментарии • 92

  • @timaohah
    @timaohah Год назад +17

    Дәуренбек бауырым, Алла разы болсын! Біз қанша жерден иллюзия сөз айтып ақталсақ та, Палестина, Мьянма, Бангладеш сияқты елдердегі мұсылман бауырларымыздың жағдайы жүректі қан жылатады. Неге көмектесе алмаймыз?! Әскери, экономикалық мүмкіншіліктеріміз төмен. Бізге қарсы бір технологияны қолданса біз онымен тең немесе асып түсетін технологиямен жауап бере алмаймыз. Санамызда бір қатып қалған установка бар. Ол өзгермейінше шаң жұтып жүре берер түріміз бар...

  • @ТазажанЖүрек
    @ТазажанЖүрек Год назад +8

    Дін-ғылымның анасы,
    Дін-ғылымның әкесі.
    Ғылым-діннің баласы,
    Дін-ғылымның көкесі!!!
    Ғылым да бар, дін де бар,
    Қоқыс та бар, гүл де бар.
    Адам Ата өлмесін,
    Ақырзаман келмесін.
    Қол қусырып Құдайға.
    Ғылым мен дін, бірге бар!
    21.07.1970-Жыл.
    © Мұқағали Мақатаев.

  • @мадимади-ю7ф
    @мадимади-ю7ф Год назад +13

    Кеңшілік аға өте керемет түсіндіредіғой

  • @НұрланСақтап
    @НұрланСақтап Год назад +8

    Біреулердің не деген сұрағына, же деген сөзді біліммен жауап беретін осындай кісілер көп болсын…

  • @qazaqeli1950
    @qazaqeli1950 7 месяцев назад +2

    Кеңшілік бауырым,ризамын саған!

  • @qazaqstan8212
    @qazaqstan8212 Год назад +12

    Мықты жауап

  • @ТалгатСапаров-р6о
    @ТалгатСапаров-р6о Год назад +7

    ширік, музыка харам 4қатын, жұмақ дегенді осы кісінің аузынан естімейсің . Мықты тиолог

    • @nurdabakit1227
      @nurdabakit1227 Год назад +1

      Сен Мусылманды осы создермен танитын шыгарсын,оны айтпаган Адам тура жолда деп ойласан кателесесiн.Теологтар дiннiн жалпы сырткы формасымен гана таныс,терен бiлмейдi

    • @Arai_Kenesbek
      @Arai_Kenesbek 3 месяца назад

      Бұл кісі ислам дінің ұстанбайды

    • @АйжанАлтынбек-д1э
      @АйжанАлтынбек-д1э 11 дней назад

      @@Arai_Kenesbek медреседе оқыған адам ғой Кеңшілік ұстаз

  • @QushtarQassiyet1230
    @QushtarQassiyet1230 Год назад +8

    Алла тағала Дархан Әбдік ағамызға хидаят беріп, тәубесіне келіп, исламға қайта оралуын нәсіп етсін.

    • @ПоФреиду-г2э
      @ПоФреиду-г2э Год назад

      Арманың Мықты екен бірақ ол бола қоймайды жалпы Парасат майданы деген бағдырлама Атеист.

  • @БерекеРакымбек
    @БерекеРакымбек Год назад +1

    Керемет 👍🇰🇿✊🇰🇿🤲🤲🤲

  • @Bekzat-tt1ki
    @Bekzat-tt1ki 4 месяца назад

    Кеңшілік ағамның білімі де өте кең екен.Шашы ұзын ақылы қысқа кісінің аузына құм құйылды.

  • @yerlanismailov7730
    @yerlanismailov7730 Год назад +3

    Құдай: қазақ ғылым академиясын соғындар, сонда бәрі жақсы болады, 30 жыл болды қақсап келе жатқаныма👌

  • @АлтынбекАмангелды-в5я

    Өте сауатты өте түсінікті керемет

  • @ЖадыраЖексенбаева-б9л

    👍👍👍

  • @КуляшСимбаева
    @КуляшСимбаева Год назад +9

    ӨЗІМШІЛДІК ПЕН ӨЗІН КҰДАЙДАЙ САНАУШЫЛАР КӨБЕЙІП КЕТТІ , ТƏУБАҒА КЕЛСЕК.....

