Шашты жылдам және қалың қылып өсіретін оңай маска!

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 27 апр 2023
  • Қалың және жалтыраған шаш еркектерге де, әйелдерге де керек. Шаш түрлі себептерден түседі: бояу мен бұйралау; агрессивті кептіру мен түзету; дәрілік құралдар қолдану; жиі күйзеліс; экологиялық жағымсыз орта мен дұрыс тамақтанбау; ағзаға дәрумендер, минералдар және амин қышқылының жетіспеуі. Әрине, егер шаш өте көп түссе, трихологқа немесе дерматологқа қаралған жөн. Бұл проблемаларды біртіндеп шешу керек, ал шашты мықты әрі берік ету үшін әрқашан үй маскалары көмектескен. Соның ішінде, пияздан жасалған маскалар тиімді әсер етеді. Пиязда дәрумендер мен минералдар көп. Олар әрқашан биологиялық белсенді күйде болады. Пияз маскасы шаштың түсуін ғана тоқтатпайды, сонымен қатар ол ылғалдандырады, қоректендіреді, шашты өсіреді және жалтыратады. Пияздан жасалған маскалар жарнамаланған сусабындарға қарағанда шашқа жақсы әсер етеді. Себебі, пияздың құрамында нағыз тірі кератин бар. Мұндай маскалар кез келген типті шашқа келе береді. Пияз маскаларын уақытылы қолдану керек. Оны аптасына 1-2 рет жасаған жарайды. Ең қарапайым әдісі - бас жуар алдында пияздың жаңа сығылған шырынымен бас терісін уқалау керек. Шаш түсуді тоқтату үшін пияз ботқасын, балды, майсана майын 1 ас қасықтан 1 шикі жұмыртқаның сарысымен араластыру керек. Барлығын жақсылап араластырып, қоспаны бас терісіне уқалап жағады. Шашыңызды пакетпен және оның сыртынан сүлгімен орау керек. Оны 1 сағат ұстап, жуып тастайсыз. Шашты қоректендіру үшін пияздан дәруменді маска дайындауға болады. Ол үшін 1 ас қасық пияз шырынын жұмыртқаның сарысымен, 1 ас қасық майсана мен ошаған майымен, 2-3 тамшы лимон суымен араластырады. Қоспаны бас терісіне жағып, жарты сағаттан соң жуып тастайды. Шаштың өсуін жылдамдату үшін 1 шай қасық пияз шырынын 1 ас қасық алоэ шырынымен және 1 ас қасық балмен араластырады. Қоспаға 1 шикі жұмыртқаның сарысын қосады. Қоспаны бас терісіне жағып, жарты сағаттан соң жуып тастайды. Қайызғақтан құтылу үшін пияз шырынын, майсана майын және арақты тең үлесте араластырып, қоспаны бас терісіне уқалап жағады. Оны 1 сағат ұстап, жуып тастайды. Егер шашыңыз майлы болса, бұл маскаға май қоспай-ақ қоюға болады. Шаштың әдемілігі үшін 1 үлкен пияздың шырынын сығып алып, оны тең үлесте айранмен араластыру керек. 40 минут өткен соң, қоспаны жуып тастау керек. Пияз иісін қалай кетіреміз? Пияз маскасы жақсы әрі жылдам көмектескенмен, әйелдердің көпшілігі оның иісі үшін бас тартады. Пияздың күшті иісі болғанымен, оның шашқа жылдам сіңуі шаштың құрылымына байланысты. Егер шаш өте зақымдалған, яғни, фен, үтік немесе бояу көп қолданған шаш құрылымы бұзылғандықтан, ол өзіне пияз шырынын тез сіңіріп алады. Оның иісін кетірудің әдістері бар: -Алдымен пияз ботқасы емес, тек пияз шырыны қолданылатын маскаларды пайдаланып көріңіз. Шырын жылдам жуылады, сондықтан иісі де аз болады; - Шашты ыстық сумен жумаңыз, себебі ол пияз иісін күшейтеді. Сондықтан, суық немесе бөлме температурасындағы сумен жуыңыз; - Масканы жуып болған соң, шашты міндетті түрде шөптер қайнатпасымен шайған жөн. Мысалы: қалақай, түйежапырақ, түймедақ және т.б. Қайнатпаны шашта 5 минут ұстап, содан соң қарапайым сумен шаяды. Қайнатпаға лимон суынан қосып жіберсе, иістен құтылу оңай болады; - Пияз маскасына піскен бананның жұмсағын қосып, содан соң шаш шаярда суға цитрусты (грейпфрут, апельсин, лимон) эфир майларынан 1 литрге 3-4 тамшыдан қосуға немесе 1:1 қатынаста алма сірке суы мен қарапайым суды араластырып, шаюға болады.

