КітапХан #5 | "Үйлену" & "Сөніп-жану" Мұхтар Әуезов

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 окт 2024

Комментарии • 1,5 тыс.

  • @kushti_kanal
    @kushti_kanal  3 месяца назад +142

    Қай әңгіме қаттырақ ұнады? Үйлену ме? Сөніп-жану ма? Себебін жазуды ұмытпаңыз.

    • @Saltass
      @Saltass 3 месяца назад +24

      Сөніп-жану қаттырақ ұнады, мағынасыда үлкен екен. Ұнаған себебі нақты мынау деп айту қиын. Бірақ түйгенімді айтсам, жігіттің қызды көп таңдауы, әр ауылды аралап көруінің өзі дұрыс дүние емес сияқты, бәрі осыдан басталған болар.
      Еркебұлан мырзаның соңғы түйіндегі сөзін менде қолдайтын едім, бәлкім біз басқа заман адамы болған соң болар. Өткенге топырақ шашпайық😅. Сыздық та Жәмилә сияқты ынжық болдығой, өмірдегі ең шешуші сәті келгенде, оқыдым тоқыдым деген Сыздықта әлсіздік пен сорлылықтың бейнесін көрсетті. Жұптарыңмен жараттық деді, демек өзіне сай ынжық Жәмиләға үйлену бұйырды. Үйленген соң өзі жек көрген ынжықтық пен ақылсыздықтың, сорлылықтың ең керемет көрінісі өзі екенін тағы да дәлелдеді.

    • @Saltass
      @Saltass 3 месяца назад +7

      Көп ой түйдім өзіме, бірақ бәрі үшін өзекті болып тұрғаны осы болған соң, осы жайлы жазуды дұрыс деп шештім

    • @muratcodm
      @muratcodm 3 месяца назад +3

      Маған үйлену ұнады

    • @Satanist-t1q
      @Satanist-t1q 3 месяца назад

      ​@@Saltass19:32 19:32

    • @jigadiga6836
      @jigadiga6836 3 месяца назад

      Екеуіде жақсы

  • @АсланКендиров-п6ю
    @АсланКендиров-п6ю 3 месяца назад +528

    Тоқтап қалмасыншы! Бұл қазақ ютуб контентіндегі жаңаша бір бағыт. Жастарды әдебиетке баулудың керемет тәсілі.

    • @RuslanDosanbaev
      @RuslanDosanbaev 2 месяца назад

      Өте дұрыс

    • @KZ_07.
      @KZ_07. Месяц назад

      @@RuslanDosanbaevхамиттің керемет жеткізіп жатқанын арзан күлкімен әзілге айналдырып бөліп керек емес сияқты

    • @brucebratan
      @brucebratan Месяц назад

      @@KZ_07. ешкім қарамайды ол кезде

  • @МархабатМархабат-м2ш
    @МархабатМархабат-м2ш 28 дней назад +9

    Мағынасыз бағдарламаларда қаншама просмотр,осындай өнегелі бағдарламаның қаралымының аз болып тұрғаны өкінішті
    Рухани демалатын бағдарлама екен,атсалысқандарға мың алғыс👍👍👍

  • @VibeStar08
    @VibeStar08 3 месяца назад +159

    Хамекең тұнып тұрған кітап қой!
    Жақсы ұғындырды … Қазақ Әдебиетін қазіргі жастар тілімен қарапайым түрде Әдемі жеткізу және оны Әзілмен ұштастыру просто Шедевр
    Жарайсыңдар, Жігіттер
    Тоқтамаңдар✊🏻

  • @justbeknur
    @justbeknur 3 месяца назад +58

    Мықты шығарылым! 100 жыл бұрын жазылған әңгімені қазіргі тілмен , әзілмен, теңеумен жеткізгендеріңіз ұнайды😍

  • @МусаКошаев
    @МусаКошаев 3 месяца назад +153

    Мынандай дүниеге жарнама керекқой, млн просмотр болуы керек деп ойлаймын

  • @Нурхат-д2й
    @Нурхат-д2й 3 месяца назад +21

    Еркебуланды енді түсіне бастадым, басында көп сұрақ пен унамай қалып еді, Еркебулан мен Хамит ағаларымыз осы бағдарламаны ашып отыр екен ғой ❤

  • @aitkanabzal
    @aitkanabzal 3 месяца назад +362

    Еркебұлан осы бағдарламаның талисманы. Егер Еркебұлан болмаса дым қызықсыз болар еді. Еркебұлан мен Хамит бір-бірін керемет толықтырып отыр. Енді келесі бағдарламаға Нұрсұлтан Үсеновты қонақ қылып шақырсаңыздар. Хамит, Еркебұлан, Нұрсұлтан үшеуі керемет шоу жасар еді

