ТӨЛЕН ӘБДІКОВ - ҚОНАҚТАР. АУДИОКІТАП 2024
HTML-код
- Опубликовано: 8 фев 2025
- ТӨЛЕН ӘБДІКОВ - ҚОНАҚТАР. АУДИОКІТАП 2024
Ерғабыл қария мен кемпірі күндегіден алабөтен қуанып жүр. Қалада тұратын жалғыз ұлы Сапабек келмекші. Сапабектің де жалғыз ұлы бар. Кемпір-шалдың асыға күтіп отырғаны, әсте, келін-баласы да емес, сол немересі. Бірақ, шал мен кемпір екі жақтап өбектеп, асты-үстіне түсіп жатса да, Жеңіс аса елпектей қойған жоқ. Оның үстіне, қазақша да білмейтін көрінеді. Қалалық келінге көңілі толмай, ұлының мылжыңдап көр-жерді сөз қылғанына да шекесі тырысып отырған Ерғабылдың көрері әлі алда екен. Келін-баласы «ауылда орыс мектебі жоқ» дегенді желеу етіп, баласын ала қашты. Кейуана жаулығының шетімен көзін сүртіп қала берді. Ерғабыл өшін кетпеннен алды. Сағына күткен бала-шағасы тура қонақ секілді бір күн қонды да, тайып тұрды.
Керемет ангиме🎉
Күшті оқиды екенсіз, әңгімелерді 👍🏻
👍🏻👍🏻👍🏻
👍👍👍