Төлеген Момбеков - “Салтанат”

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • Төлеген Момбеков - Салтанат
    Салтанат - Қаратау күй мектебінің өкілі, дәулескер күйші Төлеген Момбековтің көпшілік арасында кеңінен танымал, ерекше туындыларының бірі. Бұл күй адамның күні бойы сөзбен айтып жеткізе алмайтын сырын, мұңын тілсіз екі шектің мақамымен әр кеудеге құйып береді. Күйші тілсіз құдірет күйі арқылы миллиондаған қазақтың жүрегінен орын алып, әрқайсысының кеудесіндегі өкініш, күйініш, жанашырлық сынды асыл сезімдерін қозғайды. "Салтанат" күйін әр тыңдаған са­йын оның құдіретінен кеудемізді өксік аралас мұң басып, жүрегімізді сыздатады.
    1969 жылы Төлеген Момбековтың асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып қойыпты. Сонда Салтанат біраз жыл өтсе де, өлген шешесін ұмытпай: "Апама айтам" деп зар еңіреп жылайды. Осы сөзді құлағы шалып қалған күйші сондай бір ауыр күй кешіп, қатты толқиды. Қызын жұбатып отырып: "Қайтемін, жаным-ау" деп қосыла жылайды. Сосын сүйеніші де, жұбанышы да болған домбырасын сабалай береді. Ертеңіне жаңа күй шығады. Күйдің атын қызына жұбату ретінде "Салтанат" деп қояды.
    #домбыра #күй #dombyra #салтанат #төлегенмомбеков

Комментарии • 106

  • @freedomfree5911
    @freedomfree5911 10 месяцев назад +123

    1969 жылы Төлеген Момбековтың асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып қойыпты. Сонда Салтанат біраз жыл өтсе де, өлген шешесін ұмытпай: "Апама айтам" деп зар еңіреп жылайды. Осы сөзді құлағы шалып қалған күйші сондай бір ауыр күй кешіп, қатты толқиды. Қызын жұбатып отырып: "Қайтемін, жаным-ау" деп қосыла жылайды. Сосын сүйеніші де, жұбанышы да болған домбырасын сабалай береді. Ертеңіне жаңа күй шығады. Күйдің атын қызына жұбату ретінде "Салтанат" деп қояды.

    • @ТурарСундет-ф3ц
      @ТурарСундет-ф3ц 8 месяцев назад +10

      Қадірін тіріде білейік Ата Аналарымыздың 🥹🥹🥹

    • @nazarserikbayev
      @nazarserikbayev 6 месяцев назад +11

      Беу дүниеай , жүрегіңді жібітеді Салтанат күйі .

    • @АбайАлиаскаров
      @АбайАлиаскаров 4 месяца назад +2

      Билмеген екенмин журекти ауыртатын окига екен!Оте мыкты киси екен жаткан жери жайлы болсын!

    • @Saltanat-r7m
      @Saltanat-r7m 3 месяца назад

      😢😢😢

    • @Камажай-г6н
      @Камажай-г6н 3 месяца назад

      Трагедия улкен трагедия

  • @AyanBekezhan
    @AyanBekezhan Год назад +50

    Салтанат қызының анаға деген сағынышығой.😔

  • @АбдилдаРахманкулов-х6э
    @АбдилдаРахманкулов-х6э 3 месяца назад +1

    Осындай қазақтың күйлерін тыңдағанда қазақ боп туғаныңды мақтан тұтасың. Қәзіргі қазақтың түрін,тірлігін көргенде өмірден баз кешіп кетесің.

  • @dauletzhirenbayev970
    @dauletzhirenbayev970 2 месяца назад

    Көзге жас толып қалды, тарихын оқып

  • @Kake_kuk1964
    @Kake_kuk1964 Год назад +133

    Өкінішті, Қазақстанда қазақ қалмады, осындай туындыларды тыңдап кадірлейтін. Просмотр жоқ, лайк жоқ. Ай заман-ай! Қандай ғажап күй!!!