  • @turganbai95
    @turganbai95 Год назад +16

    Ислам дінін жақтырмайтындарға жауап

    • @БахытЕсбаев
      @БахытЕсбаев Год назад +1

      Сендер жактырмай кеткендерге не жауап кайтарды ? Шындык айткандардын барин мешиттен кудындар Нурсултаннын котине котшик койып азгырдындар Кудай койленкеси кылдындар Казакты тонап олтирседе куна кешретин амал тауып бердиндер Меккеге 1000 барды Мешит сокты Дурыс ол азгыннын ойы кулсындар ол кожайын Енди кытай орыска сатса да кунасын жуатын амал биледи! Думшелеринмен дозакты тилеп алдындар Исламга кирмей я кетип казагым деп жургендерге обал болды!

    • @Эммерт.Э
      @Эммерт.Э Год назад

      Және де өтіп кеткен ортодоксальдық исламшыларға да жауап

  • @Tanirgarilkasin
    @Tanirgarilkasin Год назад +1

    Е, Әруақтар қолдай көр, Көк Тәңірім жарылқай көр Көк Бөрінің ұрпақтарын!!!

    • @Бауыржан-ы2о
      @Бауыржан-ы2о Год назад

      ӨТЕ ДҰРЫС АЙТТЫҢ ӨТЕ ДҰРЫС 👍👍👍

    • @АрманКалымбетов
      @АрманКалымбетов Год назад

      Сонда сени каскыр асырап алганба?

    • @Tanirgarilkasin
      @Tanirgarilkasin Год назад

      @@АрманКалымбетов Көк Түріктің қалай өмірге келгенін білмесең, қиындау екен. 4 сыныптың тарихын оқы, Ашинаның кім екенін білесің

  • @ТлеухорКосыбакова

    Сауатты, бірнәрсені талдауға ықыласты абрамнан тарағандардар тудырған туындыларда екі жақты ұғым бар екенін ұғатын болар.Былай дейді емеспе.Адамдар болған оқиғаны бір-бірінен көреді.Бірақ ненәрсе де менің құзырымда, дейтін.Сонда ашық аспанда найзағай ойнатып, жүздеген, мыңдаған адамды қырғынға ұшырататын жауыз соғысқа әнебіреуді итермелеген кім боп шығады. Айтушылар діннің ғұламалары бар дейді.Иә, бар.Өйткені олар өз идеясының қызметкерлері.Олар жаңалық табушылар емес, уағызшылар.Дін жайлы ауыз ашқандар Абай мен Шәкәрімді алға тартады.Дұрыс.Олар да өз заманының, өз ортасының адамдары.Олар космосқа ұшқан жоқ.Бірақ саналы өзгеріске түспейді деп кім айта алады. Оларды да түйсігі өзгертпесе жадидші болмас еді.Егер қазір баяғы түсініктеміз десек өтірік айтар едік.Олай десек, ата-анамызға, жалпы үлкендерге алғаусыз құлақ қойған біздің жерімізді әлдекімдердің жетегімен кеп, қалыптасқан әдетімізді теріске шығарып, діни көзқарасымызға неге селкеу түсті.Олар бірнеше ғасыр ата-бабалар сеніп келген сенімді ыдыратты емес пе. Заман өзгерсе адам да, сана да өзгермейді деп айта аламыз ба.Егер діни рәсімдерді адам қалыптастырған деп шындық айтылса, онда сенім де орнында тұрар еді.Арабтардың аптабында бес рет дәрет алмағанда қайтесің. Оның үстіне кейбір халықтардвң денесінен бөлінетін генетикалық шуаш бар.Сондықтан ертеден қара кешке дейін жуына беруге тура келеді.Бүгінгі заманда инновациясыз өмір жоқ екенін ұққан соң басқаша әндетуге тура келеді.Әр заманның өз сөзі, өз ісі бар.Діни сенім бар да, діншілдік бар.Діншілдігі басым елдердің адамдарынан агрессорлықтан басқа ештеме көрінбейді.Ел болайық десек, сенім мен фанатизмнің аражігін ашық айтып ұқтыру керек жастарға. Әйтпесе, ми-батпаққа батып, тұралап қаламыз.Қазіргі жастардың көбісі сағымға сүңгіген.Дін жайлы бүгінгі заманды шынайы ұғатын, халқына шын жаны ашитын адам айту керек.Жаттап алғанын айтатындар емес.Уағызды кім көрінген желіде емес, мешітте айтуы керек.

