Менің атам осындай

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • Әкемнен жеті-сегіз жас үлкендігі болғандықтан, ол кісіні Ата деп атаймын. Қазақы шежіре бойынша, туыстығымыз бес-алты атадан кейін қосылса да, өз жақынымдай көретінмін. Елдің бәрімен солай жақсы тұра ма, әлде менімен ғана беріліп шүйіркелесе ме, әйтеуір әңгімеміз жараса қалатын. Ол секілді жүрегі жұмсақ адамды ауыл түгіл, әлемнен табу қиын.
    Жасы жетпісті төңіректеп қалған сол атам осыдан алты ай бұрын қаладағы ұлының қолына кетті. Ауылдан жалықты ма, қала тұрғыны атанып та көргісі келді ме, жоқ әлде қалада жатып денсаулығын күтіп, ауылдың қарбалас-күйбеңінен аулақ кетіп, біраз дем алуды көрді ме, «бірер күннен соң немесе бір жеті өткеннен кейін қайтып ауылға кеп қалар» деп ойлап ем, жоқ, мол кетті. «Қартайғанда аз қалған өмірім ағайын-туыстың арасында өтсін, өлсем сүйегім осы ауылда қалсын деудің орнына қалаға кеткені несі?» деп ауылдағылар атамның онысын сан-саққа жүгіртті. Ешкімге есеп беруді қаламайтын атам не істесе де өзі білетін еді.
    Қызық болғанда, сол атам бір күні уатсаппен хат жолдапты. Ауылдағы елпілдеп-жалпылдайтын әдетімен, «Балам, қал-жағдайың жақсы ма?» деп бастап, келіншегімнің, бала-шағамның, төрт түлік малдарымның, ең аяғы еккен мақтамның өнімі қалай екеніне дейін ерінбей сұрапты. Соңында «қалаға бара қалсаң міндетті түрде біздің үйге қонаққа кел!» деп шегелеуді де ұмытпаған.
    Қалаға бір жолым түскенде сол атамның үйіне арнайы қонаққа бардым. Атамның өзі үйде жоқ екен, менен екі жас кіші қаладағы екінші ұлы Марат күтіп алған. Қалалық деген аты болмаса, Марат ауылдан кеткеніне 4-5 жыл ғана болған бала кезден бергі ауылдас танысым ғой, обалы не керек, барынша жылы, құрақ ұшып қарсы алды. Атамның әдеті оған да жұққан ба, ауыл-аймақ, бота-тайлағымның бәрін түгендеп сұрады. Біраз отырған соң:
    - Атам қайда? - деп сұрадым. Бағанадан бері ерінбестен менен барлық хал-ахуалымды сұрап, дабдырлап отырған Марат іркілді де қалды. Сәл үнсіз отырды да: / @san_turli_tagdir
    #аудиокітап әсерлі әңгімелер жинағы

Комментарии • 5

  • @Okigalar7
    @Okigalar7 3 месяца назад +3

    Өте әсерлі әңгіме рахмет сізге

  • @УлболсынАрманова
    @УлболсынАрманова 3 месяца назад +1

    Жарайсың қызым. Менің баламның жазған әңгімелерін салыпсың. Өзінің де ютуб каналында бар. Саған рахмет

    • @San_turli_tagdir
      @San_turli_tagdir  3 месяца назад +1

      Сәлеметсізбе құрметті тыңдарман әрине ағамыздың қаламы ұшталаберсін әңгімелері өте мағналы сізге де рахмет осындай жазушы ағамызды дүниеге алып келгенінізге🫶🥰

  • @ШаяхметКожахметов-т5ы
    @ШаяхметКожахметов-т5ы 3 месяца назад +3

    Тәрбиелі, маңызды әсерлі әнгіме екен. Рахмет айналайын.

  • @ПердебекНаханов
    @ПердебекНаханов 2 месяца назад

    Ата Ананың қадірін тіріснде блген дұрыс өмірге әкелген әуелі құдаи одан кеиін осы кісілердің арқасығои