Құрманғазы - Сарыарқа күйі видеоурок

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 окт 2024
  • Сарыарқа - Құрманғазының күйі, қазақтың дәстүрлі музыкасының шыңында тұрған шығармалардың бірі. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махабатынан туған туынды. Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей.
    Әлі түс болған жоқ, бірақ даланың ыстық күні ауаны қыздырып, күйдіріп тұр. Тып-тыныш жолмен келе жатқан жай, бірқалыпты ат тұяғының дыбысы естіледі. Құлағын қайшылап келе жатқан ат ер үстіндегі адамды тыңдап келе жатқан сияқты. Ер үстіндегі кісі анда-санда артына қарағаны болмаса, самарқау. Иықты, маңдайы кең, бет әлпеті ірі салт аттының үстінде ыстыққа қарамастан, түйе жүнінен жасалған қалың күпі, тері шалбар және малақай киген. Арқасына мылтық ілген, ал алдында қапқа салынған домбыра бар. Ол Сары-Арқа жаққа бағыт ұстаған, түске таман жасыл алаңқайға келіп жетті. Атынан түсіп, кең алақанымен оның маңдайынан сипап, шілдерлеп жайылуға жіберді. Қимылсыз ауыр ойға батқан жолаушы көкжиекке қарап ұзақ отырды, сонан соң, ұйқылы-ояу кейіппен домбыраны қолына алып, жайлап тарта бастады. Даланы домбыра үні кернеді.
    Ұлы күйші Құрманғазының күйі “Сарыарқа” осылай туды. Патша үкіметінің қудалауынан соң, ол туған жерінде қала алмайтын болды, “Сары-Арқа” сол туған елмен қоштасу күйі. Бірақ мұнда, халық мінезі, өмірі, қадір-қасиеті, ол мекендеген дала бейнесі - барлығы қамтылған.
    Құрманғазының күйі “Сары-Арқа” - халықтың, даланың өзі сияқты кең, өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы. Қазақ даласы байтақ. Оның көл-көсір төсінен кім өтпеген! - барлығына да орын жетті: арқасына қобызын ілген Қорқыт, қайғылы зарлы үнімен Асан- Қайғы, сараң Қарабай (“Қозы-Көрпеш және Баян Сұлу аңызындағы адам бақытынан гөрі мыңғырған малын артық санайтын бай-феодал”), Қобыланды батыр… Олардың барлығы осы Сары-Арқа даласынан өтті және халық аңызы мен өнерінде қалды. Қазір халқыңа беймәлім және панасыз Сен де халық жадында қаласың. Дала желі сенің әніңді ұрпақтарға жеткізеді». “Сары-Арқа” әуені осы мазмұндас. Кеш түсті. Атын шідерден босатып, домбырасын ерге байлаған жолаушы қайтадан жолға шықты. Енді ол артына қарайлаған жоқ. Тынығып, әл жинап алған, аты шабысын үдетті. Артта бұйра-бұйра шаң ғана қалды.

Комментарии • 31

  • @Sonya0124
    @Sonya0124 17 дней назад

    Рахмет!!! Тез үйрендім

  • @Sonya0124
    @Sonya0124 27 дней назад

    Керемет Рахмет тез үйреніп алдым . Менің алғашқы бірінші үйренген куйім

  • @user-ez8eu6wc3o
    @user-ez8eu6wc3o 5 лет назад +5

    Ұзақ басталады екен брат

    • @uuBach
      @uuBach 4 месяца назад

      😂🤣

  • @aliexpress3951
    @aliexpress3951 4 года назад +4

    Сизге рахмет дистанционный сабакта осы видеоурок аркылы уйрендим

  • @pvp_game5408
    @pvp_game5408 4 года назад +2

    Агай кушты

  • @dcn0319
    @dcn0319 2 года назад

    Рахмет

  • @irbizyao
    @irbizyao Год назад +1

    Есть ноты на данное произведение проще на нотах выучить, за ранее спасибо

    • @dombyranis8015
      @dombyranis8015  Год назад

      Здравствуйте да есть ноты,можем отправить

    • @irbizyao
      @irbizyao Год назад

      @@dombyranis8015 отправьте пожалуйста 🥺

    • @Iqwerx_xv
      @Iqwerx_xv 6 месяцев назад

      ​@@dombyranis8015 қиын болмаса мағанда жібере аласызба, менде ескі нота, қағыстарсыз берілген

  • @inkarsailaubekova6591
    @inkarsailaubekova6591 5 лет назад +2

    Торемурат күйіне видеоурок жасанызшы

    • @dombyranis8015
      @dombyranis8015  5 лет назад +1

      Inkar Sailaubekova обязательно👌🏾

    • @ГуляКосалиева
      @ГуляКосалиева 2 года назад

      @@dombyranis8015 аға сарыарқа күйінің 2 ші видеоурок барма

  • @uisun_
    @uisun_ 2 года назад

    Осы куйди жылдам ойнап кету ушин кандай кенес бересиздер?Бир керемет куйши сиякты коринейн десем болмай жатыр😂

    • @dombyranis8015
      @dombyranis8015  Год назад

      Біршама уақыт керек

    • @dombyranis8015
      @dombyranis8015  Год назад

      Телефонға хабарлассаңыз білгенімізбен бөлісуге әр кез дайынбыз

  • @passionfruit2437
    @passionfruit2437 5 лет назад +4

    Керемет

  • @ayansailaubekov3195
    @ayansailaubekov3195 5 лет назад

    Құрманғазының Төремұрат күйіне видеоурок жасаңызшы. Өтініш

    • @dombyranis8015
      @dombyranis8015  5 лет назад

      Моя мастерская 👍, міндетті түрде)

    • @ayansailaubekov3195
      @ayansailaubekov3195 5 лет назад

      @@dombyranis8015 рахмет
      Асыға күтемін. Қашан шығатынын айта аласызба? Жəнеде Қ.Ахмедияровтың ойнаған нұсқасына видеоурок жасаңызшы.

  • @ardamural2589
    @ardamural2589 Год назад +1

    5:50 ҚОЙШЫ ЕЙ😠

    • @dombyranis8015
      @dombyranis8015  Год назад

      Басыңды прикол қысып тұр ау дим да?

  • @morbylkz1881
    @morbylkz1881 4 года назад +1

    Жұмыр қылыш күйіне видиоурок жасаңызшы

    • @dombyranis8015
      @dombyranis8015  Год назад

      Жұмыр Қылыш күйі болу керек еді қарап көріңіз

  • @dauletbekiphonein5750
    @dauletbekiphonein5750 5 лет назад +1

    Здравствуй, это Даулетбек, скинь свой вк, есть одно предложение

  • @dauletbekiphonein5750
    @dauletbekiphonein5750 5 лет назад

    Ало

  • @ozhetdosmakov
    @ozhetdosmakov 4 года назад +1

    Қойшы ей!😂

  • @adokff1974
    @adokff1974 4 года назад +1

    Дұрыс емес тартып жатсын

    • @user-ld3um8ce4i
      @user-ld3um8ce4i 4 года назад +2

      Қай жері дұрыс емес?😂🙂👈

    • @АзаматЖалын-ч2е
      @АзаматЖалын-ч2е 3 года назад +2

      @@user-ld3um8ce4i нота бойынша тартып отыр ғой нотадан қате таппайтын шығарсың енді,