Ұстаз Айдар Койшыманұлы. Құрбан Айт - мұсылманның ұлық мерекесі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 окт 2024
  • Шымкент қаласі 2024 жылғы, мұсылмандардың, ұлық Құрбан айт мерекесіне орай, 2-ші маслихаты болып өтті
    Құрбай айт мерекесін, ұйымдастыру іс-шарасына, ат салысуға шақырамыз:
    Тел.:
    87475520865 Серик
    87072420550 Нурболат
    87052336141 Марат
    Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
    Ислам ғасырлар бойы адамзаттың рухани тірегі болып келеді. Қазақ халқы - Жаратқан Иемізге құлшылығын жазбай, салт-дәстүрін берік ұстанған халық.
    Қазіргі уақытта Құрбан айт мейрамы әлемдік деңгейдегі мәртебесі биік мереке ретінде аталып өтеді. Елімізде Құрбан Айт мерекесі жыл сайын бұқаралық сипатта, халықтың белсенді атсалысуымен өткізіліп келеді.
    Барлық мұсылман асыға күтетін осы бір қасиетті мейрам күні таң ата еліміздің барлық өңірлеріндегі мешіттерде Құрбан айт намазы оқылады. Айт намазын оқығаннан кейін құрбан шалу міндеттелген жандар құрбандықтарын шалады.
    «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындық» дегенді білдіреді, яғни, Алланың ризашылығы үшін құрбандық шала отырып, мұсылман баласы жаратқан Иесіне жақындап, күнәларының кешірілуіне мүмкіндік алады. Адамның мүмкіндігі жетіп тұрған жағдайда құрбандық шалу міндет болып есептеледі.
    Ислам дінінің басты мерекесінің шежіресі сонау ерте заманнан бастау алады. Алланың бұйрығы бойынша Ибраһим Пайғамбар (Оған Алланың сәлемі болсын) өзінің сүйікті ұлы Исмаилды құрбандыққа шалуы керек болды. Әкесі мен баласы Жаратушының бұйрығына қарсы келмей, бағынды. Сынақтан сүрінбей өткен әкесі мен баласының тақуалығына, адалдығына Алла риза болып, Өз құзырынан ерекше сый - құрбандық орнына көктен қошқар түсіреді. Демек, Құрбан Айт күні исі қазақ баласының сауап жасауға талпынуының түп негізі - Аллаға деген құлшылық, жақындық, сондай-ақ, баланың ата-анаға деген құрметі, жақсылығы. Содан бері игі дәстүр жалғасын табуда.
    Негізі Құрбан айт мейрамын тойлауды Айт намазын оқудан бастаған жөн. Себебі, Айт намазын оқу әрбір мұсылманға уәжіп (міндет). Алла Тағала Құран Кәрімде Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
    فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ
    «(Әй, Мұхаммед!) Раббыңның (разылығы) үшін, намаз оқып, құрбандық шал!» («Әл-Кәусар сүресі, 2-аят) - деп, әмір еткен.
    Бұл жөнінде әл-Бәрә ибн Азиб риуаят еткен хадисте:
    عن البراء بن عازب رضيَ اللّهُ عنهما : إِنَّ أَوَّلَ مَا نَبْدَأُ بِهِ فِي يَوْمِنَا هَذَا أَنْ نُصَلِّيَ ثُمَّ نَرْجِعَ فَنَنْحَرَ..، رواه البخاري ومسلم
    «Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз - намаз оқу, сосын (үйге) қайтып келіп, құрбанымызды шалу...», - деп, айт күнгі ең маңызды істі баяндаған. Ал намазға дейін жақсылап ғұсыл құйынып (денені толықтай жуу), сонан соң әдемі, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына барудың сауапты іс екені исі мұсылманға мәлім.

Комментарии • 13

  • @КулайшаМергенбаева
    @КулайшаМергенбаева 4 месяца назад

    Көп рахмет☘⚘🌷

  • @musulmandar
    @musulmandar 4 месяца назад +1

    Аллаһ Тағала разы болсын ұстазға

  • @musulmandar
    @musulmandar 4 месяца назад +1

    Аллаһу Акбар Астағфируллаһ Сүбханаллаһ Әлһамдулиллаһ ❤️❤️❤️

  • @АрманДжакупбаев
    @АрманДжакупбаев 4 месяца назад

    Аль-хамду ли-Ллях Аллаху акбар Субхан Аллах

  • @ЕржанХамза
    @ЕржанХамза 3 месяца назад

    Ма ша Аллаһ

  • @нурланахметбеков-р3в
    @нурланахметбеков-р3в 4 месяца назад

  • @АрманДжакупбаев
    @АрманДжакупбаев 4 месяца назад

    Джазакя-Лляху хайран Баракя-Ллаху фик

  • @АрманДжакупбаев
    @АрманДжакупбаев 4 месяца назад

    Астагфиру-Ллах Астагфиру-Ллах Астагфиру-Ллах Астагфиру-Ллах Астагфиру-Ллах Астагфиру-Ллах

  • @АрманДжакупбаев
    @АрманДжакупбаев 4 месяца назад

    Инна ли-Лляхи ва инна иляйхи раджи’ун Ля хауля ва ля куввата илля биЛлях

  • @BaukaBauka1990
    @BaukaBauka1990 4 месяца назад

    Бәйге , Адай күйі, Жыр-терме, тазы ойыны, асық ұлттық ойыны бізде Маңғыстау да соны тойлатады.

  • @BaukaBauka1990
    @BaukaBauka1990 4 месяца назад

    Құрбан айтта бұрын ерте кезде, Қоңыраттар тек ораза істеген. Адайлар мен қожалар құрбандық шалғанда жане ораза ауыз ашар, және ас садақа берген.

  • @BaukaBauka1990
    @BaukaBauka1990 4 месяца назад

    Ас садақа Жаратқанын разылығы үшін Ата-бабаларға еске алып беріледі. Бәйге жүлде беріледі. Ол ата-бабамыз бізде әулие құлдар көп. Қазақта алты бақан қыз қуу, садақ ату, лангы тебу қазақта жоқ