Елге танымал тұлғалар да Астана туралы естеліктерімен бөлісті

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 4 июл 2022
  • Ертең еліміздің астанасы 24 жасқа толады. Нұр-Сұлтан қаласы жыл өткен сайын дамып, көркейіп, әртүрлі зәулім ғимарттар бой көтеріп жатыр. Қала халқының саны да өсіп келеді. Астана арқа төсіне көшкен жылдары қалада 290 мыңдай адам тұрған. Ал, бүгін астана тұрғындарының саны 1 миллион 240 мыңға жетті. Жылда сән-салтанатымен тойлантын ерекше күн биыл да аталып өтіледі. Бірақ қала күніне арналған отшашу болмайды. Дегенмен концерттерден бастап спорттық сайыстарға дейінгі түрлі іс-шаралар өткізіледі. Айтулы күнге орай елге танымал тұлғалар да Астана туралы естеліктерімен бөліскен еді.
    ЕРЛАН РЫСҚАЛИ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
    - Елорда біздің Тәуелсіздігіміздің символы. Тәуелсіз ел болған кезде 21 ғасырда осы Астанамызды салдық және оның салынып жатқан уақытынан бастап, бүгінге дейін барлығы көз алдымызда. Бүгін алғашқы кездегі Ақмола кезіндегі Астанадан қазіргі Астана жер мен көктей. Жыл сайын дамып келе жатыр. Өркендеп, көркейіп келе жатыр.
    СЕРІКЗАТ ДҮЙСЕНҒАЗЫ, ақын:
    - Мен алғаш келгенде осыдан 20 жыл бұрын сол жағалау жоқ болатын. Тек қана анау қазіргі тансферттауэр деп жүрік қой, транспорт министрлігі отырған зажигалка деп жүрген үй тұр, сонан кейін бәйтерек тұрған. Айналасындағы кішкентай ғимарттар енді басталып жатқан. Ақорда орнымен жоқ еді. Министрлер үйі жоқ еді. Мүлдем ешқандай үй жоқ болған. Қазір қарап отырсың 20 жылдың ішінде сол жағалауда үлкен қала салды.
    ЕРЛАН РЫСҚАЛИ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
    - Мен өз басым Тәуелсіз азат болған қазақ елінің астанасын таза қазақы болмыста, қазақы тәрбиеде, қазақи менталитетте көргім келеді. Әрине жыл сайын біздің астанамыз дамып келеді деп айтып жатырмыз. Бірақ әлі де бас қалаға жетіспейтін дүниелер мәдени ошақтар көбейту керек.
    СЕРІКЗАТ ДҮЙСЕНҒАЗЫ, АҚЫН:
    - Қазақстанның локомативі, Қазақстанды алға жетелейтін, алға сүйрейтін бірден бір қала - Елорда.
    ЕРЛАН РЫСҚАЛИ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
    - Елорда біздің Тәуелсіздігіміздің символы.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informburo31
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Комментарии • 9

  • @berikamirbekov2886
    @berikamirbekov2886 2 года назад

    Нұр -Сұлтан 👍

  • @user-gt6mn5lj1y
    @user-gt6mn5lj1y 2 года назад +2

    Астананың қазахи болмысын көргім келеді деисіз ал мен 4_5күн болдым кешегі аптада сол күндері мен бір адамды кездестірмедім қазақша сөилеген қазахи болғың келсе бірінші тілімізді жөндеиік қалқым

  • @Musina.-
    @Musina.- 2 года назад

    Қайсысы танымал тұлға?

  • @user-xt3tu8lu2g
    @user-xt3tu8lu2g 2 года назад +2

    Шыгынын ар жылы жеп тойып ит боб шет елге кашып журген Астаналыктарда жер шарын кезип жургенинде билемиз🤣 катты танымалгой Астана.

  • @user-ko4qx2fq4u
    @user-ko4qx2fq4u 2 года назад

    Ия.

  • @dauletonline8727
    @dauletonline8727 2 года назад

    2-ак адам ба

  • @user-yt4if6ir5k
    @user-yt4if6ir5k 2 года назад +2

    Аты ошкир !!!

  • @user-hs2ln1bs5p
    @user-hs2ln1bs5p 2 года назад +1

    НЕГЕ НҰРСҰЛТАН ҚАЛАСЫ, НЕГЕ -- АСТАНА ДЕСЕҢ ТІЛІҢ ТҮСІП ҚАЛА МА? АСТАНА ДЕП АИТЫҢДАР, ДИКТОР ҚЫЗ. АТЫ ӨШСІН ҚАЛМАҚТЫҢ.

    • @user-ic2kv3if4v
      @user-ic2kv3if4v 2 года назад

      Ұрыгың қашқының аты керегі жоқ астана боладымен аитым біті осымен.