    • @azamatkokeev4919
      @azamatkokeev4919 Год назад +3

      Тыңдадым керемет бірақ түсне алмадым

    • @ulan19840621
      @ulan19840621 Год назад +8

      Керек адам іздеп жүріп табады, бауырым! Мыңы көрмесе де, оны көріп, әсер алады! Сол он адам мың адамнан артық!

    • @jusi328
      @jusi328 Год назад +5

      неге жоқ, бармыз!!!

    • @СаятЖакупов-х9н
      @СаятЖакупов-х9н Год назад +4

      Секен Ағамыздын сөзі бар - Күйді тындайтын мың адам, ұғатын - бір адам!!!!

    • @architectureworld2346
      @architectureworld2346 11 месяцев назад

      Енди шыкканда жазыпсыз! Кеширерсиз бармыз❤

  • @serikzhaksylyk966
    @serikzhaksylyk966 Год назад +22

    Осы күй қайғылы болсада соңғы кезде менің ең сүйікті күйім болып барады. Токең марқұмның жатқан жері жәйлі болсын.

  • @nurzhanzhannur8068
    @nurzhanzhannur8068 Год назад +17

    Еш мәтіні болмаса да, айғайлаған зары құлаққа кіріп, бойды алатын керемет дүние, қазағымның күй өнері өсіп-өніп, сапасы жақсара берсе екен

  • @БиогумусМедеуТараз

    Осындай туындыны тудырған Қазақ ұлты,мәңгі жасай бермек. Төлеген Момбеков атамыз, нағыз Қазақ мақтанышы ғой,бір туар.

  • @БиогумусМедеуТараз

    Бұл күй өмір философиясы ғой,Қазақ ұғымындағы.

  • @NEW-hk1tv
    @NEW-hk1tv Год назад +11

    Не бір болмайтын бағдарламалар бар,солардың орнына осындай күімізді,домбырамызда қайта көтеретін бағдарламалар көбейсе дейм,жастарымызға үлгі болатын

  • @mataikudaisugyr2359
    @mataikudaisugyr2359 Год назад +19

    Қайран Төкең Қазақтың бір туар азаматы. Артында өшпес із осындай күй қалдырған. Жаныңыз жәннәттің төрінде болсын Ұлы күйші

  • @АйболатБагдал-я1т
    @АйболатБагдал-я1т Год назад +12

    Күй «қайтейін, балам, қайтейін, амалым жоқ» деп тұрғандай. Күйші ішкі зарын күймен шығара отырып домбыраны сөйлеткен. Қазақи таным-түсінігі бар адам егіле отырып түсінеді. Күй автордың ішкі жан сезімін анық көрсеткен.

  • @ЖусипБекетау
    @ЖусипБекетау Год назад +11

    Шертпе күйде Төлеген ағаның алдына түскен күйші көрген жоқпыз.

  • @СалтанатДуйсенбаева-и5щ

    Осы версия ен классик версия, унайды! Рахмет!

  • @КірмеНаху
    @КірмеНаху 8 месяцев назад +11

    😢осы күйдй
    Естісем жылай берем

  • @БакытнурМомбек
    @БакытнурМомбек Год назад +35

    Әруағың нан айналайын төлеген ата!

  • @periorazbayeva1150
    @periorazbayeva1150 Год назад +14

    Қаласаң да , қаламасаң да көзге жас келеді тыңдағанда

  • @БолатбекСейткулов-б1к
    @БолатбекСейткулов-б1к 9 месяцев назад +6

    Жүрек қылын шертеді. Іштегі мұңлы зарды шығарады.

  • @rakhimzhanturgenbayev5864
    @rakhimzhanturgenbayev5864 Год назад +19

    Каиран Токен саи суиекты сыркыратын гои,жаткан жерыныз жаилы болсын улы сазгер.

  • @БаүыржанЖумажан-е7с

    Осындаи куилерді бүкіл метепбтер қөю керек барлық үкіметегі органдарда бала бақшада бүкіл теле арнадан көрсету керек халықа сіндіру керек .

