Күрең берет табысталды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 июл 2023
  • Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемендегі оқу орталығы базасында арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері арасынан күрең берет кию құқығына ие үміткерлер анықталды. Олар өздеріне берілген сынақтан өтті. Оған барлығы 80-нен астам әскери қызметші қатысты.
    Әскери қызметшілер емтиханға рұқсат алу үшін теориялық тестілеуден өтіп, дене шынықтыру, биіктіктегі дайындық, арнайы құрылғылармен төмен түсу, байланыс және медициналық дайындық бойынша сынақ тапсырды. Күрең беретке үміткерлердің қорытынды кезеңінде ауа температурасы 40 градустан жоғары болды. Соған қарамастан олар таулы аймақта 30 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
    Сынақ кезінде әр үміткер физикалық және психологиялық күйзелістерге тап болды. Олар кезіккен қиындықтарды жеңіп, мәреге жету үшін командалық төзім, ерік-жігер мен ұйымшылдықты көрсетті. Сынақтың соңғы кезеңінде үміткерлер үш метрлік бетон қабырғаларды еңсеріп, созылған тікенек сымның астында 200 метрлік кедергілер жолағынан өтті. Айта кету керек, үміткерлердің күйзеліске төзімділігін нығайту үшін кедергілер жолағының жанында жарылыстар ұйымдастырылып, оқ атылып тұрды. Мұндай әдіс арқылы үміткерлердің күйзеліс жағдайларындағы жай-күйі тексеріледі.Кедергілерден кейін бірден үміткерлер жекпе-жек ұрысқа кіріседі. Алдымен олар бір-бірімен, содан кейін күрең берет иелерімен шайқасады. Ауыр соққыларға төтеп берген және үш минуттық үш раундқа шыдап берген үміткер ғана күрең берет ала алады.
    Шара соңында барлық сынақтардан сәтті өткен және соңғы кезеңнің қиындықтарына төтеп берген 19 үміткерге қастерлі күрең берет салтанатты табысталды.
  • СпортСпорт

Комментарии •