Шабдалы / Толықметражды фильм / Асыл арна

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 окт 2024

Комментарии • 2,8 тыс.

  • @ЖанарЖанарка
    @ЖанарЖанарка 6 лет назад +289

    Атадан мал қалғанша,тал қалсын деген осы екенғо!!!Әсерлі кино...

  • @БотаБельдебекова
    @БотаБельдебекова 5 лет назад +361

    Керемет фильм! Тәрбиелік мәні зор. Шолпан апайымыздың жаны жәннатта болсын! Өкінішті...😭

  • @serpilqazaq
    @serpilqazaq 5 лет назад +711

    Бұл осы фильмдегі ананың рөлін сомдаған Шолпанның соңғы рөлі екен. Иманды болсын. Соңғы рет түсіп тұрғандай ойнаған екен жарықтық.

  • @Аслан077
    @Аслан077 6 месяцев назад +1

    Шабдалы Алмас Алматов ағамыздың әңгіме желісі бойынша түсірілген фильм. Керемет туынды. Шолпан Елгезекова апамыздың жаны жаннатта, топырағы торқа болсын.

  • @aigulaitmukashkyzy601
    @aigulaitmukashkyzy601 5 лет назад +30

    Қызын iздеп, құдасына қарай жол тартқан жерiнен бастап, күлгенiм-ай, қалай жақсы түсiрген, дәлдiк пен адалдықтың үстiнен дөп түсiрген, әсiресе ауылдағы милициямен сөйлескенi жерi "соттаймын"- десе " соттаймыз"- деп қосыла салады,
    Күштi түсiрген,
    Шолпан актриса дүниеден өтiптi, жаны жәннәттә болсын, телевизордан бұрын онша мән бермей көрiп едiм, сөйтсем бiр алтын фильм екен,
    Көп рахмет түсiрген ұйымға👍💐

  • @ХанАлмасулы
    @ХанАлмасулы 6 лет назад +360

    Қыздың анасы осы фильмдегі ең үздік актёр. Образын керемет жеткізген. Жалпы сендік. Отандық киномотографиямызда Коммерциялық деп аталатын жын-жыбыр фильмдердің орнына осындай мағыналы кинолар көбейе берсін.

    • @ШолпанЕлгезекова
      @ШолпанЕлгезекова 6 лет назад +16

      Рахмет сізге. !!

    • @marjanmarjanc3454
      @marjanmarjanc3454 6 лет назад +3

      Хан Алмасулы

    • @joker-kznumber1680
      @joker-kznumber1680 6 лет назад +7

      Я Оскар беруге тұрарлық фильм екен! Және басты рөлдегі актриса өте жақсы ойнада, биіктербен көріне беріңіз!

    • @АнеляГибрат
      @АнеляГибрат 6 лет назад +2

      Хан Алмасулы Ия оте дурыс айтасын

    • @ЖазираЕсжан
      @ЖазираЕсжан 5 лет назад +4

      Кайтыс болды окиништи 😑

  • @АсияСарманова-у2д
    @АсияСарманова-у2д 5 лет назад +70

    Лот арқылы мемлекеттен қаражат алып түсірілген бәтуәсіз сериалдардан 100 есе артық мына фильм. Актерлар 👍. Не әнші емес не актер емес "актерлардан" 1000 есе артық.

  • @КарлаЕсентаевна
    @КарлаЕсентаевна 5 лет назад +219

    кино басталғаннан көзімнің жасын тоқтата алмадым..Құдды бір Шолпан әпке өмірін арнаған дерсің..Кім білген өмірдің мұншалықты жалған екенін..Қош болыңыз,жаныңыз жəннатта болсын жұлдыз әпке😔😔😭

  • @АлмасИбрагимов-л2г
    @АлмасИбрагимов-л2г 7 месяцев назад +1

    Өте жақсы түсірілген қазақша кино.Неге екенін білмеймін,көзіме жас келді.Мақтаарал ауданы кіндік қаным тамған жерім.Шардараның көлі,қырлар,полялар,огород бәрі жақсы түсірілген

  • @sayakhassen1566
    @sayakhassen1566 5 лет назад +148

    Невероятно классно снятый фильм!!! Очень рада за наш отечественный кинематограф, он растёт.. Столько разных эмоции наполняет человека, и слезы и смех.. А главное игра актёров.. Соболезную родным и близким этой яркой и очень талантливой актрисы Шолпан Елгезековой!! Как жаль, что узнала о ней лишь после ее кончины. Пусть покоится с миром!!! Наше кино потеряло одну из самых лучших актрис этого времени!!!

  • @gulnazsalakbayeva8073
    @gulnazsalakbayeva8073 6 лет назад +146

    Қандай көркем фильм еді. Тұнып тұрған тәрбие. Актерлері де мықты ойнап шыққан шынайы, жаттанды емес. Асел мен Ертайда сүйкімді. Ин ша Алла ел білсін, көрсін деп жан-жақтан жүгіріп жүрген еңбектеріңіз Алла сауаптан жазссын!

  • @ГКазакова
    @ГКазакова 5 лет назад +57

    Құдағи, мынаған айтыңызшы, менімен жүрсін деп)))) Керемет кино!!!