    • @Make-Make-k2r
      @Make-Make-k2r Год назад

      Ислам мінсіз, оның жауы шайтан, шайтанға ергендер. Исламның жауы тек шайтан, Аллаһ құранда шайтанға ермеңдер деиді.

  • @Бауыржан-ы2о
    @Бауыржан-ы2о Год назад +2

    ӨТЕ ДҰРЫС АЙТТЫ формасы барда мазмұны жоқ

  • @КүнбақытЗауатханұлы

    Дархан Әбдік енді мұсылман ботын шығарсыз.

  • @БекарысСмагулов-г3й
    @БекарысСмагулов-г3й 9 месяцев назад

    Әуелде Алла Тағала , адамзаттың рухтарың мұсылман қылып жаратып қойды
    Кейін ананың құрсағына бала бітіп белгілі уақыт жеткенде Періште сәбидің денесіне жаның әкеліп орнықтырады Сол кезде ( шевеление ) басталады
    Тоғы ай , тоғыз күнге толғанда жер бетіне шыр етіп келеді
    Одан кейін жер бесік қабірге кіреді
    Одан қайта тіріліп , Алла Тағаланың Мақшар аланыңда есеп қисапқа тартылады
    Адамзаттың 5 түрлі мекені бар :
    1) Әуелдегі мұсылман болған Рухтар әлемі ( уақытша мекен )
    2) Анасының құрсағы ( уақытша мекен )
    3) Жер бетінде белгілі уақыт аралығына дейін жүреді ( уақытша мекен )
    4) Қабір ( Барзақ әлемі , яғни көмес әлем уақытша мекен )
    5) Соңғы мәңгілік мекен ( Жәннат не Жәһәннам ) иманды , имансыздығына байланысты , Рухтардың келген жағы бір болған мен барар жағы екі бөлінеді

  • @bolatamangeldi1659
    @bolatamangeldi1659 6 месяцев назад

    Мына Тарзан созди боле береди екен

  • @ЕрболБатырхан-о3ф

    Осындай сылдыоап соилеп калган билимдисымактар кез келген сурактан онай стылып кетеди
    Туп санасы динмен уланган сылдырлак
    Ал дархан мырза нагыз билим иеси

  • @КуляшСимбаева
    @КуляшСимбаева Год назад +4

    ЖҮРГІЗУШІ ЖАН ЖАҚТЫ ЕМЕС, ЕКЕН АУ....

    • @БахытЕсбаев
      @БахытЕсбаев Год назад +2

      Сенин озин туралы жазыпсын Жургизуши Оте билилди жигит! Исламда билимдилер болган баягыда казир жок!

    • @БахытЕсбаев
      @БахытЕсбаев Год назад +1

      Ислам Сунит Шеит 73агымга болинген Мухамет пайгамбар олгеннен кейн Арабтар екиге болинген бир бирин олтирген Сунит Шеит 73агымга алиде бир бирин олтирйде 2 миллиард кулы бар дин Кунасин кеширетин жери бар! Кунахар! Ел арабия! Шындык айтсан исламга карсы деп капир атайтын диндилер муслимдер! Кирген жерин аздырып тоздырады Сонда да Аллага рамет айткызатын ел ол туркилер

    • @amandyq1997
      @amandyq1997 Год назад +2

      ​@@БахытЕсбаев Ақылды адамға иман парыз! Абай Құнанбайұлы

    • @БахытЕсбаев
      @БахытЕсбаев Год назад +1

      @@amandyq1997 Сендер Абайдан баскабилесиндер ма ози? Кунанбай саткын болыс султан Абай казакка не жаксылык жасапты? Маселе сонда! Аузы кисык болсада байдын баласы сойлесин! Нуршайтан казак ан уранын жазыпты мыс!

    • @УахитБадраков
      @УахитБадраков Год назад +2

      Абайға тіл тигізгендерге не айтасың...ой-бой, қазақ, саған не болды???!!

