ТАҢҒЫ БЕРЕКЕ - НЕЛІКТЕН ҚҰНДЫ /

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 окт 2024
  • Таңғы уақыт - береке мен жетістік жасырылған тәуліктің ерекше сәті. Бұл кітап өміріміздің күнделікті бөлшегі болған сондай тылсымға толы уақыттың құпиясына өмірлік тәжірибелер арқылы үңілуге үндейді. «Таңғы нәсіп Тәңірден» деген халық даналығын ғылыми зерттеулермен ұштастыра келе, табысты әрі салауатты өмірсалтын шариғи тұрғыдан, медицинаның сан саласы арқылы түсінікті тілмен түсіндіреді. Күндізгі тіршілік тәртібі, түскі тынығу, түнгі сапалы ұйқы, түс көру мен жору, т.б. құпия құбылыстар арқылы адамға өзін-өзі тануға дәйекті дәлелдер келтіріледі. Күнделікті ерте тұрып, тіршілік дағдысын қалыптастыру барысында ризық пен қажеттіліктерін таңсәріден тапқан тағдырлар, әлемдік табысты тұлғалардың орасан жетістіктерінің мысалымен берілген. Өмірді өзгертуге қатысты адамның өз құзырына тиесілі тұстары, жаңа әдеттер қалыптастыру нәтижесінде биік мақсаттар мен белестерді бағындыруға болатын бағыттар ұсынылады. Мотивациялық мақсаттағы бұл еңбек жалпы оқырманға арналған.
    Кітап жайлы толық ақпаратты @aisha_hanumkz инстапарақшасынан таныса аласыздар.
    "ТАҢ НЫҒМЕТІ" кітабы "КІТАП АЛ"дүкендер желісінде сатылады.

Комментарии • 4