Комментарии • 318

  • @user-db2rq2sc8b
    @user-db2rq2sc8b Год назад +14

    Қандай керемет рахмет сизге Алла разы болсын

  • @user-qd9em3ek4d
    @user-qd9em3ek4d Год назад +10

    Көп рахмет,өте пайдалы кеңес.

  • @user-ob5yv5yk9y
    @user-ob5yv5yk9y Год назад +10

    Кызм сизге алгысым шексиз Кудайым жасынды узагнан берсин!!!

  • @user-ew2ed3mj2n
    @user-ew2ed3mj2n Год назад +9

    Қандай керемет алла разы болсын

  • @user-nf1vm9vs9k
    @user-nf1vm9vs9k Год назад +14

    Рахмет көп көп,түсінікті

  • @user-ud5oy4fo2m
    @user-ud5oy4fo2m Год назад +13

    Үлкен рахмет сізге 🥰🥰❤️

  • @user-qb7rc3mu5i
    @user-qb7rc3mu5i 5 месяцев назад +1

    Рахмет өте жақсы түсіндірді алла оразы болсын

  • @jerui
    @jerui 6 месяцев назад +1

    Қызым саған көп рахмет жақсы түсіндірудің, көп жаса

  • @user-qy5hw8um9g
    @user-qy5hw8um9g Год назад +4

    Рахмет кенесынызге

  • @user-ki6jc2nf9s
    @user-ki6jc2nf9s 9 месяцев назад +21

    Менің шашым көп түседі. 10 жылдан бері бас ауру дәрісін ішіп жүрмін. Стресске түсемін

  • @user-wz8hq9ic6o
    @user-wz8hq9ic6o 4 месяца назад +1

    Оте керемет пайдалы кенес екен рахмет👍👍👍👍

  • @user-kr4gu1xg4z
    @user-kr4gu1xg4z 2 месяца назад

    Рахмет тусиндирип жатканызга. Алла разы болсын.

  • @user-ze5vx7fk6e
    @user-ze5vx7fk6e Год назад +8

    Жақсы түсіндірдің🤗👍🏼

  • @guldarrajapova8918
    @guldarrajapova8918 11 месяцев назад +7

    Рахмат кенешинизге 👍👍

  • @Nabira_09
    @Nabira_09 6 месяцев назад +3

    Рахмет кенесинизге кушти

  • @user-ms7fc4gg7b
    @user-ms7fc4gg7b 4 месяца назад +1

    Күшті керемет кеңесіне рақмет

  • @GauharMamyrbaeva
    @GauharMamyrbaeva 4 месяца назад +1

    Рахмет қызым сұхбатыңа бақытты бол

  • @user-fv9cb9uq5p
    @user-fv9cb9uq5p Год назад +13

    Қандай керемет

  • @user-uf9ss6ph2q
    @user-uf9ss6ph2q 5 месяцев назад +1

    Рахмет жасап куруге болады

  • @user-zd2mb1on2h
    @user-zd2mb1on2h 3 месяца назад

    Толығымен айтқаныңызға рахмет❤

  • @user-sx9gn3gf7l
    @user-sx9gn3gf7l 4 месяца назад

    Ия шашым өте көп түседі осы амалды қолдану керек екен рақмет

  • @kumisaynarbayeva9606
    @kumisaynarbayeva9606 Год назад +9

    Керемет рахмет жасап көреиік🎉🎉🎉🎉

  • @user-fm4xh9ud7m
    @user-fm4xh9ud7m 6 месяцев назад +3

    Жаксы тусiндересiн

  • @user-kr4gu1xg4z
    @user-kr4gu1xg4z 3 месяца назад

    Рахмет алла разы болсын.

  • @user-cg2wt4yf7g
    @user-cg2wt4yf7g 4 месяца назад

    Рахмет керемет кеңесіңіз

  • @user-et1cx9oj1t
    @user-et1cx9oj1t Год назад +3

    Улкен рахмеет!

