"Астана балет" театрында екі бірдей премьера | Н.Назарбаев премьераға келді | Назерке Бұрхан

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 ноя 2021
  • "Тағдыр бұлтарыстары", "Фортепиано мен оркестрге арналған каприччио" қойылымдары көрерменнің көңілінен шықты. Композитор Карина Абдуллинаның ауқымды либреттосы жүрекке жетті, оған қойылған хореография да ерекше. Ал Джордж Баланчиннің "Асыл тастар" қойылымынан алынған үзінді - "Фортепиано мен оркестрге арналған каприччио" нағыз жан мен жанардың ләззәті. Сюжетте көрсетілмегенімен, шын дарынды музыкант Әмір Тебинихиннің өнерін де байқамау мүмкін емес. Тіпті балеттен хабарыңыз болмағанның өзінде, әлем үздіктері қатарындағы пианиношының және озық оркестрдің тап-таза классикалық музыкасына-ақ құлақтың құрышы қанады.
    Журналист: Назерке Бұрхан (инстаграм: @burkhan_nazerke)
    Оператор: Нұрлан Әлмұхамбетов
    Монтаж жасаған: Айнаш Гайнулла
    Дыбыс: Дастан Мерғали
    Сюжеттегі спикерлер: Жасұлан Тілеуқабыл - балет әртісі
    Аққали Тұрғали - балет әртісі
    Жайна Баян - балет әртісі
    Риза Қанатқызы - театрдың бірінші солисі
    Нұрислам Оспанов - Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушісі
    Карина Абдуллина - либретто авторы, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
    Ақтоты Райымқұлова - ҚР мәдениет және спорт министрі

Комментарии • 4