  • @execbhop2443
    @execbhop2443 5 лет назад +119

    Шолпан жаткан жериниз жайлы болсын. Сиздей жаксы адамды, талантты актрисаны жогалттык, окиништи...

  • @Ayna_Kerei1977
    @Ayna_Kerei1977 Год назад +10

    Жазира роліндегі әйелдің өмірден ерте өткені өкінішті! Жаны жәннатта болсын!

  • @НурСаяНурАсыл
    @НурСаяНурАсыл 5 лет назад +307

    Жаңалықтардан "Шабдалы" киносында басты рөлді сомдаған актриса қайтыс болды дегенді естіген соң, ютуптан іздеп фильмді көрдім. Көптеген қазақша сериалдар сапасыз, мəн-мағынасыз болған соң көрмеуші едім. Анда-санда арасында жақсы түсірілген "Қара шаңырақ", "Ағайындылар" деген сияқтыларды ғана теріп көретінмін. Мына кино Мұхаммеджан ағамыздың ұйымдастыруымен түсірілген деген соң да құмартып көргім келді. Киноны көріп отырып, қыздың шешесі болып ойнаған Шолпан апайымыздың бұл өмірде дəл бүгінгі күні жоқ екенін ойланып,басынан соңына дейін жылап отырдым. Кинода барлығы жақсы ойнаған, шынайы түсірілген, жасандылық жоқ. Өкінішті. Біріміз ерте, біріміз кеш бұл дүниеден өтеміз. Өмір-сынақ. Бəріміз де Алланың алдына барамыз. Шолпан апайымыздың Алла алдынан жарылқасын, иманы саламат болсын. Алла қалғандарымызға ұзақ ғұмыр берсін 😢😢.

    • @АқылбекҚалйханов-ы2о
      @АқылбекҚалйханов-ы2о 5 лет назад +7

      Менде атына қарап көргім келген жоқ еді шолпанды актриса ретінде танимын кеиін жаңалықтардан естідім жол апатына тускенін содан кеиін киноны көріп шықтым керемет кино бірақ алладан кешірім сураимын неге тағдыр кеиде осылаи қатал шолпанды алыпкеткен

    • @АмзеАлия
      @АмзеАлия 5 лет назад +1

      С

    • @kumirbaeva5951
      @kumirbaeva5951 5 лет назад +5

      НурСая НурАсыл . Ұзақ ғұмыр емес, бір күн болсада мағыналы ғұмыр сұрайық Алладан.
      Шолпан апайдың алдынан жарылқасын, жатқан жері жайлы болсын !

    • @meyrambekdauletbek6048
      @meyrambekdauletbek6048 5 лет назад +2

      @@АқылбекҚалйханов-ы2о у

    • @ЛюхаАндрей
      @ЛюхаАндрей 5 лет назад +3

      Менынде журегым Ауырып кетты Иманды болсын

  • @Гүлсезімділғазиева
    @Гүлсезімділғазиева 6 лет назад +176

    Тамаша кино екен.
    Жарайсыздар Асыл арна ұжымына Алла разы болсын!

  • @ГаухарАнапияева-ч6п
    @ГаухарАнапияева-ч6п 5 лет назад +77

    Актрисанын шеберлигинде шек жок иманды болсын филм оте керемет тусинген жанга

  • @ЕрболатБижигитов-ш5э
    @ЕрболатБижигитов-ш5э 6 лет назад +138

    Сапасыз 10 кино тургенше осындай мыкты 1 кино тусиген дурыс деп ойлаймын. Казактар алгаааааа

    • @uldanayyelshi616
      @uldanayyelshi616 2 года назад

      Дұрыс айтасыз Ерболат мырза

  • @ЖамилаЕрежеп-п8ш
    @ЖамилаЕрежеп-п8ш 3 года назад +19

    Мен 2020-да көрдім 17.11-ай өте керемет кино, Шолпан әпкеміздің жаны жаннатта болсын!

    • @talgatorazov9867
      @talgatorazov9867 3 года назад

      Бүгін тағы көрдім көзден еріксіз жас кетеді

  • @АБегалиева-м8з
    @АБегалиева-м8з 4 года назад +20

    Өзім көріп бір жылап алдым ғой😭 керемет түсірілген👍. Шолпан ханымның жаны жәннатта болсын🤲 иманы жолдас болсын 🤲

  • @АзизАзиз-н3м
    @АзизАзиз-н3м 6 лет назад +39

    Өте керемет туынды. Осындай фильмдерді неге кинотеатрдан бермейді екен. Түсінбеймін. Қайдағы жоқ мағынасы жоқ жын ойнақ пен махаббат туралы фильм дерді көрсете береді. Шабдалы ең жақсы көретін жемісім еді. Әттең өзім өсіруге мүмкіндік болсағой!