  • @nurzhanzhoken5964
    @nurzhanzhoken5964 Год назад

    Дархан Әбдікті орнына койып койдыгой

  • @КуляшСимбаева
    @КуляшСимбаева Год назад +5

    АТТЕИЗМНІН ШЫНЫ , ҒЫЛЫМЫ , ӨТЕ КЕРЕМЕТ АДАМ ӨЛТІРЕТІН ҚАРУЖАРАҚ ӨЙЛАП ТАПТЫ., КОСМОСКА ҰШЫП ЖЕР БЕТІНДЕГІ ПРОБЛЕМАСЫН ШЕШЕАЛМАҒАН.. АДАМ БІР БІРІН ӨЛТІРІП , КҰНДЕП, ҚОРЛАП, ЗОЛАУДАН ШЫҒА АЛМАДЫ....КЕЛТІРЕ БЕРСЕҢ КӨӨӨП ШЫҒАТЫНЫ АНЫҚ....ҚУДАЙСЫЗДЫҚ ДЕГЕН ОСЫ БОЛСА КЕРЕК...

    • @СәулеСәкенқызы
      @СәулеСәкенқызы Год назад +1

      Арабтар кул сататын, динге кирмейинше, саган оз колымен салыгын акелип бергенше олтир, кина дейди. Атеист колындагы телефон мен кунделикти омириндеги заттарды ойлап тапты коке!

    • @УахитБадраков
      @УахитБадраков Год назад +2

      Ал, ғарышқа ұшты, телефон жасады Алланың рұқсатымен, басқа жетістікке жетті, бірақ адам не үшін мына дүниеге келді, осыны түсіндіме? Тек тәннің рахатын іздесе, адам азып кетеді! Жаны бар ғой! Жанды реттейтін, таза ұстайтын бір нәрсе бар -ол дін, басқаның бәрі - адасу...

    • @QushtarQassiyet1230
      @QushtarQassiyet1230 Год назад

      @@СәулеСәкенқызы Жалған пропаганданы доғар,технологиялық бұйымдарды тапқырлап жасап шығарған өнертапқыш ғалымдардың бәрі дінге сенеді, Томас Эдисон, Александр Белл, Максвелл, Самуэль Морс, Джон Бейрд, Стив Джобс, Чарльз Баббидж, Джон Нойманн, Карл Бенц, т. б. әйгілі өнертапқыштардың ешқайсысы атеист емес.

    • @СәулеСәкенқызы
      @СәулеСәкенқызы Год назад +3

      @@УахитБадраков адам бул дуниеге точно кулшылык жасауга келген жок 100%! Омирге келудин оз магынасы бар арине, бырак ол олгеннен кейинги омирге дайындалу ушин емес 100%!

    • @УахитБадраков
      @УахитБадраков Год назад +3

      Бұл иман мәселесі, дінде зорлық жоқ. Сену, сенбеу - өз ықтиярыңда...

  • @Tanirgarilkasin
    @Tanirgarilkasin Год назад +5

    Болашағы жоқ мемлекет мешіт салады, болшағы бар мемлекет білімін көтеретін мектеп салады.

    • @Бауыржан-ы2о
      @Бауыржан-ы2о Год назад

      ӨТЕ ДҰРЫС АЙТТЫҢ ӨТЕ ДҰРЫС 👍👍👍

    • @Жумагул-г8т
      @Жумагул-г8т Год назад +1

      Мүмкін қазіргі білімділердің парақор жемқор зинақорлыққа жақын болуы мешіттің есігін ашып көрмегендіктен шығар .Мешіт жақсы адам бол ,сосын жақсы маман бол дейді ,мектеп жақсы маман бол, жақсы адам болу болмау өзіңе байланысты дейді. Сіз үшін қайсысы құнды . Мешітті дүние біліміне кедергі жасайды деу діннің не екенін білмейтін білсе де діннің мақсатын тек бір жақты түсінген адамның ойы. Алла ешкімді білімде шектемеген мейлі дүние білімі мейлі ахирет білімі болсын.