    • @nursultanbekhozhaev8564
      @nursultanbekhozhaev8564 3 месяца назад +11

      Сөзімді айтып қойдыңыз брат Нурик келсе от болады ау

    • @IshonIshoman
      @IshonIshoman 3 месяца назад +5

      Нұрсұлтан өзіңді пихать етпе 😂

    • @batyrkhan0688
      @batyrkhan0688 3 месяца назад +5

      Жасулан Әйтен болсада зор

    • @Azamat-c1p
      @Azamat-c1p 3 месяца назад

      Ерке қойсайе ондайыңде 😂

    • @МерейЖолдасов-х3щ
      @МерейЖолдасов-х3щ 2 месяца назад

      Қара футболкадағы жігіт Қазақ тілін төмендеткісі келема

  • @Qazybek01
    @Qazybek01 3 месяца назад +16

    Өте керемет😂 күлкілі .Әдебиетсіз көміліп бара жатқан адамдарға кітап оқуға және қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілікті артыруға бір шама үлесті !!❤

  • @БайкенКаналкул
    @БайкенКаналкул 3 месяца назад +334

    Негіз көпшілігіне ең қатты ұнайтыны Еркебұланның сөзінен кейінгі, Хамекеңнің ашулануы, теңеуі, әзілдеп намасына тиуі шығар я😊

    • @azamatorynbasar6659
      @azamatorynbasar6659 3 месяца назад +3

      Ия дәл өзі

    • @НурсулуКайрканова
      @НурсулуКайрканова 3 месяца назад +1

      Сол үшін көреміз өзі бағдарламаны😅

    • @Janara096
      @Janara096 28 дней назад

      Ия солғоой🎉

    • @abcdef-rm2qg
      @abcdef-rm2qg 27 дней назад

      Мына бағларламаснда слишком дахоя сойлеп кетті. Құрыстырып. Қысқа әңгме болгасн ұзарту керек болган шгар. Брақ слишком бұлай керек емес. Каждый әріпке тоқталп тупить етп

  • @QYSQAWA
    @QYSQAWA 3 месяца назад +117

    - Еркебұлансыз «кітапхан» бос сұхбат, Еркебұлан бағдарлама сәні!

  • @Oishyl
    @Oishyl 3 месяца назад +136

    Хамит аға басында Еркебұланға мән бермейтін еді, қазір қатты ұрсатын болыпты ғой. 🤣
    “Өзіңді лақтырып жіберші” дегені өтті. 🤣🤣🤣

  • @aiboltileuli7393
    @aiboltileuli7393 2 месяца назад +37

    7-түйсік деген өлеңіне сөзім жоқ , оны жазған Шахановқа респект , ал соны 3Д етіп оқып берген Хамекеңе ризамын🫡

  • @mrxxxx1087
    @mrxxxx1087 3 месяца назад +133

    мына жобаны тоқтатпаңдар донат керек болса оныда атармыз. Осындай көкірек көзді ашатын бағдарламалар көп болсыншы

  • @nurdanilesbekuly3292
    @nurdanilesbekuly3292 2 месяца назад +23

    Мына бағдарлама ЧБД-ның ProMax версиясы екен!!! Молодцы жігіттер!

  • @Know_me010
    @Know_me010 3 месяца назад +262

    Сұрақ қойған адам 1 минутқа ғана ақымақ,ал сұрақ қоймаған адам өмір бақи ақымақ. (фан Еркебұлан)

    • @ДинараБекболкызы-ш5щ
      @ДинараБекболкызы-ш5щ 3 месяца назад +15

      Мынау футболкаға жазатын цитата ғой😅

    • @МираДосчанова-п7п
      @МираДосчанова-п7п 2 месяца назад +1

      Керемет.Осы бағдарламаны көргелі бері осы кітаптарды оқығым келіп жүр

    • @Ерсин-с1ч
      @Ерсин-с1ч Месяц назад +1

      Білмей қалау 1 минуттық ұят,білмей өту мәңгілік ұят

  • @KayiraKaribekova
    @KayiraKaribekova 3 месяца назад +25

    Соонун, Кыргыз болсом да бүткүл чыгарылышты түшүндүм, боорум эзилип калды, токтотуп салбагыла, ийгилик

  • @ДаулетМедетбеков-ф4ю
    @ДаулетМедетбеков-ф4ю 3 месяца назад +231

    Мына бағдарлама бәрінен өзды👍👍👍 шәй әңгіме ұнайтын еді бірақ мына бағдарлама топ👍👍👍

    • @Zhansaya6
      @Zhansaya6 3 месяца назад

      Шәй әңгіме топ қой , бөлек😍🔥

    • @Zhansaya6
      @Zhansaya6 3 месяца назад

      Шәй әңгіме топ қой , бөлек😍🔥

    • @Zhansaya6
      @Zhansaya6 3 месяца назад

      Шәй әңгіме топ қой , бөлек😍🔥

    • @B_kinoo
      @B_kinoo 3 месяца назад +2

      Тағы да жазбадыңба😂

    • @Zhansaya6
      @Zhansaya6 3 месяца назад

      @@B_kinoo ва ха ха!

  • @amyreshal8844
    @amyreshal8844 3 месяца назад +20

    Хамеке, нағыз аңыз десе, аңыз адамсың! Әңгімені өте жеткізіп айтасыз. Ризамын!

