Жәй Ғана Доспыз [минусовка,караоке]

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 дек 2024

Комментарии •

  • @019zhr-g8h
    @019zhr-g8h 9 месяцев назад +6

    Көзіңдегі жасыңды қолымменен сүртейін,
    Не боп жатыр өмірің, оны анық білмеймін.
    Мен - сенің досыңмын қасыңнан табылар,
    Ынтазар саған жүрек достықтан да жалығар.
    Мен сені жақсы көрем, айтуға дәтім бармайды,
    Жарылады көкірегім, сырларым онда сыймайды.
    Бір жағдай қатты қинайды, ол - біздің бағытымыз,
    Қиналғанда мұңайып бірге өтер уақытымыз.
    Сен жыласаң, шырылдап жаным тыныш таппайды,
    Неліктен байқамайсың, басың неге қақпайды?
    Оралып қайтпайды, құрбанысың сезімнің,
    Жауын алып барасың қос жанарлы көзімнің.
    Ішімдегіні айтсам, жоғалтуға қорқамын,
    Қаншама рет тоқталып үй жағыңа барғамын.
    Жай ғана қарадың жылап шаршаған көзбен,
    Демеу берем тек қана жай ғана жылы сөзбен.
    Қ-сы:
    Көргендер қызығып, арада сөз қылады,
    “Кездесіп жүрсіңдер ме?” - қоятын жалғыз сұрағы.
    Қаптаған өсектер, қаптаған бос сөз,
    Анығына келгенде, жай ғана доспыз.
    Сөніп қалған көзіңде үміт отын жағайын,
    Тас жауып жатса аспаннан мен қасыңа барайын.
    Қою қара шаштарыңды самал болып тарайын,
    Мен өзіңе білдірмей бақытыма балаймын.
    Енді қанша алдаймын, шыдамым бітті менің,
    Құшақтап сүйіп алсам - осы арманым менің.
    Қолдарыңнан ұстап жылуын сезсем деймін,
    Өзіңмен түнгі қала көшесін кезсем деймін.
    Тез-тез білсең деймін, лезде келсең деймін,
    Жылауды доғарып, мәңгі күлсең деймін.
    Мен енді білмеймін, досың болғым келмейді,
    Айтуға келген кезде алақаным терлейді.
    Неге мүмкіндік бермейді бізге бірге болуға,
    Өкпе назы жүректің кеудеме кеп толуда.
    Көзіме қонуда сейіліп сезім мұңы,
    Барлығы сен үшін, түсінсеңші сен бұны.
    pesni.guru

  • @RauanKulmurat
    @RauanKulmurat Месяц назад

    РОДНОЙ РОМАНТИК ДЕГЕН АНДЫ САЛШ АКИММИЧТЫН ОТЫНЫШ❤❤❤