    • @Tanirgarilkasin
      @Tanirgarilkasin Год назад

      @@Жумагул-г8т зинақорлық, малға, еркекке бару осы мұсылмандардың тірлігі емес пе? Жас балаларды өлтіру, жас қыздарды зорлау деген. Мұсылман басқарған мемлекеттің болашағы жоқ, айтатындары баяғыда мұхамед үйтті бүйтті, уәзір бүйтті, хан бүйтті, о дүние

    • @Tanirgarilkasin
      @Tanirgarilkasin Год назад

      @@Жумагул-г8т Авраам Ибрагимның аллахы маған аллах емес, өзімен кетсін

    • @Жумагул-г8т
      @Жумагул-г8т Год назад

      @@Tanirgarilkasin Адам ата пайғамбарды өзіңнің түбім ,мен де адамның ұрпағымын деп мойындасаң онда Ибрахим , Нұх, Мұса ,Иса ,Мухаммед т.б Алла Адам атадан бастап түсірген барша пайғамбарды мойындауыңа ,барша пайғамбар айтқан АЛЛАНЫ мойындауға мәжбүр боласың егер оларды мойындамаймын десең онда өзіңнің Адамның ұрпағы екеніңді мойындаудан саған еш пайда жоқ себебі Адам ата сол сен керек етпей отырған АЛЛАНЫҢ жаратқаны және алғашқы пайғамбары әрі бұл пайғамбарлардан басқа кімді мойындасаң да баратын жерің сол өзің керек етпей отырған АЛЛАНЫҢ алды болады. Бұл дүниеде не айтам десең де еріктісің оған АЛЛА уәде берген, және ана дүниеде бұндей еркіндік болмайтынына да АЛЛА уәде берген, таңдау ерік өзіңде АЛЛАНЫ көрмей тұрғандағы батырлық пен АЛЛАНЫҢ алдындағы батырлық бірдей болатынына сенсең әрі мәңгі тозақты қаласаң онда қалағаныңды айтып қалағаныңды істей бер оған бұл дүниеде еріктісің.