  • @ergengulzhan6011
    @ergengulzhan6011 Год назад +12

    Недеген күй десей жан журегинди сыркыратат кереметкой

  • @dosietyergenbay9762
    @dosietyergenbay9762 Год назад +6

    Менің атам осы тұлганын шәкірті болып еді осы кісіден үйрендім деп айтады

  • @ЕгемберлыАбдырайб
    @ЕгемберлыАбдырайб 8 месяцев назад +3

    Ютубтан Ш.Айманов,Д.Қонаевтың қайтыс болып,шығарып жатқанын көрсеткенде осы әуен ойналып тұрды.Шертісте шер,мұң,қабырғаны қақыратар қаза,жұбату астасып тұрды,қимастық білінетін.Кімнің күйі?-деп іздеуші ем,жаңа таптым,тарихын да түсіндім.Неше тыңдадым.Жүрегіңді суырып алатындай зарлы әуен.

  • @ГилымХасанов
    @ГилымХасанов Год назад +11

    Ассалаумағалейкум тыңдарман қауым осындай домбырашы болсам

  • @МечтаМечта-щ3п
    @МечтаМечта-щ3п Год назад +24

    Нағыз қазақ домбыра

  • @S-999Almaty
    @S-999Almaty Год назад +12

    Бәрекелді ❗ не деген тамаша ❗💥🔥💯👏👏🤗🍎🍏🇰🇿

  • @СарсенбайЕспенбетов

    Осы күйлер неге теледидарлардан, естлімей кетті, қазақтар жоғалды ау осы күйлермен бірге ең соңғы могикан үнділердің ұқсап, қандай өкінішті.

  • @lashynsunkar4186
    @lashynsunkar4186 Год назад +10

    Осындай күйші адамдарды неге жаңғыртпаймыз?

  • @tursynkuldari
    @tursynkuldari Год назад +5

    Әкенің қызын жұбатып отырып ,жан дүниесінен шыққан қандай төгіледі күй ғой . Осы күйдің шығуына арқау болған Салтанат қыз бұл күнде қайда болды екен .Бақытты қыз , ата анасының әруағы қолдап жүрсін. Төлеген аға қызына арнап шығарған күйі халықтың жұргінен орын алған күй . Артында өшпес мұра болып қалды .

    • @_______6426
      @_______6426 6 месяцев назад

      Салтанат апай қазір қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, әділетті ұстаз

  • @АлмасЖаксылыков-с7у

    Қазақ өлмеіді, домбра жоғалмайды.

  • @АрманАмангелд-ч5ф
    @АрманАмангелд-ч5ф Год назад +6

    Есімде бала кезімде радиодан еститінмін осы күйді 😢

  • @tursynkuldari
    @tursynkuldari Год назад +5

    Па шіркін әке мен ананың қызына деген сағынышы ғой .Адамның жан дүниесін тербетеді, терең ойда отырасың .Осы күйді шығарған авторға мың алғыс .

    • @eremazhuma5397
      @eremazhuma5397 Год назад +9

      Аке мен ананын кызына деген сагынышы емес, жарынын ягни куйеуинин келиншегине деген жане акенин перзентине деген кимастык сезими десе дурыс болады. Куйдин тарихы: куйдин авторы Момбеков Толеген агамыздын жубайы Пернеш 1969 жылы мезгилсиз кайтыс болады. Артында алты баласы (кейбир деректер бойынша бес баласы) анасыз жетим калады. Бир куни Кайрат деген баласы 4 жасар Салтанат деген карындасын жылатып кояды. Анасынын кайтыс болганына карамастан Салтанат "анама айтып беремин" деп жылап отырады. Муны естиген Толеген агамыз катты тебирениске тусип Салтанатты калай жубата аларын билмей колына домбырасын алып озинин де конили босаган екен. Сол кезде осы куйди шыгарган екен.