  • @НурканатЕсенбаев-ч1о
    @НурканатЕсенбаев-ч1о 3 месяца назад +232

    -Сенің көрермені жоқ залыңа түсіндірем деп шаршадым.
    🤌👍

  • @Nur-Alash
    @Nur-Alash 3 месяца назад +9

    Осы подкастын бір пайдасы маған, кітап оқуға деген махаббатым ашылды,

  • @айданассс-й8д
    @айданассс-й8д 3 месяца назад +87

    Туыстарымды көргендей қуанып кеттім гой, кезекті шығарылымды көргенде😍Осыған дейін ютубта көрген ең керемет жоба! соңғы 10 жылда деп ұялмай айтуға болады👍

  • @beibarysmaksut3868
    @beibarysmaksut3868 3 месяца назад +17

    Ооойй Хамекең таза асылдың сынығы екенін көрсетті ғой, әңгіменің қалай айтады ә майын тамызып тұрып, керемет бағдарлама, дами беріңдер жігіттер алға❤

  • @Asik0910a
    @Asik0910a 3 месяца назад +117

    Еркебұлан бұл жобаның шамшырағы десекте болады, Хамекең ол бөлек әңгіме 🔥

  • @ШОЛПАНАЙТИБАЕВА
    @ШОЛПАНАЙТИБАЕВА 3 месяца назад +5

    Керемет бағдарлама!!! Алла разы болсын! Шыныменен жеңіл түрде әдибетке баулу .

  • @abzalsatybaldy-rt9sr
    @abzalsatybaldy-rt9sr 3 месяца назад +44

    Хамит оте быр керемет лмчность екен, мен танты болдым, агама Аллах разы болсын, менын ойым аудиторияны, ютубтагы емес, сол жерде отыпган адамдарды кобейтып, тыры корген мулдем болек жане пайдалы деп ойлаймын, казакша камеди клаб алде казакша стендап жаныры деп осыны айтсас кателеспеймау, быр кулгеным болдау, сыздерге менен колдау)))🎉✊✊✊

  • @МайраТөлепбаева
    @МайраТөлепбаева День назад

    Хамекеңнің болмысына, әңгімесіне , отырысына ,сөйлегеніне деген эмоциямды түсіндіріп айта алмаймын ( жақсы жағынан . Керемет бір туар азамат екен . Жаныммм Еркебұлан вообще красавчик . Жарайсыңдар жігіттер каналдарыңыз дами беруіне тілектеспін . ( Сындым бағдарламаларыңызға тек сіздерді көретін болдым .

  • @Ai_Uanai
    @Ai_Uanai 3 месяца назад +45

    Хамит аға білімі өте тұңғиық тереңінен жүрегіне жеткен ер азамат екен. Хамит аға тоқтамасыншы

  • @botarakhymbay
    @botarakhymbay 3 месяца назад +8

    Еркебұлан мен Хамит бір бірін толықтырып отыр🙏🏻өте керемет шығарылым! Хамиттің ой өрісіне,кітапты толықтай ашып беруі өте керемет!!! Кітапты оқуға ерінетін адам үшін,нағыз керек дүниені дәл осылай қабылдап алу рахат !

  • @aissayle
    @aissayle 3 месяца назад +52

    Ризамын ғой шіркін, Хамекеңе👍🏼

    • @Usermeb1
      @Usermeb1 3 месяца назад

      👍👍👍👍

  • @lauraidirissova5504
    @lauraidirissova5504 26 дней назад +2

    Жігіттер рахмет, жоба керемет. Көңіл күйім болмаған кезде, сіздерді көріп бар мұңды ұмытып кетем 😅

  • @Qadyrzhangulnur04
    @Qadyrzhangulnur04 3 месяца назад +510

    Еркебұланның күле беруі немесе қайта-қайта төмен дәрежелі сұрақ қоюында бір мән бар секілді топшаладым өз басым. Бастапқы екі шығарылымда аздап қабылдамай, жанымның жақтырмағаны рас, бірақ, кейінгілерін көру арқылы, қайталап көру арқылы әр зат өз орнымен болып жатқанын ұғындым, қабылдадым. ( леп белгісі)

    • @ДаулетМедетбеков-ф4ю
      @ДаулетМедетбеков-ф4ю 3 месяца назад +55

      Қызықты ету үшін солай сұрақ қояды соған Хамитта әзілмен жалғастыру үшін олай болмаса жәй әңгімелердін бірі болып жалықтырып жіберетін еді!

    • @Qadyrzhangulnur04
      @Qadyrzhangulnur04 3 месяца назад +10

      @@ДаулетМедетбеков-ф4юиә, өз орнымен тым жақсы қолдап отыр👍🏻

    • @esenzhanyoutube1356
      @esenzhanyoutube1356 3 месяца назад +7

      қызық болу үшінғой,жәй әңгіме айтқанды кім тыңдайды кәзір

    • @nurboltok3364
      @nurboltok3364 3 месяца назад +5

      Қабылдау стадиясына жеттіңба

    • @bbsplay1994
      @bbsplay1994 3 месяца назад +3

      Бағдарламаның мақамы сондайғой,

  • @АмангульМайлибаева
    @АмангульМайлибаева 21 день назад

    Мыкты шыгарылым. Унады. Басында кызык емеспа деп ем, кателесиппин, керемет! Талкылау аркылы «айтпагын» билип, жарап кетти🫶

  • @АикеримМеирбекова
    @АикеримМеирбекова 3 месяца назад +41

    Мәәә күштііііі,миым демаладығой,Еркебұланның күлгені бөлек қой шіркін🎉

  • @АсемгульОмарова-п2б
    @АсемгульОмарова-п2б 2 месяца назад +2

    Хамеке мықты жеткізіп айттың, жеткізуші мықты болған соң өте әсерлі әңгіме болды

  • @erkeansar
    @erkeansar 3 месяца назад +9

    Қандай керемет😍 Сіздерді көріп рухани дамып жатырмын. Қазақ тілі қандай керемет. Не деген теңеулер. Тоқтамаңыздар, дами беріңіздер.