  • @БекарысСмагулов-г3й
    @БекарысСмагулов-г3й 9 месяцев назад

    Өткен тарихын білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр Қазақтың тарихын бұрмалап тастағаны кейінгі жылдары ғана белгілі болды
    Ислам , мұсылман деген атаулар әуелден бар
    Алла Тағала , адамзаттың физиологиялық денесін жаратпай тұрып , олардың рухын мұсылман қылып жаратып қойды ( Рух - Жан адам денесінің қозғаушы күші болып табылады )
    Алғашқы адам әрі алғашқы Пайғамбар Адам ата және адамзаттың алғашқы анасы Хауа ана
    Екеуі Жәннатта уайымсыз , қайғысыз 40 жыл өмір сүріп , тиым салынған ағаштың жемісінен жеп қойғандықтан екеуі жер бетіне сын үшін жіберілді Жер бетіне келгеннен кейін алғашқы мешіт Қағбаны саманнан салды Алла Тағала тарапынан Адам атаға және ұрпақтарына жолбасшы ретінде 10 беттік Сухуф кітабы берілді
    Ұрпақпақтары дүниеге келе бастады Қабыл және сынары Иклима Әбіл және сынары Лебуда дүние есігін ашты Адам ата Қабылды Лебудаға Әбілді Иклимаға үйлендірмекші болғанда Қабыл Өз қарындасы Иклимаға үйленемін деп Әбілді майып қылады Қабыл Иклимаға үйленіп қазіргі Йемен аймағына қашып кетті Алла Тағала Адам Пайғамбарға сыйлық ретінде Шис Пайғамбарды берді Шис Пайғамбарды сынарсыз қалған Лебудаға үйлендірді Екеуінен Ануш атты ұлдары дүниеге келді Шис Пайғамбар математиканың негізін қалады және химия білгірі болды Әкесі салған мешіт Қағбаны тастан , арасына арнайы раствор құйып салды Жер бетіне
    40 000 адам толғанда Адам ата 1 000 жасында қайтыс болды Баласы Шис Пайғамбар әкесінің денесін суға алып , ақ кебінге орап , жаназасын оқып Әбу Құбайыс тауының үңгіріне жерледі Шис Пайғамбарға жолбасшы ретінде 50 беттік Сухуф кітабы берілді Шис Пайғамбар 913 жыл өмір сүріп дүниеден өтті Баласы Ануш әкесі Шис Пайғамбарды атасы Адамның жанына апарып жерледі
    Ануш ұлы Қайнан
    Қайнан ұлы Миһлайил
    Бруд Миһлайил ұлы
    Ыдырыс Пайғамбарға ( 30 беттік кітап берілді ) Бруд ұлы
    Матушлах Ыдырыс Пайғамбар ұлы
    Ламәк Матушлах ұлы
    Нух Пайғамбар Ламәк ұлы
    Яфас Нух Пайғамбар ұлы
    Надулуше ( лақап аты Түрік хан ) Яфас ұлы
    Елше хан Түрік хан ұлы
    Бакой хан Елше хан ұлы
    Киік хан Бакой хан ұлы
    Қазақ хан ( лақап аты Алаша хан Аланджа хан )
    Қазақ ханнан Могол хан және Татар хан деген егіз ұл дүниеге келді
    Могол ханнан тоғыз ұл туды Татар ханнан сегіз ұл туды
    Қазақ хан қол астындағы халқын екі ұлына бөліп берді Екеуі Өзара жиі қақтығыса берді
    Татар хан қайтыс болғаннан кейін ұрпақтары Татар елі болып аталып кетті
    Ал , Моғолдықтар аталары Қазақ ханның құрметіне Қазақ халқы болып қала берді Кейіннен Моғолдықтар ата - ата болып бірнеше руларға бөлініп кетті Әр ру жеке мемлекет болып бөлініп кетті
    Мысалы
    Найман мемлекеті
    Үйсін мемлекеті
    Қыпшақ мемлекеті
    Қаңлы мемлекеті
    Қоңырат мемлекеті
    Сақтар мемлекеті
    Ғұндар мемлекеті
    Қарақалпақ қағанаты
    Қырғыз қағанаты
    Арғын мемлекеті
    Қият мемлекеті және т.б Осыдан 817 жыл бұрын Шыңғыс хан бүкіл Қазақ ханның үлкен ұлы Моғол ханнан тараған мемлекеттерді жаулап алып қайтадан әлемде теңдесі жоқ Қазақ қағанатын құрды
    Шыңғыс хан , қол астындағы халықтарды Қоңырат қызы
    Бөртеден туған төрт ұлына бөліп берді
    Жошытай
    Шағатай
    Үкітай
    Толытай
    Осылардың ұрпақтары төрт күл әлемді жаулап алды Кейін ұрпақтары жауласатын ел қалмағандықтан бір бірімен өзара алтын таққа таласып Сұлтандардың әрқайсысы Өз алдына Хан болғысы келіп жақтастарымен жеке мемлекет болып бөлініп кетті
    Мысалы
    Жошытайдың бесінші ұрпағы Мәңгу Темірдің немересі Өзбек ханның қол астындағы Қазақ халқы , Өзбек елі деп аталып кетті Қазақ мемлекеті жойылу үстінде тұрғанда Кереймен Жәңібек себеп болып Қазақ хандығын мемлекет ретінде жалғастырды
    Шыңғыс хан бабамыздың еңбегі зор , дай дай болып кеткен Қазақ ұлтының басын біріктірген
    Негізі Қазақтың бойында , көреалмаушылық , қызғаныш , туысын жамандау , өсек айту , бөліну деген жағымсыз қасиеттері ертеден бар халық , отырып алып молдасын жамандайды , жатып алып қатының жамандайды

    • @БекарысСмагулов-г3й
      @БекарысСмагулов-г3й 9 месяцев назад

      Адам ата мен Хауа
      Жәннаттан жер бетіне сын үшін жіберілді Алғашқы Пайғамбар Адам атадан бастап Мухаммад Пайғамбарға дейін Жәннатқа шақырушы 124 000 Пайғамбар келді Жолбасшы ретінде кезең кезеңмен 104 жазба жіберілді
      10 беттік Сухуф кітабы Адам ата Пайғамбарға берілді
      50 беттік Сухуф кітабы Шис Пайғамбарға берілді
      30 беттік Сухуф кітабы Ыдырыс Пайғамбарға берілді
      10 беттік Сухуф кітабы Ибраһим Пайғамбарға берілді
      Таурат кітабы Муса Пайғамбарға берілді
      Забур кітабы Дәуіт Пайғамбарға берілді
      Інжіл кітабы Иса Пайғамбарға берілді Соңғы кітап Құран Кәрім , Соңғы Пайғамбар Мухаммедке берілді
      Кітап берілгендері Елші , әрі Пайғамбар деп аталады
      Кітап берілмей , тек алдыңғы Елшіге берілген кітапты Өз қауымына үйретушіні Пайғамбар деп атайды

