БІР ЖЫЛ: КӨРЕРМЕНГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕ АЛДЫҚ? | ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА | 4 МАУСЫМ | #38

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 30 сен 2024
  • 00:01:01 - 1 жылда..
    00:05:13 - Білім алу деңгейі
    00:12:12 - Тәуелсіздіктің 4 түрі
    00:16:07 - Марғұлан Сейсембай: “Өзіңе ақша сал”
    00:22:28 - Бала тәрбиесіндегі шынайылық
    00:30:29 - Қорқыныш
    00:33:41 - Баланы тану
    00:29:15 - Визуалдың әсері
    00:36:56 - Көрерменнің әсері
    00:41:39 - Жаңа формат
    00:52:23 - Кадр сыртында
    00:53:08 - Ішкі тәуелсіздік
    00:54:51 - Shonbay Shop
    Жоба парақшалары:
    ► Instagram: / shonbay.online
    ► Facebook: / shonbay.online
    ► Вконтаке: sho...
    Жеке парақшалар:
    Instagram: ...
    Telegram: t.me/joinchat/...

Комментарии • 408

  • @aidarova9
    @aidarova9 2 года назад +33

    Ең басты алаңдайтын нәрсеміз "Алламен байланысымды қалай нығайтамын" деген болса сіздің "мына дүниелік, қалай шешсем екен?" деген проблемаңыздың шешімін Алла Өзі-ақ көрсетеді, ин шаа Алла.

  • @nurdauletkaratayev526
    @nurdauletkaratayev526 2 года назад +67

    "Құдайсыз қурай да сынбайды"
    деген халық сөзі бар. Дегенмен,
    "Үйде отырып салғанмен сары уайым,
    Тілегенің тұра ма саған дайын.
    Жүріп-тұрып, ойланып істеп көрсең,
    Харекеттің білесің соңда жайын"
    деп Шәкәрім атамыз айтқандай, жоқты уайым қылып, жел тұрғанға алаңдап немесе жұрт не дейді деп сандалмай,
    "Әрекет - адамнан
    Берекет - Алладан"
    екенін ұмытпайық, әрекет етейік!

  • @ainurbekova910
    @ainurbekova910 2 года назад +14

    Алаңдама өткеніңе, алға ұмтыл жай ғана.
    Алаңдама аласұрған, ала-ғұла жағдайда.
    Алаңдама қиын сәтте, тек шыдай біл, сен достым
    Алаңдама Алла өзі ретін табар қалайда.
    Алаңдама жарқ-жұрқ еткен желідегі өмірге,
    Алаңдама кірбің салар сан қилы ойлар көңілге.
    Алаңдамай өз жолыңды таба білгін, сен достым
    Алаңдама, бекер емес келгенің бұл өмірге!

  • @ЕркебуланТуребеков-б7ф

    Алаңдама:
    1. Қарыз туралы шығарылымнан:
    Қарызыңды ойлама (Қарызға АЛАҢДАМА), табысыңды қалай арттыруды ойла.
    1) 2миллион қарызды қайтару
    2) 2миллион табыс табу
    Екеуіде бірдей, бірақ қабылдануы әртүрлі.
    2. Мақсат қою туралы шығарылымнан:
    Мақсатқа жетпеу - мақсатқа жетудің бір бөлшегі.
    Мақсатыңа жетпегенің үшін АЛАҢДАМА.
    Мақсатыңа жетпей қалудың пайдасы:
    1) Қайжерде қателік жасадым. (анализ жасауға көмектеседі)
    2) Өзінің жетістікке дайын еместігін түсіну. (білім алу, тәжірибені шыңдау, жаңа әдістерді үйрену керектігін түсіну)
    3) Қайта аяққа тұруға сенім ұялатады.
    3. Ақшаны дұрыс жарату туралы шығарылымнан:
    Төменде көрсетілген пункттарға ақша жаратқанда АЛАҢДАМА.
    Ақшаны 3 нәрсеге жарату керек:
    1) Адамның өзіне (денсаулығына, психикасына)
    2) Ішіп-жейтін тамағына; үйіне, тұратын жеріне
    3) Өзінің дамуына (қабілеттерді дамытуға).

  • @РолланДоненбаев-е1ж
    @РолланДоненбаев-е1ж 2 года назад +91

    Ешкімді еш уақытта жамандама🥰
    Болмағын тәрбиесіз жаман бала😚
    Пешенеге жазғанын көреміз ғой☺️
    Уайымдап әр нәрсені АЛАҢДАМА!🤗
    Осынау конкурент көп заманда да🤑
    Жетістікке жеткізер дөп амал ғана☝️
    Заманауи білімді игерейік🦾
    Қалғаны өзі келер, АЛАҢДАМА!🤠
    АЛАҢДАМА, бауырым, АЛАҢДАМА!😊
    Әлі-ақ біздер боламыз "Адам Жаңа"😎
    Төрт жігітке, отдуши рақмет айтам,✊
    Спикерлер ТТБ-ны тәмамдама✋

  • @МаханбетГеннадиев-и8о

    Алаңдама!
    Бәрі Алланың қалауымен.
    Тек қана біз амал етеміз,
    Нәтиже Алладан,
    Сол үшін энергиямызды құртпай, Алаңдамайық!