  • @justedft
    @justedft 3 месяца назад +11

    Мына жоба
    Бұрынгы сериялдарыныз жайлы тоқтап қалмаса екен
    Өте қызық сәттілік тілеймін

  • @НуржасПердебаев
    @НуржасПердебаев 3 месяца назад +16

    Хамекеңе ризамын. Соңындағы өлең шумақтары 👍🏻👍🏻👍🏻

  • @Aigul.B_1976.g
    @Aigul.B_1976.g 19 дней назад

    Керемет багдарлама ,казак жигиттери аман болсын

  • @АлибекТайман
    @АлибекТайман 3 месяца назад +151

    Еркебұлан болмаса бағдарлама 15 минутта бітіп қалатын сяқтығо😂

  • @Sapargalee
    @Sapargalee 3 месяца назад +4

    Жігіттер керемет 👏 жарайсыздар! Таза Қазақи қағытпа қалжыңмен бәрі жарасымды, еш анайы сөздерсіз әрі ақпарыттық тағлымға толы👍 басқалар қазақи менталитетке еш сәй келмейтін ЧБДны қайталап жүргенде сендер таза Қазақи ЧБД жасадындар 👍👏👏👏

  • @K.Meiirzhan
    @K.Meiirzhan 3 месяца назад +10

    Хамиттың соңында айтқан сөздері сүйектен өтті 👏🏽👏🏽👏🏽

  • @НурсараКадыркулова
    @НурсараКадыркулова 10 дней назад +1

    Эркебуланды студиядан чыгарып жибергилечи. Ыржандатпай, мыкты чыгарманы бузуп, конулду бузуп жиберип атат. Чыгарма соонун экен

  • @sakeen_balasyy9979
    @sakeen_balasyy9979 3 месяца назад +5

    Әрі қызық әрі әдебиет оқымаған шығармаларды тындап алатын бағдарлама екен. Біреудің қалай көтеріліп біреумен төбелескен әңгімесін тындағаннан осы дұрыс екен 👍👍👍

  • @serzhan8596
    @serzhan8596 3 месяца назад +2

    Жігіттердің барлығына рахмет! Подкасттың аркасында осы кітаптарды оқығым кеп-кетті! Еңбектерің жана берсін!

  • @АқжолБагашар
    @АқжолБагашар 3 месяца назад +23

    Еркебұлан мықты, бөлексіңғо😍😍🔥🔥

  • @ARMANAkjolov
    @ARMANAkjolov Месяц назад

    Базар жок унады 2 сагаттай уакатты кулипте ойланып ой жугиртыпте откыздым 👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼

  • @ИбрагимИсаев-в5д
    @ИбрагимИсаев-в5д 3 месяца назад +25

    Жігіттер кереметсіндер, Еркебұлан аға бұйырса тағыда жасаныздаршы. 2 адам болып барамыз қараймыз♥️♥️♥️♥️

  • @alibygizatov6236
    @alibygizatov6236 3 месяца назад +2

    Керемет!
    Токтап калманыздар, жаксы демеушы табылсын!

  • @АружанНұрмахан-ч6г
    @АружанНұрмахан-ч6г 3 месяца назад +9

    Хамит ағаға таңғалудан шаршамаймын. Міне, Қазақ әдебиетіне деген махаббат👏🏻👏🏻😍

  • @ИГІЛІККӨКЕҢ
    @ИГІЛІККӨКЕҢ 3 месяца назад +3

    Керемет ағасы, осындай жақсы жақсы подкасттар шығара беріңіз. Шығармаларды көңілді отырып талдайсыздар, бір ішім пыспайды. Алға, сәттілік, миллион жинай беріңіздер

  • @aissayle
    @aissayle 3 месяца назад +27

    бір көңіл-күйім болмай, өзіммен-өзім депрессияға түсіп отырғаным баар еді, мына видкодан кейін дым болмағандай мәз болып отырмын👍🏼🤍

  • @azatmakulbekov7245
    @azatmakulbekov7245 3 месяца назад

    Керемет. Бір деммен көріп, кітапқа деген махаббат ашылып, күлкіге тойып қалатын мәнді, мағыналы отырыс. Рахмет жігіттер. Ризамын. Тоқтамаңдар