  • @ЖайнаЕрбол-г3й
    @ЖайнаЕрбол-г3й 6 лет назад +95

    Басты рөлдегі келіншек недеген ажарлы еді ғашық болдым шыны керек,рөлін керемет сомдаған, сағат болса түнгі үш, ал мен болсам біресе жыладым біресе күлдім, жылап отырып мырс етіпте күлдім 😊өте керемет кино ұнады👍

    • @j5samsung380
      @j5samsung380 5 лет назад

      Кинода басты кейіпкер кім

    • @ЖайнаЕрбол-г3й
      @ЖайнаЕрбол-г3й 5 лет назад +2

      @@j5samsung380 келіншек деп тұрмынғой демек анасы қыздың...қайтыс болдығой бүгін Шолпан...

    • @ЖайнаЕрбол-г3й
      @ЖайнаЕрбол-г3й 5 лет назад

      @@j5samsung380 кинода Жазира, өмірде Шолпан

    • @kaz0586
      @kaz0586 5 лет назад +3

      Шолпан Елгезекова актриса, жақында қайтыс болды. Иманды болғыр!

  • @meirimzhansisenbekov2583
    @meirimzhansisenbekov2583 5 лет назад +31

    Шынында да әсерлі фильм екен.Анам екеуміз шынайы өмірді көргендей болдық, астамшылық пен адамдықтың аражігін ашып көрсеткен.Асыл арнаға көп рахмет.Осындай фильмдер көп болса екен

  • @МухтарЖаксылык-ъ6з
    @МухтарЖаксылык-ъ6з 5 лет назад +56

    Шолпан әпкенің жаны жәннәтта болсын. Өмірден озарын білгендей-ай әсер қалдырыпты... Ехх бір кем дүние!..

  • @gulzat_23.07
    @gulzat_23.07 28 дней назад

    Үш қызым бар. Алламның берген сыйлары. Үш қызым дәл осындай өнегелі, сыйлы, өсіп-өнген, көкіректері ашық, жақсы отбасыға барса екен. Өзім әке-шешесіне аса қажет болмай,әр босағада өскен жасау көз,жарым көңіл жігітке шығып қателестім.

  • @bekzatzhamalov7911
    @bekzatzhamalov7911 5 лет назад +66

    Фильмнен қатты әсерлендім, анасы болып түскен әпкемізді өмірден озғанын естіп, көңілім жабырқады, иманы саламат болсын

  • @bekzatkerimkulov7294
    @bekzatkerimkulov7294 6 лет назад +62

    Әй Шымкентке сөз жок қой😂😂😂😂😂 оларға сот жүрмейді ғой.Күліп отырып көрдім - ау! Керемет!

    • @БекболатМусаев-м7д
      @БекболатМусаев-м7д 5 лет назад +2

      Bekzat Kerimkulov Шымкенттіктер бəрін ақша беріп тындырады ғой,заң ЖОҚ қой мұнда 😂😂😂😂

  • @СагынышАкмолдаева
    @СагынышАкмолдаева 6 лет назад +20

    Жанына жылулық сыйлайтын туынды.Рахаттана отырып көрдім. Осы фильмді түсірген азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Әбен молданың образын сомдаған көкеміздің жүзі қандай жылы десеңізші. Өте сәтті шыққан қазақ фильмдерінің бірі.

  • @user-cn9mn1ws3t
    @user-cn9mn1ws3t Год назад +10

    Ия, соңғы көркем фильмі, тіпті соңғы рөлін сезгендей ерекше сұлулық, ерекше көзқарас, ерекше образ жасапты актриса Шолпан. Қандай керемет образ...Өз баласы болмаса да өзегінен шыққан баласындай бүкіл дүниесін, ішкі сезімдерін, жанашырлық қасиеттердің бәрін көрсете біліп ойнаған екен. Это её Лебедийная песня. Жатқан жері жарық болсын! 🤲

  • @АсылбекИщанов-у9с
    @АсылбекИщанов-у9с 7 месяцев назад +1

    Өте жақсы кино
    Өте керемет кино

  • @АкылОморалиев
    @АкылОморалиев 6 лет назад +168

    Кыргызстандан салем аябай сонун фильм казак кыргыз бир тууган Аллахым ыраазы болсун!!!

    • @intelectmobile7595
      @intelectmobile7595 6 лет назад +3

      Өте жаксы кино

    • @БекболатМусаев-м7д
      @БекболатМусаев-м7д 5 лет назад +3

      Акыл Оморалиев Басқа ұлтқа қарағанда Қырғыз,Өзбек,Қазақ бір,ағайындар сияқты,тілдерімізде келет бір-бірімізге,бауырмыз ғой🤝🤝

    • @МадинаБорыкбаева-д7г
      @МадинаБорыкбаева-д7г 5 лет назад

      Акыл Оморалиев Онша емес Актриса

    • @Бек-с9в
      @Бек-с9в 5 лет назад

      @@БекболатМусаев-м7д Озбектердикин тусимбеймин

    • @Ermek_Tyrsunjan
      @Ermek_Tyrsunjan Год назад

      🇰🇬🇰🇿🤲👍

  • @АлипНугыман-з3х
    @АлипНугыман-з3х 6 лет назад +38

    Мұхамеджан ағамызға көп рақмет айтам.Сапалы,салмақты,мағналы,қарапайым кино шығарғанына.Өте тамаша шыққан.
    Осындай кинолар көп болсын!