  • @rama6an
    @rama6an 2 года назад +26

    Алаңдау - бізде барлық жерде болатын сияқты: үйде, автобуста, жұмыста, кезекте және пробкада. Практикалық жүйеде, алаңдаушылықпен алаңдамаған ешқандай адам жоқ. Бірақ кейбір адамдар болады, осы сәтте өз - өзін қолға алып, сол сәтті бастан кешетін, ал кейбір адамдар, жәй ғана эмоциялық жағдайды стресске айналдырып, бастары сол оймен босамай жүреді.
    1. Не үшін алаңдамау қажет?
    Алда (болашақта) болатын немесе мүмкін проблемаларға алаңдамас үшін осы сәтте, шақта өмір сүру қажет. Өткен мен болашақты бөліп тұратын ойша жапқышпен жауып қою керек сияқты, өткен қателектерімізге ойланып, өкінбес үшін және алдағы болатын қателектерге алаңдамай.
    2. "СҰРАҚҚА ЖАУАП ІЗДЕУ" керек сияқты.
    - Осы жағдай ең нашар қандай жағдай болуы мүмкін?
    - Осы проблеманы қалай шешуге болады?
    - Осы қиындықтармен мен күресе аламынба?
    Егерде сіз өзіңізге шынайы осы сұрақтарға жауап берсеңіз, ең нашар деген келеңсіздікте де жеңе алатыныңызды түсінесіз.
    3. Алаңдау - бұл эмоциялық бөлінетін күш. Бұл кезеңде қандай да бір стресс болмасын немесе алаңдаушылық сіздің денсаулығыңызға зиян тигізетінін ескеру қажет сияқты.
    Факт бойынша: әрдайым стрессте уайымда, алаңдаушылықта жүретін іскер адамдар ерте өмірден өтеді. Сол үшін өзіңізге қамқорлық жасап, сабыр сақтау маңызды.
    3. Позитивті ойлау қажет сияқты.
    Көңілді ойлар арқылы сіз өз уайымыңызды азайтып, тез сабыр сақтай аласыз. Ол үшін өзіңізде позитивтік ой - өрісті дамытып, жақсы көңіл-күйді сақтауға тырысып, өмірге күлімсіреп қарау қажет сияқты.

  • @МерейАмирбекова
    @МерейАмирбекова 2 года назад +13

    Алаңсыз, уайымсыз өмір жоқ. Бірақ, Аллаһқа тапсыру, тәуекел ету, тағдырға сену деген нәрселер уайымды азайтатын сияқты.
    Сосын мына бір сөзді қосқым келіп отыр, егер сенде қандай да бір проблема болса және ол шешілетін болса, онда уайымдама, ол бәрібір шешіледі. Ал егер сенде қандай да бір проблема болса және ол шешілмейтін болса, оны уайымдап қайтесің?, ол бәрібір шешілмейді ғой)))

  • @sultsbq
    @sultsbq 2 года назад +13

    Өтіп кеткен өмірге және келешекте болатын өмірге алаңдама. Қазіргі сәтте өмір сүр, энергияңды алаңдауға құртпа. Бәрі жақсы болады😉
    ТТБға мың алғыс👍

  • @nurekenureke8950
    @nurekenureke8950 2 года назад +3

    Алаңдау ол қорқыныш,дабыл сезімі. Әр адам алдымен өз өміріне алаңдауы шарт. Осы өміріне,сосын арғы дүниесіне. Одан кейін отбасына,туыстарына,достарына алаңдайды. Бірақ сенің ықпалың әсер етпейтін нәрселерге алаңдаудың түкке қажеті болмас,ол босқа құртқан энергия болады. Табиғатқа, қоршаған ортаға алаңдасаң алдымен өзіңнен баста, кішігірім қолыңнан келетін нәрселерді жасау арқылы өз септігінді тигіз.

  • @alataualatau4291
    @alataualatau4291 2 года назад +24

    Менімше Алаңдамау деген ол-осы жалған дүниенің ешбіріне алаңдаудың керегі жоқ. Бұл жалған өмір әрбір пендеге уақытша нәрсе... Тек кейінгі өмір ол мәңгілік сол үшін осы өмірдегі іс әрекетке дұрыс мән беріп мен не істеп жүрмін?Мен қандай бағытпен жүрмін? Деп әрбір пенде кейінгі өмірлері үшін алаңдауға міндетті...

  • @qarapaiym8815
    @qarapaiym8815 2 года назад +2

    Алаңдамау деген сөзді дұрыс түсіну үшін кішкене талдап көрейікші. Алаң яғни белгілі бір жерде немесе белгілі бір зонда деген мағынада сияқты.Қорыта айтсақ Алаңдама сөзі сол бір жерде қалып кетпе сол бір Алаңнан шық дегендей естіледі.Ал Алаңда сөзі сол бір жерге жақсылап көңіл бөл фокусты сол жерге қой деп түсіндім.
    Ал сіз не түсіндіңіз 👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻

  • @abayzhumazhanov7876
    @abayzhumazhanov7876 2 года назад +8

    Алаңдатар нәрсеге алаңдама,
    Көңілмнен шықпады деп жамандама.
    Бар күшіңді сал бар арманыңа,
    ТТБ-ны достарыңа жарнамала.

  • @Janibekbxt
    @Janibekbxt 2 года назад +9

    Ескендір мырзаны тыңдап әкелікке дайындалсаң өкінбейсің 🚀

    • @bek9118
      @bek9118 2 года назад

      Ескендир мырзага тындап окинбесен , Куаныш,Мейирбек мырзаларды твндасан вообще кетесинго

  • @ОрынбасарМахамбетов-ф1ь

    АЛАҢДАМА, МАҚСАТЫҢ - АЙҚЫН БОЛСА,
    АЛАҢДАМА, ТІРЛІГІҢ-КАЙФЫҢ БОЛСА!
    АЛАҢДАҒЫН АЛТАУЫ АЛА БОЛСА,
    АЛАҢДАМА, ТӨРТЕУІ ТҮГЕЛ БОЛСА!

  • @userbek_
    @userbek_ 2 года назад +3

    Алаңдама! Қандай да бір іс бастағалы жүрсең, “КІМ НЕ ДЕЙДІ” деп алаңдама!

  • @qural_n_b
    @qural_n_b 2 года назад +14

    Өзің өзгерте алмайтын нәрселерге алаңдамау керек!
    Өмірдегі заңдылықтарды біз тек қабылдай алуымыз керек. Мәні жоқ іс болғандықтан, ол іс тек уақыт пен жүйкенің соры!

  • @ЗангарКунес
    @ЗангарКунес 2 года назад +3

    Әрбір адам бұл өмірде жанбай жатып сөнуге алаңдау керек секілді ! Жанбай жатып сөнуден асқан қасірет бар ма бұл өмірде ? Деген сұрақ , қатты әсер етті өзіме )

  • @МейржанБактыбаев-н6ц
    @МейржанБактыбаев-н6ц 2 года назад +4

    Ескендір мырза Тұғыры биік Тұлға ғой шіркін Үлгі тұтар “АЗАМАТ”

  • @АсхадКудайбергенов-ю9ы

    Алаңдамай омир сүру қиын негизи барлық нәрсеге анандайсынго ягный Қуаныш мырзаның қорқу негизи керемет сезим оны дұрыс қолданса деп айтқан секилди аландауда керек шығар балким. Бирак барлығымыз төрт кубыламыз тең болып аландамай омир сүру насип етсин.