  • @user-yl4ih5qd6f
    @user-yl4ih5qd6f Год назад +5

    Рахмет ❤

  • @Karinaa_goii
    @Karinaa_goii Год назад +6

    Рахмет 😘

  • @user-xi4um9qv5g
    @user-xi4um9qv5g Год назад +9

    👍👍👍💪💪💪🙏🤲🤲👏👏👏🙋🙋🙋Айнакул.С.С.Жанакорган.Аташ ауыл.Барекелди,Айналайын!

  • @user-mh1ex7cc9m
    @user-mh1ex7cc9m Год назад +4

    Керемет екен

  • @user-ch8pd6eb6j
    @user-ch8pd6eb6j Год назад +6

    Рахметттт🎉

  • @jushhhhdjuid5119
    @jushhhhdjuid5119 11 месяцев назад +2

    Жарайд,,жасап корейк

  • @user-ur8tb1qj5y
    @user-ur8tb1qj5y 5 месяцев назад +1

    Рахмет коп коп.

  • @tolegensauletkhan5860
    @tolegensauletkhan5860 4 месяца назад +1

    Кенесинизге рахмет

  • @gulmirakurbaniyazva7517
    @gulmirakurbaniyazva7517 Год назад +5

    Жуап нгз ушн ракмет

  • @user-fk3yj1cl6z
    @user-fk3yj1cl6z 4 месяца назад +2

    Рахмет❤Шашымның тускенінен қатты қорқып жүрм.Жасап көрем міндетті түрде.

    • @madinasaparalieva-ku7sc
      @madinasaparalieva-ku7sc 3 месяца назад

      Көмегі тиді ме?

    • @QwertyMaki
      @QwertyMaki Месяц назад

      ​@@madinasaparalieva-ku7scжауап жазбаса тазга айналды

    • @QwertyMaki
      @QwertyMaki Месяц назад

      ​@@madinasaparalieva-ku7scжауап жазбаса таз болып калган

  • @user-em9pl1kl7t
    @user-em9pl1kl7t 3 дня назад

    Ракмет!

  • @user-ki1xn7un1b
    @user-ki1xn7un1b 5 месяцев назад +3

    Рахмет,қызм 60 --70жасқа көмектесеме.

  • @BawirjanNurniyazov-lr1kp
    @BawirjanNurniyazov-lr1kp 4 месяца назад +2

    Салем кеш жарык рахмет мошный екен

  • @user-es4iv7bz2n
    @user-es4iv7bz2n 6 месяцев назад +4

    Рахмет

  • @korkemkorkemova1217
    @korkemkorkemova1217 6 месяцев назад +1

    Керемет

  • @user-zd2mb1on2h
    @user-zd2mb1on2h 3 месяца назад

    Алла разы болсын

  • @user-wy3ex2gc9p
    @user-wy3ex2gc9p 3 месяца назад

    Салем Индира 🎉🎉🎉Кушты, шаш остыргым 😮келип жур еды🫰жаксы болдыгой🎉🎉🎉👍👍👍

  • @user-vm4zu9wu4c
    @user-vm4zu9wu4c 4 месяца назад +24

    Озыныздын шашыныз неге калын емес.

  • @user-yu7zk3fg7c
    @user-yu7zk3fg7c Год назад +2

    Рахмет апше

  • @user-jt7sv5pg8t
    @user-jt7sv5pg8t 6 месяцев назад +1

    Күштіекен

  • @user-zp4yj6nv3v
    @user-zp4yj6nv3v Год назад +2

    Тамаша

  • @user-rk4qy6cl4b
    @user-rk4qy6cl4b 22 дня назад

    Істеп көрдік👍

  • @qaz_saq
    @qaz_saq Год назад +22

    Уау, қандай сұлу

  • @user-uw6sw7nk8f
    @user-uw6sw7nk8f Год назад +22

    Сарымсак конешно осыреды ! Таз адамнанда шаш шыгады ! Это поверенного и доказанно!💯🙏👍

  • @user-jc8xw8zb5d
    @user-jc8xw8zb5d 8 месяцев назад +3

    рахмет..Алла разы болсын сізге

  • @user-sf4lp7to9t
    @user-sf4lp7to9t Год назад +3

    Ракмет

  • @0-yy1uj
    @0-yy1uj Месяц назад +1

    Менынде шашым түседі осыны жасап көретін сосын калай болатынын айтамын ❤

  • @user-si3by8xp3q
    @user-si3by8xp3q 5 месяцев назад +2

    Рахымет кызыым, көрейікші осылай етіп...