    • @jania6233
      @jania6233 5 лет назад

      Оралман деген кино бар. Жақсы түсірілген. Дулыға Ақмолда ойнайды басты ролде.

  • @madinabektemir2089
    @madinabektemir2089 6 лет назад +24

    Басында түсінбей көңілім толмай отыр едім, не болсада бастадым аяқтайын дедім... Соңында тамаша фильм екені байқалады, мағыналы. Рақмет үлкен 😊

  • @marzhankudyarova8744
    @marzhankudyarova8744 5 лет назад +119

    Бирде жылап , бирде кулып кордим. Кандай керемет актириса единиз. Жаткан жериниз жайлы болсын😓

    • @dakotastand761
      @dakotastand761 3 года назад

      Ол шын емес кой бул кино

    • @ОлжасМалик-о6д
      @ОлжасМалик-о6д Год назад +1

      @@dakotastand761 шын авариядан кайтыс болд геленвагеннын согылып

    • @rayataybau-dv4wb
      @rayataybau-dv4wb Год назад

      Барлығы бірдей қатыс болған жоқ 😢

  • @aisulusamuratova3551
    @aisulusamuratova3551 5 лет назад +60

    Шолпан ханым!Жайыныз жаннаттан болсын,топырагыныз торка болсын деп тилеймин!Алдыныздан жарылкасын!Сонгы роли,оте окиништи!Отбасына кайгырып конил айтамын!😢

    • @krgkz5822
      @krgkz5822 5 лет назад +1

      Оте тартымды кино екен Жаныныз жаннатта болсын !

    • @millioner23
      @millioner23 3 года назад

      😓

  • @muhammedkarimolla9935
    @muhammedkarimolla9935 6 лет назад +26

    Керемет тамаша екен, қызды басында жек көріп ем, кейіннен риза болдым, міне мінезіне қарап адамды ұнату...
    Асыл арна және Мұхамеджан ағамызға мың алғыс !
    әр қазағыммен мақтанамын...

  • @25195310
    @25195310 3 года назад +3

    Керемет . Осындай көркем фильм әсіресе жастарға көру керек. Ділі, діні және қазақ тілі бәрі бар. Жарайсындар осы фильмді дүниеге әкелгендер.👍✊🇰🇿

  • @sultansisenbaev1975
    @sultansisenbaev1975 6 лет назад +29

    түйін: кино жақсы түсірілген. Басы іш пыстырып еді. Қыздың шешесі ауылға келгенен кейінгісі қызық бола түсті. Ауылды еске түсіретін кездері көөп болды. Басында ойлағам бұл киноға шабдалының не қатысы бар деп?! Киноның соңында әдемі бір нүктесін қойып берді ғой сол шабдалы. Өте мағыналы түсірілген. Рахмет!

  • @УлмекенМахамбетяр
    @УлмекенМахамбетяр 5 лет назад +20

    Жаным Шымкенттім❤️❤️💞💞 Аман болайық бәріміз!

  • @ТалгатАлтаев-з7т
    @ТалгатАлтаев-з7т Год назад +1

    Ата аналарымыға мың алғыс Жастарымыздың бақыты ушін бәріне төзді Өте мағыналы екен Рахметтт

  • @Aliyayessen
    @Aliyayessen 5 лет назад +10

    Жалған дүние ай. Кеше барсыз, бүгін жоқсыз. Бұл киноны көріп сізді қимай еріксіз жылап отырмын. Сене алар емеспін. Алла жарылқасын! Алдыңыздан ақ күн тусын! Керемет актрисасыз! Отбасыңызға Алла сабыр берсін. Өзім қатты қиналып жатырмын. Өкінішті. Бес күндік жалғанда аман есен жүруді нəсіп етсін. Қош болыңыз аққан жұлдыз!

    • @zhainarbeknurmakhanbetov7131
      @zhainarbeknurmakhanbetov7131 2 года назад

      Тамаша туынды.Әттең жалған өмір деген осы шығар.Шолпан қарындасымның жатқан жері жайлы топырағы торқа иманы жолдасы болсын.Артында қалған жақындарына Алла сабыр күш қуат берсін деп көңіл айтамын.

  • @ШынарТурдыбек
    @ШынарТурдыбек 6 лет назад +43

    Мән мағынасы жоғары, тәрбиелік мәні бар керемет фильм! Сіздерге Алла разы болсын! Елімізде осындай мәні бар, өмірлік сабақ болатын фильмдер көп бола берсін...

  • @GangoKg
    @GangoKg 5 лет назад +31

    Эх отличный фильм доволен .Салам братья Казахи .

  • @ЕрдаулетХаликов-э7х
    @ЕрдаулетХаликов-э7х 5 лет назад +31

    Айтып кетейинши :
    Осындай кинофильм шыгарыныздаршы отиниш
    Адам корип демалады саттилик Мухамеджан ага

  • @РинатТолеугали
    @РинатТолеугали 6 месяцев назад +1

    Апайм тірі ма деп барлық жақсылық тілеп отырсам😢😢😢. Иманды болсын.

