ЖЕТІ АТА ҰСТАНЫМЫ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 окт 2024
  • «ЖЕТІ АТА» ҰСТАНЫМЫ ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ
    Бүгінгі шығарылымда ұлы дала мәдениетінің бір бөлшегі, қазақ халқын өзге ұлттан даралап тұратын дәстүрдің бірі, әрі бірегейі жеті аталық ұстаныммен ұрпақ шежіресі жайлы болмақ. Жеті ата ұстанымының ұлт үшін тәрбиелік маңызы өте зор, әрі онда тектілік феномені бар.
    Жеті атаға дейін қыз алыспау, бұл қазақ халқының дәстүрінде қалыптасқан дүние. Тіпті бұл біздерге мұсылман мәдениеті кіргенге дейін де біздің салтымызда, дәстүрімізде болған! Жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты арттырады. Ертеде балаға жеті, тоғыз жасынан бастап ата тегін үйрету міндетті болған, сондықтан да болар ел арасында «қанына тартпағанның қары сынсын» деген сөз қалыптасқан. Біз бүгінгі күнге дейін кең байтақ жерімізді иеленсек, осы кең байтақ жерді иеленуге ең себепші, әрі соған негіз болған, біздің жақсы қасиеттеріміздің бірі осы жеті аталық қасиетті сақтау. Бүгінігі таңда батыс ғалымдары енді жаңалық қылып ашып жатқан жеті ата, яғни қан тазалығының кепілі, біздің қазақ халқының жеті ата дәстүрі болып келеді. Ата-бабамыз, яғни сонау сақ дәуірінен бүгінгі бізге келіп жеткен асыл мұрамыз! Ендеше ыңғайланып отырыңыздар! Сонымен жеті ата жайлы қызықты да, тартымды видеобейне шолуымызды бастаймыз!
    Құрметті көрермендер видеобейне ұнаса астындағы қоңыраушаны белгілеп, лайк басып кетуді ұмытпаңыз. Арнаға жазылып кетуңізді ұсынамын!

Комментарии •