  • @zhannurzhastalapova2345
    @zhannurzhastalapova2345 2 года назад +3

    Өткенің мен келеріңе алаңдамай бүгінгі күнмен өмір сүр, қазіргі сәтіңнен ләззат ал!

  • @diasbaltashyli7719
    @diasbaltashyli7719 2 года назад +6

    Өткенге аландамай, Болашақтан үрейленбей, Қазіргі сәттен ләззәт алайық ТТБ көрермендері 😇

  • @natizhe_online8458
    @natizhe_online8458 2 года назад +2

    Білмесең, мәселе шешімін білмесең Алаңдаудың қажеті жоқ, Тек сол мәселенің шешімін іздеуді ойла. Фокусты мазасыздыққа емес, әрекетке аудар. Ол үшін психика мықты болуы тиіс. Ал психика мықты болу үшін психолог сессиясына бар. ТТБ дан 1 жылда түсінгенім
    1 Интернет Маркетолог курсын алу
    2 Өзіңе инвестиция жасау
    3.Психологқа бару
    4.Өзгерістен қорықпау
    5.Әрекетің мен Тұлғаңды ажырату

  • @Nurdaulet.S
    @Nurdaulet.S 2 года назад +8

    ТТБ ның бір жыл шапқан шабысы құтты болсын ✊✊✊
    Өз өзіңді дамыту жолында көретін жақсы бағдарламаның бірі болды мен үшін ☝️☝️☝️
    Жалпы алаңдау адам табиғатында бар зат қой...
    Мүлде алаңдамау адамды дамытпайды, жетістікке жеткізбейді...
    Алаңдауда Алланың берген нығметі түсінген адамға...
    Және алаңдау арқылы ахиретімізге қам жасап Алланың разылығына жетеміз деген жақсы ойдамын...🤲🤲🤲
    Бірақ алаңдау керек екен деп не болса соған алаңдап аласұрып кетсеңіздер.👌👌👌
    Орташа жолды ұстанайық сол ең дұрыс, жетістік, бақыт жолы ағайын...
    Баршаңызға сәттілік, жақсы күніміз мол болсын және жамандығымыздан жақсылығымыз көп болсын✊✊

  • @alataualatau4291
    @alataualatau4291 2 года назад +5

    Құттықтаймын 😘

  • @_assylzhan_
    @_assylzhan_ 2 года назад +40

    Өмірде алдағы болатын нәрсеге алаңдаудың қажеті жоқ. Қалай өмір сүрсең солай өмірден өтесің дейді. Сол үшін бүгінге алаңдау керек бірақ алдағы дүниеге емес.

  • @ДауржанАрысбаев
    @ДауржанАрысбаев 2 года назад +1

    Алаңдамау...
    Алаңдама деп айта әрине деңіл ғой.Бірақ алаңдау қалыпты құбылыс.Ол өздігінен белгілі бір жағдайларда пайда болады емес пе.Алаңдаудың артында - жауапкершілік,сағыныш,махаббат тұрған сияқты.Істеп жатқан ісіңнің сәтті шығуын алаңдайсың,туған-туысқа алаңдайсың,қоғамға алаңдайсың т.с.с.Сондықтан да алаңдау - алалдыққа,жауапкершілікке,махаббатқа,тазалыққа,ұятқа,намысқа барлық жақсы қасиетттерді туғызаты,сені қимылдауға,әрекет етуге итермелейтін күш сияқты !

  • @ДинараМусабаева-с2ц
    @ДинараМусабаева-с2ц 2 года назад +7

    ТТБ -ның контенттері өте керемет, форматы мазмұнды, функционалды, адамды жалықтырмайды, 1 жылдықтарыңыз құтты болсын,!

  • @balzhanrakhimbek1028
    @balzhanrakhimbek1028 2 года назад +1

    Ассалаумағалиум
    Қалайсыздар ? Мал Жандарыңыз аман болсын . Негізі мынандай сөз барғой Басында бір праблема болса және ол шешілетін болса оны уаймдама ол бәрә бір шешіледі Ал ер сенің басыңда бір праблема болса ол шешілмейтін болса оны уайымдап қажеті жоқ ол бәрі бір шешілмейді деген. Бырақ Алла құлынына еш уақытта көтере алмайтын прабема бермейді үшткені құлын Алла біледі неге әлі келетінін неге келмейтінін. Сондықтан Аландамау керек
    Аландайтын тек бір нәрсе бар ол Әрине Ахрет яғни өленен сон қайтем Тозақтық болып қаламба ол үшін амал етіп Алланы ойлап пазырдарымызды орындау керек. Тек соны Аландағанда ғана. Жанатқа деген үмін болады. Ойымның түйіні.
    Ештеңені Аландама алаңдайын бір нәрсе бар ол Ахретің.
    Қабдыуәли Рақымбекұлы

  • @muslimkarimov7513
    @muslimkarimov7513 2 года назад +7

    Қуаныш Шонбай ағамыздың білімін тұтынып, толысуыма тура 3 жыл уақыт кетіпті. Ол кісіні жай ғана ютубтан тыңдап жүріп-ақ кәсіп аштым.Барып оқысам не болар екен?