  • @АйманАлимжан-з1с
    @АйманАлимжан-з1с 6 лет назад +55

    көөөөөп рахмет Асыл арнаның ұжымына!!!өте әсерлі!бір күлдік,бір жыладық!Алла тағалам тек жақсы күндерді нәсеп етсін!әр нәрсенің бір қайыры бар екен!

  • @ЖадыраБайгабылова-ъ4е

    Өте керемет түсірілген
    Қостанайдың қызының тәрбиесі👍

  • @АлияДосхожаева-э1ф
    @АлияДосхожаева-э1ф 6 лет назад +41

    Өте тамаша фильм! Актерлер мен актрисалар шынайы ойнаған. Рахмет сіздерге.

    • @ГаухарАнапияева-ч6п
      @ГаухарАнапияева-ч6п 5 лет назад

      Алия Досхожаева .онын рас мен косылам осындай филмдер копболсагой йа

    • @ОрынбекеИбраева
      @ОрынбекеИбраева 5 лет назад

      Шолпан жанның жәннәтта болсын! Етікпен келіп сол уйдің слансиын киіп өзенге барыпты әйтуір райынан кайтты ау ақылды әйел

  • @ZhanaidarBolatbekuly
    @ZhanaidarBolatbekuly 5 лет назад +3

    жүгіртіп қарап шықтым! Жақсы түсірген фильм екен! Алла разы болсын!!! Өмірде болған оқиғаға негіздеп түсіргені көрініп тұр.

  • @ЖанарКамзина-ч5п
    @ЖанарКамзина-ч5п 5 лет назад +4

    Өте керемет ұнады! Тәрбиелік маңызы өте керемет! Адалдық, махаббат, шынайылық, қазақылық, иман, еңбекқорлық бәрі бар. Авторларға, режиссерге рахмет!

  • @ӘділАман-я3з
    @ӘділАман-я3з 6 лет назад +21

    Көзімнен еріксіз жас шығып кетті ғой...! Өте керемет , асерлі кино екен! Алла разы болсын!

  • @СабыржанЕсмурзин
    @СабыржанЕсмурзин 6 лет назад +201

    Керемет!!!
    Южан северян деген проблемманы жаксы көрсетйлген.
    Енді оралман проблеммасын ашып, қазағымыздың біртұтастығын айқындайтын фильм түсірілсе игі болар.

  • @ГулжанСагидулла-ц9ж
    @ГулжанСагидулла-ц9ж 5 лет назад +162

    Шолпан апамыз жол апатынан кайтыс болыпты😞 Иманды болсын! Жаны жанната болсын💔😭

  • @ulbosynkenshimbaeva535
    @ulbosynkenshimbaeva535 8 месяцев назад

    Жақсы шығарылған фильм жатқан жері жайлы болсын керемет сомдаған

  • @cakiy
    @cakiy 5 месяцев назад

    Жаным Шолпан, жатқан жерің жәннаттың төрі болсын, рольді керемет сомдаған

  • @ЖазираТолендиева-ъ2ъ

    Мынау молда ата кандай керемет адам? Коп онеге алуга болады мынау кисиден. Иси, создери, сабырлыгы тунып туган казына.

    • @НурланШынтасов-э9и
      @НурланШынтасов-э9и 6 лет назад +3

      Ондай адамдар азайып кеткен мыңнан бірде кездесетін шығар,адам пендешілік қылам деп неше түрлі айлаға салып адамдық жолдан тайып кетеді

  • @МақсатДүңгенбай
    @МақсатДүңгенбай 5 лет назад +19

    Маша алла😍😍😍😍
    Бізгеде осындай бақ нәсіп етснншы әмин🤧🤧

  • @dinnazkydyrkozha2498
    @dinnazkydyrkozha2498 6 лет назад +19

    Көзіме жаста келді, күліпте алдым, өте жақсы мағынасы зор түсірген екен. Алла разы болсын

    • @БккасылТасполат
      @БккасылТасполат 6 лет назад

      Өте əсерлі мəн мағынасы зор кино екен керемет 👍👍👍👍

    • @gooddoood2740
      @gooddoood2740 5 лет назад

      Бишара халык осы уакыткадейн есек минип жур, фнерщиктерге миллиондап тенге берип ишип жегизып, артынан жмандагатыт озин озин коргылган казакац

    • @gooddoood2740
      @gooddoood2740 5 лет назад

      Нищета, сундыык одеало до революционное убранство, бедные людй

    • @ИнаббатНишановна
      @ИнаббатНишановна 5 лет назад

      @@gooddoood2740 сиз жылына карасаңызшы. Бейшаралықтан емес еңбекқорлықтың керектігі мұнда.

  • @qala_
    @qala_ 2 года назад +5

    Керемет фильм 👍Шолпан апай иманды болсын 🤲😢Жылап 😭күліп те алдым 😂Қыз бала тәрбиелеген соң жүрекке әсер қалдырады екен ....

