Утиль алым, сағат белдеуі, ЛГБТ - петициялар мақсатына жете ала ма?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 1 окт 2024
  • Елімізде сәуір айының басында онлайн петиция сайты іске қосылған еді. Осы сайтта жарияланған петиция 50 мың қол жинаса, мемлекеттік органдар жұмыс тобын құрып, мәселені 40 жұмыс күні ішінде қарастыруға тиіс болады. Соңғы мезгілде қоғамды елең еткізген бірнеше тақырып бойынша петиция жарияланып, қажетті 50 мың қол жиналып та үлгерді. Оның ішінде утиль алымын алып тастау туралы петиция бойынша жұмыс тобы іске кірісіп кетті. Осы мәселені қарайтын жұмыс тобының алғашқы отырысы бейсенбі күні өтті. Негізі бірінші отырыс өткен аптада өтуі тиіс еді. Алайда петиция авторларына министрлік ғимаратына телефон алып кіруге рұқсат бермеген соң, Санжар Боқаев бастаған белсенділер отырысқа қатыспай қалған болатын.
    Сонымен кешігіп болса да басталған жұмыс тобының алғашқы отырысында өнеркәсіп вице-министрі барлық тараптың мүддесіне сай келетін шешім әзірлеу үшін мәселені жан-жақты қарау керек деп атап өтті. Петиция бастамашылары утиль алымы арқылы жиналған қаражатты бөлудің ашық болуын талап етті. Ал өндіруші компаниялардың өкілдері утиль алымы алынып тасталса, жұмыс орындары қысқаратынына алаңдаушылық білдірді.
    Бұдан басқа бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция да 50 мың қол жинады. Естеріңізге салсақ, биыл еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Негізі Қазақстан 4 бірдей уақыт белдеуі бойында жатыр. Өзгеріске Әсіресе Шығыс Қазақстан тұрғындары қарсы шығып жатыр. Олардың айтуынша, жазда түнгі 2-де жап-жарық болады, ал қыста түстен кейін қараңғы болып кетеді. Алайда бірыңғай уақыт белдеуін енгізу идеясын алғаш ұсынған белсенділердің бірі, хронобиолог Болат Нұрқожаев Қазақстан қазір ғана табиғи уақыт белдеуіне оралды деп есептейді. Бұрынғы белдеуді қайтару тіпті адам денсаулығына, әсіресе жүрек ырғағына кері әсер етеді деп мәлімдеді маман. Тамыз айының ортасына дейін бұл мәселеге нүкте қойылуы тиіс.
    50 мың қол жинаған петициялар мұнымен біткен жоқ. Осы аптада елімізде ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға және шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салу жөніндегі петициялар да қажетті межеден асты. Енді бұл мәселелер бойынша да жұмыс топтары құрылып, 40 жұмыс күні ішінде тиісті шешімдер шығарылады.
    Түрлі бағыттағы петициялардың көбейіп кеткенін және олардың тиісті межеге оңай жетіп жатқанына қарап, республика деңгейіндегі петициялар үшін 50 мың қол деген тым аз деген пікірлер де шығып жатыр. Осы орайда мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да дауыс жинау шегін ұлғайту мәселесі көтеріліп жатқанын растады.
    Telegram Qaz - t.me/QazAqparat_kz
    Telegram Rus - t.me/kazinform_news
    Instagram - / @kazinform_kz
    Instagram - / @kazinform
    Facebook - / @Kazinform
    Facebook - / @Казинформ
    Jibek Joly online: jjtv.kz/kk/live
    Cайт - kaz.inform.kz/
    #kazinform #қазақпарат #Жаңалықтар

Комментарии • 19