    • @jashimikter5777
      @jashimikter5777 2 года назад +1

      Барыңыз
      Оқыңыз
      Нәтижемен ттб да бөлісіңіз!!!
      Сәттілік

  • @_yerassyl
    @_yerassyl 2 года назад +1

    Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді дейді ғой. Алаңдамау мәселесін көп салалы деп түсінемін. Берілетін ризығыңа, алда болатын оқиғаларға, бұл дүниеде мәңгі қалатыныңа алаңдамау керек деп білемін.
    Тағы айтар болсақ алған білім саған міндетті түрде пайда береді. Мысалы ТТБ көрермені болғалы менің достарымның алдындағы беделім бұрынғыдан артты. Себебі ТТБ арқасында мен бәсекеге қабілеттілігімді тағы арттырдым.
    Бұл алаңдама сөзі меніңше күтпе(не ожидай) деген сөзбен синонимдес деп білемін. Мысалы сен туылған күніңе алғың келетін нәрселер жайлы алаңдасаң, көп ойласаң және ол саған келмей қалатын болса сенде психологиялық сыну сәлде болса болады деп ойлаймын. Ал керісінше ештеңені күтпесең сәйкесінші келетін сыйлық туралы алаңдамасаң саған айтылған тілектің өзі сені қуантары анық.
    Және сенің өткен шаққа әсер ету пайызың 0 ал болашаққа сен 100% әсер ете аласың сол себепті өткен шағыңа ALANdama😊
    (Серікбай Ерасыл. Ескендір Бестайды сүйіп тыңдайтын жан)
    ТТБ ның арқасында өз кумирын тапқандар болса лайк басыңыз👍

  • @berikbolsayat7849
    @berikbolsayat7849 2 года назад +1

    2022 жылға Ахмедбек Нұрсила ағамыз немесе Ықылас Оразбай ағамызды шақыра аласыздар ма?

  • @АнарАбилкаирова
    @АнарАбилкаирова 2 года назад +1

    Алаңдама! Кімге? и Неге?
    1. Өтіп кеткен өмірге. Жеке өзімнің және таныс адамдармен сөйлескендегі түйген ойым көп адамдар әлі де өтіп кеткен өміріне алаңдап, кеткен қәтеліктер мен өкініштер, ыза мен кек, немесе бұрынғы бар, кәзір қолында жоқ табысы тағы да басқа өтіп кеткен ситуацияларға алаңдап өмірі өтіп жатыр.
    2. Уақытты қалай басқарамын деп алаңдама.Уақыт жайлы Марғұлан ағамыз керемет айтты.Уақытты емес, энергия, күш-қуатты басқару керек екен. Уақыттың ішіне көп жұмысты бітіруім керек деп жүгіріп көп уақытты нәтижесіз өткізіп аламыз немесе жетістікке жеткен мен энергиямызды бітіріп аламыз. Сол үшін маңызды іс - асығыс болмайды, асығыс іс - маңызды болмайды. С.Марғұлан.
    3.Енді келетін табысқа алаңдамау. Әрекет бізден-берекет Алладан.Бүгінгі істі- ертеңге қалдырмай тек алға жүрейік, ағайын!!!

  • @moldirarapova8438
    @moldirarapova8438 2 года назад +2

    Алаңдама
    Адам баласы өмірге келгелі әр түрлі баспалдақтан, сатыдан алаңдаумен өтеді. Онсыз өмірдің мәні де қызықсыз.
    Ең бірінші балалық шақта емтиханды қалай тапсырып, ата-анамды қуантсам деп, өсе келе қалай ақша тапсам деп, қалай тұрмыс, отбасы құрсам, балаға дұрыс тәрбие берсем деген сан түрлі алаңдаулар басымыздан кешеді. Уайымсыз, алаңдаусыз жүру күрделі болар. Бірақ уайымның, алаңдаудың жанында үміт қатар жүрсе, Аллахтың жазғанына күмән келтірмей, дүзу, адал қызмет атқарып жүрсе онда бәрі дұрыс болады.

  • @Abzal.Ondirisbek
    @Abzal.Ondirisbek 2 года назад +1

    Сиздерге отирик ,маган шын мен ютубтагы тек осы багдарламаны коремин ,тек ТТБ ны .Даму жагынан барлык жагынан тек осы программаны коремин.Асиресе Ескендир мырзаны катты тындаймын.

  • @МинураЖолдас
    @МинураЖолдас 2 года назад +2

    Алаңдама деген көз қорықпа деген сөздің синонимі сияқты. Ал қорқу бізге керек функция ол болмаса біз өмірімізді сақтандыра алмаймыз. Бұрын қорқу, алаңдау, жылау деген эмоция адамға керек емес деп ойлау шедім ал қазір Алла бізге берген әрбір нәрседе қайыр бар екенін түсіндім.

    • @diasbaltashyli7719
      @diasbaltashyli7719 2 года назад

      Ескендір мырза сияқты әдемі айттыныз👍

  • @clashroyale4669
    @clashroyale4669 2 года назад +1

    Неге алаңдамау керек? Аллаһ Тағаладан келетін нығметке алаңдамай,тек әрекет пен дұға жасау керек.Кімге алаңдамау керек?Менің ойымша танымайтын адамға ғана алаңдамау керек сияқты.Өзіңнің таныстарыңа туыстарыңа достарыңа алаңдау-жақсы іс деп ойлаймын

  • @geniussnius2767
    @geniussnius2767 2 года назад +18

    2021 жыл мен үшін сәтті өтті! ютуб каналға сапалы дүние салып халықтың көзін ашқандарыңызға үлкен рахмет. ТТБ ұжымына үлкен табыс тілеймін 2022 жылы асаға күтемін сіздірдің контентеріңізді.

  • @ЕрканатХусман
    @ЕрканатХусман 2 года назад +3

    ТТб жобасына бір жыл, құтты болсын,бір жыл көріп , бір комментарий жазбаппын, айтқым келгені жасай беріңіздер, Алаңдамай 🤗👍👍👍👍

  • @АйгеримДосманбетова-б6м

    Озинди рухани байыт
    Ешкимге аландама
    Оз озинмен согыс,алысып жене бил, таны,суйре , изден!
    Озгелер не дегенимен аландама

  • @АлишерУмановмиллиардер

    Калай тез 20 млн тенге табуга болады 1 айда или 5 айда или 1 жылда 20 млн тенге жасап алгым келеды тез байып кеткым келеды

  • @maza_lime
    @maza_lime 2 года назад +3

    Болашаққа алаңдау, өткенге өкіну ж/е осы шаққа шүкір ету жайында Марғұлан ағамыз жақсы айтқан.Қысқаша түйін: ізденіспен әрекетті тоқтатпай өзіміздің қолдан келерін жасау.Қалғанына ,яғни Құдайдың бізге жазғанына алаңдап қажеті жоқ

  • @erdaulet_ts
    @erdaulet_ts 2 года назад +2

    Алаңдама қажеті жоқ Алаңдарға
    Қателікті жойсаң сен Алаңдаған Ең жақсы амал болып осы қалар
    Жаса тек алға қарай Алаңдама
    Нәтижені күтпегін Алаңдатар
    Алла берер нәтижеңді Алаңдаған
    Амалы көп болған адам озып қалар
    Амал бізден
    Нәтиже алладан алаңдаудың қажеті жоқ
    Ең керемет жол таңдау іздену осыда

  • @АселДуйсенкожа
    @АселДуйсенкожа 2 года назад +4

    ТТБ өте керемет осы күнге дейін өзіме көптеген инсайттар алдым.Қуаныш мырза,Ескердір мырза мықтысыздар!Келесі шығарылымды асыға күтемін!