  • @АселКенжина
    @АселКенжина Год назад +5

    Надан адамдар, ойлайды исламдағы адамдар надан деп өздері сондац надан болғасын. Олардың айтатыны, жастар намаз оқығанша білім алсын дейді. Исламмен араласы жоқ болғасын білмейді ислам жолын ұстанып, оразасын тұтып, намаз оқып жүргендер арасында небір бизнесмендер, не бір үлкен компанияны басқаратындар бар. Олар не білімсіз бе екен.? Тілшілер арасында да намазын оұып, оразасын ұстап жүргендер аз емес. Оны бәрі біледі. Олар да жоғары білімділер. Врачтар арасында бар, орта білімді медиктер арасында бар намазын оқып оразасын ұстайтындар. Мұғалімдер арасындабар ораза ұстайтындар олар да жоғары білімді. Олар мешіттегі парыз намазына қатысуға асығады. Сондықтан діннен сауатсыз адамдар өздерінің сауатсыз екенін білмейді, мұсылманмен араласпайды олар. Қайдан білсін білімдері бар ма жоқ па, олардың ойынша мұсылман тек намащ оқи береді. Парыздың не екенін білсе, надан болғасын білмейді. Ал Құранда Алла білімді парыз еткен. Сондықтан мұсылман қауымда білімсізі жоқ.

  • @ПоФреиду-г2э
    @ПоФреиду-г2э 11 месяцев назад

    Дінде жүрген Саят Ыбырай ғалым, бірақ Бүгінгі Сәләфитар сияқты емес Сопылық Қожа Ахмет Яссауи жолымен бүгінгі Ислам Қазақстандағы сыртан Импорттық келген Ширк Кефир шефир Сондықтан осындай Атеистік Бағдырлама Парасат Майданы сияқты көбейе береді көбейе береді Тәңіршілер де .

  • @ҚаратайАқберген
    @ҚаратайАқберген Год назад +5

    Ислам дінін Абай хакім таныған жадиттік танымда тану керек? Алла тағала тірі, күн сайын, сəт- сағат- минут- секунт сайын ғаламды басқарып, меңгеріп тұрушы. Догма бос қауесет, өатып қалған қағида емес! 14 сыйпатты,99 есімді теңдессіз құдырет күш.

  • @madiadilbek2533
    @madiadilbek2533 Год назад +9

    Осы бұйрабастың ауызын жабатын бір адам керек боп жүр ед

    • @КуляшСимбаева
      @КуляшСимбаева Год назад

      ОСЫНДАЙ ПІКІРЛІЛЕР БИЙЛІКТІ ҚОЛДАУДА...ҚАШАН ӨЗГЕРІС БОЛАДЫ ...? ДЕПТІ БІРЕУ....

    • @КуляшСимбаева
      @КуляшСимбаева Год назад

      ЕРТІШПАЕВТАР БОЛСА КЕРЕК., ДЕП ОЙЛАУДАМЫН...

    • @madiadilbek2533
      @madiadilbek2533 Год назад

      @@КуляшСимбаева Кім бийлікті қорғап жатыр? Бұл менің өз ойым,діни саяси емес

  • @sarmatarmat9301
    @sarmatarmat9301 Год назад +3

    ДАРХАН АТИС НАДАН

  • @СәулеСәкенқызы
    @СәулеСәкенқызы Год назад +6

    Шакарим динге сынап караган, ягни критический мышлениеси жаксы дамыган адам болган. Адам бир нарсеге сенбес бурын оз критикасынан откизу керек. Жастар бас салып сенеди, кишкентай балалар ораза устап, айелдер жабылып алып жур! Бул дурыс емес!

    • @amandyq1997
      @amandyq1997 Год назад +1

      Ммм солай ма

    • @СәулеСәкенқызы
      @СәулеСәкенқызы Год назад +1

      Баскаша болса айт?

    • @УахитБадраков
      @УахитБадраков Год назад +2

      Қай жері дұрыс емес?

