HTML сурет қою [ҰБТ информатика]

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 окт 2024
  • Суреттiк бейнелер web-беттерді әшекейлеп безендiруде кезiнде маңызды рөл атқарады. Суреттер HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке бумаларда сақталады, алайда олар браузер арқылы web-беттердің iшiнде бейнеленедi. Суретті орнату IMG элементі. IMG элементі құжат денесіне графикалық сурет орнату үшін пайдаланылады. Графикалық суретке кішкентай шартбелгі, сурет, графикалық нысан мен сурет карталары жатады.Олар браузер терезесінен үлкен орын алуы мүмкін. Web-беттегі суреттер img тегінің көмегімен оңай және өте қарапайым орнатылады. Ол body элементінің кез келген жерінде орналасуы мүмкін .Сонымен қатар сурет адресі src атрибутының мәнімен беріледі (src атауы source - дереккөз сөзінен шыққан). Аталған атрибут img тегіндегі міндетті атрибуттардың қатарына жатады.
    alt - Егер сурет көрсетілмесе, онда оның орнына сурет атауы жазылады немесе сол сурет жөнінде мәлімет беріледі.
    border - Суретті қоршап тұрған жақтау сызығының (шегарасының) қалыңдығы пиксельмен беріледі.
    align - Мәтінге байланысты суреттің орналасуы көрсетіледі: TOP - жоғары, BOTTOM - төмен, MIDDLE - ортада, LEFT - сол жақта, RIGHT - оң жақта түзетілген.
    height - Браузер терезесінің ішіндегі суреттің биіктігін (тігінен өлшемін) пиксельмен немесе процентпен береді.
    width - Браузер терезесінің ішіндегі суреттің биіктігін (көлденең өлшемін) пиксельмен немесе терезе енін процентпен береді.
    vspace - Суреттің жоғарғы және төменгі жақтарындағы бос аймақ мөлшерін пиксельмен береді.
    hspace - Суреттің сол және оң жақ шеттеріндегі бос аймақ мөлшерін пиксельмен береді.
    Alt атрибутынан соң қолданылатын жол аңдатпа жол болып, ол меңзерді суретке алып барғанда пайда болады. Кей жағдайда қойылған сурет web-бетте көрінбей қалса, суреттің не туралы екенін аңдатып тұратын жазу шығып тұрады.

Комментарии •