  • @aben_assel
    @aben_assel 3 месяца назад +44

    “Сүйініш пен күйініш”
    Осы шығарманы 2 жыл бұрын оқығанмын.Өзге жанның баяндауында өзгеше екен.Мен шатастым ба білмимін бірақ ,Сыздық екі қызды да көруге барады.Бірінші қызды көзінің қиығымен ұнатады.Қызда бір қарағанда ұнамды,жағымды келбеті болады.Өңкей жастар жездеміз деп айналасына жиылады.Сонда шапанын көрпемен қосып тігіп тастайды.Сыдықта көптен қалада жүрген бала ,мұндайды аса түсіне қоймайды.Бірақ қыз үшін ойын күлгіге ұластырады сүйтіп көңіл жазады.Қайтарда достарымен сырласып қызды ұнатқанын айтады.Достарыда құптағандай болады.Үйіне бітімді шешіммен барады,әлгі қызды аламын деп.Үйдегілеріде ақыры қыз көрдің көрші ауылда бір қыз бар соныда көрші диді .Бұл байғұс тағыда достарын ертіп ап қыз көруге кетеді.(Сыдықтың осы ісін көріп енжар деп ойладым,өз шешімінде соңына дейін тұра алмайтын еркек десем де болады)Солай қыздың ауылына кеш қайта барады.Ол жақта қыз көруге жігіттер келе жатыр,оның үстіне оқыған көрегенді жігіттер деп айтысады,жігіттер түсер үйге топ топ адам жиылады.Жігіттер ішке кіріп үлкендермен амандасып жәй сұрасады.Келген жөндерін айтпасада ел халық іштей сезіп отыр.Содан бір мезетте ауыл-ауылды аралап өлең айтатын Сал-серілер келеді .Оййй,неше түрлі өлең айтылды ,айтыста болды ду-думан үй іші.Содан Сыдық тысқара шығып кетеді.Қызды әлі көргені жоқ басты мақсат сол болғандықтан сол іске көшпекші.Алайда ,бір қиялы ол жарын әлдеқашан тауып қойғандай.Жәмиләні әйелдікке алып ,сонымен бақытты баянды өмір сүруде қиялында.Сондықтан ба әлгі қызды көруге тіптен ынтық болмады.Сүйтіп қыздың қай қоныста екенін тапты ендігі шамның жарығы мөлейіп тек іште ғана жанып тұр,дала тас қараңғы.Іштен тек сұлбалар көрінеді.Жақындай келсе қыһдардың үні ,құлағына майдай жақты.Сүйтіп аңдып тұрғаны ,бір мещетте үйден бір қыз салт шығып келе жатыр.Мөлейген жарықпен аса қырағылыққа сап қараса бойы аласа ,өзі домаланған,киіміде сұрықсыздау,көркі көрер көздің соры іспетті бір қыз шығады .Ол бір көргенде шошып кетті мен дәметіп келген қыз осыма .Бұндай қыздан садаға кетсін Жәмиләма жетпиді деп дереу түк болмағандай жолдастарын жинап кетуге асығады.Ел жұрттың қызды көрместен кеткенің не дегенде асықпай көрермін ,үйге тез жетуім керек деп түнемей кетіп қалады.Жолда достары бар мән жайды сұрайды.Сыдық көргенін қалтықсыз айтып береді.Жолдастарыда кеткендеріне қуанады,сонда да іштерінде бір күмән болады.Кейін Жәмиләні екінші көргенінде аса ерекше жан еместігіне көзі жетеді.Өзі ауылда көріп жүрген қыздары біріндей ақ тіпті айырмашылық таппайды.Сүйтіп қосылалы үйленеді.Үйленген соң Сыдық бірден диплом қорғауым керек деп қалаға кетеді.Бұл жолы ауылға тек бір себеппен оралады,лгінде жанында жүрген жолдасы Сүлеймен әлгі өзі жаратпаған қызды әйелдікке алады.Сүйтіп тойына барады барса әлгі қыз бейне бір періште ме дерсің ,айтуға сөз жетпитін қыз екен.Кейін Сүлейменен мән жвйды сұраса Сыдық көрген қыз жәй қалыңдықтың күтушісі екен.Сүлейменде үйлену үшін қыз іздеп барса әлгі қызды көреді бірден ұнайды.Неге Сыдық ұнатпады екен деген ой туады.Сол той күні Сыдықтың қолын алып алғысын айтады.Сыдық қатты налып ,үйіне тұнжырап қайтады.Әйелінде ұратынды шығарады.Әйелі өте шыдамды екен артық ештеңе айтып отырмайды екен.Сол баяғы күйбең тіршілікпен айналысып жүре береді .Әйелін тағы бір жаратпайтындығы білімінің таяз болғаны еді.Сана биігінде екеуі бірін бірі кездестіре алмайтын еді.Ал Сыдықтың немесе әрбір оқыған жанның жанын ұинайтын дүние осы ғой жан жарының өзін түсінбеуі.Сыдық осыдан қатты қорыққан еді ,міне осы айналып алдына келді.Бұл жолы Сыдық бір жола ауылдан жырап барады.Қалада жүріп отбасын,ата-анасын,жаңадан туылған шақалақтыда ұмытады,қаладан сүйіктісін кездестіреді.
    Өте қиын ,ауыр шығарма.
    АЛЛА БАРЛЫҒЫМЫЗҒА ӨЗ СҮЙГЕНІМІЗБЕН САНА БИІГІНДЕ ЖҮЗДЕСУДІ НӘСІП ЕТСІН

    • @qazcartoon2991
      @qazcartoon2991 3 месяца назад +1

      Сыздықтай тағдыр бұйырмасын..