  • @MyrzaSak
    @MyrzaSak 5 лет назад +2

    Қазіргі заманғы кино туындылардылардың ең сапалы әрі мағынасы керемет дүние екен. Оскар сыйлығына ұсыну керек қой мына фильмді. Тіпті барлығы қамтылған екен адамдырдың бір-біріне деген адамгершілігі, адал еңбек, махаббат, имандылық бәрі-бәрі! Мұхамеджан мырзаға рахмет арнасынан көрсетіп, ұйымдастырып, атсалысқан! Шолпан апайдың жаны жанатта болсын. Артында өшпес картина қалдырған екен.

  • @kuralaialimzhan7850
    @kuralaialimzhan7850 6 лет назад +21

    Ак конил ауыл адамдары ай..Неткен тамаша.. Магынас керемет кино екен.

  • @МаксатСатыбалды-ц1ш
    @МаксатСатыбалды-ц1ш 6 лет назад +84

    Дәл осындай бір фильм жетіспей жүр еді жаныма

  • @Moldakhmet.I-Y.T
    @Moldakhmet.I-Y.T 6 лет назад +14

    Өте керемет екен. Алла разы болсын ұжымға. Аллаға шүкір шымкентте туылғаныма. Бәрі бір жанұядай ұйымшыл. Бауырмашыл. Өз туған жеріме тұрмысқа шығамын деп жүргенде, Алматының қақ ортасында қалып қойдым. Анашым мен бауырларымды, туыстарымды сағынамын. Мына киноны көріп бір жылап алдым. Сонда да шымкенттің қонақ күткеніне ештеңе жетпейді. Асты үстіңе түсіп жағдайыңды жасайды.

  • @ЛесбекХалыков
    @ЛесбекХалыков 3 года назад +3

    Өте тамаша шығарылым екен, Алла иманды етсін Шолпан актерді. Айналайын қазақтың әр көтерген жас шаңырағына бақ береке татулық денсаулық берсін, Айгерім көсегең көгерсін.

  • @СакыпАймбетова
    @СакыпАймбетова 2 года назад

    Керемет фильм екен. Сондай үлкен көңіл күй алдым. Рахмет 👍💐💐💐💐💐💐💐💐

  • @u.f.cu.f.c5902
    @u.f.cu.f.c5902 5 лет назад +12

    Өте керемет кино болды. Жатқан жеріңіз жайлы топырағыныз торқа болғай. Өте жақсы ойнап шықты. Алла разы болсын.

  • @nagimarashaeva3237
    @nagimarashaeva3237 6 лет назад +12

    Керемет кино болды әбден күлгенім ай ауылдың исі аңқып тұр ғой, балалық шағым еске түскені Анасының рөлін ойнаған әртіс жақсы ойнайды барлық кинода жақсы ойнайды өмірде де мінезі осындай сияқтыбір демалып қалдым рахмет Асыл арнаға, не деген керемет сөздер тәрбиелік мәні зор

  • @АймолдирКурметбек-ц5ы

    Керемет кино екен. Алла разы болсын "Асыл арна" ужымы сиздерге улкен рахмет.

  • @dravlstars2700
    @dravlstars2700 2 года назад +1

    Алла разы болсын.өте тамаша!шын кино көрдым.👍👍👍👏👏👏

  • @AlmatSarsen
    @AlmatSarsen Год назад +1

    Керемет маған ұнады әсерлі кино актерлар өте керемет ойнаған

  • @РозаЕргешова-г5н
    @РозаЕргешова-г5н 5 лет назад +400

    Шолпан апай 💚жаныңыз жаннатта болсын 😭

  • @ЖазираКенеева-р4т
    @ЖазираКенеева-р4т 2 года назад +4

    Керемет!!! Кейінгі шыққан сериалдардың ішінде сәтті шыққан💓
    Бір демалып от басымызбен көрдік...
    Қазақтың "жалқау"емес, ЕҢБЕКҚОР, екенін..аузбіршілігін, кең жерімізді, пейілімізді жақсы көрсеткен. Рахмет!

  • @Г.Ж-й7ф
    @Г.Ж-й7ф 6 лет назад +11

    Өөөте керемет. Ғибратты фильм екен. Өмір дүние қызығында, жұртқа жағуда емес екенін, екі дүниенің бақытына тек еңбек арқылы, мейірімділікте, Алланың разылығын іздеуде екенін көрсетіпті. 👍👍👍

  • @МирамкулМелдеханова
    @МирамкулМелдеханова 3 года назад +5

    Жаны жәннаттық болсын апаимыздың.Жетісай Мақталы біздің жақта тусірілген кино екен.өте мағыналы кино

  • @ЕрдаулетАлпысбаев-я9е

    Күшті түсіріпті. Рахмет . Шолпан ханымның жатқан жері жайлы болсын. 😔😔😔

  • @azamataskar5725
    @azamataskar5725 6 лет назад +10

    Сменен шаршап келіп көріп едім шаршағаным басылып бір риза болып қалдық осындай мағыналы киноларды көбірек түсірсеңіздер Актерлер керемет сомдаған өз ролдерін осындай кәсіпқой актерлердің ойнағаны дұрысқой көп рахмет сіздерге

  • @maratkudaibergenov5132
    @maratkudaibergenov5132 Год назад +10

    Тик токтан көріп келгендер біргеміз. Тәрбиелік мәні өте жоғары кино екен. Әпшеміздің жаны жәннатта болсын 🤲

  • @syimykmoldogaziev6474
    @syimykmoldogaziev6474 6 лет назад +17

    Кыргыздардын атынан салам казак туугандарга. Кино аябай сонун болуптур жыргап кордум.