  • @dilnaz111
    @dilnaz111 2 года назад +8

    өмірмізге мән мағына бермейтін адамдардың сөзіне алаңдамаған жөн. Жалпы алаңдама деген уайымдаманың синонимі ғой.👌🏻

  • @БотакозДосекова
    @БотакозДосекова 2 года назад +2

    Төртеу тугел болса төбедегі келеді,Алтау ала болса ауыздағы кетеді.Ауызбірліктеріңізді Алла берік қылсын🤲.Жастарға өтте керексіздер.

  • @Kino.film1
    @Kino.film1 2 года назад +1

    Мен өз пікірімді айтпай тұрып. Қуаныш мырзаға алғыс айтқым келеді, ТТБ ға. Неге десеңіздер осындай контент салатыныңыздарға Менің жасым 16-та болсада Қуаныш аға секілді болғым келеді бір сөзбен айтқанда осы қарқындарыңыздан талмаңыздар. 1🍋оқырман болсын. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын.
    Алаңдама деген сөзді 2 мағынада түсінемін 1 ші айналаңдағы өзіңе керек емес затты алаңдама.2ші басқалардың ойы жайлы алаңдама.

  • @ЖандосНуфтоллаев
    @ЖандосНуфтоллаев 2 года назад +2

    Өткен шақтан сабақ алып, Осы шақтан ләззат алып, сол моментте өмір сүріп, Келер шақтан позитивті жоспарлай білетін болсан және "ТТБ" подкастынан құнды инсайттар алып отырсан Өміріне еш аландамауға болатыны сөзсіз🤝👍

  • @aibek_mukhtarbekov
    @aibek_mukhtarbekov 2 года назад +1

    Адасып, алаңдама, жол таба алмай,
    Берірек түзу жолға шық қамалмай,
    Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,
    Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай

  • @beisenasset5967
    @beisenasset5967 2 года назад +2

    2021 жылғы менің ең үлкен жетістіктерімнің бірі ол - байқамай ТТБ-ға ұсталып қалғаным болды, шүкір !
    Ал сіздердің жетістіктеріңіз - осы уақытқа дейін жинаған керемет тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз арқылы халықтың жүрегінен терең орын алғандарыңыз. С.қ. сіздер арқылы көпшілік біле бермейтін қаншалаған мықты азаматтарды таныдық...
    ******* "If it can be solved, there's no need to worry, and if it can't be solved, worry is of no use."

  • @МаратСаулетхан-я4р
    @МаратСаулетхан-я4р 2 года назад +1

    ТТБ-ның әрбір шығарылымы ішімізде жүрген сұрақтардың жауабы ретінде көрініс табады, 1 жыл бойы көрген 38 шығарылымның әрқайсысының өзіндік мәні мен ерекшеліктері бар. Осы ТТБ бағдарламасының өзі бізге алаңдамауымызға, сұрақтарымызға жауап беріп, өзіндік бір стильмен іштей дамуымызға әсер етеді. Жаңа шығарылым - жаңа инсайд, жаңа білім, жаңа дәреже👌✊

  • @yerzhanovmurat
    @yerzhanovmurat 2 года назад +1

    Аландама себеби,саган буйырган ризык несибе сенен баскага берилмейди,Аландау кажет ол билимсиз дамымай уйрене алмай калудан.Мен аландамаймын себеби:Маган буйырган ризык менен баскага буйырмайтынын билген сон гана журегим тынышталды.

  • @erkasimspabai1236
    @erkasimspabai1236 2 года назад +2

    Өте жақсы шығарылым болды ерекше көп пайдасын алдым алға дами беріңіздер шығарылым жалғастыра беріңіздер!
    Әр шығарылымның орны бөлек маған қаты әсереткен. шығарылым
    Марғұлан Сейсенбай, РУСЛАН БЕРДЕНОВ, РАУАН ЧИНГУЖИНОВ. Өте жақсы әсер еті қаты ұнады.
    Аландамау туралы Ойым Еш нәрсеге уайымдаудын пайдасы жоқ Өткенге өкінбей ертеніне уайымдамаи өмір сүру керек
    Әуел алла сосын өзін ақылмен жұмыс жасасан болғаны

  • @ЖаксыгулЕрехан
    @ЖаксыгулЕрехан 2 года назад +4

    Аллах разы болсын сіздерге😭тек токтатпаныздаршы

  • @МадиярМырзалимов
    @МадиярМырзалимов 2 года назад +2

    Алаңдама! Егер:
    Алтау ала болмаса,
    Жаратқан өзі қолдаса.
    Ата-анаң аман боп,
    Жапырағың солмаса.
    Қуаныш, Мейірбек, Ескендір,
    Құландайын мырзалар
    Номер один мен үшін
    ТТБ тоқтап қалса да!
    Тәуелсіздік мәңгі болсын, қазақ елі!!! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

    • @МадиярМырзалимов
      @МадиярМырзалимов 2 года назад

      Алаңдама, ағайын,
      Бола тұра мәселе
      Шешілмейтіндей болса да!
      Бір Алла өзі жар болсын,
      Аяқтан жауың шалса да.
      Сәттілік болсын серігің
      Әрбір басқан қадамда,
      Соңғы демің қалса да.