  • @КуляшТуктибаева
    @КуляшТуктибаева Год назад +4

    Тоиларда осы аталарымыздын куиин тарту керек.Болмаитын оиын оинатканша.Атамыздын куиі маңгі жасаи берсин

  • @rabigazhumabek2436
    @rabigazhumabek2436 Год назад +6

    Неткен керемет күй еді!
    Жүректі сыздатты...
    Жылатты...

  • @СаятЖакупов-х9н
    @СаятЖакупов-х9н Год назад +5

    Не деген күй, тындағын келе береді...

  • @erjanasetovich1959
    @erjanasetovich1959 Год назад +7

    Сырлы Созактын керемет жыршысы.

  • @ШолпанТука
    @ШолпанТука Год назад +5

    Өзінің орындауы керемет!!!

  • @КуатбекТаттибаев
    @КуатбекТаттибаев Год назад +4

    Жүректі толқытатын қандай керемет күй. Жасай берсің қазақтың күйі жасай бер қазағым

  • @жаңылқалым
    @жаңылқалым 9 месяцев назад +3

    Көп жағдайды еске алып тыңдайм
    Әкеден 8 жасымда калдым.
    сағыныш кернейді әрине

  • @ДинистанОтарбаев-л7в

    Ширкин недеген керемет куй сай суйегинди сыркырататын тамаша

  • @КарлыгашКурбанбаева-д4к
    @КарлыгашКурбанбаева-д4к 7 месяцев назад +4

    Қандай керемет тұла бойым жан жүрегімді бойлады.❤

  • @АлияТушпарова
    @АлияТушпарова Год назад +4

    Керемет күй,Төлеген Момбековтің күйі орындауда өзінікі.Қазақтың күйлерін ,әндерін тыңдай бергің.

  • @КуляшТуктибаева
    @КуляшТуктибаева Год назад +4

    Керемет .Кулактын курышын кандырады.Тындаи бергин келеди.....

  • @СерікЖүсіп-ж6й
    @СерікЖүсіп-ж6й 8 месяцев назад +3

    Өмір бойы тыңдасаңда жалықпайсыңғой

  • @МакеМаратбаей
    @МакеМаратбаей Год назад +6

    Пах шіркін

  • @Райсбек-р4в
    @Райсбек-р4в 11 месяцев назад +3

    Ей жарықтық қазағымай недеген күй бұл күйде талайдың тағдыры жатыр ғой!

  • @nurzhanzhannur8068
    @nurzhanzhannur8068 Год назад +2

    Алыста жүрген әке-шешемнің мейірлене иіскеп, "қарғам, құлыншағым!" деп еркелеткен бейнесі елестейді.

  • @ЗаурешТулкибаева
    @ЗаурешТулкибаева Месяц назад +1

    Жакында анам дуниеден озды,макал бар гой,алладан келмей мандайга тимес деген.Бурын канша тындап журип осы куйди толык тусинбегениме кайранмын,канша мун,окиниш,сагыныш бар байкасаныз,аттен дуние ай,осындай куйи бар,домбырасы бар,касиетти агаларымыз бар,киели казагым кандай керемет един.

  • @ЕрикЖарахметов-й4е

    Куи деп осыны аит каиран омир мун мен зарга толы гои

  • @meyramkulmeyramkul-ln7ed
    @meyramkulmeyramkul-ln7ed Год назад +4

    😭😭қандай жан тебірентер туынды 👏👏👏👏👏

  • @BekZhamanAdai
    @BekZhamanAdai Год назад +4

    Ауыр күй екен мұңға толы

  • @СерикКалинин
    @СерикКалинин Год назад +5

    Алла разы болсын,керемет😘

  • @Murat-re7fs
    @Murat-re7fs 6 месяцев назад +1

    Түркістан облысы өнер орнының атытына Төлеген атамызыдың атын беру керек

  • @КенесбайКонысов
    @КенесбайКонысов 11 месяцев назад +3

    Нағыз қазақ күйі.