    • @Ermek_Tyrsunjan
      @Ermek_Tyrsunjan Год назад

      Рахмет 🎉🇰🇿🇰🇬 қыздың мамасы қайтыс болып кетті

  • @ЕрнарҚыдырали
    @ЕрнарҚыдырали 5 лет назад +2

    Өте жақсы тусирилген актерлар рөлдерин керемет сомдапты,Алмат ағаның әңгимесиниң желиси бойынша тусирилген фильм алғаш рет фбдан оқығанда қатты ұнап Еди бугин корип отырмын киносын өмирде болған оқиға,фильм супер Жазира(Шолпан)керемет сомдады өз рөлин өте тартымды келиншек отбасына шын көңілден қайғырып көңіл айтамын.өкиништі өте өкиништі

  • @ЖасаралЕсет
    @ЖасаралЕсет 3 года назад +3

    Өте керемет әсерде болдым, актёрлар жақсы сомдаған кейіпкерлердің рөлін, мен көрген қазақ киноларының ішіндегі мәнді де, мағыналысы осы шығар....
    ШАБДАЛЫ👍🏻

  • @supernoob8628
    @supernoob8628 6 лет назад +33

    Керемет 👍🏻 Шымкент адамдары енбеккор гой ширкин

  • @НурзипаБекбосынова
    @НурзипаБекбосынова 2 года назад +4

    Фильмнің мазмұны өте тәрбиелі екен! Өкініштісі Шолпандай актрисаның өмірден өтуі. Иманды болсын.

  • @ybyrai1996
    @ybyrai1996 6 лет назад +9

    Өте керемет. Жүрегім ауырды. Осы киноны көруге кеңес берген алтын досым Гуликаға рахмет

  • @АнарМухамбетова-з8й

    Өте керемет фильм екен, актриса бәрін әдемі жеткізді, жылап алдым, қарапайым қазағымның әдемі мағыналы өмірі

  • @nurnur7701
    @nurnur7701 4 года назад +12

    Жаныыыыым биздин Жетисайдын адамдары расында да осындай карапайым жандаргой 😢😢😢😢😢. Барганда оте бир конилин жайланып келесин. Жаным,аман болыныздар Шымкала,особенно Жетисайым. Келиндер,женгелер дал осылай орамалмен журеди бизде Аллага шукир. Бирак казир жумыстарда орамалсыз журетин келиндер де коп екен.) Орамалдын бир кудирети ол ешкашан киянат жасап баска еркекке карамайды. Оларды орамалы сактайды.

  • @РустемКубашев-щ5э
    @РустемКубашев-щ5э 5 лет назад +4

    Мен лайықты 10000болып бастым. Балаша қуанып кеттім. Кино базар жоқ. Күшті шыққан.

  • @salemberdij7215
    @salemberdij7215 6 лет назад +4

    Оте керемет мен осы фильмди 3 рет карадым ауылдын карапайым өмирин адал еңбеккор ауыл адамдар жайлы каладан келген қудағы ролин жаксы сомдаған тусирилим ужымына рахмет

  • @НурикНурик-щ6ж
    @НурикНурик-щ6ж 5 лет назад +9

    Керемет коркем фильм. Шолпан апай, жаткан жериниз жайлы, топырагыныз торка болсын.

  • @Kenje_91
    @Kenje_91 Год назад +1

    Керемет кино екен👏👏👏 өмірден алынған тәлім тәрбие мен адамгершілікті насиқаттау👍 Біреуге жақсылық жасасың міндетті түрде өзіңе оралады!

  • @ЖазираМауей
    @ЖазираМауей 2 года назад +1

    Өте керемет фильм. Қазақ киносы жасасын.

  • @АйгеримЖумабаева-ч8ъ
    @АйгеримЖумабаева-ч8ъ 6 лет назад +101

    мен өзүм кыргызгыз болсомда мага казак кинолору аябай кызыктырат аябай сонун кинолору бар

    • @НургалиСапарбаев-н9ю
      @НургалиСапарбаев-н9ю 6 лет назад +6

      Ашоолада жақсы фильм сериялдарын күту керек.

    • @eagle6614
      @eagle6614 5 лет назад

      Дай мне вацап свой Кыргыз кызы ???
      Мне интересно с тобой общаться

    • @БекболатМусаев-м7д
      @БекболатМусаев-м7д 5 лет назад +3

      Айгерим Жумабаева Қырғыздыңда кинолары мен əншілері жақсы ойнайды,айтады жағад маған

    • @ЕрдаулетХаликов-э7х
      @ЕрдаулетХаликов-э7х 5 лет назад +2

      Аямай кызыктырама ай ай ай 😂😂😂

    • @Ermek_Tyrsunjan
      @Ermek_Tyrsunjan Год назад

      🇰🇿🇰🇬❤️

  • @АйсұлуДонбай
    @АйсұлуДонбай 6 лет назад +11

    Туфлиімен шашын қайырып қойғанына риза болдым. Күшті 😂😂😂 өте қарапайым, керемет фильм.

