Қамшы ұстау қалыптары. Қазақ биінен #3 онлайн-дәріс

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 19 сен 2024
  • 🔹️ҚАМШЫ ұстау қалыптары🔹️
    🔹️№3 қазақ биінен онлайн-дәріс🔹️
    🔹️Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры қазақ биініен №3 онлайн-дәрісті ұсынады.
    🔹️Қамшы - қазақ халқының тұрмысында көне заманнан бері қолданылып келе жатқан құрал. Сондықтан қамшы төңірегінде айтылатын әртүрлі әдет-ғұрып, салттық ерекшеліктер жиі кездесіп отырған.
    🔹️«Қамшы» бейнесін XV ғасырда өмір сүрген Доспанбет жырау былай деп суреттейді:
    Қарағайлы көдік бойында,
    Қамшым қалды ойында:
    Бүлдіргесі бұлан терісі,
    Өрімі құнан білдің қайысы,
    Шырмауығы - алтын, сабы - жез...
    Сондықтан...қамшы туралы жақсы да жаман да ырымдар жеткілікті.
    🔹️Мысалы, «жүген майласа - ырыс, қамшы майласа - ұрыс» деп, қамшы майлағанды жақсы ырымға баламаған. Сондай-ақ ежелгі қазақ салтында жас бала түнде оянып, мазасы кетіп жылай берсе, алыс сапарда жүрген әкесінің (әжесі, атасы, ағасының) «қамшысы тиді, жақын арада келіп қалар» деп жориды. Жаңа түскен келіннің бетін үкілі, қоңыраулы қамшымен ашады. Қамшымен бетін ашқан келін ағайын-жұртқа әділ, ал одан туған ұл ел билейді, әділетті билік иесі, ел-жұртқа беделді болады деп ырымдайды. Бұл жерде қамшыны биліктің символы деп түсінуге болады. Үкілі қамшы мифологиялық сана бойынша әуелде көзге көрінбейтін зиянды күштерден сақтайды.
    🔹️Қамшыға тағылатын үкі, қоңырау бір жағынан, көркемдік эстетикалық қызмет атқарса, екінші жағынан, ке¬ліннің әлеуметтік мәртебесінің жоғары болуын, түзу билік айтатын бедел иесі болуы керек дегенге мегзейді.
    Сол «қамшы» құралы ұлттық биінде де кездеседі.
    🔹️Бүгінгі дәрісімізде «қамшының» билеу сәтіндегі әдістерін ұсынамыз.
    #онлайндәріс #хореография #хореографическаяшкола #қазақбиі #казахскийтанец #театртанцаназ

Комментарии • 1