    • @amandyq1997
      @amandyq1997 Год назад

      @@СәулеСәкенқызы Дұрыс танымаған екенсіз Шәкәрім атамызды

    • @amandyq1997
      @amandyq1997 Год назад

      @@СәулеСәкенқызы Иа қызығушылықпен ұстанады бірақ тыйым салып, жаман көзбен қарау сол қауіпті. Адамға емес исламға қарсы шығып кетесіз. Шәкәрім атамыздың деңгейі басқа әлем бәрі Шәкәрім бола алмайды өз деңгейінде ұстанады

  • @nurdabakit1227
    @nurdabakit1227 Год назад

    Негизи Казак даласына Ислам Хижранын 94 жылы келген,шамамен (622+94=716) Фергана каласына.Ертеректе омiр сурген галымдардын кiтаптарында бар.6 Сахих Хадис кiтабын да сол маннан шыккан галымдар жазган.ИмамБухари,Муслим,Тирмизи,Абу Дауд,Ибн Маджа.(Бухара,Термiзi,Фергана )калаларынан шыккан

    • @БекарысСмагулов-г3й
      @БекарысСмагулов-г3й 9 месяцев назад

      Өткен тарихын білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр Қазақтың тарихын бұрмалап тастағаны кейінгі жылдары ғана белгілі болды
      Ең алғашқы Қазақ жеріне Құран Кәрімді жеткізген 11 жасар Зайнулғабиддин Сайид Хусайн ұлы , үлкен жігіт болып есейген шағында Иранның патшасы әрі мешіт имамы болды ( руы Сейд Қожа )

  • @РахимАрынов-ш8о
    @РахимАрынов-ш8о Год назад +8

    Осы атеисттің аузын жабатын, Кеңшілік Тұшқанұлы сияқты ағамыз болмай жүреді

    • @amandyq1997
      @amandyq1997 Год назад +1

      Аузын жабу емес, исламға қайтару

    • @БахытЕсбаев
      @БахытЕсбаев Год назад

      Адаскан оны каралау ушин колындагы соткени тастауын машина самалет минебеуин керек! Мысал садака жиналмаса мешит жабылады!

    • @УахитБадраков
      @УахитБадраков Год назад +1

      Бүгінгі технология, өркениет т.б.-мақтанатын нәрсе емес. Бізден де бұрын мықты елдер, қауымдар болған, бірақ Жаратушыны ұмытқан соң, Оның қаһарына ұшырады, жер бетінен жойылды...Атеизмнің көзқарасы өте тар, тайыз, ол тек мына жалған дүниені көздейді, ал мәңгілік мәселесін, Ахыреттің сырын дін ашады. Қазақ ежелден мұсылман, ата-бабаларымыз кәпір болған жоқ, сонымен күшті болды.

  • @Қазағым-м6ю
    @Қазағым-м6ю Год назад +3

    Жүргізіп отырған адамның өзі Атеистқой шшс

  • @Аруаққолдасын
    @Аруаққолдасын Год назад +4

    ислам дініндегі имамдар былай айтып ,уағыздайды
    о дүниеге барғанда сенің ғылым ,білімің керек емес,,бәлен садақа берсең ,күнәңді алла кешіреді,зина жасасаң он рәкәт намаз оқысаң ,алла күнәңді кешіреді ,меккеге барсаң анадан туғандай бүкіл күнәң кешіріледі деп..
    Сонда ,осы у ағыз дұрыс болса ,ислам діні молдалары айтқандай.
    ақшаң болса күнә жасап жүре бер,садақаны беріп,меккеге барып қара тасты айналып,тас сатып алып ,шайтанға атасың да болды ма ?? күнәдан арыласың ба ??

    • @sake447
      @sake447 Год назад

      Дінді қайдан оқып жатырсың? Маманынан оқысайшы! Мен қазір бұл жерде Стивен Хокинг деген профессор мүгедек сөйлей алмайды. Оған тек қаржылай көмектесті, бүйтті сүйтті деп алып қашпа, қисынсыз нәрселерді айтсам, ғылымды да далбаса деп жібересіз ба

  • @Sovetbek.Kenesov
    @Sovetbek.Kenesov Год назад +6

    ислам дини керек емес казакка жалкау халикти жалкау етип жибереди

    • @Шолак-п3ю
      @Шолак-п3ю Год назад

      Ой бл орыстын арагы алкаш кылды. Аллага шукур ислам Дини мен Бари жаксы озине байланысты

    • @УахитБадраков
      @УахитБадраков Год назад +2

      Эмираттар, кувейт, малайзия, қатар, оман, индонезия мұсылман елдер емес пе?!

    • @language313
      @language313 Год назад +1

      Атың затыңа сай екен...😅

    • @Make-Make-k2r
      @Make-Make-k2r Год назад +1

      Исламның жауы шайтан. Шайтан болмаң