    • @user-zz9zp8ok4z
      @user-zz9zp8ok4z 4 месяца назад

      Иісі шықпай ма жұмысқа барғанда

  • @user-gt7bz8fo8n
    @user-gt7bz8fo8n 2 месяца назад

    Рахымет😊😊😊

  • @user-tj3eu1zf5e
    @user-tj3eu1zf5e Год назад +8

    Рахмет!Керек деректер!!!

  • @gulanbekjanova5313
    @gulanbekjanova5313 9 месяцев назад +1

    Сіз жақсы түсіндірдіңіз рахмет❤

  • @user-nt3eo1uk2m
    @user-nt3eo1uk2m 3 месяца назад

    РАХМЕТ

  • @NAMYS_QAZAQ
    @NAMYS_QAZAQ Год назад +5

    Дұрыс аитады пиаз пайдалы шаш өсіргенге

  • @user-dw4xr7zi9i
    @user-dw4xr7zi9i Год назад +2

    Сәлеметсізбе қас өсіру туралы айтсаңыз

  • @user-it6fh3rc3b
    @user-it6fh3rc3b Месяц назад +2

    Кім істеп көрді? Пайдасы барма?

  • @user-hr2sq4ng8n
    @user-hr2sq4ng8n Год назад +2

    👍👍

  • @user-bh2jn9ku4s
    @user-bh2jn9ku4s 4 месяца назад +1

    Жақсы менің шашым көп түседі

  • @user-jq3dz2wq3b
    @user-jq3dz2wq3b Год назад +2

    1:20 👍

  • @user-nv1lr5kq6l
    @user-nv1lr5kq6l Год назад +10

    Коп жасаныз улкен рахмет💃👍❤🌹🤣🥰❤👍👍👍👍👍👍👍❤👍👍👍👍👍👍

  • @user-zl7gn1bg8q
    @user-zl7gn1bg8q 5 месяцев назад +1

    🎉сәлеметсіздерме сізге рахмет менің қызымның шашы быр қалыпты иықтан төмен өспей тұрып алды тағы да қандай маска немесеқалай өсіріуге болады.

  • @user-fe9ec8ej1w
    @user-fe9ec8ej1w Год назад +10

    Пиязға не қостың вазелин дедің бе рахмет сізге

  • @user-uw6sw7nk8f
    @user-uw6sw7nk8f Год назад +14

    Озынын шашы суйыккой !🙏

    • @Indiraeskander
      @Indiraeskander  Год назад +3

      3-шы баланы босанган сон тусты бар шаш, казыр емдеп жатырмын. Балапан шаш көбейді

    • @user-nl7lm9hj1i
      @user-nl7lm9hj1i Год назад

      @@Indiraeskander керемет

  • @user-ss4ts1eh2i
    @user-ss4ts1eh2i 11 месяцев назад +4

    Сәлеметсіз бе? Шашты қалай краскасыз хнасыз шашқа зиян келтірмей бояуға болады?

  • @Nurbike
    @Nurbike 9 месяцев назад +4

    Мен коп колдандым пиязды да чисноктыда бирак еш пайдасы болмады осуине ости бирак еш шаш осип шыкпады сол сиректигимен калды

    • @kazplaylist
      @kazplaylist 7 месяцев назад +1

      Шаш тусуы бармеды сызде,токтадыма шаштын тускены колданганнан кейын

  • @user-mj5dv2hb6m
    @user-mj5dv2hb6m 28 дней назад

    Жақсы екен тек вазелин болмай қалса сұйық кез келген май жарай береме.

  • @user-fu2ji3en8u
    @user-fu2ji3en8u 6 месяцев назад +3

    Жасым68де,төбемде шаш жоқ,алапеция қалай өсірем

  • @user-el6xb3rf9u
    @user-el6xb3rf9u 8 месяцев назад +1

    Mening shashim uspeyjatir 😢

  • @abdijapparedenbaev3198
    @abdijapparedenbaev3198 8 месяцев назад +1

    Саламатсізба мен ер баламін шашимди тарасам тусе беред осини қолдансам боладима

  • @user-tn9mg6om6d
    @user-tn9mg6om6d 10 месяцев назад +3

    рахмет, енді істеп көрейік, негізі менің шашым ұзын, жуып тарағанда түседі

    • @qoslikelivee8287
      @qoslikelivee8287 9 месяцев назад +1

      Су кезинде тараманыз кептирип болган сон тараныз и шашынызды жуган сон кептириниз жуган сон коп устаманыз катты куркатпаныз шашынызды жуар кезинизде алдын ала тарап алыныз)))