  • @ДамирТулебаев-и1т
    @ДамирТулебаев-и1т 2 года назад +2

    Қазіргі барлығымыз Отанымыздың болашағың ойлап алаңдап жүрміз ғой, асыл дінімізді шамамыз келгенше насихаттап жүрсек, міндетті түрде Алла Отанымыздың болашағың жарқын қылады

  • @СактаганПримбет
    @СактаганПримбет 2 года назад +1

    Марғұлан ағамыз айтқандай мынадай адамдар бақытсыз деп 1)өткенге өкінетін,2)болашаққа алаңдайтын,3)қазірмен өмір сүрмейтін.Сол себептіде қазіргі сүріп жатқан секунд минуттарымыздан ләззәт алып өмір сүрү керек
    ALANDAMA

  • @erzatmurat8105
    @erzatmurat8105 2 года назад +1

    Алаңдама болашаҚҚа Еңбектен Береді АЛЛАМ АлаҢ болма..... ☝

  • @aitzhanzhumadullayev4650
    @aitzhanzhumadullayev4650 2 года назад +2

    Болашаққа мақсат қойып, жоспар жасау барлығымызға ұнайды. Бірақ осы жерде бізді тығырыққа тірейтін нәрсе ол- Алаңдау! Ертеңгі күн не болады, бизнес жүрмей қалса не болады деген сұрақтар біздің тек уақытымызды алады. Дәл осы сәтте болған дұрыс! Ең бастысы өзімізге сеніп әрекет ету. Біздікі тек жолға шығу -Қалғаннын Алла өзі реттейді🤝✊

  • @aitbai_bai3052
    @aitbai_bai3052 2 года назад

    Табиғат Қуатай мырзаны күтемін қонақта 🙏, ттб бомба передача 💯💥💥💥💥💥💥💥

  • @happi407
    @happi407 2 года назад +1

    АЛДА НЕ БОЛАТЫНЫНА АЛАҢДАМА!
    АЛЛА ЖАЗГАН ТАҒДЫР БАР САҒАН ҒАНА !
    БІРАҚ СЕБЕП ЖАСА ӘРЕКЕТ ЕТ.
    ӨЗІҢДІ СЫЙЛА ,ЕШКІМ ДІ ЖАМАНДАМА !

  • @eldossultann
    @eldossultann 2 года назад +1

    Не ге алаңдамау керек?
    Болашаққа алаңдамау керек,егер сенің қабілетің мықты болса болашаққа уайым алаңдау болмайды
    Кімге алаңдамау керек?
    Балаңның болашағына алаңдамау керек,егер сен жақсы тәрбие мен ісің арқылы үлгі бола алсаң.

  • @azamatazamat1023
    @azamatazamat1023 2 года назад +2

    АЛАҢДАМА Әрнәрсенің өз қайырыбар 🤗🤗

  • @АкмаралЖонысова-л4э
    @АкмаралЖонысова-л4э 2 года назад +3

    Бугін куні бойы сіздерді көрдім.Ерекше ой береді,елеусіз қалдырмау керек💪

  • @yerzhanovmurat
    @yerzhanovmurat 2 года назад +1

    бари оз уакытымен болашагынды ойлап салын сууга кетпесин,жай гана оз жумысынды максатына жетуге талпын,Аландап журегине коркыныш сезимин уялатпа,Алланын саган буйырган ризыгын сенен баска ешким тартып ала алмайды!

  • @Aidos0601
    @Aidos0601 2 года назад +2

    “Өз ойымыздың дұрыс не бұрыс екенін естуге “ алаңдама деп өзімнің көз қарасымды айтқым келеді. Барлық көз қарастар өзінше дұрыс

  • @Elev8_astana_bepic
    @Elev8_astana_bepic 2 года назад

    Нағыз азаматтар ! Халқымның сүйер жігіттері болуларыңа тілектеспін ! Жасым 40 толды биыл сендерді күтіп жүрем

  • @OmkaNika
    @OmkaNika 2 года назад

    ТТБ Үлкен білім ордасы. Саналы сапалы қазақ жастарымыз көп болсын. Сіздерге көп рахмет.

  • @bota7270
    @bota7270 2 года назад +1

    Адамдардың айтқан сөзіне АЛАҢДАМА. Мейлі ол жақсы немесе жаман болсын, себебі шын ынтаңмен бір іспен айналысып белгілі бір шыңына жеткенде, кез-келген адам саған қызыға да ,қызғана да қарайды. Яғни сол сәтте алаңдамай, өз дегенімен шешім қабылдай алуы осы жетістікке жеткізді деп ойлаймын.
    Және де , басқалар жетіп жатыр мен әлі бір жерде тұрмын деген ойлар мазалауы мүмкін. Бірақ әркімнің жолы әр бөлек , оның қызығушылығы, көзқарасы басқа. Өзіңді басқалармен салыстырып АЛАҢДАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. ӨЙТКЕНІ өзіңді салыстыратын адам ол - КЕШЕГІ СЕН. Яғни кешегі күнге қарағанда бүгін бір істі жақсы істей алсаң ол прогресс және өсу көрсеткіші деп түсінемін .

  • @НурлибекСембиев
    @НурлибекСембиев 2 года назад

    Алаңдау арқылы жұмысқа деген назарымызды жоғалтып аламыз. Алаңдау ТТБ - көрермендеріне тән емес деп ойлаймын.

  • @technik_01
    @technik_01 2 года назад +1

    Өткеніңе алаңдама🙅, болашаққа тік қара ✊
    Кәзіргі қоғам көп жағдайда өткенін ойлап, кейінгі өмірімен өмір сүреді🤦‍♀️, өткен өтті, сенің өміріңдегі болған келеңсіздіктер сенің сағыңды сындырмау керек👉керісінше сол бір істеген қателіктеріңнен сабақ алып, керекті жерлерін өзіңе түртіп алып болашағыңды жоспарла💪
    Өз өміріңе жауапкершілік👨‍👩‍👧‍👦алып өзіңді дамыт🔬өмір сүру форматыңды өзгерт🏃‍♀️, МЕН сенемін 🧗‍♂️кез келген адам өз өмірінің дұрыс форматын тапса ұзақ🧘‍♂️ және бақытты өмір сүреді👨‍👩‍👦‍👦. Менде дәл кәзір соны іздеу үстіндемін⏳.
    Сен менімен келісетін🤝болсаң төменге лайк қалдырып кет ❤️👇

  • @BrotherRICH
    @BrotherRICH 2 года назад +2

    Жігіттер жарайсыңдар! Алаңдамауға үйретіп жатсыңдар бізді. Зор заман келе жатыр оның бастаушысы сендерсіңдер.

