Жамбыл Жабайұлы «Жаз» өлеңі.
HTML-код
- Опубликовано: 6 фев 2025
- Жамбыл Жабайұлы 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл обылысында дүниеге келген. Топырақ бұйырған жері - қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы. Шыққан тегі - Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары - бір жағынан, Қоқан хандығы - екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды.Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.
1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.
1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты.
Рақмет мен сіздің
❤❤❤❤❤❤❤❤🎉🎉🎉🎉🎉😊😊😊😊😊