    • @zhanarnurzhigit9461
      @zhanarnurzhigit9461 3 месяца назад +7

      Мәссаған,бір деммен оқып шықтым,рахмет үлкен❤

    • @НұрсұлтанКөшербай
      @НұрсұлтанКөшербай 3 месяца назад

      ​@@zhanarnurzhigit9461 бір кітапты оқығандай айттың ғой)

    • @AlikhanShagirbaev
      @AlikhanShagirbaev 3 месяца назад +2

      Хамекен айткан окига баскаша болдыго екеуы екы турлы кытпаба

    • @zhan_arr
      @zhan_arr 3 месяца назад

      Қандай кітап? Аты қандай?

  • @aluakarzhaubayeva
    @aluakarzhaubayeva 3 месяца назад +5

    Осы бағдарлама жалғасын таба берсін❤️ әр шығарма өз кейпінде әдемі жеткізіліп жатыр👍 рахмет көп көп. Тағы да шығарылымдар көбейе берсін

  • @ТоктарБозатбек
    @ТоктарБозатбек Месяц назад

    Хамит жарайсың мол біліміің бар сөз саптауың керемет. Еркебұланның сауатсыздықтарын мәдениетсіздіктерін әдемілеп астарлап бізге жеткіздің.

  • @АйсараНаурыз-ч8я
    @АйсараНаурыз-ч8я 3 месяца назад +6

    Өте жақсы бастама.Хамеке Ереке Алла разы болсын.Қазіргі қоғамда да бар жағдай.Нәпсінің етегінде үйленіп біреудің аяулы қызын ортадағы баланы тастап Махаббат іздеп лағып жүрген Сыдықтардың санасының төмендігін кітаптан алып шықтың. Кей жағдайда сана биігінде жолықпаған жарыңды түсіну де керек болар бәлкім.Бұл ортадағы тірі жетімнің болашағына балта шауып жауапкершілік арқаламаған сорлы еркектің бір сәттік ләззәті деп түсінемін.

  • @АзизаТұрсынбаева
    @АзизаТұрсынбаева 2 месяца назад

    Осындай подкасттар көп бола берсінші. Еркебұлан осы бағдарламанын сәні. Хамит ағаның әзілдері на высшем уровнегой❤️🫶🏻

  • @supermemory_kz
    @supermemory_kz 3 месяца назад +28

    Еркебұлан оқиға айтып, Хамекең құйтырқылап отырсын дегендер лайк басамыз.(Қызық болатын сияқты😂)

    • @АсанШарападинов-ж7в
      @АсанШарападинов-ж7в Месяц назад

      Еркебұланның олай әңгіме айтуға сөз саптау, шеберлігі, ой өрісі жетпейтін сияқты. Және Хамекеңде бір екі ауыз сөзбен ауызын жауып тастайтын секілді

  • @ДанаҒасырбек
    @ДанаҒасырбек Месяц назад

    Әдемі әрі әсерлі шығарылым. Еркебұланның жөнді әрі орынды әңгіме айтқанына риза болды ☺️

  • @Serik_Olzhas.04
    @Serik_Olzhas.04 3 месяца назад +10

    Талай адамдардың езуіне күлкі сыйлап, қарбалас пен қатулы болып жүрген қабағын ашып жақсылап күліп👍 сонымен қоса өнегелі әңгімеден ой түйіуіне себепші болып жүрсіздер👏👏👏🔝

  • @indirabalabekova1594
    @indirabalabekova1594 Месяц назад

    Берері мол керемет бағдарлама. Жалғасын таба берсін, тоқтамасын.

  • @АбзалЖайыкбаев-г4ы
    @АбзалЖайыкбаев-г4ы 3 месяца назад +10

    Ассалаумалейкум! 5-ші шығарылым ал көрик. Жігіттер жақсы шыққан дұние жалпы ойларың. Істерің алға бассын. Әзіл әңгіме жоқ тлып тұр. Хамит брат красавчиксіңғо қазақи. Ойың ұшқыр жеткізуің керемет. Түсіндіргеніңнен түсінбедім деу ұят. Ал көрик 5-шіні

  • @AigerimAskarbekova-k1n
    @AigerimAskarbekova-k1n 10 дней назад

    Осы бағдарламадан кейін кітап оқыдым😅❤.....Махаббатты❤ашты кітапка деген❤❤❤!!!

  • @АсадБаймаханов
    @АсадБаймаханов 3 месяца назад +5

    Мына бағдарлама тоқтап қалмасын👍🏻
    Бәрі керемет
    кітап оқып кеттім осы кітапХаннан кейін

  • @-miko.bai-95
    @-miko.bai-95 3 месяца назад

    Жарайсыңдар жігіттер, өте терең адамды нағыз тілінде сөйлетіп оны өз ойларыңмен талдап қаншама жандарға, ашып беріп жатыр. Жақсы мақсатта ашылыпты мына подкаст, Хамеке жасай бер, айтарың таусылмасын

  • @zhadyrassyn.bereketova
    @zhadyrassyn.bereketova 3 месяца назад +3

    Бағдарлама ұнады,керемет👍Атын білмеймін Хамиттен басқасының бірақ,бағдарламаның бүкіл фишкасы осында сияқты қызықты етіп жеткізуде👏👏👏

