Мұратхан Егінбаев (1939 жыл, Талдықорған облысы Үйгентас ауданы бұрыңғы Андреевка ауданы) - Қазақстан сазгері. Мұратхан Егінбаев ондаған әндер жазды. Батырлық пен батылдықтың, ақылдың айбыны болған халқымыздың жақсы мен жайсаңдарына, бағландарға арналған шығармалары көп. Олардың қатарында “Асанқайғы”, “Абылай”, “Қаракерей Қабанбай”, “Райымбек баба”, “Махамбет”, “Шоқан”, “Құрманғазы кемеңгер”, “Абайым”, “Жамбыл ата” туралы көркемдігі келісті, тәрбиелік мәні жоғары, тарихтың әр кезеңінен сыр тартқан, елі мен жерін жаудан қорғап, ұрпағына өлмес мұра қалдырған әндерімен қатар, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбанына айналған Қайрат Рысқұлбеков туралы “Қайраттың азасы”, “Желтоқсан таңы” секілді туындыларын жазып, жұртшылыққа ұсынды. Бұл елдің елдігін танытатын, халықтың қадірін арттыратын, пәс көңілді зорайтып, түскен ұнжырғаңды көтеретін патриоттық әуендер қазақ даласының төрт бұрышына түгел жетті десек, артық айтқандық емес[1]. Ол көптеген ән байқауларына қатысып, жүлдегер атанған. Тәуелсіз елімізде жарияланған бәйгелерде бағы жанып келеді. Айталық, 2001 жылы “Жаңа ғасырға - жаңа ән” байқауында “Абылай хан” атты туындысы гран-приді иеленсе, 2004 жылы “Елім менің” атты туындысы үшінші жүлде алыпты. Осы секілді қол жеткен табыстарын тізе берсек, әңгіме желісі біраз жерге ұзары анық. Халық таныған, жұрты қадірлеген, ұрпағы сыйлаған азамат туралы қазақ өнерінің айтулы өкілдерінің бірі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мыңжасар Маңғытаевтың мына бір жүрекжарды сөзін қалың қауымға ұсынсақ, Мұратхан Егінбаевтың бүкіл өнердегі болмысы айқындалары сөзсіз
Мұратхан Егінбаев (1939 жыл, Талдықорған облысы Үйгентас ауданы бұрыңғы Андреевка ауданы) - Қазақстан сазгері. Мұратхан Егінбаев ондаған әндер жазды. Батырлық пен батылдықтың, ақылдың айбыны болған халқымыздың жақсы мен жайсаңдарына, бағландарға арналған шығармалары көп. Олардың қатарында “Асанқайғы”, “Абылай”, “Қаракерей Қабанбай”, “Райымбек баба”, “Махамбет”, “Шоқан”, “Құрманғазы кемеңгер”, “Абайым”, “Жамбыл ата” туралы көркемдігі келісті, тәрбиелік мәні жоғары, тарихтың әр кезеңінен сыр тартқан, елі мен жерін жаудан қорғап, ұрпағына өлмес мұра қалдырған әндерімен қатар, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбанына айналған Қайрат Рысқұлбеков туралы “Қайраттың азасы”, “Желтоқсан таңы” секілді туындыларын жазып, жұртшылыққа ұсынды. Бұл елдің елдігін танытатын, халықтың қадірін арттыратын, пәс көңілді зорайтып, түскен ұнжырғаңды көтеретін патриоттық әуендер қазақ даласының төрт бұрышына түгел жетті десек, артық айтқандық емес[1].
Ол көптеген ән байқауларына қатысып, жүлдегер атанған. Тәуелсіз елімізде жарияланған бәйгелерде бағы жанып келеді. Айталық, 2001 жылы “Жаңа ғасырға - жаңа ән” байқауында “Абылай хан” атты туындысы гран-приді иеленсе, 2004 жылы “Елім менің” атты туындысы үшінші жүлде алыпты. Осы секілді қол жеткен табыстарын тізе берсек, әңгіме желісі біраз жерге ұзары анық. Халық таныған, жұрты қадірлеген, ұрпағы сыйлаған азамат туралы қазақ өнерінің айтулы өкілдерінің бірі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мыңжасар Маңғытаевтың мына бір жүрекжарды сөзін қалың қауымға ұсынсақ, Мұратхан Егінбаевтың бүкіл өнердегі болмысы айқындалары сөзсіз
ассалаумағалейкүм, ағай, қалыңыз қалай👍