Қазақша ертегілер қалай өзгерді?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 ноя 2023
  • Бұл эпизодта Марина мен Жанаргүл заманауи ертегілердің ерекшеліктері туралы айтып, жаңадан шыққан казақстандық жазушылардың балаларға арналған кітаптарына шолу жасайды. Книгометрге берген БҰҰ баспасөз қызметінің басшысы Эльнара Байназарова және Steppe&World баспа үйінің басшысы Раиса Сайран Қадырдың сұхбатын көре аласыздар. Ең бастысы, Книгометрдің БҰҰ-ның кеңсесіне бару себебі - “Шұғылалы ертегілер” жинағымен танысасыздар.
    Эпизод серіктесі - Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдігіне алғысымызды білдіреміз.
    «Шұғылалы ертегілер» хикаялары Qonzhyq qonzhyq.app/ қолданбасында аудио форматта, ал Kitap.kz kitap.kz/book/shugylaly-erteg... ашық кітапханасында электрондық форматта қолжетімді.
    Байқау: арнамызға жазылып, комментке сүйікті ертегіңізді жазыңыз, “Шұғылалы ертегілер” жинағын ұтып алу мүмкіндігіне ие боласыз.
    Байқау 15 желтоқсанға дейін жалғасады, 6 жеңімпаз болады, сыйлықты Алматы қаласынан алып кетуіңіз керек болады.
    Қолданылған әдебиеттер:
    “Шұғылалы ертегілер” жинағы
    Е.Ли “Элинаның инклюзиямен танысуы”
    А.Кин “Арманның әмияны”
    Н.Сатпаева “Әлканың күміс тұмары”
    С.Омаркулова “Таныс болайық, Батыр”
    К.Каргаполова “Айжик и Женька или приключения в яблочном городе”
    Тайм-коды:
    00:01 трейлер
    00:51 амандасу
    01:17 эпизод серіктесі туралы
    01:37 “Шұғылалы ертегілер” жинағы туралы
    03:26 Марина мен Жанаргүлдің балалық шағында оқыған кітаптары
    06:33 заманауи ертегілердің ерекшеліктері
    07:32 “Ұшатын аю” ертегісі туралы
    08:28 “Құстар фестивалы” ертегісі туралы
    09:00 кітаптың тұсаукесерінен үзінді
    09:16 Э.Байназаровамен сұхбат
    14:22 Р.Сайран Қадырмен сұхбат
    17:50 кітаптың қолжетімдігі
    19:05 “Элинаның инклюзиямен танысуы” кітабы
    20:30 “Арманның әмияны” кітабы
    21:30 “Әлканың күміс тұмары” кітабы
    22:34 “Таныс болайық, Батыр” кітабы
    23:45 “Айжик и Женька или приключения в яблочном городе” кітабы
    25:14 байқау туралы
    26:00 ерекше қарындаш туралы
    26:39 қоштасу

Комментарии • 16

  • @aksssye
    @aksssye 6 месяцев назад +2

    Ертегілерді оқуды есіме салғандарыңыз үшін мың алғыс!

  • @gulbanukassabekova3565
    @gulbanukassabekova3565 6 месяцев назад +2

    Мені кітапханаға баруды үйреткен ертегі-кітаптар. Бала күнімде ауылдағы кітапхананың сөресіндегі барлық ертегілерді 2-3 қайталап оқып шыққам. Қазақ тілінде ертегі кітаптар аздау болатын, сондықтан орыс тілінде де оқитынмын. Ол менің екі тілде сауатты болуыма үлкен көмегін тигізді.

  • @laurasmagulova9392
    @laurasmagulova9392 6 месяцев назад +2

    Кішкентай кездегі ертегілерді қайта оқыдым да қалай оқығанбыз мыналарды деп ойлайсың, барлық ертегідегі сюжет қалайда күйеуге шығу, сол үшін неше түрлі айлаға, қылмысқа барады. Ең соңында да күйеуге шығып бақытты болды деп аяқталады.
    Осындай заманауи кітаптар өте қажет, үлкен рахмет дамытуға атсалысып жүрген жандарға! ❤

    • @knigometr
      @knigometr  5 месяцев назад +1

      Сәлеметсіз бе! Сізді байқауда жеңісіңізбен құттықтаймыз! Сыйлықты Алматы қаласынан алып кету үшін телеграмда @Zhanargul_bb хабарласуыңызды сұраймыз.

  • @sunnybird8096
    @sunnybird8096 6 месяцев назад +2

    Менің сүйікті ертегілерім “Ер-Төстік” және “Сырттандар” ☺️❤

  • @sunnybird8096
    @sunnybird8096 6 месяцев назад +2

    Менің де қазіргі кітап оқуға деген құмарлығым мектеп кезінде оқыған ертегілер арқасында пайда болды. Ата-анам “Аруна” баспасының түрлі ертегілер жинақтарын алып келетін, соларды күнде сүйсіне отырып оқитынмын. Менің сол кездегі ең сүйікті ертегілерім “Ер-Төстік” және “Сырттандар” ❤

    • @knigometr
      @knigometr  5 месяцев назад

      Сәлеметсіз бе! Сізді байқауда жеңісіңізбен құттықтаймыз! Сыйлықты Алматы қаласынан алып кету үшін телеграмда @Zhanargul_bb хабарласуыңызды сұраймыз.

  • @user-wm6zv4gn9m
    @user-wm6zv4gn9m 6 месяцев назад +2

    Красавица Айбарша, живущая под луной первая книга прочитанная самостоятельно

    • @knigometr
      @knigometr  5 месяцев назад

      Сәлеметсіз бе! Сізді байқауда жеңісіңізбен құттықтаймыз! Сыйлықты Алматы қаласынан алып кету үшін телеграмда @Zhanargul_bb хабарласуыңызды сұраймыз.

  • @user-os8sn7zj2r
    @user-os8sn7zj2r 6 месяцев назад +2

    Алтын сақа!

  • @asematattibek317
    @asematattibek317 6 месяцев назад +2

    Сүйікті ертегім және бірінші оқыған кітабым Волковтын “Оз сиқыршысы”

    • @knigometr
      @knigometr  5 месяцев назад

      Сәлеметсіз бе! Сізді байқауда жеңісіңізбен құттықтаймыз! Сыйлықты Алматы қаласынан алып кету үшін телеграмда @Zhanargul_bb хабарласуыңызды сұраймыз.

  • @user-um9lt3rl6q
    @user-um9lt3rl6q 6 месяцев назад +3

    Алдар Көсе ертегісі

  • @sunnybird8096
    @sunnybird8096 5 месяцев назад +2

    Байқау өтті ме? Әлде мен өткізіп алдым ба?

    • @zhanargulaizakova987
      @zhanargulaizakova987 5 месяцев назад

      Осы аптада жеңімпаздарымызға хабарласамыз

  • @user-im9it4rj5j
    @user-im9it4rj5j 6 месяцев назад +2

    Алтын сақа!