  • @БахаМақсатұлы
    @БахаМақсатұлы 2 месяца назад +2

    Қанша ашуланып тұрсада боқтамай еще ары қарай дәл сол жерден жалғастырып кететініне ризамын ✊🏻✊🏻✊🏻 Хамекең кітапқо тірі 💪🏻💪🏻💪🏻

  • @TURAN-b9n
    @TURAN-b9n 3 месяца назад +4

    ✅✅✅Болды мынадан басқа Ютуб проект керек емес Қазақаудиторияға ✅✅
    Бір бағдарламада керектінін бəрі бар 👍👍👍

  • @nurdauletagay
    @nurdauletagay 2 месяца назад +1

    Жоба үшін үлкен рахмет 🙌🏻
    Қатты ұнайды ❤

  • @beybarysteleuhan2077
    @beybarysteleuhan2077 3 месяца назад +3

    Ойландырды кәдімгідей браво✊🏻

  • @erdauletkaiyrbergen560
    @erdauletkaiyrbergen560 Месяц назад

    Хамит ағамыздың кітапты жеткізуі, сай келетін өлең жолдарымен нүкте емес, леп белгісін қояуы ерекше сезім сыйлайды, қайта-қайта тыңдай бергің келеді. Тамаша, тек алға💪🏻

  • @bumb1ebeee
    @bumb1ebeee 3 месяца назад +8

    Түйінді масқара жеткізді Хамеке👍👍👍 шынында солай. Құрысын, тағдыр шығар деп өмір сүріп жатқан адамдар жетерлік👍👍👍

  • @tansholpan_art
    @tansholpan_art 3 месяца назад +9

    👍🏻👍🏻форматтарыңыз мықты, астарын түсінген адамға кітап оқуды, тарихты, сөз қадірін көрсетіп жатсыздар. Қоғамда осындай ғо шынымен

  • @kastsul6689
    @kastsul6689 3 месяца назад

    Рахмет осы салған әдеби әзіл видионызға . Біраз күліп сауап алдым.

  • @arken8500
    @arken8500 3 месяца назад +12

    Жетінші түйсік Мухтар Шаханов керемет олен екен, койын даптериме туртип алган жайым бар. Хамекенде ерекше окып берди

  • @yessengalikhairjanov9134
    @yessengalikhairjanov9134 Месяц назад

    Өте күшті , рахмет!

  • @Kuanyshbek_Myrzakhmet
    @Kuanyshbek_Myrzakhmet 3 месяца назад +3

    Хамекен красавчик Қазақ қой таза білімді маладес

  • @MuldirRush
    @MuldirRush 18 дней назад

    Керемет бағдарлама тек тоқтамаса екен👍👏

  • @nurlanauesbaev6745
    @nurlanauesbaev6745 3 месяца назад +24

    Нұрсылтан Үсеновты шақырыңыздаршы келесі бағдарламаға қызық болар еді

    • @zhan_arr
      @zhan_arr 3 месяца назад +1

      Иә олда қарапайым жақсы жігіт👍

    • @Sunqar-aralskii
      @Sunqar-aralskii Месяц назад

      Нұрсұлтан болады. Ы емес

  • @НургулАлихан-ж3т
    @НургулАлихан-ж3т 2 месяца назад

    Екі әңгімеде де керемет. Ой үшқырлвғымен әңгімені жеткізуші Хамитте мықты. Әрбір әңгіменің түйінін түйе білуде шеберлік.
    Еркебұланның орынсыз қойылып жатқан сұрақтары да дұрыс. Мақсаты әңгіменің ішінен әзілге бұрмалайтын тұстарды сәтті ұштаствру👍🏻👍🏻
    Мен үшін бәрі ұнады

  • @Kiaro01
    @Kiaro01 3 месяца назад +7

    Менде осылай кіріп кетем кітапқа, осы Хамит замандаспен, осындай кісілермен сөйлесу керек екен, ішімдегіні шығару үшін!

  • @DilnazTulen
    @DilnazTulen 3 месяца назад +1

    әзілі мен ойы жарасқан жаңа бағыттағы бағдарлама екен😅 жалғасын таба берсін, қатты ұнады❤

  • @aben_assel
    @aben_assel 3 месяца назад +13

    “Үйлену”
    Шығарма жақсы жазылған.Ол заманда қыз тағдырының қаталдығын көп бейнелеген.Салт-дәстүрге келетін болсақ о заманда болашақ күйеубаланың бүтін бір ауыл боп сыйлаған ,үйлеріне қонақ екен.(Күйеубалалары ауыл болысы болып тұрса кім күтпейді.Мұхтар Әуезов ауылдың жәй күйін осылайда жеткізгені шығар ,қанша деген сондай заман болды ғой )
    Оспанның ісін опасыздыққа балайтындар табылар.Оспан нағыз длс болғанда Қасымның бетіне айтар мед үрімдей қызды тоқалдыққа алып ,қорлағаның не деп.Бұл жерден Оспанның әу бастан Жәмилияда ойы бар екенін білуге болады.Осылай жігіттің шашбауын сүйреп келмесе ол Жәмилиямен кездеседе алмас пед,яғни,үлкен мүмкіндік болды.
    Өбісуге келсек.Менімше Жәмилә Оспанды біледі ,жақсы көреді.Әу бастан күйеубаланың жолдасы боп кеп жүргенде ақ көзі түскен.Аңсары қалай аумасын оқыған,әділдікті сүйетін,бойдақ (орыс киімі бар😂) жігіт қой.Сондықтанда онымен жақындасып ,ашық сөйлесті және өбісті.Авторда қараптан қарап қыз абыройын шашпайды ғой.Жәмилә ақылды,батыл,істің ақырын ойлайтын қыз болғандықтан Оспанға мүмкіндік берді.Сонымен қоса әйел теңсіздігінің болғаны көңілді қуаантты.Оспанмен өбісіп Қасымға тигенде шығарма басқаша өрбірмеді.”Үйлену” тақырыбына сай аяқталды.Рахмет