  • @almazanarbek
    @almazanarbek 2 года назад +1

    Құлан мырза прям жас екен ғо

  • @БотакозДосекова
    @БотакозДосекова 2 года назад

    Ерсін Әміре ағамызды шақырыңыздаршы.Иманы білімді болу бірінші орында болу керек деген ғой.

  • @olzhasa5992
    @olzhasa5992 2 года назад +1

    Құтты болсын жігіттер! Жарайсыздар! Аллаһ разы болсын! Омар Жәлел мырза мен Рауан мырзаның шығарылымын көріп сіздің тұрғылықты көрермені болдым. Рахмет тамаша.
    Ұсыныс: астына жазатын жазу оқылмайды. Түсін өзгертіп шрифтті үлкейтіп қойсаңыз жақсы болар еді. Продакшнға мың алғыс дыбысы керемет!

  • @alataualatau4291
    @alataualatau4291 2 года назад +2

    Мен қуаныштымын

  • @MILLION8881
    @MILLION8881 2 года назад +1

    Дәл сіздермен ЗАМАНДАС болғаныма Қуанамын 🥰
    Бай Қуатты болыңыздар🙌🏻
    Білімге шөлдеп жүрген Біздерге Берер құнды кеңестеріңіз көп болғай
    Сіздерді Тыңдап өскен БІЗ
    Болашаққа Алаңдамай
    Нық қадаммен басатынымызға Күмән ЖОҚ🙆‍♀️

  • @Kuanush
    @Kuanush 2 года назад +2

    Келесі жылдада дамып көрермендеріңіз көп болып денсаулықтарыңыз мықты болып аман болып жүреберіңіздер ✊✊👍

  • @dulatsalimbai7431
    @dulatsalimbai7431 2 года назад +1

    Алаңдама Бәрі уақытша, менің басымдағы проблема барлық адамның басында бар немесе болады, шешілмейтін проблема жоқ. Сен ол проблеманы уайымдап бос энергияңды жұмсап жатырсың, ешқандай пайда жоқ алаңдаудан.

  • @erkemaratkuzi9415
    @erkemaratkuzi9415 2 года назад +1

    Алаңдама өткеніңе өкініп,болашаққа алаңдаудың қажеті жоқ.Дәл қазіргі сәтпен өмір сүр🌈
    Өзіңді сапалы өмірге лайықты ет🌀
    Арманда☘Әрекет жаса🦄Нәтиже міндетті түрде болады.Әрекет бізден🤞Берекет Алладан✅

  • @АқгүлИманқұлова
    @АқгүлИманқұлова 2 года назад

    Осы бағдарлама арқылы көп нәрсе түйдім, үйрендім, “Бала тәрбиесі” туралы курсты да сыйлыққа алдым шүкір🙏 ризамын, разымын. Әрі қарай да тағылымды, ой салар, адамды өзгеріске жетелер бағдарламалары болса екен деген ЫҚЫЛАС ЫНТА НИЕТПЕН, кімнен не үйренемін, қалай біліммен толысамын деп АЛАҢДАМАЙ бір жыл естіген көрген дүниелердің ЖАЛҒАСЫ болады деген үмітпен Баршаңызға алғыс кадрдың ар жақ бер жағындағы АЗАМАТ ЖІГІТТЕРГЕ🙏💞

  • @lyailyademessinova2637
    @lyailyademessinova2637 2 года назад +1

    ТТБ спикерлерінің тондемі тамаша. Кез келген сұрақты төртеуі жан-жақтан ашып беріп отырады.
    Кімге және неге алаңдама: сіздердің кеңестеріңізбен бүгінгі балаларыма беріп жатқан тәрбием, уақытым, ақшамды, өз үлгімнің Алла қаласа болашақта ақталатынына сенімдімін, ақырындап жемісін де көріп жатырмын, жақсы фундамент қаланса, жаман болады деп ойламаймын, еш алаңдамаймын. Алла соған жазсын.

  • @mirasbeknurbol2404
    @mirasbeknurbol2404 2 года назад +1

    "Алаңда" неге алаңда? Менде казір таудау яғыни бір істі бастау барысында АЛАҢДАУШЫЛЫҚ басым болып жүр. Сол бағытқа өзімді апаралмау, бастай алмау алаңдаушылық бар. Осы бағдарламадан кейін АЛАҢДАМА ұраны айтылады деп үміттенем!
    Мерекелеріңіз бен...ТТВ тек жақсылыққа жол.😉

  • @jasu1an.m23
    @jasu1an.m23 2 года назад +1

    Алаңдама неге?
    Ризықтың таусылып қалуынан себебі Алла ешқашан өз құлын ризықсыз қалдырмайды .
    Ауырытпашылықтан,сыгақтан себебі Алла пенденің басына көтере алмайтын сынақ бермейді.
    Білім алуға себі білімді сізден ешкім тарытып ала алмайды.
    Кімдерге алаңдамау керек?
    Олар АЛЛАҒА сенетіндер және өзіне сенетіндер.

  • @zhadyrabeketaeva
    @zhadyrabeketaeva 2 года назад +2

    Неге сонгы😔

  • @АлтынайАбдикадырова-б2в

    Бәрекелді, азаматтар!
    Қазақтың маңдайына біткен жұлдыздарысыңдар!
    Жастар арасынан сендердей терең ойлы азаматтар шығып жатқанына қатты қуанамын және Аллама сансыз шүкір етемін! Сендердің аудиторияларың жас талғамайды. Әрқайсысыңда да түртіп алар мәнді ой көп, шүкір.
    Аман болыңдар! Аллам сақтасын!

  • @seppiseppi1346
    @seppiseppi1346 2 года назад

    Ескендір мырза қарым-қатынас туралы Мейірбек мырзаны мысалға өте, өте дұрыс келтірді, өте маңызды! Адамдар, әсіресе туыстар, бауырлар бір тиын қылады ғой, әсіресе ең жақын адамдарыңыз арасындағы жағдай өзім өте жақсы білемін және сол үшін қанша энергиямды кетірдім, не үшін деп…Бірақ, қазір бұл мәселерді көп ізденіп шештім десем болады, ол үшін қатты алаңдаудың қажеті жоқ екені және өз қарым-қатынасымды айналама өзгерткенде, жеңіл бола бастады. Сіздерге көп рақмет. Тәуелсіздік тұғырлы болсын ағайын!

