"ҚЫЗ ЖІБЕК" | ҚАЗАҚ РЕНЕССАНСЫ | НАЗЕРКЕ БҰРХАН

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 ноя 2023
  • Бұл Жібектің жөні бөлек. Шығармашылық топтың классиканы поп-спектакльге айналдырып тастамағанына рақмет. Көрерменді өзінің мәдени құндылығына қайта ғашық еткеніне рақмет.
    Материалдың олқы тұсы болса, астаналық театрларға жабамын. Өйткені мен сияқты көрерменді тәрбиелеп алған өздері!) Оңды тұсы да өздерінің үлесі.
    Дәл осы кезеңде - театр әлемінде дөп қозғалыс жүріп жатқан соңғы үшжылдықта бұл тыныс-тіршіліктің айналасынан табыла қалғаныма қуаныштымын. ХХ ғасырдың қолтаңбасын ХХІ ғасырдың өз үні алмастырып жатқан маңызды уақыт. Көрермен ойын-сауықтық қойылымдар арқылы театрға келе берсін. Кейін нағыз театрдың қандай спектакльдерден көрінетінін түсінсе болды.
    Шығармашылыққа, шыңдалуға, өз шындығын нағыз суреткердей жеткізуге тоймай жатқан бұл буынның жанкүйерімін. Еуропадан арнайы келіп қойып жүрген режиссер, балетмейстерлердің де еңбегін көрдім. Объективті қарасақ, олардың барды бар қылып қана баяндай алатын, (қымбат гонорарын ақтайтын) қымбат декорациямен ойнайтын деңгейінен біздің авторлар осы үшжылдықта аман-есен өтіп кеткен сынды. Мүмкін сіздің бақылауыңыз әріректе басталған шығар? Алып-қосарыңыз болса, мархабат, көрермен!
    Материал авторы: Назерке Бұрхан
    Монтаж режиссері: Айнаш Ғайнулла
    Қоюшы оператор: Нұрлан Әлмұхамбет
    Локация: Қаллеки театры, Гүлмамыр Нұржанның дизайн студиясы

Комментарии • 14

  • @beka_baibai
    @beka_baibai 15 часов назад

    Ұлттық шығармаларды қаз қалпында жеткізу керек.Экспримент жасап керек емес.

  • @user-ny7ny2jd2x
    @user-ny7ny2jd2x 8 месяцев назад

    Керемет! Әдемі сұхбат,тамаша пайымдау,тартымды талқылау. Шығармашылық табыс тілеймін

  • @umirbekbissenaliyev5175
    @umirbekbissenaliyev5175 8 месяцев назад

    Өнерің өрге бассын.
    Керемет

  • @raikhankadirkulova7504
    @raikhankadirkulova7504 8 месяцев назад

    Өнерлерің өрлей берсін

  • @zhaziraburkhan3827
    @zhaziraburkhan3827 8 месяцев назад

    Greatest 👑

  • @Kumshabaeva_gulnur-1986
    @Kumshabaeva_gulnur-1986 8 месяцев назад

    Керемет 🎉🎉🎉🎉

  • @qalynqas
    @qalynqas Месяц назад

    ❤️

  • @QALLEKITHEATRE
    @QALLEKITHEATRE 8 месяцев назад

    👏👏👏👍

  • @user-ej7pt6ww8g
    @user-ej7pt6ww8g 8 месяцев назад

    онерлери орге бассын

  • @nurbaktkz9054
    @nurbaktkz9054 8 месяцев назад

    Спектакль көрермен жүрегінен жылы орын алары сөзсіз!

  • @aknietbaltanova6759
    @aknietbaltanova6759 8 месяцев назад

    Шынында ерекше формат🔥 Дәл осындай жобалар қоғамға қажет. Іске сәт.

  • @user-hd8xe4hi9z
    @user-hd8xe4hi9z 8 месяцев назад

    Тамаша,әдеттегідей,аяғына диін қығып қарадым🌹♥

  • @aqnuralimbekova1698
    @aqnuralimbekova1698 8 месяцев назад

    Көріп отырып, әр минутындағы ойларыңа қосылып/талқылап/балама пікір ұсынғым кеп отырды. Сәтті шыққан, жұп-жұмыр дүние үшін рахмет.
    Сепарацияның біздің қоғамда әсіресе қиынға соғатыны сол бір жүзжылдықтар бойы тек жадында сақталған нәубеттер екенін бұрын да ойлайтын едім. Өзге ел түгілі, көрші қалаға баласын (әсіресе ұлын) жіберерде қуаныш пен үміттен гөрі ата-ананың бойында үрей басым болатыны рас қой. Алдын ала жоқтау айтып, жамандық шақыру ата-бабамыздың ішкі шері, көз жасы, зары шығар. Саналы түрде арылу керек-ау.
    Сырты қатты, іші жұмсақ әкелер бейнесі де триггерлерді шертіп жіберді.
    Актерлік емес, шын жылау әдемі болмайтыны тағы көрінді. Қаншалықты ұсқынсыз болса, соншалықты ауыр, жүрекке жетіп, өз мұңыңның тамырын басып жіберді.
    Бір ғана ішкі наразылық туды менде. Жауапсыз махаббат, кедергілер туса ғана тәтті, мүмкін емес болған сайын бағасы артатын сезім тек көркем әдебиет, сахнада ғана қалса екен. Шын өмірде адам “ауру” қарым-қатынас іздемесе екен деген тілек😅

    • @nazerkeburkhan
      @nazerkeburkhan  8 месяцев назад +2

      Әр ойыңыз орынды❤️ Иә, бұндай махаббат бүкіл эпостың негізі. Оны өзгертсе, эпос та жоқ. Бірақ әдемі happy end-і бар соңында, оны айтпадым әдейі)