  • @adminoppophonnw-jn4ys
    @adminoppophonnw-jn4ys 3 месяца назад +1

    Хамитке риза болдым!!! Сойлеу манерi, ойлау кабылетi керемет

  • @nursultandinkuatov8215
    @nursultandinkuatov8215 3 месяца назад +26

    Осыдан басқа ештеңе көрмим уақыт жоқ бұған табам уақыт бірақ

  • @БекБатыр-у9м
    @БекБатыр-у9м 3 месяца назад

    Жарайсыңдар! Қазақ тілді Подкатстар жасай берсін.Хамит пен Еркебұлан үндестік тауып отыр

  • @BatyrkhanOngarbaev
    @BatyrkhanOngarbaev 3 месяца назад +8

    1сагат 40 минутпа ещё, базар жоқ. Қалай өтіп кеткенын былми каласын.

  • @aydanamyn
    @aydanamyn Месяц назад

    Хамеке әңгімені жеткізуіңіз қандай керемет еді , кітапқа деген махаббатты аштыңыз ау әбден ❤

  • @Janseyit.1995
    @Janseyit.1995 3 месяца назад +5

    Ассалаумағалейкум екі әнгіме де қатты ұнады, өте керемет тоқтамандар Хамеке Еркебұлан келесі шығарылымды асыға күтемін кітап оқуға кішкене құлшынады екенсің құр оқи салсаң қызық болмайды мынандай әнгімелерден кейн қызықты болатын сияқты оқыған рақмет 👌🏼

  • @nurgisaabilkasim1143
    @nurgisaabilkasim1143 2 месяца назад

    ЧБД форматының Қазақша әрі көп адамға жағымды версиясы, Керемет ой жігіттер👏🏻👍🏻

  • @nukan13
    @nukan13 3 месяца назад +13

    Сыздық әуелі де сөзінен тайып кетпеймін деп тырысты. Өз әрекетін соңына дейін жеткізуге "амалсыз" көнді. Әрі қарай "жанатын" сезімге тәукел етті. Бірақ..
    Бәрі бір болмады, пендешілікте болатын "қалуына" соңына оралды.
    Жігітшілікке салатын болсақ Сыздықтың алғашқы қадамын соңыда дейін апаруы дұрыс. Кейін қалаға кетіп нәпсіге еруі адамгершілікке жатпайды. Әркім өзінше аяқтап алар...
    Хамит Ердеханға ерекше алғыс. Әдеби сөздер, керемет теңеулер, барлығын жақсы келістіреді.

    • @tglnzym
      @tglnzym 2 месяца назад

      Онлайн қай жерден оқуға болады?

  • @Serik.Dana.8995
    @Serik.Dana.8995 20 дней назад

    Өте кремет айтып жеткізді👍

  • @daniyarzhabayev470
    @daniyarzhabayev470 3 месяца назад +16

    Осылай ұзақ болса 👍👍👍

    • @Usermeb1
      @Usermeb1 3 месяца назад +1

      👍👍👍👍

  • @oralbekmutalipov7964
    @oralbekmutalipov7964 3 месяца назад +1

    Әдебиетті осылайда жеткізуге болады екенғой. Жұмыста тыңыдап жүремін. Керемет түсіндірме, әзіл араласы бар.

  • @Zhakyp-nb3sg
    @Zhakyp-nb3sg 3 месяца назад +4

    Түк түсінігің жоқ екен Еркебұлан. Аз күл, көп қазақ әдебиетін көп оқы.
    Хамит жақсы орнына қойып отырсың Еркебұланды. 😂👍✊

  • @МадинаЖумахметова-с6п
    @МадинаЖумахметова-с6п 3 месяца назад +2

    Еркебұланның күліп мағынасыз сұрағынан көргім келми қалды.

  • @KarakozErdekhanova
    @KarakozErdekhanova 3 месяца назад +6

    Өзіңмен ұршы😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂жаным сол аузыңнан шыққан әрбір сөз керемет қой

  • @ЛяйляНургазиева-ы7б
    @ЛяйляНургазиева-ы7б 3 месяца назад +1

    Керемет.Подкаст біткенше рахаттанып күліп отыр ем,аяғы жылап қалдым ғой.😥😥

  • @bn4400kz
    @bn4400kz 3 месяца назад +7

    Мына шыгарылымдарын отте кушты екен, ар корген сайын езуым ауырып, куле берем зооррр шыгарылым кушты, коркиеберынбер.