  • @Әшірбек
    @Әшірбек Месяц назад

    Күйдің құдіретін қазақы тәрбие алған қазақ қана түсінеді. Оны түсінген пенде жылай да біледі және күле де біледі.

  • @ХажымуратТлеухан
    @ХажымуратТлеухан Год назад +2

    Керемет қазақтың мұңы зары бар күи ғои иманды болыңыз!

  • @АскарБаймаханов-е2з
    @АскарБаймаханов-е2з 10 месяцев назад +2

    Керемет күй тыңдай бергің келеді👍👍👍

  • @ЛесбекКарчалов-ж4н

    Баларымызды. АнасынанАлла ешкан ажыратпасын Анасы жок сорлы жетим деп бекер айтапган .Кайран казагым

  • @МиргульКопаева
    @МиргульКопаева 2 месяца назад

    Эллэ Мислина Земля Мая Буду Рад Узнать Тебя Созидани Души Для Любви И Красоты

  • @КамшатДаньярова
    @КамшатДаньярова 24 дня назад

    Керемет күй! Сүйегіңнен өтеді.

  • @КуляшТуктибаева
    @КуляшТуктибаева 4 месяца назад

    Атамыздын ул кыздары 60 жастан аскан шыгар

  • @АркарМязов
    @АркарМязов 4 месяца назад

    Еріккеннен күй өмірге келмейдіғой көңілдің толқуынан туадығой қазақ ұлты мықтығой

  • @GGG-fd2wq
    @GGG-fd2wq Год назад +2

    🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥👍👍👍👍👍👍

  • @СайраКульжаханова
    @СайраКульжаханова 10 месяцев назад +3

    Шынымен.сагыныштан.туган.не.деп.аитсам.екен.баланын.анага.деген.махаббаты.гои.ширкин.шираин.созге.аиландырса.соз.жетпес.алем.туар.еди.толеген.агамыз.жаткан.жерин.жаннат.болсын.сиз.омир.бакыи.олмеисиз

  • @ЕргалиЕргали-р7е
    @ЕргалиЕргали-р7е Месяц назад

    Төкеңнің өзі емес.

  • @ТаласбекНартбаев-о1г

    Қандай тамаша күй ..Зәрем зәр түбіне кетті .үйді көргенде не болды тағыда қазаққа деп .У. У .У деп

  • @malius_zh
    @malius_zh Год назад +2

    Кайран Толеген ата 😢❤

  • @СерікЖүсіп-ж6й
    @СерікЖүсіп-ж6й 8 месяцев назад

    Күй болғаныңа

  • @lashynsunkar4186
    @lashynsunkar4186 Год назад +2

    👍👍👍🙏🙏🙏

  • @Кульжамиля-н3ю
    @Кульжамиля-н3ю 11 месяцев назад +1

    Мен әлі жылап жатырмын!

  • @darqan_dala
    @darqan_dala 6 месяцев назад

    😢😢😢

  • @АйдынБейсеуов
    @АйдынБейсеуов Год назад +1

    Керемет козден жас кетти

  • @Чарипкан
    @Чарипкан Год назад +2

    Кв

  • @7_Just_be_happy
    @7_Just_be_happy Год назад +1

    ❤❤❤❤❤❤

  • @5555KARIN
    @5555KARIN 6 месяцев назад

    Какое проникающие в душу повествование !🙏❤️

  • @niagaraanhel545
    @niagaraanhel545 Год назад +1

    Дәл осыны орындап жатқан кім?

  • @ГулбаршынКадирсизова
    @ГулбаршынКадирсизова 9 месяцев назад

    Әптен жылатты, толқытты:((((((

  • @ТаласбекНартбаев-о1г

    Ьқю

  • @ИванИванов-ж8г7ф
    @ИванИванов-ж8г7ф Год назад

    😢

  • @РамонПерес-е2э
    @РамонПерес-е2э Год назад +5

    Прекрасный кюй! Всегда мелодии домбры меня успокаивали. Приятно слушать. Спасибо!