Әйтеке би ауданында 178 мың гектар алқапта егін салынады

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 окт 2024
  • Өңірдегі егістік алқаптарының төрттен бір бөлігі Әйтеке би ауданында орналасқан. Ағымдағы жылы аудан шаруалары 178 мың гектар алаңға егін егеді. Өткен жұмада облыс әкімі Оңдасын Оразалин ауданға іс-сапармен барды. Аймақ басшысы Т.Жүргенов ауылындағы "Бұлақ Агро" ЖШС мен "Комсомол" ЖШС базасында болып, шаруалардың көктемгі егіс науқанына дайындығымен танысты.
    --Ағымдағы жылы Әйтеке би ауданының шаруалары 129 мың гектар алаңға дәнді дақылдарды, 18 мың гектарға - майлы дақылдарды, 30 мың гектар жерге мал азығын және 460 гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егеді. Ауданда көктемгі егістік жұмыстарын жүзеге асырып отырған екі ірі ауыл шаруашылығы құрылымы бар. Облыс әкімі олардың ауылшаруашылық техникаларының көктемгі егістік науқанына дайындығын тексерді.
    "Бұлақ Агро" ЖШС биыл 13 мың гектар алаңға егін егеді. Көктемгі егістік науқанына 50-60 адам жұмылдырылған. Диқандар жұмысқа 100% дайын.
    Диқандар биыл ылғалдың жақсы түскенін алға тартады. Тек алдағы жазда аптап ыстық болып, құрғақшылық орнамай, алқапқа зиянкестер түспесе алдағы күзде өнім мол болады. Атап өтейік, биыл облыста 722 мыңнан астам гектар алаңда көктемгі егіс жұмыстары жүргізіледі. Жалпы егіс алқабының 52%-на дәнді дақылдар, 35%-на жем-шөп, 12% алаңға майлы дақылдар және қалған жерге картоп пен көкөніс-бақша дақылдары егілмек. Егістіктердің негізгі үлесі әдеттегідей облыстың төрт ауданына тиесілі, олар Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк және Хромтау аудандары.
    Сайт телеканала www.rikatv.kz/
    Twitter / rika_kz
    Вконтакте rikatv

Комментарии •