  • @edison_kz
    @edison_kz 2 года назад

    Садық Шерімбек, Айдын Бекмұхамед, Думан Ерқанаттарды сұхбатқа шақырыңыздар!

  • @zhasikadik927
    @zhasikadik927 2 года назад +1

    Өмірде шешілетін мәселе шешіледі, әрекет қыл! Шешілмейтін болса шешілмейді. Сол үшін дым алаңдаудың қажеті жоқ... Алаңдама!

  • @samalmanatova4686
    @samalmanatova4686 2 года назад

    Әр адам бірінші өзіне сұрақ қою арқылы өзін тәрбиелеу керек.
    Менде көреалмаушылық барма?
    Мен біреуді жамандаймын ба?
    Менде жаман әдет барма?
    Мен ашушаңмын ба? тағы басқа сұрақтар арқылы өзін тәрбиелесе, өзі да айналасы да өзгеріп барлығы жақсы болады ❤ Сіздерді үзбей қараймыз, Ескендір мырзаға көп алғыс, бала тәрбиесі жөнінде ақпараттары өте құнды👍

  • @Nurgeldi_Qazaq
    @Nurgeldi_Qazaq 2 года назад +1

    Неге соңғы шығарылым? Тағыда осындай пайда беретін контенттер болса екен)))

  • @jandostlimisov3055
    @jandostlimisov3055 2 года назад +1

    Өткеніңе алаңдама, өтті - кетті оралмайды. Одан сабақ ал.
    Өзгенің ойына (сен туралы пікіріне) алаңдама, бәріне жақпайсың, бірдей ұнамайсың.
    Жәй ғана АДАМ бол.
    Табиғи құбылыс алаңдауды талап етпейді. Жаңбыр, қар, жел т.с.с. Аллаһтың құзырында, Аллаһтың қалауымен, сондықтан оғанда алаңдама. Дұғада бол.
    ТТБ бітті деп алаңдама. 2021 жылдың соңғы шығарылымы. Жалпы соңғы емес. Себебі ТТБ ТТБ - дан қуаттанады (аудиториядан, шығарылымдардан).
    Іске сәт мырзалар!

  • @БакытЕрекеев
    @БакытЕрекеев 2 года назад +1

    Алаңдама: кімге?, неге?.
    Кімге?-ортаңдағы араласып жүрген адамдарға. Олар үшін маңызды жайт басқа. Құндылықтары, өмірлері, жолдары. Сондықтан сен тек өз жолыңмен жүруің қажет.
    Неге?-өткені алаңдау арқылы уақытты, ішкі сезімдеріңді, энергияңды көп жұмсап жібересің. Сол үшін алаңдама!

  • @АкмартаНаурызбаева
    @АкмартаНаурызбаева 2 года назад +1

    Төртеуіңізді құдай қосқан қазаққа тұтқа болған тұлғалы азаматтар! Қазақтың ер азаматтары осындай болу керек. Қандай тамаша әңгімелер, мәні бар, мағынасы бар, мазмұны бар, сапасы бар, жаны бар, түсінігі бар, тәрбиесі бар, жағымы бар, әсері бар, махаббаты бар, сезімі бар! ТТБ ны көру жүрегіңді тыныштандырады. Тыңдай бергің келеді. Қуаныш мырза сізге рақмет! Сіздің бастауыңызбен жасалған дүние! Қуаныш мырзаны 2018ден бері тыңдап көріп келемін. Еңбегіңіз зор тарихи тұлғасыз. Игі істердің басында қасындасыз. Осы төрт кісіні керемет таңдағансыз. Әрқайсының халыққа берер пайдасы зор ақыл кеңестері бар. Жалғасын тапсын алдағы уақытта. Мен сұқпатты сүйіп тыңдайтын адаммын. Адамның қажеттілігін қанағаттандыратын бағдарлама! Сіздерге Алланың нұры жаусын!

  • @mukhtarbimurat5106
    @mukhtarbimurat5106 2 года назад +8

    Сіздерге үлкен рахмет! ТТБ ның ойымды өзгертуге сенімдерімді бекітуге көп пайдасы болды.
    Алаңдамауға бір мысал: мақсатыңа жету үшін білім алып, қолыңнан келгенін жасап, һәм бар істің нәтижесі алладан екеніне сеніп, шынайы тәуекел етіп, нәтижесіне алаңдамау

  • @su1tango
    @su1tango 2 года назад

    Қімге аландама десе адамдар не ойлап қалады деген ойға аландама деп ойлаймын. Себебі әр адам әр түрлі, біреуге жағады, ал біреуге жақпайды. Неге аландама десе өзіннің тұлғалығына, дене пішініне қоғамдағы рөліне егер төмен дәрежеде болса, сол үшін аландама. Тек алға қарап бұнын бәрін берүші Алла және көбейтүші Алла деп алға қарай қадам бас. Дамы.

  • @miraskurman914
    @miraskurman914 2 года назад

    Мәә, шыны керек ТТБ-ны Лига чемпионов күткендей күтемін ғой😁😁

  • @АкмартаНаурызбаева
    @АкмартаНаурызбаева 2 года назад +1

    Бұрын жүрегме жақын сұқбат іздеп алаңдайтын едім, шүкір Аллаға алаңдамай ТТБ көріп отыратын болдым. Адамның жандүниесінің қажеттілігін қанағаттандырады. Бұл бағдарламаны білмей жүрген адамдар көп деп ойлаймын.

  • @Zdorovyiobraz
    @Zdorovyiobraz 2 года назад

    ТТБ тоқтамасын деп АЛАҢДАП отырғандар болса лайк бассын

  • @ЖандосБокенбаев-г4ь
    @ЖандосБокенбаев-г4ь 2 года назад +1

    Ттб жигиттермен бирге әнгиме айтып отырғандаймын. Байкасам мен Ескендир мырза секилди сойлей бастағанмын. Болмасаң да ұқсап бақ дейди.