  • @АсемАусарова
    @АсемАусарова 5 лет назад +156

    Кыздын анасы болып ойнаган апайымызга АЛЛАРАЗЫ БОЛСЫН, КАЙТЫС БОЛДЫ ДЕГЕНДИ ЕСТИП МЫНА КИНОНЫ КОРИП ЕМ ОТЕ АДЕМИ ТУСИРГЕН ЕКЕН АПАЙЫМЫЗ МЫКТЫ ОЙНАДЫ АЛЛА ЖАНЫН ЖАНАТТИ ЕТСИН

  • @ЮзерЮзер-м2ь
    @ЮзерЮзер-м2ь 5 лет назад +3

    Керемет кино.Бәрі жақсы сомдаған.Әсел қызы өте сүйкімді тәрбиелі екен.Шолпан тәтейдің енді жоғы өкінішті. Жатқан жері жайлы жаны жаннатта болсын.

  • @alia_kuka
    @alia_kuka 3 года назад +1

    Сондай керемет кино екен бір жылап бір күлдік. Актрисалары керемет ойнады. Осындай тәрбиелік мәні бар кинолар көбейе берсіе

  • @7777-s9d
    @7777-s9d 6 лет назад +114

    Шабдалы дегенге қызды шабдалыға тенеп түсірген шығар деген ой болды.
    Киноның мағынасы терең , қыз қанша жерден оңтүстіктің жігіттіне бармаймын деп еді бұйырғаны оңтүстіктің жігіті екен, осындай жігіттер көбейе берсін.
    Болашақ жарды байлығына емес адамгершілігіне жомарттығына қарап таңда деп бекер айтпаған екен.
    Сыйластық болған жерде бірін бірі түсінушілік болады , бірін бірі түсіне білген жарлар әрқашанда бақытты.
    Бақыт байлықта емес , бірлікпен бейнетте.....
    Менің көз қарасымды өзгерткен кино болды, сәттілік осындай мән мағынасы бар кинолар көбейе берсін, әр адамның өмірі бір новелла ғой шіркін, өмірден алынған кинолар ойдан шығарылған кинодан гөрі шынайы болып келеді.
    "Атадан мал қалғанша тал қалсын" деген мақалды енді түсінгендеймін.

    • @ЖумагулАралбаева-ь8х
      @ЖумагулАралбаева-ь8х 5 лет назад +3

      Оте керемет фильм. Алмас Алматовтын *Шабдалы* ангимесин окып, улкен асер алган болатынмын. Сол ангиме желисинде тусирген фильмди корип куанып отырмын. Фильмди тусирген топка, барлык рольдерди сомдаган актерлерге шыгармашылык табыстар тлеймин.

    • @НаурызЖаксылыков-щ7з
    • @БекболатМусаев-м7д
      @БекболатМусаев-м7д 5 лет назад +1

      Саида Абитова сенің өзіңнің де түсінігің мол қызға ұқсайсын,жазған жазуларыңа қарай,осындай түсінігі мол қыздар көптеп болғай

    • @АлтынСакирова
      @АлтынСакирова 5 лет назад

      Лд

    • @aktaubroker
      @aktaubroker 5 лет назад +1

      жалпы қызды алып қашу дұрыс емес, еркек еркек болса бір алдынан өту керек атаанасының алдынан, шешенің мейірлмдігін пайдаланып көндіреді, қыз алғашқы түннен кейін көнеді, бұл мәжбүрлеу болып табылады, адам ұрлап жүріп ауызынан Алланы алу ұят енді базардағы азерлердің клянус деп жүрекке түсуі сияқты, арты жақсы болғанымен қыз алып қашу бұлай болмайды, шешесін балшықпен жүргізіп қойып жылатқан адам оңбайды, киноның соңындағы саудасы тек соның бәрін ұмыттырп жберген болар

  • @КамшатДутова
    @КамшатДутова 6 лет назад +5

    Қандай керемет кино😍шабдалы жегім келіп кетті ғой! Анасы өз ролін керемет ойнады!мынау менің туған жерімде түсірілген кино екен🤗

  • @ЛюхаАндрей
    @ЛюхаАндрей 5 лет назад +30

    Шолпан жулдызымыз агып кетты оте окынышты Жаткан жеры жайлы болсын Маркум

  • @ДарханРашид-х2з
    @ДарханРашид-х2з 4 года назад +1

    Өте керемет түсірілген филім! Тіпті Қазақыстан кинематографиясының тарихындағы ең үздік филімнің бірі деп айтар едім!!! Тәрбиәуи мағнасы зор! Оралдан сәлем!

  • @АктотыАшимбаева
    @АктотыАшимбаева 3 года назад +1

    Күліп отырып жыладым, жылап отырып күлдім. Керемет кино! Шолпан ханым қандай, нәзік әдемі болған, Жатқан жері Жұмақ болсын!