  • @Adia_01
    @Adia_01 11 часов назад

    Кім тексеріп көрді нәтижесі қандай распа

  • @LukpanAzatbek
    @LukpanAzatbek 4 месяца назад +1

    Көрдім шынымен өсіреді екен

  • @user-dk3kf5no5t
    @user-dk3kf5no5t 6 месяцев назад +2

    Салем персови мята настоика мен оседі екен аптекада сатады

  • @gauxarsagimbaeva6553
    @gauxarsagimbaeva6553 Год назад +1

    🎉🎉

  • @user-qo1ej9cw3e
    @user-qo1ej9cw3e 5 месяцев назад +1

    Салем

  • @user-go5xw7bm7m
    @user-go5xw7bm7m 4 месяца назад +1

    Сәламатсызба меніңде шашым қаты туседі

  • @user-fo1wh8mh9k
    @user-fo1wh8mh9k 4 месяца назад +1

  • @user-hs3fx4pb1j
    @user-hs3fx4pb1j 5 месяцев назад +2

    Кым резултат корды жазыныздаршы шынымен шаш тез оседы ма

  • @user-jq1lx9py1l
    @user-jq1lx9py1l 11 месяцев назад +3

    Пиязга майсана майын косып жусам олда комектеседыме?

  • @BEKA__FF__YT
    @BEKA__FF__YT Год назад +3

    Қалай чолкыны өсіруге болады

  • @user-wx1um2ej3l
    @user-wx1um2ej3l 6 месяцев назад +1

    Көзіңізге очки кисеңіз болады. Чампундарда бар аптекада луковой.

  • @user-zh5hr4vc4j
    @user-zh5hr4vc4j 6 месяцев назад +1

    Жасым 50-де, төбемде сиреп ашықтау болып қалған жерге жақса шашым қоюланып қайтадан өсе ма сонда? Қалыңдап өссе жақсы болар еді, ал сізге рахмет!

  • @user-lz4hi4ee4w
    @user-lz4hi4ee4w 3 месяца назад

    Сөзі көп екен.Соңына дейін тындай алмадым

  • @user-pe4bw8bh1v
    @user-pe4bw8bh1v 5 месяцев назад +1

    Сәлеметсізбе менің қызым 9 да шашып түсіп жатыр

  • @user-xp8xg2nd7m
    @user-xp8xg2nd7m Год назад +1

    8жасар қызда шаш түсип калған соған боладыма осылай маска жасасам

  • @user-qo9zr9vv2w
    @user-qo9zr9vv2w 4 месяца назад +1

    Сәлеметсіз бе менің жасым 60 -қа кеп қалды ,мен жасасам боладыма.

  • @AkylbekTagar
    @AkylbekTagar 20 дней назад

    Салеметсизбе меним шашым Бир Апта болды устап тусп жагыр не ушин екен блмеимин

  • @gulsarasattarova9790
    @gulsarasattarova9790 6 месяцев назад +1

    Қызымау қандай вазелин болады

  • @gulnaraduisenmuratova8227
    @gulnaraduisenmuratova8227 Год назад +2

    Улкен рахмет, аптасына неші рет істеу мумкін?

  • @user-lg6cf9li4b
    @user-lg6cf9li4b 6 месяцев назад +1

    Бұны бір ай қайталаймызба, аптасына екі реттен?

  • @user-qc4ze9rk6g
    @user-qc4ze9rk6g 5 месяцев назад +1

    Саламатсызба менің шашым көп түседі

  • @user-ch6zr3lj4m
    @user-ch6zr3lj4m 4 месяца назад +1

    35,40 жаста ақ шаштан қара шаш өсіруге болама? Тістердің шіруі емдеу жолдары қалай.

  • @MerigulKaraeva-ol2lx
    @MerigulKaraeva-ol2lx 2 месяца назад +1

    Істеп көргендер барма

  • @saulebaizakova4158
    @saulebaizakova4158 3 месяца назад

    ❤❤❤

  • @user-dj6mi8lb1v
    @user-dj6mi8lb1v 8 месяцев назад +1

    ❤❤🎉❤🎉❤❤❤